"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қаз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 5-тармағына және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.";

       17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев