Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару,
сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдары) мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.

      2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық және арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқару құқығында тұратын болып табылады.

      3. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкінің жекелеген түрлерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару (бұзылуын және жойылуын ресімдеу) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      4. Мүлікті бухгалтерлік есепке алу, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      5. Қару-жарақты, жауынгерлік машиналарды, бронетранспортерлерді, арнайы мақсаттағы көлік құралдарды, бронды қорғану құралдарды, оптикалық және электрондық-оптикалық приборларды, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғану мүліктері мен оларға қосалқы және жиынтық бұйымдарды, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдарын (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығаруды ұйымдастыру, осы мүлік жедел басқаруында болған тиісті арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      Қағидаларды қолдану бойынша нұсқаулықты арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.

      6. Арнаулы мемлекеттік органдар айқындаған тәртіпке сәйкес мүлік тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қорларында кепілдік сақтау мерзімдері өткен деп танылады.

      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      8. Есептен шығарылған мүлік осы Қағидаларға сәйкес есептен шығарылған мүлік болып табылады.

      9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

2. Арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін беру тәртібі

      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

3. Арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін өткізу тәртібі

      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

4. Арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын
мүлкін кәдеге жарату тәртібі

      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      25. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      27. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.
      33. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

5. Мүлікті есептен шығару тәртібі

      34. Қызмет көрсетудің, пайдаланудың, жарамдылықтың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін жарамсыз (шекті) жай-күйге келген мүлікті есептен шығару техникалық жай-күйінің актілері немесе сапалық жай-күйінің өзгеру актілері (осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшалары) бойынша жүргізіледі.

      Кінәлі адамдардың есебіне жатқызылған залалдан басқа, уақытынан бұрын жарамсыз (шекті) жай-күйге келген және жоғалған арнайы мүлікті есептен шығару инспекторлық куәліктер (осы Қағидалардың 3-қосымшасы) бойынша жүргізіледі.

      35. Оқу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлікті қоспағанда, егер мүлік өзінің техникалық жай-күйі бойынша немесе жөндеуден кейін мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарайтын болса, белгіленген қызмет мерзімдерінің өтуі, сондай-ақ арнайы мүліктің тозу құнының 100-пайыздық есептелуі, оны есептен шығару үшін негіз бола алмайды.

      36. Есептен шығаруға жататын мүлік бекітілген техникалық жай-күйі актісін немесе инспекторлық куәлігін алғанға дейін жойылмайды, бөлшектенбейді немесе оқу құралы ретінде пайдаланылмайды.

      Мүлікті есептен шығару туралы тіркелімдердегі, есепке алу кітаптарындағы (карточкаларындағы) жазулар есептен шығарылған арнайы мүлікті бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлікті кіріске алғаннан кейін бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйінің өзгеруі (инспекторлық куәліктер) актілері негізінде жүргізіледі.

      Техникалық жай-күйі актілері немесе сапалық жай-күйінің өзгеру актілері (инспекторлық куәліктері) бекітілген, бөлшектеуден алынған, жөндеуге және оқу-жаттығу мақсаттарына жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен басқа да мүлік металл сынығы, тозығы жеткен және басқа да мүлік ретінде тіркелімдер бойынша кіріске алынады және пайдалану, өткізу және кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.

6. Техникалық жай-күй актілері бойынша мүлікті
есептен шығару тәртібі

      37. Техникалық жай-күй актілері бойынша жарамсыз (шекті) жай-күйге келген есепте тұрған мүлік:

      1) белгіленген қызмет мерзімдерінің өтуі бойынша;

      2) басшылықтың жоспарлары бойынша өткізілген сынақтар немесе тәжірибе жұмыстары процесінде;

      3) егер ол өзінің техникалық жай-күйі бойынша жөндеуге (қалпына келтіруге) және тікелей мақсаты бойынша пайдалануға келмейтін болса, белгіленген сақтау шарттарын, жаңарту және техникалық қызмет көрсету тәртібін сақтаған кезде қорда сақтаудың белгіленген мерзімінің өтуі бойынша есептен шығарылады.

      Техникалық жай-күй актілері бойынша оған қызмет мерзімі белгіленбеген, егер ол өзінің техникалық жай-күйі бойынша жөндеуге (қалпына келтіруге) және мақсаты бойынша пайдалануға келмейтін болса, қалыпты пайдалану процесінде жарамсыз (шекті) жай-күйге келген мүлік есептен шығарылады.

      38. Есептен шығаруға жататын мүліктің техникалық жай-күйін айқындау және оны есептен шығаруға техникалық жай-күй актілерін жасау тиісті қызметтер (материалдық-техникалық, қаржы және қамтамасыз етудің басқа түрлері) басшыларының бақылауымен, құрамына тиісті мамандар, есептен шығарылуға тиісті мүліктің жай-күйіне және сақталуына жауапты лауазымдық адамдар кіретін мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссиялардың қарауына жатады.

      39. Техникалық жай-күйі айқындау үшін комиссиямен:

      1) ұсынылған мүлікті қарау, өлшеу мен тексеру жүргізіледі, мүліктің техникалық жай-күй актісін жасау үшін негіз болған бар ақаулар, тозу дәрежесі мен себептері белгіленеді;

      2) формулярдың (паспорттың) дұрыс толтырылуы тексеріледі және комиссия төрағасының қолымен және мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) елтаңбалық мөрінің бедерімен расталады;

      3) мүлікті пайдалану және сақтау шарттарының техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келуі тексеріледі;

      4) мүліктің іс жүзіндегі пайдалануда болу ұзақтығы белгіленеді және оны жөндеу мен мақсаты бойынша одан әрі пайдаланудың орындылығы айқындалады;

      5) есептен шығаруға жататын мүліктің жинақтамасы тексеріледі;

      6) оларды алған соң кейіннен кіріске алу үшін негіз болатын, есептен шығарылатын мүлікте болатын құнды (түсті) металдар, асыл тастар, иондаушы сәулелену көздері мен радиоактивті заттар тізбесін қоса бере отырып, техникалық жай-күй актісі жасалады. Есептен шығарылатын арнайы мүлікте құнды (түсті) металдардың, асыл тастардың, иондаушы сәулелену көздері мен радиоактивті заттардың болмау фактісі немесе олардың жетіспеушілігі техникалық жай-күй актісінде көрсетіледі;

      7) мүлікті тұтастай және әрбір құрылғы бойынша, оның ішінде есептен шығарылғаннан кейін түсті металдарды да қамтитындарын мейлінше орынды пайдалану туралы ұсыныс енгізіледі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды бағалау ұйымдастырылады;

      8) есептен шығарылған мүліктен пайдалануға жарамды тораптарды, бөлшектерді, материалдарды, түсті металдарды алу тексеріледі, олардың саны мен салмағы айқындалады және мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) тиісті қоймасына тапсыру жүргізіледі.

      9) техникалық актілерінің немесе сапалық жай-күйінің өзгеру актілерінің уақытылы жасалуына және мүлікті бөлуді (бөлшектеуді) жүргізуге бақылау жүзеге асырылады.

      Өлшеу құралдарының (оның ішінде кіріктірілген) техникалық жай-күй актілеріне олардың жарамсыздығы туралы қорытындымен метрологиялық органның (өлшеу техникасы базасының немесе зертханасының) куәлігі қоса беріледі.

      40. Әр түрлі қызметтердің (бөлімдердің) сандық есебінің құрамына есепке алынған, бірнеше құрылғыдан тұратын қару-жарақ, жауынгерлік машиналары, бронетранспортерлер, арнайы мақсаттағы көлік құралдары үлгісін (шассиді, тартпа қозғалтқышын, агрегаттарды, іске қосу қондырғыларын, пулеметтерді, зеңбіректерді, көздеу аспаптарын, навигациялық аппаратураны, раиоэлектрондық қабылдау-беру құрылғылары мен басқаларды) қару-жарақтың, жауынгерлік машиналарын, бронетранспортерлер, арнайы мақсаттағы көлік құралдары үлгісінің мақсатын айқындайтын құрылғылардың жай-күйі бойынша есептен шығарған кезде техникалық жай-күйі актісінің 1-бөлімінде осы құрылғы бірінші жазылады. Бұдан әрі техникалық жай-күйін (санатын) көрсете отырып, нөмірлері бойынша есепке алынатын басқа да бөліктер жазылады.

      41. Қару-жарақтың, жауынгерлік машина, бронетранспортерлер, арнайы мақсаттағы көлік құралдары үлгісінің құрамына кіретін басқа да құрылғыларды есептен шығару осы құрылғыларды жұмыс істейтіндірге ауыстырғаннан кейін жүргізіледі. Егер құрылғылардың біреуі ауыстырылмайтын болса, ол қару-жарақ, жауынгерлік машина, бронетранспортер, арнайы мақсаттағы көлік құралы үлгісін бұдан әрі пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін есептен шығарылады.

      42. Үлгінің мақсатын айқындамайтын құрылғының жай-күйі бойынша қару-жарақ, жауынгерлік машина, бронетранспортер, арнайы мақсаттағы көлік құралы үлгісін есептен шығарған кезде, егер ол жұмыс істейтінге ауыстырыла алмайтын болса, техникалық жай-күйі актісінің 1-бөлімінде осы құрылғы, ал содан кейін олардың жай-күйін (санатын) көрсете отырып, нөмірлері бойынша есепке алынатын басқа да құрылғылар жазылады. Техникалық жай-күй актісінің қалған бөлімдерінде қару-жарақ, жауынгерлік машина, бронетранспортер, арнайы мақсаттағы көлік құралы үлгісінің мақсатын айқындайтын құрылғының жай-күйі туралы жазулар жазылады. Техникалық жай-күйі актісінің 5-бөлімінде есептен шығаруды талап ететін құрылғыны жұмыс істейтінге ауыстыруға болмайтын себептер көрсетіледі.

      43. Базалық машиналарға (тіркемелерге) құрастырылған арнайы қондырғыларды (агрегаттарды, жабдықтарды) есептен шығаруға техникалық жай-күй актілері қондырғыға (агрегатқа, жабдыққа) және базалық шассиге (тіркемеге) бөлек жасалады.

      Базалық шасси оған орнатылған жабдықты есептен шығарғаннан немесе алғаннан кейін ғана есептен шығарылады.

      44. Пайдалануы (жұмысы) паспорттарда (формулярларда) ескерілетін мүлікті есептен шығаруға техникалық жай-күйі актісін ұсынған кезде оның барлық бөлімдері техникалық жай-күйі актісіне қол қойылатын күнге толық ресімделген және қол қоюмен әрі мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) елтаңбалық мөрінің бедерімен расталған паспорт (формуляр) міндетті түрде қоса беріледі.

      Техникалық жай-күйі актісі және оған қоса берілген құжаттар түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеген мерзімде басқару және қамтамасыз ету органдарында оларды ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі және қажет болған кезде мүлікті есептен шығарудың орындылығы, заңдылығы және бөлшектеу тәртібі туралы қорытынды беріледі, содан кейін техникалық жай-күйі актісі белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынылады. Бұл ретте техникалық жай-күйі актісінің барлық даналары мемлекеттік мекеме (ведомство) мөрінің бедерімен бекітіледі және куәландырылады, одан кейін бірінші данасы оны бекіткен жоғары тұрған қамтамасыз ету органдарының істерінде сақталады, басқа даналары мемлекеттік мекемеге (ведомствоға) қайтарылады.

      Ұқсас мақсаты, техникалық сипаттамасы, құны бар және бір материалдық жауапты адамның жауапты сақтауында тұрған біртипті объектілерді есептен шығару үшін техникалық жай-күйінің жиынтық актісі жасалады.

      45. Техникалық жай-күйі актілерін және сапалық жай-күйі өзгеруінің актілерін арнаулы мемлекеттік органдардың құқықтық, актілерінде айқындалған уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.

      46. Бекітілген техникалық жай-күйі актісі мемлекеттік мекеме (ведомство) есебінен онда көрсетілген мүлікті есептен шығару және есепке алу тіркелімдері, кітаптары мен карточкалары бойынша бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлікті кіріске алуға арналған сапалық жай-күйінің өзгеруі актісін (осы Қағидаларға 2-қосымша) жасау үшін негіз болады.

      47. Қару-жараққа, жауынгерлік машиналарына, бронетранспортерлерге, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына регламенттік жұмыстарды, техникалық қызмет көрсетулерді және оларды жөндеуді жүргізген кезде жұмсалған шығыс және пайдалану материалдары, қосалқы бөлшектер және қосалқы құралдар мен керек-жарақтар бөлімшелерден қолданылып жүрген нормаларға сәйкес есептен шығару актілері (нұсқама) бойынша, ал жөндеу бөлімшелерінен (шеберханаларынан) орындалған жұмыстар актілері бойынша есептен шығарылады.

      Қару-жарақтан, жауынгерлік машиналарынан, бронетранспортерлерден, арнайы мақсаттағы көлік құралдарынан алынған жұмыс істемейтін агрегаттар, қосалқы құралдар мен керек-жарақтар регламенттік жұмыстарда, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеуде техникалық жай-күйінің өзгеруі актісі бойынша мемлекеттік мекеме (ведомство) есебінен шығарылады.

      48. Жөндеу бөлімшесінде (шеберханасында) орындалған жұмыстар актілері ауыстырылған агрегаттар (жеке жүйелер), материалдар, қосалқы құралдар мен керек-жарақтар туралы есепке алу кітабынан үзінді көшірмелері негізінде жасалады және жөнделген мүлікті қабылдап алушылар бұрыштама қою үшін ұсынады.

7. Инспекторлық куәліктер бойынша жоғалған мүлікті есептен шығару тәртібі

      49. Жетіспеушіліктер, ұрлау, заңсыз немесе нормадан тыс жұмсау (есептен шығару), жою, бүлдіру және зілзала апаты нәтижесінде жоғалған, сондай-ақ олар бойынша сот органдары өндіріп алудан бас тартқан, зақымданған және уақытынан бұрын істен шыққан, тозған не жоғалған арнайы мүлік, оның мақсатына, келіп түсу көздеріне және сатып алу тәсілдеріне қарамастан, инспекторлық куәлік бойынша есептен шығарылады.

      Инспекторлық куәліктер жоғалған мүлікті есептен шығару үшін негіз болып табылады.

      Инспекторлық куәлікті алуға, оған қоса берілетін қолдаухатты және құжаттарды дайындауды есептен шығарылатын арнайы мүлік есепте тұрған мемлекеттік мекеме (ведомство) жүзеге асырады.

      50. Инспекторлық куәліктерді арнаулы мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінде айқындалған уәкілетті лауазымдық адамдар мынадай жағдайларда береді:

      1) мүлік табиғи зілзалалар немесе соғыс қимылдары нәтижесінде жоғалғанда;

      2) мүлік өрт, жарылыс, табиғи зілзала, апат немесе авария нәтижесінде жоғалғанда және лауазымды және басқа да адамдарды материалдық жауапкершілікке тарту үшін негіз болмағанда;

      3) мүлік, оларды қарсыластың басып алуын, жеке құрамның өміріне қауіп төнуін болдырмау немесе жұқпалы аурулардың алдын алу және жою мақсатында басшылықтың өкімі бойынша жойылғанда, жарамсыз (шекті) жай-күйге келтірілгенде немесе жоғалғанда;

      4) мүлік соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жеке құрамның өміріне қауіп төнген кезде жойылғанда, жарамсыз жай-күйге келтірілгенде немесе жоғалғанда;

      5) егер мүлікті жоғалтумен келтірілген зиян сомасы кінәлі адамнан өндіріп алуға сот органдары айқындаған сомадан немесе кінәлі адамға заң бойынша әкімшілік тәртіппен салуға болатын сомадан асатын болса;

      6) мүлікті жоғалтудан келтірілген зиянға сынақтар немесе оқу-жаттығулар барысында жол берілгенде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде және келтірілген зиян сомасын кінәлі адамдардың есебіне жатқызу үшін негіз болмағанда;

      7) мемлекетке келтірілген зиянға кінәлі болып ешкім танылмағанда (осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа);

      8) дұрыс ресімделген және тиісті жауап берушіге уақытылы берілген талап-арыздан сот бас тартқанда, ал бас тартумен талапкер келіспеген жағдайда – оның арызын жоғары тұрған орган қарағаннан және сот талап-арыздан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін;

      9) мүлік ұрлану салдарынан жоғалғанда не жойылғанда, ал оған айыпкер ретінде тартылуға жататын кінәлі адамдар анықталмаған не тергеуден немесе соттан жасырынған немесе өзге де себептер бойынша олардың жүрген жері белгісіз болғанда. Бұл жағдайларда инспекторлық куәліктер беру іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы қабылданғаннан кейін жүргізіледі;

      10) егер оның артында заң бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алу қолдануы мүмкін мүлік қалмаған болса, борышкердің қайтыс болуына немесе таралуына байланысты өндіріп алудың мүмкіндігі болмаған кезде беріледі.

      51. Арнаулы мемлекеттік органдардың бір уақытта мүлікті жоғалтудан (өрттен, апаттан, авариядан, жетіспеушіліктен) келтірілген зиянды бөлек (бөлшектеп) есептен шығаруға инспекторлық куәліктер берілмейді.

      Жоғалған мүлікті есептен шығаруға қолдаухат барлық жағдайларда жоғалған мүліктің әр түрлі материалдық, техникалық және басқа да қамтамасыз ету қызметтеріне тиесілігіне қарамастан зиянның барлық сомасына берілді.

      Соғыс қимылдары барысында және диверсия нәтижесінде жоғалған мүлікті есептен шығаруға инспекторлық куәліктер қолдаухат негізінде беріледі, оған: мүліктің жоғалғанын көрсете отырып, есептік-ақпараттық жауынгерлік құжаттың көшірмесі, осы мәселе бойынша мемлекеттік мекеме (ведомство) басшысының бұйрығынан үзінді көшірме, техникалық жай-күй актісі, паспорт немесе формуляр қоса беріледі.

      Істің мән-жайына байланысты қолдаухатқа осы тарауда көзделген басқа да құжаттар қоса берілуі мүмкін. Қолдаухат осы жағдайларда өткен тәуліктерде жоғалған мүлікті (ұрыс қорытындылары бойынша) есептен шығару ресімделеді.

      53. Жоғалған мүлікті есептен шығаруға арналған инспекторлық куәліктер келтірілген зиянның бір бөлігін немесе толық сомасын мемлекет есебінен жатқызу қажеттігін белгілеген тексерістерден, жүргізілген қызметтік тергеуден және сот шешімінен кейін беріледі.

      54. Жоғалған мүлікті мемлекеттің есебінен есептен шығаруға инспекторлық куәлік алу үшін оларға есептен шығару қажеттілігін негіздейтін құжаттар қоса беріле отырып, бағыныстылығы бойынша қолдаухат ұсынылады.

      55. Инспекторлық куәлік алу үшін қолдаухатқа мынадай құжаттар:

      1) тиісінше ресімделген қызметтік тергеу (тексеріс, тексеру) материалдары және олардың нәтижелері туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі;

      2) кінәлі адамдардың есебінен зиянды ішінара өтеу туралы сот шешімінің үзіндісі, іс жүргізуді тоқтата тұру немесе одан бас тарту туралы құқық қорғау органдарының анықтамасы;

      3) жұқпалы аурулар кезінде немесе қарсыластың оны басып алуының алдын алу мақсатында мүлікті жоюға, сондай-ақ олардың табиғи зілзалалар, апаттар мен авариялар нәтижесінде жоғалғаны туралы бұйрықтар мен өкімдердің көшірмелері (көрсетілген жағдайлар нақты болған кезде);

      4) басшымен (жетекшімен) бекіткен есептен шығарылған мүліктің оны одан әрі пайдалану туралы ұсыныстары бар техникалық жай-күйі актісі;

      5) есептен шығарылатын техникалық құралдардың ресімделген паспорттары, формуляры немесе ауыстыру карточкалары;

      6) әрі қарай пайдалануға мүліктің жарамсыздығын растайтын қорытындылар (талдаулар);

      7) есептен шығаруға жататын мүлік құнының есебі және мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) теңгерімінде бар болуын растау қоса беріледі.

      Бұдан басқа, істің мән-жайына байланысты қолдаухатқа: тексеріс немесе тексеру актісінің көшірмесі; осы іс бойынша сот органы шешімінің немесе тергеу органы қаулысының көшірмесі; кінәлі адамдарың есебінен шығынды ішінара өтеу туралы анықтама қоса беріледі.

      Өртпен жойылған мүлікті есептен шығару жағдайында тиісті орган жасаған өрттің шығу себептері мен жағдаяттарын тергеу актісі, сондай-ақ осы іс бойынша тергеу немесе сот органының шешімі қоса беріледі.

      56. Инспекторлық куәлік беру туралы қолдаухат қоса берілетін құжаттармен бірге арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесіне қызметтік тергеу аяқталғаннан немесе мемлекеттік мекемеге (ведомствоға) сот немесе тергеу органының қаулысы келіп түскеннен кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      Тиісті құжаттармен расталмаған инспекторлық куәлік беру туралы қолдаухат қарауға қабылданбайды.

      57. Бағыныстылығы бойынша ұсынылған қолдаухаттарды қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде шешім қабылданады және инспекторлық куәліктер беріледі. Қажет болған жағдайларда осы мерзімде дәл сол орындарда қызметтік тергеу немесе ұсынылған материалдарды тексеру тағайындалады.

      58. Жоғарыда көрсетілген тәртіпті бұза отырып берілген инспекторлық куәлік жарамсыз деп есептеледі.

      59. Инспекторлық куәліктер үш данада беріледі: біріншісі – жоғалту орын алған мемлекеттік мекемеге (ведомствоға) беріледі; екіншісі – тиісті материалдық қамтамасыз ету органына жіберіледі; үшіншісі – инспекторлық куәлікті беру үшін негіз болған құжаттармен бірге бастығы (басшысы) инспекторлық куәлік берген мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) істерінде сақталады. Инспекторлық куәліктердің үш данасына да қол қойылып, мөр бедері басылады.

      Инспекторлық куәліктер инспекторлық куәлікті жазып берген мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) инспекторлық куәліктерді беруді тіркейтін журналында тіркеледі және белгіленген мерзімде қаржы бөлімшесіне беріледі.

      60. Инспекторлық куәлікті алғаннан кейін мүлік жоғалу орын алған мемлекеттік мекеменің (ведомствоның) теңгерімінен, сондай-ақ есепке алу кітабы мен карточкаларынан, айналым ведомостарынан, жеке шоттарынан есептен шығарылады.

8. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі

      61. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысымен бекітілген Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы арнаулы
мемлекеттік органдарының мүліктерін
беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен
шығару, сондай-ақ жылжымайтын
мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
1-қосымша
БЕКІТЕМІН:

      _____________________________

      (лауазымы)

      _____________________________

      (қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

Техникалық жай-күй
АКТІСІ

Жасалған күні

Операция коды

Операция негіздемесі (мақсаты)

Құжат нөмірі

Қызметі

Мемлекеттік мекеме, бөлімше, қойма








      20_____ж. _______________ "___" _________№_____________

      (бұйрықпен, өкіммен) тағайындалған комиссия

      ___________________________________________ тексеру жүргізді.

      (объектінің атауы)

      Құжаттармен танысу, қарау (тексеру) кезінде мыналар белгіленді:

      1. Құрамы және сапалық жай-күйі

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Түгендеу нөмірі

Зауыттықнөмірі

Паспорт,формуляр нөмірі

Санаты (сорты, тығыздығы)

Бір бірлігінің бағасы, сомасы

Сомасы

Тозу құны есептелді

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


























      2. Техникалық-пайдалану көрсеткіштері

1.

Пайдалануға енгізілді (күні)



2.

Пайдалануда болады (жылы, айы)



3.

Пайдаланғаннан бастап жұмыс істеп келеді (циклдері, жүрілген мотосағ, км)



4.

Мыналар белгіленді:



ресурс (циклдері, жүрілген мотосағ, км)



пайдалану мерзімі (жылы, айы)



кепілді жұмыс істеуі (циклдері, жүрілген мотосағ, км)



кепілдік мерзімі (жылы, айы)



5.

Жөндеу жүргізілді (түрі, күні)



6.

Соңғы жөндеуден кейін пайдалануда болды (жылы, айы)



7.

Соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеуі (циклдері, жүрілген мотосағ, км)



8.

Істеліп бітпеген жұмысы бар (қайта істеу):



тағайындалған ресурс бойынша



пайдалану мерзімі бойынша (жылы, айы)



кепілді жұмыс істеуі (циклдері, жүрілген мотосағ, км)



жарамдылық мерзімі бойынша (жылы, айы)



9.

Құнды металдар мөлшері




      3. Жинақталымы _____________________________________________________

      4. Техникалық жай-күйі ____________________________________________

      5. Мерзімінен бұрын тозу немесе бүліну себептері ________________

      6. Орындалған жұмыстардың көлемі _________________________________

      (бюллетеньдік жұмыстардың №)

      7. Комиссия ұсыныстары ____________________________________________

      Комиссия төрағасы __________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      Комиссия мүшелері __________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      Акті _________данада жасалады.

      № 1 дана ___________________

      № 2 дана ___________________

      № 3 дана ___________________

      8. Басшының (аға бастықтың) қорытындысы _______________________

      М.О. 20___ж. "__" __________

      Тапсырдым ____________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      Қабылдадым ____________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

      Бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілді:

Дебет

Кредит

Сомасы














      Бас бухгалтер ________________________

      (қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

      Қазақстан Республикасы арнаулы

      мемлекеттік органдарының мүліктерін

      беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен

      шығару, сондай-ақ жылжымайтын

      мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға)

      беру қағидаларына

      2-қосымша

      БЕКІТЕМІН:

      _____________________________

      (лауазымы)

      _____________________________

      (қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

      ________________________________________

      мүліктің атауы

Сапалық жай-күйі өзгеруінің
№ __ АКТІСІ

Жасалған күні

Операция коды

Операция негіздемесі (мақсаты)

Құжат нөмірі

Қызметі

Мемлекеттік мекеме, бөлімше, қойма








      Құжаттармен танысу, қарау (тексеру) кезінде мыналар белгіленді:

Мүліктің атауы

Есептен шығарылсын

Мүліктің атауы

Кіріске алынсын

Саны

Өлшем бірлігі

Санаты

Теңгерімдік құны

Тозу есептелді

Саны

Өлшем бірлігі

Түгендеу нөмірі

Санаты (сорты , тығыздығы)

Бір бірліктің бағасы

Сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















      Комиссия қорытындысы (басқа санатқа ауыстыру себептері, сорты, жекелеген тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектерді, басқа да мүліктерді пайдаланудың орындылығы)______________________

      ___________________________________________________________________ ______________________

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      Комиссия мүшелері _____________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      ________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      Аға бастықтың қорытындысы _____________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      М.О. 20___ж. "__" __________

      7-13 бағаналарда көрсетілген, бөлшектеуден алынған тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектерді, басқа да мүлікті жауапты сақтауға қабылдадым

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

      Бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілді:

Дебет

Кредит

Сомасы














      Бас бухгалтер ________________________

      (қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________

  Қазақстан Республикасы арнаулы
мемлекеттік органдарының мүліктерін
беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен
шығару, сондай-ақ жылжымайтын
мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
3-қосымша

      __________________________________

      (ведомствоның атауы)

№ ___ инспекторлық куәлік

      20___жылғы "__"___________

      ____________________________________қолдаухатына сәйкес

      (қолдаухатты кім бергені көрсетіледі)

      мынадай мүліктерді есептен шығаруға ________________________ берілді:

      (куәлік берілген мемлекеттік мекеменің атауы)

Р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бір бірлігінің теңгерімдік құны

Сомасы

Жоғалту себептері









Барлығы







      __________________________теңге

      (жазбаша)

      Материалдық құндылықтарды жоғалтудан мемлекетке келтірілген залалының жалпы сомасынан залалдың _______теңге сомасындағы бөлігі кінәлі адамдардың есебінен өтеуге жатады, ал қалған _____ теңге сомасындағы бөлігін мемлекет есебіне жатқызуға рұқсат етіледі.

      Қосымша: Инспекторлық куәлік беру туралы қолдаухат және оған қосымшалар ___ парақта.

      ___________________________________________________________

      (инспекторлық куәлік берген адамның лауазымы, тегі)

      М.О. 20___ж. "__" __________

      Бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілді:

Дебет

Кредит

Сомасы








      Бас бухгалтер _______________________________________________________

      (қолы, тегі)

      20___ж. "__" __________