Ескерту. Қаулының 3-тармағын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.12.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
3. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары».
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір
|
Таза табыс |
таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін |
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін |
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
Таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін |
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін |
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары |
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |
2. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
3. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін кезеңіне 12 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.
4. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерде белгіленеді.
5. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 267-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 177-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 47-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1077 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 539-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 141-құжат).