"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1023 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 973 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.12.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 31, 470-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерінде:
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов