Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне атте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжаты;»;
      3-қосымшада:
      «Анголадағы ұрыс іс-қимылдары:» деген жолдағы «1979 жылғы қарашаға дейін» деген сөздер «1991 жылғы желтоқсанды қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Мозамбиктегі ұрыс іс-қимылдары:» деген жол «; 1984 жылғы наурыздан бастап 1988 жылғы тамызды қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары» деген жолдағы «1979» деген сандар «1990» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов