Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 973 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 973 қаулысына    
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қаулының 3-тармағын қоспағанда, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 470-құжат).
      2. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 931 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 53, 741-құжат).
      3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1023 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 559-құжат).