Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 675 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1, 1-1-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 22-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Радиожиілік спектрін пайдалану үшін ақы төлеуге арналған хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 426-1 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2128 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 ж., № 25-26 жарияланған);
      2) «Радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлем хабарламасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 426-1 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы № 165-п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3035 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2005 ж. № 14, 59-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Жұмағалиев