Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес және электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов