Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 881 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Шетел азаматтарының паспорттарын тiркеу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
      11-1-тармақта:
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      бесiншi абзац "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдiк азаматтардың паспорттары тiркеледi.
      Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады".
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.".

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Кедендiк бақылау агенттігі және Көлiк және коммуникациялар министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi