Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;

      2) Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 838 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығару Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңдарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі – паспорттар) бойынша Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.

      Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады.

      6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

      Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң;

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

      Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;

      болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;

      уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;

      Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға бұрын жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарғаннан кейін он бес күн өткен соң;

      қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – оларды сот шешімінің негізінде елден шығару жағдайларын қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;

      қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз күні ішінде;

      Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң аяқталады;

      қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;

      айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

      Осы тармақтың 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі туралы қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші ол өткенге дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін көшіп келушілерді есепке алу жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басты және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжаттардың негізінде көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – КҚП АЖ) жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.

      8. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне және Қазақстан Республикасынан кетуіне Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша тыйым салынады.

      9. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.

      Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Уақытша тұруға рұқсат:

      1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

      2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

      3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушылармен алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

      4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

      5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

      Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

      Уақытша тұруға рұқсат "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) тиісті ақпарат енгізіліп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беру арқылы ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, еңбекші көшіп келушіге рұқсаты бар көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

      Қызметін "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында визасыз келу және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

      Кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауы тиіс.

      Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерге ресімделеді.

      Медициналық мекемелерде стационарлық ем алып жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделу үшін қажетті кезеңге ресімделеді.

      Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.

      Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.

      Мына:

      Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;

      дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;

      16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.

      Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат өтінішхатты қарау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ресімделеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) мыналар:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;

      2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

      3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

      4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсат негізінде жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй жұмыскерлері ретінде келген көшіп келушілер.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті атқарушы органның немесе ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Бизнес-көшіп келушілер "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің ерікті түрде кетуі үшін қажетті мерзімге олардың болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды.

      16. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік жұмыскерлер, гуманитарлық себептер бойынша келетін көшіп келушілер жалпы негізде уақытша тұруға рұқсат ресімдейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Жекелеген шетел мемлекеттері азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі

      17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 838 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттер азаматтарының инвестор мәртебесін дәлелдейтін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты болған кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге "инвесторлық" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.

      20. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп келушілері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына визасыз келеді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген рұқсат берілген болу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасында визасыз болады және кетеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және уақытша тұруға рұқсатсыз болады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп-тұруы және транзитпен жол жүруі және олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жер таңдауы

      22. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерді таңдай алады. Жүріп-тұру мен тұрғылықты тұратын жерді таңдаудағы шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгілейді.

      23. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы арқылы жүріп-тұруы, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.

      24. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді.

      25. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүруіне, оларда үшінші елге кіру үшін жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.

      26. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы визасыз келу туралы келісім бар өздерінің азаматтығы мемлекеттерінің елдеріне транзитпен өтетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының транзиттік визасын ресімдейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде 26-1-тармағының қолданылуы 31.12.2020 сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрды - ҚР Үкіметінің 27.01.2020 № 10 қаулысымен.

      26-1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) және Үндістан Республикасының (бұдан әрі – ҮР) азаматтары үшін 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 23.59 сағатқа дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.

      Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим авиакомпаниялармен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.

      Жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының паспорттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде мөртабандар қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақытын көрсетеді.

      Авиакомпаниялар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге шығу үшін өз рейстеріне келмеген, сол сияқты Қазақстан Республикасында жетпіс екі сағаттық визасыз болу режимін бұзған ҚХР және ҮР азаматтарын іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдеседі.

      ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдардың кетуін оларды жеткізген авиакомпаниялар өз қаражаты есебінен ұйымдастырады.

      Авиакомпаниялар жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарына авиабилеттерді ресімдеу кезінде болу қағидалары және көші-қон заңнамасын, оның ішінде осы тармақта көзделген режимді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жадынаманы беруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің № 348 қаулысымен (09.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі, 12.09.2017 сағаты 23:59 дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.12.2017 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2018 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1028 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      27. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған не көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында одан әрі болуының негіздері болмаған жағдайларда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылады.

      Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде ескерту, айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу анықталған және шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам құқық бұзушылық фактісін мойындаған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елден ішкі істер органдары не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шығарған процестік шешім негізінде елден тыс жерге шығады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімдерді ішкі істер органдары қабылдайды.

      29. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды шығару туралы сот шешімі болған кезде шығаруды ұйымдастыру үшін қажетті мерзімге оларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.

      30. Көшіп келуші оны Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешімге азаматтық процестік тәртіппен шағымдана алады.

      31. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын көшіп келушілердің болу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.

  Көшіп келушілердің
Қазақстан Республикасына
келуінің және онда болуының,
сондай-ақ олардың
Қазақстан Республикасынан
кетуінің қағидаларын
және Көші-қон бақылауын
жүзеге асыру, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасынан
заңсыз өтетін,
Қазақстан Республикасының
аумағында заңсыз болатын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
аумағына келуге тыйым
салынған адамдарды есепке
алу қағидаларына
қосымша

      Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      №_________ хабарлама

      Т. А.Ә: ____________________________________________________________ (паспорт бойынша латынша немесе кириллицамен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Паспорт №: ________________________________________________________ (шетелдік паспортының сериясы және нөмірі) Азаматтығы: _______________________________________________________ (шетелдіктің азаматтығы) Болу мерзімі: 20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" ______ аралығы Қазақстан Республикасында тұратын мекенжайы: ________________________ (мекенжайы толығымен) Рұқсат берген орган: _________________________________________________ (полиция бөлінісінің атауы) Жауапты қызметкер: _________________________________________________ Берілген күні: 20___ жылғы "___" _________



ҚҰЖАТ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ ЖАРАМДЫ

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2012 жылғы 21 қаңтардағы
  № 148 қаулысымен
  бекітілген

Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және мыналардың:

      1) көші-қон бақылауын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

2. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру

      3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібіне көші-қон бақылауын ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      4. Ішкі істер органдары Көшіп келушілерді есепке алуды көшіп келуші уақытша тұратын жерде, оның ішінде "Бүркіт" БАЖ-дан, "Бүркіт" БАЖ визалық-көші-қон порталынан (www.vmp.gov.kz) және ҚР ІІМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу арқылы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өткенде шақыруды ресімдеген кезде шақырушы тарап көрсеткен мекенжай бойынша "Бүркіт" БАЖ арқылы автоматты түрде есепке алынады.

      Көшіп келушіні қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар "Бүркіт" БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпаратты www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес цифрлық электрондық қолтаңба арқылы енгізеді не хабарламаларды көші-қон қызметі бөлінісіне тікелей ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері:

      1) шетелдікте ұлттық паспортының, визасының не уақытша тұруға рұқсатының болуын, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда – тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуын;

      2) шетелдіктердің шетелге уақтылы кетуін немесе Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзартуын;

      3) шетелдіктердің еркін жүруіне жабық жерлерде болуға рұқсатының болуын тексереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ішкі істер органдарының қызметкерлері:

      1) шетелдіктердің тұрғылықты немесе уақытша болатын жері бойынша;

      2) шетелдіктердің жұмыс немесе оқу орны бойынша;

      3) әуе, темір жол және көліктің басқа түрлерінде;

      4) көшелер мен қоғамдық жерлерде бақылауды жүзеге асырады.

      7. Бақылау:

      1) азаматтардың тұрғын үй-жайларын қарап шығу;

      2) жатақханалар мен қонақ үйлерді және шетелдіктердің болуы ықтимал жерлерді тексеру;

      3) пойыздарда жүру;

      4) автокөлік құралдарын тексеру;

      5) жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар жүргізу;

      6) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа нысандар мен әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамның "Бүркіт" БАЖ пайдаланылатын бақылаумен өз бетінше шығуы арқылы жүргізіледі.

      Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шығарып жіберу туралы акт жасала отырып, сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен не көрсетілген адам аумағына шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне беру арқылы жүзеге асырылады.

      Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу соттың шығарып жіберу туралы қаулысының (үкімінің) негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамдар үшін соттың шығарып жіберу туралы қаулысы визаны алмастыратын құжат және уақытша тұруға рұқсат болып табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.06.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-1. Шығарып жіберу немесе реадмиссия шығындары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шығарып жіберілген немесе реадмиссияланатын заңсыз көшіп-келушілер, заңсыз көшіп-келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болуы фактісін анықтау кезінде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдарда шығарып жіберу немесе реадмиссия шығындарын жабу үшін қаражат болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жұмсалған қаражат жоғарыда аталған адамдарға мүдделі мемлекеттік органдардың талап-арыздары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттен қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына кіруге және онда болуға заңды негізі жоқ көшіп-келушілер, егер Қазақстан Республикасы мен азаматтығы тиесілі не тұрақты (негізінен) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберуге жатады.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз
өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз
болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым
салынған адамдарды есепке алу

      9. Заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары электрондық форматта, сондай-ақ тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру арқылы жүргізеді.

      10. Ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз өтуіне, Қазақстан Республикасында заңсыз болуына байланысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды дербес жүргізеді.

      11. Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары "Бүркіт" БАЖ-ды заңнаманы бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ақпаратпен дереу толтырады.

      12. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің саны және дербес деректері туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері ай сайын ҚР ІІМ-ге ұсынады.

      13. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген көшіп келушілердің "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.

      Сот шешімін орындау негізінде ол заңды күшіне енгеннен кейін бастамашы орган "Бүркіт" БАЖ-ға бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған адамдар туралы ақпаратты енгізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.10.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2012 жылғы 21 қаңтардағы
  № 148 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 320-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 171-құжат).

      4. "Көші-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 10, 119-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 702-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 881 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 412-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 399-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 725 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28, 305-құжат).

      9."Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 366-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 10 тамыздағы № 688 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 323-құжат)

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2010 ж., № 22-23, 169 құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 228-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 36, 432 құжат).