Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 қаулысы ;
      2) «Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы .
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен   
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 269-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «269-2. «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      4. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:
      456 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік тіркелімді жүргізуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.
      5. Депозитарийді жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік техникалық қызмет жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін, олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      7. Мемлекеттік техникалық қызметтің депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.»;
      1617-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Уәкілетті орган Мемлекеттік тіркелімге мәліметтерді енгізу үшін тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      17. Мемлекеттік техникалық қызмет бес жұмыс күні ішінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы тиісті мәліметтерді Мемлекеттік тіркелімге енгізеді.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын, 30 наурыздан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдаланудың тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді. Уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметке жаңартулар және (немесе) тоқтату туралы ақпаратты жібереді.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және мемлекеттік техникалық қызмет Мемлекеттік тіркелімге тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Депозитарийді жүргізу Мемлекеттік тіркелімде тіркелген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер бойынша ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозиттеуді, оларды жүйелеуді, жинақтауды, жаңарту мен сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізуді қамтиды.»;
      39404141-1 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінімді мемлекеттік техникалық қызметке береді.
      40. Мемлекеттік техникалық қызмет жеті жұмыс күні ішінде депозитке беруге арналған өтінімнің ресімдеуін, депозитке берілетін объектілерінің жиынтықтылығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, құрастырылған модулдердің тұтастығын және депозитке берілетін объектілерден қалпына келтірілген, депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің толық жұмысқа қабілеттілігін тексереді және қорытынды дайындайды.
      Тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет депозитке беруді, депозитке берілген объектілерді есепке алуды және депозитарийде сақтауды қамтамасыз етуді жүргізеді, бұл туралы уәкілеті органға тиісті хабарлама жібереді.
      41. Мемлекеттік техникалық қызмет бес жұмыс күні ішінде бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру туралы тиісті мәліметтерді Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне енгізеді және ұсынылған депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлерін береді.
      41-1. Мемлекеттік техникалық қызмет депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлер берілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде депозитке беру объектісінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийінде тіркелгені туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама береді.
      42. Депозитке беруге арналған өтінім тиісінше ресімделмеген не өтінім берілген депозитке берілетін объектілер сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттік техникалық қызмет осы Ереженің 40-тармағында белгіленген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, депозитке беруге арналған өтінімді және депозитке берілген объектілерді уәкілетті органға қайтарады. Уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінім берушіге тіркеу өтінімдерін қайтарады.»;
      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Бағдарламалық өнім пайдаланудан алып тасталған немесе депозитарийде тіркелген нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі бағдарламалық өнім пайдаланудан алып тасталған немесе нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы жазбаша хабарлайды. Уәкілетті орган хаттың көшірмесін мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      49. Мемлекеттік техникалық қызмет осындай хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік емес бағдарламалық өнімнің меншік иесі немесе иеленушісі оны көшіруге құқық бермеген жағдайды қоспағанда, компакт-дискілердің мерзімді тексерілуін қамтамасыз етеді және оларды сақталу мерзіміне сәйкес олардың қайта жазылуын жүзеге асырады.».
      5. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 39-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесінде:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық тексеруді мемлекеттік техникалық қызмет жүргізеді.».
      10-тармақтың 3)4)5)6)7)8)9) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді мемлекеттік техникалық қызметке жібереді, ал керісінше жағдайда өтінім қайтару себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге қайтарылады;
      4) АЖ аттестациясын жүргізуге өтінімді қабылдағаннан кейін мемлекеттік техникалық қызмет үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге аттестациялық тексеру бойынша қызмет көрсету шартының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет жағдайда бірлескен құпия жұмыстарды орындау шартының екі данасын жібереді. Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алғаннан соң, үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды және әрбір шарттың бір данасын мемлекеттік техникалық қызметке қайтарады;
      5) мемлекеттік техникалық қызмет өтініш берушімен жасалған шарттың негізінде АЖ аттестаттық тексеруді жүргізеді. Аттестаттық тексеру аттестатталатын АЖ-де қолданылған ақпараттық технологияларды ескере отырып, тізбесін мемлекеттік техникалық қызмет айқындайтын Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Аттестаттық тексеруді жүргізу жөніндегі жұмыстардың құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады;
      6) өтініш беруші мемлекеттік техникалық қызметтің аттестациялық тексеру өткізуі үшін аттестатталатын АЖ бойынша үй-жайға, құрал-жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
      7) мемлекеттік техникалық қызмет АЖ-ны аттестациялық тексеру бойынша жұмыстар жүргізгенде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға жол бермейді;
      8) аттестациялық тексеру мерзімі аттестациялық тексеру жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. Егер аттестатталатын АЖ құрылымына АЖ-ның ведомостволық немесе өңірлік құрамдастары енгізілген жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет белгіленген мерзімді сақтаудың мүмкін болмау себептерін баяндай отырып, аттестациялық тексеру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтініш жасайды. Уәкілетті орган аттестациялық тексеру мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады;
      9) аттестаттық тексерудің нәтижелері бойынша мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органға берілетін актіні жасайды. Акт төрт данада (Комиссия, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган, ұлттық қауіпсіздік органдары және өтініш беруші үшін бір-бірден) жасалады және АЖ қорғалуының нақты жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды;
      13) егер өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестациялық тексеруде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылуы туралы уәкілетті органға хабарлайды, осыдан соң уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде АЖ-ға қосымша аттестациялық тексеру жүргізудің қажеттілігі туралы мемлекеттік техникалық қызметке хабарлайды. Қосымша тексерудің мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс;»;
      1213 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Ақпаратты өңдеудің шарттары мен технологиялары өзгерген жағдайда аттестатталған АЖ иеленушілері осындай өзгерістер болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде болған өзгерістердің сипаттамасын қоса берумен хабарламаны уәкілетті органға жібереді. Хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жүргізілген өзгерістердің сипаттамасы қоса берілген хабарламаны мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      13. Мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органнан хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде АЖ-ні қосымша тексеруді жүргізеді. АЖ қорғалу деңгейін бұзуы мүмкін өзгерістер анықталған жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді, мұндай өзгерістер болмаған жағдайда мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органға тиісті хабарламаны жібереді.
      14. Уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметтен хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестатталған АЖ-ның өтініш берушісіне АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы хабарлайды. АЖ-ні қайта аттестаттау осы Ережеде аттестаттауды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Өзгерiстер туралы мемлекеттік техникалық қызметті мiндеттi түрде хабардар ету талап етiлетiн сипаттамалардың тiзбесi:».
      6. «Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамына кіретін құрылымдар арасындағы ақпараттандыру саласындағы оператордың функцияларын бөлу мақсатында «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ақпараттандыру саласындағы оператор болып мыналар белгіленсін:».
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 78-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1, 404-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.».
      9. «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 139-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларында:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ТЖОБ жүйесіне қатысушылар – байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, мемлекеттік техникалық қызмет;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. ТЖОБ жүйесін техникалық сүйемелдеуді мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады және ол ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, оны жаңғыртуды және одан әрі дамытуды қамтиды.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосу телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін, орнықтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын көздейтін және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген байланыс операторы мен мемлекеттік техникалық қызмет арасындағы екі жақты келісімдері негізінде жүзеге асырылады»;
      151617 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде мемлекетік техникалық қызмет байланыс операторының қажеттілігіне сай келетін көлемде халықаралық трафикті ТЖОБ жүйесі арқылы өткізу үшін техникалық шарттарды дайындауды және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      16. Мемлекеттік техникалық қызметтің шет елдердің телекоммуникация желілерін басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
      17. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған және байланыс саласындағы уәкілетті органның немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың атына соттың кез келген байланыс желілері мен құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері келіп түскен жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган оларды орындау үшін дереу мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      18. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және байланыс операторларына оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы хабарлайды.»;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру соттың немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетілген шешімдерді орындау үшін тез арада мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.
      21. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы байланыс операторларына хабарлайды.»;
      көрсетілген бірыңғай Қағидаларға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.»;
      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын;
      көрсетілген бірыңғай Қағидаларға 2-қосымшада:
      «КІМГЕ: Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «КІМГЕ: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі».
      10. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1025 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет болып белгіленсін.».