"Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 506 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 707 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 506 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбіш
Самат Сатыбалдыұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық
  қауіпсіздік комитеті
  төрағасының орынбасары
  (келiсiм бойынша)

Егемберді
Ерғали Қуандықұлы

- Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
  қорғау вице-министрі

Тұрғымбаев
Ерлан Заманбекұлы

- Қазақстан Республикасы Ішкі
  істер министрінің орынбасары

Өмірияев
Мүслім Тайырұлы

- Қазақстан Республикасының
  Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Коржова
Наталья Артемовна

- Қазақстан Республикасы Қаржы
  министрлігінің жауапты хатшысы

Шкарупа
Анатолий Валерьевич

- Қазақстан Республикасы Табиғи
  монополияларды реттеу
  агенттігінің жауапты хатшысы

Тукиев
Аслан Султанович

- Қазақстан Республикасы Әділет
  министрлігі Заңнама
  департаментінің директоры, хатшы;

      мына:

«Жұмағұлов
Марат Иманғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Бас
  прокурорының аға көмекшісі, заң
  ғылымдарының докторы
  (келiсiм бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмағұлов
Марат Иманғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы
  Сотының жанындағы Соттардың қызметін
  қамтамасыз ету департаментінің
  басшысы, заң ғылымдарының докторы
  (келiсiм бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Мейрам Арыстанұлы Жұманиязов, Өсер Елеусізұлы Мизанбаев, Евгений Иосифович Аман, Дәулет Еділұлы Ерғожин, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова, Николай Петрович Тихонюк, Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров, Сәуле Көшкенқызы Амандықова, Мирлан Ахмадиұлы Қызылов, Шырынхан Ошақбайұлы Себеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов