Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту ережесінде:
кіріспедегі «2004 жылғы 24 сәуірдегі» деген сөздер «2008 жылғы 4 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «туралы деректерді» деген сөздерден кейін «(есепті жыл үшін таза табыстың бір бөлігін аудару және аванстық аударымдар туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса бере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы «Министрліктің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов