Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 қаулысы ;
      2) «Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы .
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен   
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 39-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесінде:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық тексеруді мемлекеттік техникалық қызмет жүргізеді.».
      10-тармақтың 3)4)5)6)7)8)9) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді мемлекеттік техникалық қызметке жібереді, ал керісінше жағдайда өтінім қайтару себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге қайтарылады;
      4) АЖ аттестациясын жүргізуге өтінімді қабылдағаннан кейін мемлекеттік техникалық қызмет үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге аттестациялық тексеру бойынша қызмет көрсету шартының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет жағдайда бірлескен құпия жұмыстарды орындау шартының екі данасын жібереді. Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алғаннан соң, үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды және әрбір шарттың бір данасын мемлекеттік техникалық қызметке қайтарады;
      5) мемлекеттік техникалық қызмет өтініш берушімен жасалған шарттың негізінде АЖ аттестаттық тексеруді жүргізеді. Аттестаттық тексеру аттестатталатын АЖ-де қолданылған ақпараттық технологияларды ескере отырып, тізбесін мемлекеттік техникалық қызмет айқындайтын Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Аттестаттық тексеруді жүргізу жөніндегі жұмыстардың құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
      6) өтініш беруші мемлекеттік техникалық қызметтің аттестациялық тексеру өткізуі үшін аттестатталатын АЖ бойынша үй-жайға, құрал-жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
      7) мемлекеттік техникалық қызмет АЖ-ны аттестациялық тексеру бойынша жұмыстар жүргізгенде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға жол бермейді;
      8) аттестациялық тексеру мерзімі аттестациялық тексеру жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. Егер аттестатталатын АЖ құрылымына АЖ-ның ведомостволық немесе өңірлік құрамдастары енгізілген жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет белгіленген мерзімді сақтаудың мүмкін болмау себептерін баяндай отырып, аттестациялық тексеру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтініш жасайды. Уәкілетті орган аттестациялық тексеру мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады;
      9) аттестаттық тексерудің нәтижелері бойынша мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органға берілетін актіні жасайды. Акт төрт данада (Комиссия, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган, ұлттық қауіпсіздік органдары және өтініш беруші үшін бір-бірден) жасалады және АЖ қорғалуының нақты жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды;
      13) егер өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестациялық тексеруде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылуы туралы уәкілетті органға хабарлайды, осыдан соң уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде АЖ-ға қосымша аттестациялық тексеру жүргізудің қажеттілігі туралы мемлекеттік техникалық қызметке хабарлайды. Қосымша тексерудің мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс;»;
      1213 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Ақпаратты өңдеудің шарттары мен технологиялары өзгерген жағдайда аттестатталған АЖ иеленушілері осындай өзгерістер болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде болған өзгерістердің сипаттамасын қоса берумен хабарламаны уәкілетті органға жібереді. Хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жүргізілген өзгерістердің сипаттамасы қоса берілген хабарламаны мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      13. Мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органнан хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде АЖ-ні қосымша тексеруді жүргізеді. АЖ қорғалу деңгейін бұзуы мүмкін өзгерістер анықталған жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді, мұндай өзгерістер болмаған жағдайда мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органға тиісті хабарламаны жібереді.
      14. Уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметтен хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестатталған АЖ-ның өтініш берушісіне АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы хабарлайды. АЖ-ні қайта аттестаттау осы Ережеде аттестаттауды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Өзгерiстер туралы мемлекеттік техникалық қызметті мiндеттi түрде хабардар ету талап етiлетiн сипаттамалардың тiзбесi:».
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.