Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусым N 956 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      "Қызылордаауылшарсуқұбыры" тресті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      "Қызылордасушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген тәртіппен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қызылорда облысының әкімімен келісе отырып, белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атауды қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік кәсіпорындарды қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі