Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысы.

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкінің жекелеген түрлерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару (бұзылуын және жойылуын ресімдеу) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады";

      7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар алып тасталсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 832 қаулысымен
бекітілді

Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін реттейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып өткізілетін, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;

      2) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      3) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

      4) əскери мүлік – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, оқ-дəрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік; 

      5) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлері мен əскери құралымдары, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер және әскери-қосалқы кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ кемелер (катерлер және басқа да кемелер), әуе кемелері және басқа да ұшу аппараттары;

      6) бірыңғай оператор – ақпараттық жүйелерді қолданумен мемлекеттік мүлік тізілімінің пайдаланушыларына электрондық және басқа да қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған бірыңғай оператор;

      7) баланста ұстаушы – мүлік бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      8) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      9) жабық аукцион – қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу жөніндегі сауда-саттық нысаны және жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемшарты ұсынылған ең жоғары баға болып табылады;

      10) жабық аукциондағы немесе тендердегі кепілдік жарна – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға сауда-саттыққа қатысу үшін лоттың бастапқы бағасынан уәкілетті ұйым айқындаған және пайдаланылмайтын мүлікті өткізу мәселелері жөніндегі комиссия бекіткен мөлшерде енгізетін ақша сомасы;

      11) жалға беруші – жедел басқаруында қорғаныс объектілері тұрған және пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) ұсынушы мемлекеттік мекеме;

      12) жабық тендер – қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша сауда-саттық нысаны және жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемшарты өткізу шарттарын сақтаған кезде ұсынылған ең жоғары баға болып табылады;

      13) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      14) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;

      15) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

      16) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары (бұдан әрі – ҚӨК ұйымдары) – қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы саласында лицензиялары бар отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер;

      17) лот – уәкілетті ұйым айқындаған және бір немесе бірнеше өткізу объектілерінен тұратын, өткізілетін пайдаланылмайтын мүліктің бір бөлігі;

      18) лоттың алғашқы бағасы – қару-жарақ пен әскери техника үшін баланстық құны немесе өзге де пайдаланылмайтын мүлік үшін бағалау құны негізінде айқындалатын баға;

      19) лоттың бастапқы бағасы – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      20) лоттың ең төменгі бағасы – лот одан төмен сатыла алмайтын баға;

      21) оқ-дәрілер – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға тікелей арналған қару-жарақтың құрамдастары, сондай-ақ көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар;

      22) өткізу бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;

      23) өткізу объектісі – пайдаланылмайтын мүлік бірлігі;

      24) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника – қару-жарақ пен әскери техникаға қойылатын параметрлерге сәйкес келетін пайдаланылмайтын мүлік;

      25) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың баланстық құны – пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника бухгалтерлік баланста танылатын сома;

      26) пайдаланылмайтын мүлік – қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары;

      27) пайдаланылмайтын мүліктің бастапқы құны – мүлік үшін төленген ақша қаражатының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны сатып алу кезінде мүлік үшін ұсынылған әділ құн;

      28) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу бойынша аукционға немесе тендерге арналған кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін лоттың бастапқы бағасының 15%-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

      29) пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссия – өтінімдерді қарау және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, жою және қайта өңдеу жөнінде ұсынымдар шығару үшін уәкілетті орган құратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес әрекет ететін консультативтік-кеңесші орган;

      30) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу мәселелері жөніндегі комиссия –пайдаланылмайтын мүлікті өткізу жөніндегі сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін уәкілетті орган құратын орган;

      31) cатып алушы – мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесінде пайдаланылмайтын мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;

      32) тендер – тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында жабық электрондық конвертке жүктелетін, қатысушылар өздерiнiң баға ұсыныстарын мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;

      33) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      34) тендерлік құжаттама – пайдаланылмайтын мүліктің немесе пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің техникалық, коммерциялық, ұйымдастырушылық және өзге де сипаттамалары туралы, сондай-ақ олардың жеңімпазымен кейіннен мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе сатып алу-сату шарттарын жасасу мақсатында тендер немесе жабық тендер нысанында сауда-саттық өткізу үшін қажетті және жеткілікті сауда-саттық шарттары мен рәсімі туралы бастапқы ақпаратты қамтитын құжаттар жиынтығы;

      35) уәкілетті орган – қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      36) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      37) уәкілетті ұйымның комиссиялық сыйақысы – уәкілетті ұйымның мүлкін бағалауға, сауда-саттықты ұйымдастыруға және уәкілетті ұйымның комиссиясына арналған шығыстардан тұратын шығындарының сомасы;

      38) шартты сәйкестендіргіш – тізілімнің веб-порталы беретін шарттың бірегей нөмірі;

      39) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      40) электрондық мекенжай – уәкілетті ұйымның немесе сатып алушының электрондық поштасының мекенжайы, ол арқылы ресми хат алмасу және жабық сауда-саттық өткізу жөніндегі құжаттармен алмасу жүргізіледі;

      41) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

2-тарау. Пайдаланылмайтын мүлікті беру тәртібі

      3. Қарауында Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын мүліктің орналасқан жерін, қару-жарақ пен әскери техниканың баланстық құнын, техникалық құрылғылардың техникалық және функционалдық сипаттамаларын (шығарылған жылы, санаты, тораптар мен агрегаттардың зауыттық нөмірлері), сондай-ақ бар ауыртпалықтарды көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың шешімімен (бұйрығымен) бекітілген пайдаланылмайтын мүліктің тізімдерін уәкілетті органға жолдайды.

      4. Уәкілетті орган тізбелерді алғаннан кейін бір ай мерзімде пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасын жасайды және оны пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілікті айқындау үшін қарауында Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бар мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, ҚӨК ұйымдарына жолдайды.

      5. Қарауында Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар, ҚӨК ұйымдары пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасын алғаннан кейін бір ай мерзімде уәкілетті органға әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім жолдайды немесе бірінші басшының не болмаса оны алмастыратын адамның қолымен осындай қажеттіліктің жоқтығы туралы жазбаша хабарлайды.

      6. Уәкілетті орган пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасынан пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссияның отырысында өтінімдерді қарауды ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша:

      Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берілетін;

      ҚӨК ұйымдарына, мемлекеттік білім беру ұйымдарына, музейлерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына (бұдан әрі – Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымы) және жергілікті атқарушы органдарға берілетін;

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін қызметтер көрсеткені үшін ҚӨК ұйымдарына ақы төлеу есебіне берілетін;

      өткізуге, жоюға және қайта өндеуге жататын пайдаланылмайтын мүліктің тізбелері қалыптастырылады.

      Өткізуге жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесі жеке-жеке жабық сауда-саттықта өткізілетін қару-жарақ пен әскери техникаға жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне және веб-портал арқылы өткізілуге жататын пайдаланылмайтын өзге мүлік тізбесіне бөлінеді.

      Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған қосымша өтінімдерді қарау пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссия жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2021 № 749 қаулысымен.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген пайдаланылмайтын мүлік тізбелері (бұдан әрі – тізбе) пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде уәкілетті органның шешімімен (бұйрығымен) бекітіледі.

      8. Тізбені бекіткеннен кейін уәкілетті орган осы Қағидалардың талаптарына сәйкес пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, жою және қайта өңдеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.

      9. Пайдаланылмайтын мүлікті беру уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) және актіде бастапқы құнын, амортизация сомасын, техникалық және функционалдық сипаттамаларын (тораптар мен агрегаттардың шығарылған жылы, санаты, зауыттық нөмірлері), техникалық құрылғыларын көрсетумен қабылдау-беру актісі негізінде беретін мемлекеттік орган мекемесінің балансынан қабылдап алатын мекеменің немесе ұйымның балансына беріледі. Техникалық құрылғыларды қабылдау-беру актісіне паспорттары, формулярлары, белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған техникалық жай-күйі актілері қоса беріледі.

      Мүлікті қабылдау-беру беруші және қабылдаушы тараптар өкілдерінің қатысуымен баланста ұстаушының аумағында жүзеге асырылады.

      10. Берілетін пайдаланылмайтын мүлік толық болмағанда жоқ бөлшектердің, агрегаттардың, тораптардың және басқа да жинақтаушылардың тізбесі бар құжат жасалады.

      Толық еместігі жөнінде мәліметтер беруші мемлекеттік органға жолданады.

      11. Пайдаланылмайтын мүлік уәкілетті органның шешімі негізінде ҚӨК ұйымдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не өндірістік қызметте пайдалану және/немесе кейіннен экспорттау мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіру, жөндеу және/немесе жаңғырту үшін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен экспорттық бақылау, мемлекеттік мүлік және ұлттық экономика саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобаларды іске асыру үшін жөндемей және/немесе жаңғыртпай экспорттау мақсатында мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беріледі.

      Мүлікті кейіннен экспорттау үшін өткізу уәкілетті ұйым қалыптастырған жабық сауда-саттыққа қатысушылар тізбесіне енетін заңды тұлғалар арасында жабық сауда-саттықта жүзеге асырылады.

      Баланста ұстаушының бюджеттік бағдарламалар әкімшісі инвестицияларды уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2021 № 684 қаулысымен.

      11-1. Пайдаланылмайтын мүлікті ҚӨК ұйымдарына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу есебіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мүдделерінде өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін беруге жол беріледі.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2021 № 749 қаулысымен.

      12. ҚӨК ұйымдары уәкілетті органнан пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасын алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті іріктеу жөнінде жұмыс жүргізеді және уәкілетті органға атауы мен санын көрсете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілік туралы өтінім береді.

      Есептен шығарылған пайдаланылмайтын мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2021 № 684 қаулысымен.

      13. Қажет етілмейтін пайдаланылмайтын мүлік әскери-патриоттық тәрбиені, білім беру процесін ұйымдастыру және/немесе постаменттерге орнату үшін білім беру ұйымдарына, музейлерге, жергілікті атқарушы органдарға, Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымына беріледі. Бұл ретте қару-жарақ, арнайы құралдар және әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлік жанды немесе өзге нысанға зақым келтіру, сондай-ақ сигнал беру мүмкіндігіне құрылымдық тұрғыдан жол бермеуге тиіс.

      Пайдаланылмайтын мүлікті қару-жарақ, арнайы құралдар және әскери техника түрінде беру кезінде ластаушы заттарды қоршаған ортаға шығару және олардың халықтың денсаулығына тікелей әсер ету мүмкіндігін болдырмау қажет.

      14. Пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілік бар болған кезде білім беру ұйымдары, музейлер, жергілікті атқарушы органдар, Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымы ағымдағы жылғы 1 сәуірге уәкілетті органға атауын, санын және беру мақсатын көрсете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілік туралы өтінім береді.

      15. Уәкілетті орган бір ай мерзімде өтінімдерді қарайды және пайдаланылмайтын мүлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      16. Берілетін пайдаланылмайтын мүлікті баланста ұстаушыдан әкету алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      17. Арнайы техникалық құралдар санатына жататын пайдаланылмайтын мүлікті тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру және барлауға қарсы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беруге ғана жол беріледі.

      Қажет етілмейтін арнайы техникалық құралдар уәкілетті органның шешімі негізінде осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жойылуға жатады.

      18. Барлық қажет етілмейтін пайдаланылмайтын мүлікті уәкілетті ұйым өткізеді және/немесе уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде жойылуға жатады.

3-тарау. Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу тәртібі

      19. Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның шешімінде (бұйрығында) өткізуге жататын пайдаланылмайтын қару-жарақтың және әскери техниканың атауы, орналасқан жері, баланста ұстаушы, саны, баланстық құны, пайдаланылмайтын мүліктің техникалық құжаттамасында көзделген санаты, зауыттық нөмірлері және өзге де сәйкестендіру деректері, сондай-ақ олар болған кезде өткізу шарттары және салынған ауыртпалықтар көрсетіледі.

      20. Пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді уәкілетті ұйым өтеулі негізде жүзеге асырады.

      21. Уәкілетті ұйым көрсететін қызметтерге ақы төлеу сатып алушының қаражаты есебінен жүргізіледі.

      22. Уәкілетті ұйым көрсететін қызметтердің құны мүлікті бағалауға, сауда-саттықты ұйымдастыруға және уәкілетті ұйым комиссиясына жұмсалған шығындар сомасынан тұрады және уәкілетті ұйымның шешімімен айқындалады.

      23. Пайдаланылмайтын мүлікті өткізуден түскен қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      24. Сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда уәкілетті ұйым жеңімпаздан өндіріп алатын уәкілетті ұйымның комиссиялық сыйақысының, кепілдік жарналарының, сондай-ақ сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда сатып алушыдан өндіріп алынатын кепілдік жарналардың және тұрақсыздық айыбының сомасы уәкілетті ұйымның кірісіне жіберіледі.

      25. Сауда-саттық нысаны пайдаланылмайтын мүліктің түріне және сату шарттарына байланысты айқындалады.

      26. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлік мемлекеттік мүлік веб-порталы арқылы өткізіледі.

      27. Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлік оны экспорттау шартымен жабық тендерлер немесе аукциондар өткізу арқылы сатылады.

      28. Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу үшін баланста ұстаушы уәкілетті ұйымға пайдаланылмайтын мүліктің техникалық және функционалдық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттарды (паспорт, формуляр, белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған техникалық жай-күйі актісі, жиынтығы туралы мәліметтер, фотосуреттер және басқалар) ұсынады.

      Пайдаланылмайтын мүлікті баланста ұстаушы пайдаланылмайтын мүлікті, оны пайдаланылмайтын деп таныған сәтінде айқындалған күйінде сақталуын және меншік құқығы сатып алушыға өткенге дейін ол бойынша мәліметтердің анық болуын қамтамасыз етеді.

      Өткізуге жататын, пайдаланылмайтын мүліктің тізбесі бекітілгеннен кейін уәкілетті ұйым оны өз сайтында жариялайды және баланста ұстаушы оның қарамағында тұрған мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікті сатып алуға ниет білдіргендерге оны қарауға рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

      29. Өткізілмеген пайдаланылмайтын мүлік уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) бойынша кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жатады.

      30. Әрбір келесі сауда-саттық уәкілетті ұйым белгілеген мерзімде жүзеге асырылады.

      31. Жабық сауда-саттыққа мүдделі мемлекеттік органдардың және уәкілетті ұйымның ұсыныстары негізінде пайдаланылмайтын мүлікті өткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындайтын қатысушылардың шектеулі тізбесі қатысады.

      Қатысушылар тізбесіне енгізу үшін әлеуетті сатып алушылар уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қатысушылар тізбесіне енгізуге арналған өтінім;

      2) жарғының көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не анықтама;

      4) қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, олар қолданыла отырып жасалған жарылғыш заттар мен бұйымдар айналымы саласындағы қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыруға лицензиар (уәкілетті орган) беретін рұқсат беру құжаттарының көшірмелері.

      Шетелдік заңды тұлғалар өтініш беруші резиденті болып табылатын елдің не өтініш беруші сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тіркелген кез келген басқа елдің лицензиары (уәкілетті органы) берген рұқсат беру құжаттарын (лицензияларды, рұқсаттарды) қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.

      5) уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша өзге де ақпарат.

      32. Қатысушылардың тізбесін қалыптастыру кезеңінде уәкілетті ұйым уәкілетті ұйымның ресми сайтында жабық сауда-саттық өткізу туралы хабарландырулар орналастырады, мүдделі мемлекеттік органдарға және/немесе шет мемлекеттердің органдарына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың халықаралық міндеттемелерді сақтауы және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер беру туралы сұрау салулар жолдайды.

      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сәйкестігін тексеруді уәкілетті ұйым уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және арнаулы мемлекеттік органдарының әскери барлау органдарымен, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.

      Осы тексерудің мақсаты беделі күмәнді немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары жөніндегі комитеттердің талаптарын бұзатын заңсыз қару-жарақ жеткізумен айналысатын компаниялармен шарттар жасасу салдарынан Қазақстан Республикасының имиджіне залал келтірмеу болып табылады.

      33. Веб-порталдың жұмыс істеуін, сондай-ақ электрондық сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдауды бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

      34. Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі.

      35. Жабық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна уәкілетті ұйымның деректемелеріне шақыруда белгіленген тәртіппен енгізіледі.

      36. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

      37. Қатысушыларға кепiлдiк жарналардың кез келген мөлшерін енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген лотты сатып алуға құқық береді.

      38. Бірыңғай оператор:

      1) сауда-саттықта жеңіске жеткен қатысушының кепілдік жарнасының толық сомасын уәкілетті ұйымның шотына уәкілетті ұйым веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініші негізінде қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аударады;

      2) сауда-саттыққа басқа қатысушыларға қатысушылар веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған кепілдік жарнаны қайтаруға өтініштері негізінде қайтарады.

      39. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады және уәкілетті ұйым сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін республикалық бюджеттің кірісіне аударады.

      40. Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан және комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша тиесілі төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, онда уәкілетті ұйым айырманы пайдаланылмайтын мүлікті қабылдау-беру актісін уәкілетті ұйымның мекенжайына ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алушыға қайтарады.

      41. Сауда-саттықта жеңген адам сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде, сондай-ақ сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады, ол уәкілетті ұйымның иелігінде қалады.

      Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға (электрондық сауда-саттыққа қатысушыдан) немесе уәкілетті ұйымға (жабық сауда-саттыққа қатысушыдан) өтініш берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.

      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсетілетін деректемелерге қайтарылады.

      42. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу уәкілетті ұйым мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) комиссиялық сыйақы лотты сату бағасынан хабарламада немесе шақыруда көрсетілген мөлшерде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізеді;

      2) аванстық төлем лотты сату бағасынан кемінде он бес процент мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізеді;

      3) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бірақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен асырмай енгізеді.

      43. Жоғарыда көрсетілген төлемдер мерзімінде төленбеген жағдайда, уәкілетті ұйымның шартты біржақты тәртіппен бұзуына және сатып алушыға сатып алу-сату шартының талаптарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талап қоюына жол беріледі.

      44. Пайдаланылмайтын мүлікті беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату құнын және уәкілетті ұйымның комиссиялық сыйақысын сатып алу-сату шартында көзделген мерзімдерде төлегеннен кейін қабылдау-беру актісі бойынша жүргізіледі.

      45. Сатып алушыға пайдаланылмайтын мүлікті беру шарттың түпнұсқасы немесе оның уәкілетті ұйым куәландырған көшірмесі, төлем құжаттарының көшірмелерін, сатып алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып сатып алушы төлем жасағаны туралы уәкілетті ұйымның хабарламасы негізінде жүргізіледі.

      46. Баланста ұстаушы қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін сатып алушыға техникалық жай-күйі актісінің көшірмелерін, паспорттардың түпнұсқаларын немесе олардың телнұсқаларын қоса бере отырып, өткізілген пайдаланылмайтын мүлік құнын көрсете отырып шот-фактура жазып береді.

      47. Қабылдау-беру барысында пайдаланылмайтын мүліктің болмауы (толық немесе ішінара) фактісі анықталған жағдайда, баланста ұстаушы сатып алушы мен уәкілетті ұйымды оның пайда болу себептерін көрсете отырып, кем шығу туралы жазбаша хабардар етеді.

      Жетіспейтін пайдаланылмайтын мүлік үшін енгізілген соманы өтеу үшін сатып алушы уәкілетті ұйымның атына баланста ұстаушының хабарламасын қоса бере отырып, көрсетілген деректемелерге қаражатты қайтару туралы өтінішпен жүгінеді.

      Қол қойылған қабылдау-беру актісі сатылған пайдаланылмайтын мүліктің меншік иесінің өзгергені туралы мемлекеттік тіркеу өткізу үшін негіз болып табылады.

1-параграф. Пайдаланылмайтын мүлікті мемлекеттік мүлік веб-порталы арқылы өткізу

      48. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлік аукцион немесе тендер нысанында электрондық сауда-саттық өткізу арқылы уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде мемлекеттік мүлік веб-порталында өткізіледі.

      49. Өткізу объектісінің (лоттың) бастапқы бағасы пайдаланылмайтын мүлікті бағалау құны негізінде айқындалады және оны Комиссия бекітеді.

      50. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама оларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.

      51. Хабарлама веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      52. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты;

      2) сауда-саттықтың нысаны мен әдісі;

      3) өткізілетін лоттардың тізбесі;

      4) өткізу объектісі туралы мәліметтер;

      5) сатуға шығарылатын объектілердің бастапқы және ең төменгі (бағаны төмендетуге аукцион өткізу кезінде) бағалары;

      6) уәкілетті ұйымның кепілдік жарнасының және комиссиялық сыйақының мөлшері, сондай-ақ оларды аудару үшін банк деректемелері;

      7) сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары;

      8) тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі;

      9) уәкілетті ұйымның және баланста ұстаушының телефондары мен орналасқан жері, уәкілетті ұйымның электрондық мекенжайы;

      10) уәкілетті ұйымның шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      53. Әрбір объект бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейін уәкілетті ұйым веб-порталға мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) өткізу объектісінің құнын бағалау туралы есеп;

      2) техникалық жай-күйі туралы ұсынуды қамтамасыз ететін өткізу объектісінің фотосуреті (бар болса);

      3) сатып алу-сату шартының жобасы.

      Пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сатудың үлгілік шартының нысанын уәкілетті ұйым бекітеді.

      54. Өткізу объектісін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейін уәкілетті ұйым веб-портал арқылы объект туралы ақпаратқа барлық ниет білдірушілердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      55. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.

      56. Сауда-саттыққа қатысу үшін веб-порталда мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошталық мекенжайын, телефонын, факс, e-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.

      57. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеу қажет, оған мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса беріледі:

      1) жеке тұлғалар үшін: паспорт немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

      2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

      3) шетелдік заңды тұлғалар үшін: қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      Тендерге қатысушылар мыналарды:

      1) тендерге қатысушы қол қойған, арнайы бөлінген веб-парақта электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;

      2) тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шарттарымен келісетін өтінімді тіркейді.

      58. Уәкілетті ұйымға сауда-саттықты дайындау және оларды өткізудің бүкіл кезеңі ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

      59. Тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері веб-порталдың деректер базасында сақталады және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытқа және күнге дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз.

      60. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін веб-портал тізілімнің деректер базасында өтінім берілген өткізу объектісі (лот) бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

      61. Веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының осы Қағидалардың 56-57-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына түспеуі негіз болып табылады.

      62. Веб-порталдың деректер базасында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, өтінімді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларға рұқсат беру жүзеге асырылады. Веб-порталдың деректер базасында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.

      63. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жолдайды.

      64. Веб-портал аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарып алған қатысушының аукциондық нөмірін сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын жояды.

2-параграф. Аукцион өткізу

      65. Аукцион сауда-саттықтың екі тәсілімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету.

      66. Аукционды өткізген кезде өткізу объектісінің (лоттың) алғашқы бағасы объектінің бастапқы бағасына тең болады.

      67. Объект алғашқы сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, аукционға шығарылады.

      68. Екінші сауда-саттыққа объект алғашқы бағаның елу проценті мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционға шығарылады.

      69. Үшінші сауда-саттыққа объект бастапқы бағаның он проценті мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционға шығарылады.

      70. Аукционға жіберілген қатысушыға веб-портал беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіру мүмкіндігі беріледі.

      71. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді. Аукцион өткізу объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен басталады.

      72. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі мен жұма аралығында өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

      73. Егер бағаны көтеруге арналған аукцион аяқталған кезде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда өткізу объектісін сатып алуға соңғы ниетін білдірген қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы өткізу объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      74. Егер бағаны төмендетуге арналған аукцион аяқталған кезде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда осы өткізу объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады.

      75. Егер аукцион басталған сәтте объект бойынша аукцион залында аукционға екіден кем қатысушы тіркелген және болған жағдайда, объектіні жалғыз қатысушыға сатуға рұқсат берілетін үшінші аукционды қоспағанда, осы өткізу объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

      76. Бағаны өзгерту қадамы мынадай түрде белгіленеді:

      1) өткізу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000-ға еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 процент мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 процент мөлшерінде белгiленедi;

      2) өткізу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000-нан 50 000-ға еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 процент мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 процент мөлшерінде;

      3) өткізу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000-нан 100 000-ға еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 процент мөлшерінде белгiленедi;

      4) өткізу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000-нан 250 000-ға еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 процент мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 процент мөлшерінде белгіленеді;

      5) өткізу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000-нан 500 000-ға еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 процент мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 процент мөлшерінде белгіленеді;

      6) өткізу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000-ға еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 процент мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 процент мөлшерінде белгіленеді.

      Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

      77. Бағаны көтеру аукционы:

      1) егер аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың бірде-бірі осы Қағидалардың 76-тармағына сәйкес белгіленген қадамға объектінің бастапқы бағасын арттыру арқылы объектіні сатып алуға ниетін растамаса, онда осы объект бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

      2) егер аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 76-тармағына сәйкес белгіленген қадамға объектінің бастапқы бағасын арттыру арқылы объектіні сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі объектінің ағымдағы құнын арттыру арқылы объектіні сатып алу ниетін растамаса, онда объектіні сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      78. Өткізу объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

      79. Өткізу объектісі бойынша бастапқы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

      80. Бағаны төмендету аукционы:

      1) егер аукцион басталғаннан бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі объектіні аукционда сатып алу ниетін растамаса, объектінің бастапқы бағасы бір қадамға төмендейді;

      2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі объектіні сатып алу ниетін растамаса, объектінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен төмендейді.

      Жарияланған баға бойынша объектіні (лотты) сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      3) егер объектінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі объектіні сатып алу ниетін растамаса, аукцион өткізілмеген болып танылады.

      81. Егер аукцион өткізілмеді деп жарияланса, Комиссия веб-порталда қалыптастырылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      82. Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда қол қояды.

      83. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелері мен уәкілетті ұйымның және жеңімпаздың сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      84. Жеңімпазбен жасасатын сатып алу-сату шартына мемлекеттік мүліктің веб-порталында аукцион өткен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ арқылы қол қойылады.

      85. Жеңімпаз осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда Комиссия веб-портал қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы объект сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

      86. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:

      1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабарлайды;

      2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабарлайды.

      87. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтар фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағынан болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.

      88. Қатысушының компьютері және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда аукцион жалғаса береді.

      89. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталында техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды және аукционды техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады және осы аукцион жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар етеді.

3-параграф. Тендер өткізу

      90. Тендер веб-порталда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұма аралығында өтеді. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      91. Өткізу объектісін (лотты) бірінші тендерге қойған кезде объектінің бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең.

      92. Объектіні екінші және үшінші сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан елу процентке төмендейді.

      93. Егер тендерге тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда объект жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші сауда-саттықты қоспағанда, тендер өткізілмеді деп жарияланады.

      94. Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, Комиссия веб-портал қалыптастыратын тендер өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      95. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттық күні мен уақыты басталған кезде веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      96. Тендерге қатысуға өтінімдерді Комиссия сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды анықтау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

      97. Объект (лот) үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады. Егер тендерде екі және одан да көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаға ие болса, онда өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылардың арасында тендердің жеңімпазы болып танылады.

      98. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себебі көрсетіле отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі;

      2) тізілімнің веб-порталында тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты салыстыру жүргізілетін, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандыратын қатысушылар тізімі;

      3) объекті (лот) үшін ең жоғары бағаны ұсынған жеңімпаз көрсетіледі.

      99. Тендер жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

      100. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама веб-порталда қалыптастырылады, оған Комиссия сауда-саттық өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      101. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама тендердің нәтижелері мен жеңімпаздың және уәкілетті ұйымның тендердің нәтижесі болып табылатын шарттарда объектіні сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына мемлекеттік мүлік веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қойылады.

      102. Жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда Комиссия ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы объект қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.

      103. Пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сату шартына уәкілетті ұйым мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, веб-порталда қол қояды.

4-параграф. Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өткізу

      104. Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлік оны экспорттау шартымен жабық тендерлер немесе аукциондар өткізу арқылы өткізіледі.

      Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуға өтінімдер болмаған жағдайда, оларды өткізу оны кәдеге жарату арқылы жою шартымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      105. Өткізілетін пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың алғашқы бағасы қару-жарақ пен әскери техниканың баланстық құны негізінде айқындалады.

      106. Тек заңды тұлғалар ғана жабық сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.

      107. Жабық сауда-саттыққа қатысуға шақыруды уәкілетті ұйым жабық сауда-саттыққа қатысушылардың тізбесіне кіретін компанияларға ол өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын жолдайды.

      Шақыруға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тендерлік құжаттама;

      2) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың фотосуреттері және/немесе техникалық сипаттамалары (бар болса);

      3) сатып алу-сату шартының жобасы.

      108. Жабық тендерге қатысуға арналған шақыруда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) сауда-саттықты өткізу мерзімі (күні мен уақыты) және орны;

      2) сауда-саттық нысаны мен әдісі;

      3) өткізілетін лоттардың тізбесі;

      4) өткізілетін пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника туралы мәліметтер;

      5) жабық аукционға қойылатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың баланстық құны;

      6) жабық тендерге қойылатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың бастапқы бағасы;

      7) уәкілетті ұйымның кепілдік жарнасының және комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ оларды аудару үшін банк деректемелері;

      8) өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімі (нысанды қоса бере отырып);

      9) сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы;

      10) сауда-саттыққа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі;

      11) уәкілетті ұйымның және баланс ұстаушының телефондары мен орналасқан жері, уәкілетті ұйымның электрондық мекенжайы;

      12) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу жұмыстарын жүргізу және/немесе жаңғырту жүктелген ҚӨК ұйымдарының тізбесі, жұмыстардың түрі мен құны, көлемі, орны мен орындалу мерзімі көрсетілген ҚӨК ұйымдарында жөндеу және/немесе жаңғырту шарттары;

      13) уәкілетті ұйымның шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      109. Жабық аукционға қатысу үшін ұсыныстар электрондық пошта арқылы уәкілетті ұйымның электрондық мекенжайына, шақыруда көзделген барлық құжаттарды қоса бере отырып мәлімделеді.

      110. Жабық тендерге қатысу үшін ұсыныстар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған үй-жай болған жағдайда (жазбаны 12 ай бойы сақтау және көру мүмкіндігімен) жабық конвертте жазбаша түрде мәлімделеді.

      111. Жабық сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тіркеу және ұсыну қажет:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабық сауда-саттықтарға қатысуға өтінім;

      2) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

      3) заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын паспорттың немесе құжаттың көшірмесі (жабық тендерге қатысу үшін);

      4) әрбір лот бойынша жеке-жеке жабық аукционға қатысу үшін қол қойылған баға ұсынысы;

      5) жабық конвертке салынған әрбір лот бойынша жеке-жеке жабық тендерге қатысу үшін қол қойылған баға ұсынысының түпнұсқасы;

      6) қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыруға лицензиар (уәкілетті орган) беретін рұқсат құжаттарының (лицензиялардың) көшірмелері.

      Шетелдік заңды тұлғалар өтініш білдіруші резиденті болып табылатын елдің не өтініш білдіруші сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тіркелген кез келген басқа елдің лицензиары (уәкілетті органы) берген рұқсат құжаттарын (лицензиялар, рұқсаттамалар) расталған қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен қоса береді;

      7) тендер құжаттамаларында және пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендерге қатысуға арналған шақыруда көрсетілген қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды расталған көшірмелері.

      112. Уәкілетті орган шақыру жіберілген жабық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеуді тіркеу журналында шақыруды таратқан күннен бастап жүргізеді және ол басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады, ол өткеннен кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.

      113. Жабық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдері мен оларға қоса берілетін құжаттарының көшірмелері (скриншоттарды қоса бере отырып) басып шығарылады және тіркелгеннен кейін Комиссияның қарауына берілгенге дейін Комиссия хатшысында сақталады.

      114. Хатшы өтінімдер қабылдауды және жабық сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеуді талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 111-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді, ол туралы уәкілетті ұйым өтінім берген адамға электрондық пошта арқылы хабарлайды.

      115. Уәкілетті ұйымның жабық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының осы Қағидалардың 111-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы шақыруда көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын уәкілетті ұйымның шотына түспеуі негіз болып табылады.

5-параграф. Жабық тендер өткізу

      116. Жабық тендер уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) бойынша өткізіледі.

      117. Жабық тендер бейнебақылау жүйесі болған жағдайда (жазбаны 12 ай бойы сақтау және көру мүмкіндігімен) шақыруда көрсетілген орында және уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде сейсенбіден бастап жұма аралығында өтеді.

      118. Өткізу бойынша жабық тендер:

      1) ҚӨК ұйымдарында жөндеу;

      2) ҚӨК ұйымдарында жаңғырту;

      3) кәдеге жарату арқылы құртып жіберу шартымен жүргізіледі.

      119. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы кәдеге жарату шартымен өткізген жағдайда, кәдеге жарату жабық тендерге әлеуетті қатысушыда көрсетілген жұмыстарды орындауға рұқсат құжаттары немесе тиісті рұқсаты бар заңды тұлғамен жасалған шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде жүргізіледі.

      120. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы жабық тендерге қойған кезде объектінің бастапқы бағасы баланстық құнына тең.

      121. Объектіні екінші және үшінші сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан елу процентке төмендейді.

      122. Егер бір ғана баға ұсынысы келіп түссе, онда объект жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін.

      123. Егер жабық тендер өтпеді деп жарияланса, Комиссия өтпеген жабық тендер туралы хаттамаға қол қояды.

      124. Егер үшінші сауда-саттық өткен жоқ деп жарияланса, сауда-саттық объектісі Комиссия шешімі негізінде жабық аукционға шығарылады.

      125. Баға ұсыныстарын жабық тендерге қатысушылар әрбір лот бойынша жеке-жеке жабық конвертте ұсынады.

      126. Жабық тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды және баға ұсыныстары бар конверттерді ашуды сауда-саттық өткізу туралы шақыруда көрсетілген сауда-саттық күні мен уақыты келгенде Комиссия жүргізеді.

      127. Жабық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді Комиссия сауда-саттық өткізу туралы шақыруда көрсетілген талаптарға сәйкес қатысушыларды айқындау мақсатында қарайды.

      128. Жабық тендер шарттарына сәйкес келетін және лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Жабық тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей бағаны қамтыған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасынан өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы жабық тендердің жеңімпазы ретінде танылады.

      129. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себептерін көрсете отырып, қатысушыларға қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі;

      2) қатысушыларға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын қатысушылардың тізімі, ол бойынша Комиссия тендерге қатысушылардың бағалық ұсыныстарын салыстыруды жүргізеді;

      3) объект үшін ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз (қойылатын талаптарға сәйкес келетін жалғыз қатысушы) көрсетіледі.

      130. Жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға Комиссия мүшелері қол қояды және Комиссия Төрағасы оны жабық тендер аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.

      Хаттама жабық тендердің барлық қатысушыларына электрондық пошта арқылы жеткізіледі.

      131. Жабық тендердің нәтижелері туралы хаттама жабық тендердің нәтижелерін және жеңімпаздың және уәкілетті ұйымның сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына жабық тендердің нәтижелері туралы хаттама бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.

      Осы Қағидалардың 131-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына жеңімпаз қол қоймаған жағдайда, Комиссия жабық тендер нәтижелерінің күшін жою туралы хаттамаға қол қояды және жабық тендер жеңімпазының ұсынысынан кейін ұсынысы ең жақсы деп танылған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

6-параграф. Жабық аукционды өткізу

      132. Жабық аукцион уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) бойынша және/немесе жабық тендер өтпеді деп танылған жағдайда Комиссия шешімінің негізінде өткізіледі.

      133. Жабық аукцион бейнебақылау жүйесі болған жағдайда (жазбаны 12 ай бойы сақтау және көру мүмкіндігімен) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда сейсенбіден бастап жұма аралығында өтеді. Жабық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      134. Жабық аукцион электрондық пошта арқылы бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісімен өткізіледі.

      135. Жабық сауда-саттыққа қатысушылардың бекітілген тізбесіне кіретін әлеуетті сатып алушыларға бағаны арттыру әдісімен жабық аукцион өткізу кезінде уәкілетті ұйым электрондық мекенжайға жабық аукционға қатысуға шақыру жолдайды.

      136. Жабық аукционға қатысушы осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жабық аукционға қатысуға өзінің ниетін мәлімдейді.

      Өтінімде қатысушы аукционға қатысу үшін пайдаланылатын электрондық мекенжайды көрсетеді.

      137. Егер жабық аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде бір ғана өтінім келіп түссе, аукцион өтпеді деп танылады, ал Комиссия өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтпеді деп танылған жабық аукцион туралы хаттамаға (өткізу объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін үшінші аукционды қоспағанда) қол қояды.

      138. Егер жабық аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде екі және одан да көп өтінім келіп түссе, жабық аукцион сауда-саттық өткізу туралы шақыруда көрсетілген мерзімде басталады.

      Комиссия хатшысы ұсынылған лоттар бойынша ең жоғары баға ұсыныстарын анықтайды және жабық аукцион басталған сәттен бастап бір сағат ішінде оларды аукционға қатысушыларға жоғарылатудың бастапқы бағасы ретінде жолдайды.

      139. Жабық аукционға қатысушылар аукцион басталған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде бастапқы бағаны ұлғайту және лот бойынша жаңа баға ұсынысын ұсыну арқылы лотты сатып алуға ниетін растауы тиіс.

      140. Баға ұсыныстарын беру уақыты аяқталған сәттен бастап бір сағат ішінде Комиссия хатшысы лоттар бойынша ең жоғары баға ұсыныстарын қайта айқындайды және оларды жоғарылатудың жаңа бастапқы бағасы ретінде жабық аукционға қатысушыларға жібереді.

      141. Кезекті баға ұсыныстарын жабық аукционға қатысушылар жаңа бастапқы баға жолданған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.

      Бағаны көтеруге арналған аукцион жалғыз қатысушыдан лот бойынша ең жоғары баға ұсынысын алғанға дейін жалғасады.

      142. Егер жабық аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде бір ғана өтінім келіп түссе, лот бойынша жалғыз баға ұсынысын берген қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал аукцион өткізілген болып танылады.

      143. Егер жаңа бастапқы баға жіберілген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде бірде-бір өтінім келіп түспесе, алдыңғы ең жоғары баға ұсынысын ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аукцион өткізілген болып танылады.

      Егер екі және одан да көп қатысушылардың ұсыныстарында бірдей баға болған жағдайда, баға ұсынысы қатысушылардың басқа баға ұсыныстарынан бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылардың арасында жабық аукцион жеңімпазы болып танылады.

      144. Жабық аукционға қатысушылардан келіп түскен барлық құжаттарды Комиссия хатшысы басып шығарады (скриншоттарымен қоса) және түпкілікті ең жоғары баға ұсынысы ұсынылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссияның қарауына ұсынады.

      145. Әрбір сатылған лот бойынша жабық аукционның нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды және құжаттарды қарау күнін Комиссия төрағасы бекітеді.

      146. Хаттама жабық аукционның барлық қатысушыларына электрондық пошта арқылы жеткізіледі.

      147. Жабық аукционның нәтижелері туралы хаттама жабық аукционның нәтижелерін және жеңімпаз бен уәкілетті ұйымның сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына жабық аукцион нәтижелері туралы хаттама бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қойылады.

      148. Жеңімпаз жабық сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген мерзімде қол қоймаған жағдайда, Комиссия жабық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы хаттамаға қол қояды және осы сату объектісі сауда-саттыққа қайта шығарылады.

      149. Барлық өткізілмеген пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) бойынша жойылуға немесе қайта өндеуге жатады.

4-тарау. Пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму және қайта өңдеу арқылы жою тәртібі

      150. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюды осы Қағидалардың 150-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2021 № 749 қаулысымен.

      150-1. Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде ҚӨК ұйымдары берген пайдаланылмайтын мүлікті тиісті рұқсат беру және хабарлама жасау құжаттары болған кезде уәкілетті органның шешімі негізінде кәдеге жарату немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жол беріледі.

      Ескерту. 4-тарау 150-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2021 № 749 қаулысымен.

      151. Қару-жарақ пен әскери техника, техникалық және арнайы құралдар түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жою мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.

      152. Қару-жарақ және әскери техника, оқ-дәрілер, техникалық және арнайы құралдар түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюды уәкілетті ұйым уәкілетті органмен немесе мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомстволармен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты негізінде жүзеге асырады.

      153. Кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесінде:

      1) мүліктің түрі;

      2) шығарылған жылы;

      3) саны;

      4) орналасқан жері немесе жинақтау орны;

      5) бар болған жағдайда техникалық құжаттама;

      6) құрамындағы қауіпті, зиянды заттардың саны мен құрамы (қалдықтар паспорты);

      7) бар болған жағдайда ыдыс көрсетіледі.

      154. Оқ-дәрілерді қоспағанда пайдаланылмайтын мүлікті жою (кәдеге жарату, құртып жіберу, көму) немесе қайта өңдеу тәсілдерін уәкілетті ұйым қауіпті құрамдастардың болуын немесе қасиеттерін, құрауыштарын немесе қайталама шикізатты ескере отырып айқындайды.

      155. Пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату арқылы жою кәдеге жарату объектісіндегі компоненттерге қажеттілік болған кезде жүзеге асырылады. Компоненттерге қажеттіліктің болуын уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ҚӨК ұйымдарының өтінімдері негізінде айқындайды.

      156. Кәдеге жарату, қайта өңдеу арқылы жою қажеттілігі болмаған немесе қауіпті қасиеттері болған кезде пайдаланылмайтын мүлік Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жою және/немесе көму арқылы жойылуға жатады.

      157. Пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, егер осы Қағидаларда өзгеше белгіленбесе, өтеулі негізде жүзеге асырылады.

      158. Пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату немесе қайта өңдеу арқылы жою баланста ұстаушымен келісу бойынша оны сақтау орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындарда (цехтарда, учаскелерде, алаңдарда, аумақтарда, базаларда және т.б.) жүргізілуі мүмкін.

      159. Кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жататын пайдаланылмайтын мүлікті сақтау орындарынан тыс жерлерге әкету жою немесе қайта өңдеу өткізетін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      160. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюды уәкілетті ұйым дербес және/немесе пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ұйымдар жүргізеді.

      161. Кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жою үшін берілетін пайдаланылмайтын қару-жарақ, әскери техника, арнайы және техникалық құралдар баланста ұстаушы айқындаған тәртіппен қауіпсіз күйге келтіріледі.

      162. Заңды тұлғалар мен уәкілетті ұйымды пайдаланылмайтын мүлікті оны сақтау орындарында кәдеге жарату немесе қайта өңдеу арқылы жою жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға жіберу баланста ұстаушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      163. Құпиялылық белгісі бар пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жою оны пайдалану тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      164. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеу пайдаланылмайтын мүліктен алынған қайталама шикізатқа сұраныс болған кезде жүзеге асырылады.

      165. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеуді уәкілетті ұйым дербес немесе алынған қайталама шикізатты өткізу шартымен осы мүлікті қайта өңдеу бойынша тиісті технологиялары бар ұйымдар жүзеге асырады. Оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды немесе қайта өңдеуді тиісті рұқсат беру құжаттары бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде берілген пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеу немесе кәдеге жарату процесінде алынатын қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражатты қоспағанда, қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2021 № 749 қаулысымен.

      166. Қайталама шикізатты өткізу құны бағалау құнын негізге ала отырып айқындалады. Уәкілетті ұйым немесе қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым қайталама шикізатты бағалау құны бойынша сатып алады.

      167. Оқ-дәрілер түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті жоюды тиісті рұқсат беру құжаттарына сәйкес оқ-дәрілерді жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.

      Ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті орган азаматтық қорғау органдарын хабардар ете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүгінеді. Бұл жағдайда ұйым көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде ұсынады.

      Уәкілетті органның шешімі бойынша оған ведомстволық бағынысты ұйым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген пайдаланылмаған мүлікті жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен айқындалады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2021 № 694 қаулысымен.

5-тарау. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі

      168. Жалға беруші пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруді баланстық құнын, атауын, алаңын, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, нысаналы пайдаланылуын көрсете отырып, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің бекітілген тізбесін ұсынумен уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      169. Мүліктік жалдауға (жалға) беруге жататын пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің тізбесіне енгізілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің теміржол кірме жолдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ оқу-жаттығуларды өткізу кезінде әскери жүктерді өтеусіз негізде тиеу, түсіру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде пайдаланылуы мүмкін.

      170. Уәкілетті ұйымның қызметтерін жалға беруші төлейді.

      171. Уәкілетті ұйым қызметтерінің құны мүліктік жалға беру бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру және уәкілетті ұйымның комиссиялық сыйақысы шығыстарынан тұрады.

      172. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруден түскен қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жолданады.

      173. Уәкілетті ұйым тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекітетін қорғаныс объектілерінің аумағында орналасқан қорғаныс объектілері бойынша мәліметтерді қоспағанда, атауын, алаңын, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, мүліктік жалдауға (жалға) беру мерзімін, нысаналы пайдаланылуын көрсете отырып, пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі бойынша тізбе мен мәліметтерді тізілімнің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      174. Тізбе мен пайдаланылмайтын қорғаныс объектілері бойынша мәліметтер тізілімнің веб-порталында орналастырылғаннан кейін баланста ұстаушылар оларды қарауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

1-параграф. Мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша өтінімдерді қарау

      175. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүлiктiк жалдауға (жалға) беру осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінім объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесі көрсетіліп, электрондық нысанда тізілімнің веб-порталында ресімделеді, оған мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса беріледі:

      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама) және жарғы;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін);

      3) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттары.

      176. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісіне қажеттілік туралы өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау тізілім веб-порталында бірінші өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.

      177. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруге өтінімді (өтінімдерді) және оларға қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жалға беруші:

      1) пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін тендер өткізбей мүліктік жалға беру туралы;

      2) пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруге екі және одан да көп өтінім берілген жағдайда тендер өткізу туралы;

      3) себептерін жазбаша түрде көрсете отырып, бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2-параграф. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін тендер өткізбей мүліктік жалдауға (жалға) беру

      178. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін тендер өткізбей мүліктік жалдауға (жалға) беруді жалға беруші мынадай жағдайларда жүргізеді:

      1) жалға берушіге ведомстволық бағынысты ұйымдардың мұқтажы және банкоматтар үшін пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін беру;

      2) қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға) беруге бір өтінім келіп түскен пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін беру.

      179. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін жалға берушіге ведомстволық бағынысты ұйымдардың мұқтажы және банкоматтар үшін беру жалға берушінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      180. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін тендер өткізбей мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысының есептік мөлшерлемелері және объектілердің орналасқан жерін, үлгісін, жай-күйін, сондай-ақ объектілерді тағайындау Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес өңірлік шарттарды ескере отырып айқындалады.

      181. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін тендер өткізбей мүліктік жалдауға (жалға) беруді уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде жүзеге асырады.

      Өтінім пайдаланылмайтын қорғаныс объектісінің, оның баланс ұстаушысының атауын, сондай-ақ қорғаныс объектісіне қажеттіліктің негіздемесін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда ресімделеді.

      182. Жалға беруші пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін тендер өткізбей мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті ұйым және жалдаушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, он жұмыс күні ішінде нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің үлгілік шартына сәйкес шарт жасасады.

      183. Мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына қол қойылғаннан кейін жалға алушы он бес жұмыс күні ішінде пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін баланста ұстаушымен қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы қабылдайды, оны жалға берушіге бекітуге ұсынады.

      184. Белгіленген мерзімде қабылдау-беру актісіне қол қойылмаған жағдайда шарт жарамсыз деп есептеледі.

      185. Жалға беруші пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін бекітілген қабылдау-беру актісі негізінде шарттың сәйкестендіргішін бере отырып, шарт бойынша мәліметтерді тізілімге енгізеді.

3-параграф. Тендер өткізуге дайындық

      186. Тендерді дайындау және өткізу кезінде жалға берушілер:

      1) тендерлік комиссияны қалыптастырады;

      2) тендер өткізу мерзімін айқындайды;

      3) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарлама жариялайды;

      4) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып тендер жеңімпазымен шарт жасасады және оның талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      187. Жылжымайтын мүлік объектісін ұсынған кезде тендерге қатысу үшін кепілдік жарнаның мөлшерін уәкілетті ұйым жалға алушының қызмет түрін және жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттерді есепке алмай есептелген пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі үшін айлық жалдау ақысының мөлшерін негізге ала отырып есептейді. Өзге мүлік берілген кезде кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді.

      188. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушінің және уәкілетті ұйымның өкілдері енгізіледі.

      Комиссия құрамын жалға беруші бекітеді.

      Уәкілетті ұйымның өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

      189. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.

      Тендерлік комиссияның хатшысын уәкілетті ұйым тағайындайды, ол тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

      190. Тендерлік комиссия жалға беруші белгілеген мерзімде және пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі туралы ұсынылған деректер негізінде тендер шарттарын айқындайды: қорғаныс объектісін жалға алудың бүкіл кезеңінде нысаналы мақсаты бойынша пайдалану, осы Қағидалардың 187-тармағына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерлемесінен төмен болмайтын жалдау ақысының ең төменгі мөлшерлемесі.

      191. Уәкілетті ұйым тендер өткізу туралы хабарламаның тізілімнің веб-порталында оны өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      192. Тендер өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) пайдаланылмайтын қорғаныс объектісінің қысқаша сипаттамасы;

      2) мүліктік жалдауға (жалға) беру мерзімі және жалдау ақысы сомасының мөлшері;

      3) кепілдік жарнаның мөлшері, оны енгізу мерзімі;

      4) тендер шарттары;

      5) тендерді өткізу күні мен уақыты;

      6) тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері;

      7) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

      193. Бірыңғай оператор:

      1) тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;

      2) тендер өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, уәкілетті ұйым қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады;

      3) кепілдік жарналарды қайтаруға өтініштерді тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарнаны қайтарады.

      194. Хабарлама жарияланғаннан кейiн баланста ұстаушы қорғаныс объектісін қарауға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

4-параграф. Тендер өткізу

      195. Тендердің қатысушыларын тiркеу тізілімнің веб-порталында тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады, ол өткен соң қатысушылар берілген өтінішін қайтарып ала алмайды.

      196. Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы тендерге қатысу үшін өтінімдерді тіркегенге дейін тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      197. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі – тендерге қатысуға арналған өтінім) тіркеу қажет.

      198. Қатысушылар тізілімнің веб-порталы парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты қамтитын тендерге қатысуға арналған өтінімді Қағидалардың 175-тармағына сәйкес құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.

      199. Қатысушылардың тендерге қатысуға арналған өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің веб-порталы дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.

      200. Қатысушының осы Қағидалардың 197, 198-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      201. Бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы тендерге қатысуға арналған өтінімді қабылдауды және пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын оқшаулауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыға тендерге рұқсат береді. Бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      202. Қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде және мерзiмдерде бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарна енгiзедi.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді. Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлемді тағайындауда қатысушының ЖСН немесе БСН көрсету қажет.

      Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.

      203. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының:

      1) тендерде жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамамен танысу;

      2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етуі болып табылады.

      204. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының ұсыныстарына сай келетін шарттарда шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда жеңімпазға қайтарылмайды.

      Қалған барлық жағдайларда кепілді жарналарды бірыңғай оператор қатысушылар тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтініштерге қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарады.

      205. Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша қорғаныс объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі есебіне жатқызылады.

      206. Жалға берушінің өтініші бойынша тендер болмаған жағдайда жалға беруші тізілімнің веб-порталында тендер өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын тендердің болмайтыны туралы хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      Тендердің болмайтыны туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген адамдарға кепілдік жарна тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтініш негізінде қайтарылады.

      207. Тендерге қатысушылар:

      1) тендерге шығарылатын пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі бойынша қосымша мәліметтер ала алады;

      2) пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін алдын ала қарай алады.

      208. Тізілімнің веб-порталында тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында өткізіледі. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.

      Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты басталғаннан кейін тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      209. Егер тендер басталған сәтте тендерге қатысуға тіркелген өтінімдер болмаса, тендер өткізілмеді деп жарияланады.

      Жалға беруші тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендер уақыты мен күнінен кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген тендер туралы актіге ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      Өткізілмеген тендер туралы актіге қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға беруші осы Қағидалардың 192-тармағына сәйкес пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі туралы мәліметтерді қайта жариялауды қамтамасыз етеді.

      210. Тендерді өткізу кезінде пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі үшін жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған және тендердің барлық шарттарына сай келетін жалғыз қатысушы немесе қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомасы сәйкес келген (тең болған) жағдайда тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өткізілген тендердің нәтижелері туралы электрондық хабарлама жібереді.

5-параграф. Тендер нәтижелерін ресімдеу

      211. Тендерге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін жалға беруші тендер өткізуге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

      212. Тендер нәтижелері туралы хаттаманы комиссия хатшысы оны өткізген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырады және қол қояды.

      213. Хаттамада мынадай деректер қамтылады:

      1) тендерлік комиссияның құрамы;

      2) пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі туралы мәлімет;

      3) тендердiң шарттары;

      4) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;

      5) тендердiң жеңiмпазы туралы мәліметтер;

      6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері;

      7) тендерге жіберілмеген қатысушылардың себептерін көрсете отырып, тізімі;

      8) тізілімнің веб-порталында тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыру жүргізілетін тендерге жіберілген қатысушылардың тізімі.

      214. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендердің нәтижелерін белгілейтін, сондай-ақ тендердің нәтижесі болып табылатын жеңімпаз бен жалға беруші арасында шартқа қол қоюға міндеттейтін құжат болып табылады.

      215. Шарт тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және тендер өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалға беруші мен жалдаушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      216. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, бұл ретте жалға беруші осы Қағидалардың 192-тармағына сәйкес тендер өткізу туралы хабарламаны қайта жариялауды қамтамасыз етеді.

6-параграф. Мүліктік жалдауға беру шарты

      217. Жалға алушымен жасалған мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты жалға берушіге қорғаныс объектілерін жалға беру ерекшелігіне байланысты басқа да шарттарды енгізу қажет болған жағдайларды қоспағанда, нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің үлгілік шартына сәйкес тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда жасалады.

      218. Жалдаушымен жасалған мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты шарт талаптарын тиісінше орындаған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Мүліктік жалдауға беру шартының қолданылу мерзімін жалға берушінің жазбаша рұқсаты бойынша үш жылға дейінгі мерзімге ұзартуға болады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады.

      Негізгі шартқа қосымша келісім жалға берушіге жіберілген жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде шарт мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн ішінде және жалға берушінің шешімі негізінде жасалады.

      Негізгі шартқа қосымша келісім мынадай жағдайларда, егер:

      1) жалға алушы қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін жолдаса;

      2) баланста ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартуды жазбаша ұсынса;

      3) жалға беруші жалға алушының жалдау және өзге де төлемдері бойынша берешегі туралы ақпаратты ұсынса, жасалмайды.

      219. Бір жылдан астам мерзімге жасалған мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалдаушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      220. Шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде оны бұзу шарт тараптарының бірінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Шарт тараптары бірінің шартты бұзу туралы өтініші шартты бұзу себептерін көрсете отырып, жалға берушіге жолданады. Шартты бұзу тараптардың өзара келісімі бойынша хабарлама және қорғаныс объектісін қабылдау-беру актісі негізінде жүргізіледі. Өзге жағдайларда шартты бұзу сот тәртібімен жүргізіледі.

      221. Мүліктік жалдауға (жалға) беру ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, пайдаланылмайтын қорғаныс объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер қосылмайды. Осы төлемдерді жалдаушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа да қызметтерге төлейді.

      222. Жалға алушы міндетті түрде төлем тапсырмасындағы немесе жалдау төлемін төлеу туралы түбіртектегі "төлемнің мақсаты" жолына мынадай мәліметтерді енгізеді:

      1) жалдаушының ЖСН немесе БСН;

      2) шарттың сәйкестендіргіші.

      223. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      224. Тендер өткізбей берілген пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

7-параграф. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін қабылдау-беру актісі бойынша беру

      225. Шартқа қол қойылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін баланста ұстаушы қабылдау-беру актісі бойынша жалдаушыға береді, оны кейін жалға беруші бекітеді.

      Бес күн мерзімде бекітілген қабылдау-беру актісін жалға беруші тізілімде тіркейді.

      226. Қабылдау-беру актісінде мыналар қамтылады:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) өкілдер тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) оның ішінде қорғаныс объектісін беру жүргізілетін шартқа қол қойылған күні және оның нөмірі;

      4) берілетін пайдаланылмайтын қорғаныс объектісінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары мен жай-күйі (анықталған немесе бар ақаулардың тізбесімен бірге);

      5) жабдықтың тізбесі (бар болса);

      6) өкілдердің мөрмен расталған қолдары.

      227. Қабылдау-беру актісі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушіде, біреуі баланста ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға беріледі.

  Пайдаланылмайтын мүлікті
беру, өткізу және құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу,
сондай-ақ пайдаланылмайтын
қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Өткізу объектілерін сату бойынша ________________________________ қатысуға

      (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)

ӨТІНІМ

      1. Жарияланған өткізу объектісін (объектілерін) сату туралы хабарламаны қарап және сату қағидаларымен танысып,

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның

      басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      20____жылғы "___"_____________ ____________________________________

      мекенжайы бойынша өтетін сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) ___________________________ сауда-саттыққа қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ____________________ (________________) (саны) (цифрмен) (сомасы қолмен)

      теңге кепілдік жарнаны (ларды) енгіздім (к).

      Кепілдік жарнасы енгізілген өткізу объектілері (лоттары) туралы мәліметтер:

Р/с №

Өткізу объектісінің (лоттың) атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

2

3

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілдік жарнасының мақсаты және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген өткізу объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1






Жиыны




      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) сауда-саттықтарға қатысу құқығынан айырылатыныммен (ымызбен), мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).

      4. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы болып танылған жағдайда, ол өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндеттеме аламын(з).

      5. Мен (біз):

      1) сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған;

      2) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынына және уәкілетті ұйымда қалатынына келісемін (келісеміз).

      6. Осы өтінімнің сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттық күші бар.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):

      Заңды тұлға үшін:

      ________________________________________________________

      Атауы _______________________________________________________

      БСН ________________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә. _____________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі ______________________________________________________

      Электрондық мекенжайы ___________________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ________________________________________________________

      БСК ________________________________________________________

      Банк атауы ______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      Т.А.Ә. ____________________________________________________________

      ЖСН ___________________________________________________________

      Паспортының /жеке куәлігінің деректері ____________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі ____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ____________________________________________________________

      ЖСК ___________________________________________________________

      БСК ____________________________________________________________

      Банктің атауы _________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСК/БСН

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

      1) ____________________________________________________________

      2)_____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" ____________

      М.О.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20 __ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минутта қабылдады.

      Қатысушының аукциондық нөмірі ________________________

  Пайдаланылмайтын мүлікті
беру, өткізу және құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу,
сондай-ақ пайдаланылмайтын
қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Өткізу объектілерін сату бойынша ___________________________ қатысуға (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)

ӨТІНІМ

      1. Жарияланған өткізу объектісін (объектілерін) сату туралыхабарламаны қарап және сату қағидаларымен танысып,

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) 20____жылғы "___"_____________

      _______________________________ мекенжайы бойынша өтетін сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) ___________________________ сауда-саттыққа қатысу үшін уәкілетті ұйымның есеп айырысу шотына жалпы сомасы _______________________________

      (________________________________)

      (саны) (цифрмен) (сомасы қолмен) теңге кепілдік жарнаны (-ларды) енгіздім (-к).

      Кепілдік жарнасы енгізілген өткізу объектілері (лоттары) туралы мәліметтер:

Р/с №

Өткізу объектісінің (лоттың) атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

2

3

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәлімет:

№ Р/с

Кепілдік жарнасының мақсаты және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген жекешелендіру объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны:




      3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес пайдаланылмайтын мүлікті сату шарт болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға жабық сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардар етілді.

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) жабық сауда-саттықтарға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).

      5. Мен (біз) жабық сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы болып танылған жағдайда, өзімізге ол өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндеттеме аламын(з).

      6. Мен (біз):

      1) сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған;

      2) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынына және уәкілетті ұйымда қалатынына келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінім сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      8. Өзім(-із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын(-з):

      Заңды тұлғаның атауы:

      _______________________________________________________

      БСН _______________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі ____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы____________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ________________________________________________________

      БСК ________________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім берген кезде толтырылмайды):

      1) ____________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (қолы) (заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" ________ ____________ сағат ______ минут

      М.О.

      20 __ жылғы "__" _______ _______ сағат ______ минутта қабылданды.

      __________________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.)

  Пайдаланылмайтын мүлікті
беру, өткізу және құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу,
сондай-ақ пайдаланылмайтын
қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы ақпаратты қарап және Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) төмендегі пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға) алуға ниет білдіреді:

Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісінің атауы

Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін баланста ұстаушының атауы мен деректемелері



      Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі

      _________________________________________________________

      үшін (қорғаныс объектісіне қажеттілік негіздемесі көрсетіледі) қажет.

      2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________

      Мекенжайы:___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      БСК _________________________________________________________

      Банк атауы ___________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ___________________________________________________________

      2) ___________________________________________________________

      3) ___________________________________________________________

      4) ___________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________

      ЖСН ________________________________________________________

      Паспорт деректері _____________________________________________

      Мекенжайы:__________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

      ЖСК________________________________________________________

      БСК ________________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________

      2)_____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-дан деректер;

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты

      Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20 _____ жылғы "__" _______ ________ сағат ______ минутта қабылданды.

  Пайдаланылмайтын мүлікті
беру, өткізу және құртып
жіберу, кәдеге жарату, көму
арқылы жою және қайта өңдеу,
сондай-ақ пайдаланылмайтын
қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға) беру
қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға арналған ӨТІНІМ

      1. Жарияланған пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы хабарламаны қарап және Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20____ жылғы "___"______ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі бойынша тендердің нәтижелері анықталғанға дейін тізілімнің веб-порталы жабылатын тендерге қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім (к).

Р/с №

Пайдаланылмайтын қорғаныс объектісінің атауы

Кепілдік жарна сомасы, теңге

1

2

3

1



2




Жиыны


      3. Тендерге қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырыламын (мыз), мен (біз) қол қойған пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (-міз).

      4. Мен (біз) тендердің жеңімпазы (-дары) деп анықталған жағдайда, тендер өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына қол қою міндеттемесін өзіме қабылдаймын (- мыз).

      5. Мен (біз) мүліктік жалдауға (жалға) беру шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайларда, енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және уәкілетті ұйымда қалатынына келісемін (келісеміз).

      6. Осы өтінімнің тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге пайдаланылмайтын қорғаныс объектісін мүлiктiк жалдауға (жалға) беру шарты жасалғанға дейін қолданыста болатын шарт күші бар.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ________________________________________________________

      БСН__________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      Мекенжайы:___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК__________________________________________________________

      БСК__________________________________________________________

      Банк атауы_____________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      ЖСН_________________________________________________________

      Паспорт деректері______________________________________________

      Мекенжайы:___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер ______________

      ЖСК_________________________________________________________

      БСК _________________________________________________________

      Банктің атауы _________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________

      2)_____________________________________________________________

      3)_____________________________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-дан деректер;

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты

      Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20 __ жылғы

      "__" _______ ________ сағат ______ минутта қабылданды.

      Тендерге қатысушының баға ұсынысы, теңге: _________________________ (тендерге қатысушы толтырады және тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін тендерге қатысуға өтінімде көрсетіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 832 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 296 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 108-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысының 19-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 565 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 491-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1078-құжат).

      6. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1062 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 570-құжат).

      7. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 26, 156-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 58, 361-құжат).