"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 764 қаулысымен  
бекітілген       

«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Алматы, Астана қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы 5-бабының;
      2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 27-бабының;
      3) «Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысының;
      4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 67-тарауының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД-нің Интернет-ресурсында, сондай-ақ ақпараттың ресми көздері мен ІІД-де орналасқан стенділерде орналастырылады.
      5. Заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысу құқығына қағаз тасымалдағышта берілген лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі –алушылар).
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      құжаттарды тапсырған сәттен бастап және лицензия алғанға дейін – он бес жұмыс күні;
      құжаттарды тапсырған сәттен бастап және лицензияның телнұсқасын алғанға дейін – екі жұмыс күні;
      құжаттарды тапсырған сәттен бастап және қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін – он жұмыс күні;
      2) алушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 минут;
      3) алушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Салық кодексінің 67-тарауына сәйкес алушылардың күзет қызметін жүзеге асыруына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына 6 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады.
      Алым сомасы лицензиялық алым алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
      Алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 пайызы көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген 4 АЕК-тен аспайтын мөлшерде алынады.
      Лицензияның телнұсқасын алу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензия алу күніне белгіленген ставканың 100 пайызы мөлшерінде алынады.
      9. Мемлекеттік қызмет мейрам және демалыс күндерін қоспағанда, аптасына бес күн көрсетіледі (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін). Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет ІІД-нің үй-жайында көрсетіледі. Ғимараттар қажетті құжаттарды дайындауға арналған орындықтармен және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стенділермен жарақталған, күту залы бар, сондай-ақ үй-жайда мүмкіндіктері шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделеді.
      ІІД-нің үй-жайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, үй-жайлардың қауіпсіздігі, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтініш;
      2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
      3) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
      4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
      5) күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш берген күннен бастап (жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттармен бірге) жарамсыз деп есептеледі.
      Лицензиар өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      Лицензия заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылса, атауы және (немесе) заңды мекенжайы, қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, қайта ресімделеді.
      Лицензияны қайта ресімдеген, көшірмесін алған кезде алушы күнтізбелік отыз күн ішінде жеке қызмет түрілермен айналысу құқығына лицензиялық алым бюджетке төленгенін дәлелдейтін құжаттармен қоса қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтаруға міндетті.
      12. Өтініш бланкілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД-де беріледі.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД кеңсесіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсе қызметкері алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді.
      Алушыға осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылданғаны туралы талон беріледі, онда ішкі істер органдарының атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты-жөні және лауазымы, оны қабылдаған күні және уақыты көрсетіледі.
      15. Заңды тұлғаға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға лицензия беруді қызметкер өтінішті тіркеу орны бойынша жүргізеді.
      16. Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан;
      2) жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына, қызмет түріне лицензия беруге өтініш беруге лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысымен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) алушыға келісетін мемлекеттік органмен келісілмеген лицензия берілген;
      5) сот алушыға сот орындаушысының ұсынысының негізінде лицензия беруге тыйым салған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
      Лицензиар алушының (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді.
      Егер лицензиар көрсетілген мерзімде алушыға лицензия бермеген не болмаса лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтармаған жағдайда оны беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия берілген болып есептеледі.
      Лицензиар лицензия беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушыға тиісті лицензия береді.
      Бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензиар лицензия бермеген жағдайда лицензия алынған болып есептеледі, лицензиардың құжаттарды алу күні көрсетілген талон (ұйғарым) лицензияның өзін алар алдында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруының заңдылығын растайтын құжат ретінде танылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ІІД-нің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттардың мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

4. Жұмыстың нәтижелері

      18. ІІД-нің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштері бойынша өлшенеді.
      19. Осы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган мен оның аумақтық мекемелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД кеңсесінде, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде (бұдан әрі - ӘПК), ІІМ-де алуға болады.
      21. Шағымдар жазбаша түрде еркін нысанда пошта, электронды пошта арқылы немесе ІІД, ӘПК, ІІМ кеңселері арқылы жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін қабылданады, мейрам және демалыс күндерін қоспағанда.
      Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы керек.
      22. Дөрекі қызмет көрсету туралы шағым заңнамада көрсетілген тәртіппен ІІД-нің, ІІМ ӘПК-нің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада көрсетілген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі.Күні мен уақыты, арыз/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімі және шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес талон шағымның қабылдануын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
      25. ІІМ және ӘПК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1; интернет-ресурс: www.mvd.kz, ӘПК телефоны (7172) 71-40-75, ІІМ (7172) 71-45-30.

«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия 
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша                  

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурс

Ішкі істер департаменттері хатшылықтарының телефондары

Мемлекеттік күзет қызметі бөліністерінің телефондары

1

2

3

4

5

6

1

Астана қаласы

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19

www. ast.dvd.mvd.kz

8 (7172) 71-61-98,
71-61-99

8 (7172) 71-61-84, 71-61-83, 71-61-85, 71-61-81

2

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35 «а»

www. akmdvd.onlain.kz

8 (7162) 29-11-2429-11-25

8 (7162) 25-47-74, 29-11-67, 29-93-53.

3

Алматы қаласы

Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57а

www. vashin@mail.
police.kz

8 (7272) 254-41-55

8 (7272) 254-43-07, 267-52-50, 267-50-25, 254-42-46, 254-42-02

4

Алматы облысы

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisu-police.kz

8 (7282) 60-02-11,
60-01-54

8 (7282) 60-05-34, 60-05-50,
60-01-18

5

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 71«а»

www.utes@mvd.kz

8 (7132) 51-27-55

8 (7132) 53-82-03, 53-61-22

6

Атырау облысы

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85

www.dvd-atуrau.kz

8 (7122) 25-10-59,
98-20-57

8 (7122) 35-54-88, 32-88-18

7

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

www uvdvko.kz

8 (7232) 23-43-17

8 (7232) 53-34-04, 53-34-15

8

Жамбыл облысы

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80

www.tarazpolice.kz

8 (7262) 43-39-44
ішкі.40-34, ішкі.46-16

8 (7262) 43-27-54, 43-37-59

9

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

www.zkopolice.kz

8 (7112) 98-10-04

8 (7112) 98-45-58, 98-40-06, 98-40-02, 98-40-01

10

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37

www.krg-guvd.kz

8 (7212) 42-90-19

8 (7212) 40-71-40, 40-71-85, 40-71-39, 40-70-86, 40-71-38

11

Қызылора облысы

Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі, 18

www.dvdkzo.kz

8 (7242) 27-44-10
27-82-04

8 (7242) 21-28-50, 29-26-37

12

Қостанай облысы

Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі,197

www. kostanaypolice.kz

8 (7142) 52-60-07
52-61-42

8 (7142) 52-60-40, 52-60-26

13

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы, 12 ш/а

www. mdvd.kz

8 (7292) 43-08-76

8 (7292) 43-77-04

14

Павлодар облысы

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 50

www. dvdpavlodar.kz

8 (7182) 39-10-60

8 (7182) 54-36-02, 54-35-97,

37-81-21

15

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 51

www. police.cko.kz

8 (7152) 39-40-20,
39-43-05

8 (7152) 61-20-58, 61-20-59, 39-41-26

16

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13

www.dvd_uko.kz

8 (7252) 97-61-90
97-61-97, 21-43-35
97-61-64

8 (7252) 53-69-24

«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия 
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына      
2-қосымша                  

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)







2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3.2. Ақпаратқа электроны форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)







4. Шағымдану үрдісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия 
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына      
3-қосымша                  

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
№ ____ ТАЛОН

_____________________________________________________________
өтініш білдірушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
7. _________________________________________________________________
8. _________________________________________________________________
9. _________________________________________________________________

Қабылдадым:
      ____________________________________/________/_________________
(ішкі істер органдары қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә.)
"___"_______________ ____ ж.

Берілген күні мен уақыты: ____ сағ. _____ мин «___»___________ _____ ж.

«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия 
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына      
4-қосымша                  

Талон

_______________________
(субъектінің атауы)

Шағымды қабылдадым ________________________________
                          (маманның Т.А.Ә.)

20____жылғы «_____» ________. сағат _____ мин. _____

(көлемі 75 мм х55 мм)