Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2324 қаулысы ;
      2) «Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы .
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен   
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.