Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 506 Қаулысы

Жаңартылған

      Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 23 сәуірдегі
№ 506 қаулысымен   
бекітілген      

Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 707 қаулысымен.

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Берік Мәжитұлы            министрі, төраға

Баймолдина              - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Зәуреш Хамитқызы          орынбасары, төрағаның орынбасары

Кравченко               - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Андрей Николаевич         орынбасары (келiсiм бойынша)

Әбіш                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Самат Сатыбалдыұлы        қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Тәжияқов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы      төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Айдапкелов              - Қазақстан Республикасы Статистика
Нұрболат Серғалиұлы       агенттігінің жауапты хатшысы

Өмірияев                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы           шаруашылығы вице-министрі

Мырзалин                - Қазақстан Республикасы Дін істері
Мәлік Кеңесбайұлы         агенттігінің жауапты хатшысы

Сафинов                 - Қазақстан Республикасы Мұнай және
Қанатбек Бейсенбекұлы     газ министрлігінің жауапты хатшысы

Әбсаттаров              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Қайрат Бектайұлы          коммуникация вице-министрі

Байжүнісов              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы              сақтау вице-министрі

Коржова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Наталья Артемовна         министрлігінің жауапты хатшысы

Егемберді               - Қазақстан Республикасының Еңбек
Ерғали Қуандықұлы         және халықты әлеуметтік қорғау
                          вице-министрі

Петров                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович        жағдайлар вице-министрі

Тұрғымбаев              - Қазақстан Республикасы Ішкі
Ерлан Заманбекұлы         істер министрінің орынбасары

Ахметжанов              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Саян Қалышұлы             қызмет істері агенттігі төрағасының
                          орынбасары (келiсiм бойынша)

Шкарупа                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич       монополияларды реттеу агенттігінің жауапты
                          хатшысы

Мәтішев                 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Әлиақпар Болатұлы         қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Тукиев                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Аслан Султанович          министрлігі Заңнама департаментінің
                          директоры, хатшы

Мамантов                - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Николай Иванович          Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
                          қадағалаушы сот алқасының судьясы
                          (келiсiм бойынша)

Ноздрин                 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Валерий Владимирович      Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
                          қадағалаушы сот алқасының судьясы
                          (келiсiм бойынша)

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Марат Иманғалиұлы         Сотының жанындағы Соттардың қызметін
                          қамтамасыз ету департаментінің басшысы, заң
                          ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)

Қанатбеков              - «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық
Ғалымжан Ыдырысұлы        палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі
                          Басқарма төрағасының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Турецкий                - «Құқықтық мониторинг, сараптама және
Николай Николаевич        талдау ғылыми-зерттеу институты»
                          жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                          директоры, заң ғылымдардың докторы
                         (келiсiм бойынша)

Мамиконян               - Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының
Лариса Сумбатовна         сарапшысы (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 23 сәуірдегі
№ 506 қаулысымен  
бекiтiлген      

Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi және функциялары:
      1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылатын өзгерiстер мен толықтыруларды қарау;
      3) мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын қарау;
      4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      5) Комиссияның құзыретiне кіретін өзге де мiндеттердi және функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      4. Өзiнiң мiндеттерi мен функцияларына сәйкес Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi және функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқығы бар.

3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарда төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттар, материалдар дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссияның отырысына материалдар Комиссия мүшелерiне оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi.
      8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi жұмасында, қажет болғанда, Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
      Ескерту. Ереже 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 541 Қаулысымен.
      9. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгiлейдi.
      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сауал қою арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
      11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен бiлiктiлігі жоғары мамандар тартылуы мүмкiн.
      12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.