Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығы.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның республикалық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары».
      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысымен  
бекітілген     

Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір
бөлігін аудару нормативі

      Ескерту. Нормативке өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.09.2014 № 1023 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс
3 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      2. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
      3. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін кезеңіне 12 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
      4. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерде белгіленеді.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 267-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 177-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 47-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1077 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 539-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 141-құжат).