РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығын, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығын қараңыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар;
2) өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптар;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістерге және жабдықтарға қойылатын талаптар;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптар;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптар.
3. Санитариялық қағидалар жер асты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) аэрация - құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;
2) ауамен себезгілеу - үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
3) зиянды заттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға (бұдан әрі - Санитариялық талаптар) сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
4) зиянды өндірістік фактор - қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
5) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар - технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
6) объектінің қауіптілік сыныбы - қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;
7) өндірістік объект — адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
8) рециркуляция - температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;
9) шлам — сарқынды суларды тазарту үдерісінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
10) шлам үйіндісі - шламды жинау және сақтау орны;
11) экрандалған үй-жайлар - радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі — ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5. Өндірістік объектілер (бұдан әрі - объектілер) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаланады.
6. Объектілердің құрылыс жобаларында:
1) өндірістік үдерістердің негізгі сипаттамалары, пайдаланылатын материалдар мен жабдық, ықтимал шығарындылар, ластайтын заттардың төгінділері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының бағдарлы пайда болу көлемдері;
2) зиянды өндірістік қалдықтардың әсерін болдырмайтын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары және техникалық құралдар кешенін;
3) өндірістік үдерістердегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау;
4) өндірістік сарқынды суларды елді мекеннің су бұру жүйесіне шығаруға мүмкіндік беретін өндірістік сарқынды суларды жергілікті тазалау көзделеді.
7. Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жер бедерінің сипаттамаларын, ауа ортасының қазіргі заманғы жағдайын және қазіргі бар фондық ластануды ескере отырып; химиялық ластайтын заттар, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу көздерінен, сондай-ақ тұрғын, рекреациялық, курорттық аймақ, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасындағы шығарындыларды болдырмау (қысқарту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады.
8. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында, суды қорғау және су қоймасы маңындағы аймақтарда, курорттардың қорғау аймақтарында орналастыруға жол берілмейді.
9. Жекелеген ғимараттар мен құрылыстар объектінің алаңында желдету және ауа баптау жүйелерінің ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған ауа жинау орындарында сыртқы ауадағы зиянды заттар санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс аймағына арналған рұқсат етілген шекті шоғырланудың (бұдан әрі - РЕШШ) 30 пайызынан (бұдан әрі - %) аспайтындай етіп орналастырылады.
10. Объектінің аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:
1) өндірістік;
2) әкімшілік-шаруашылық;
3) көлік—қоймалық;
4) қосалқы объектілер.
Зиянды заттарды пайдаланатын объектілер, әкімшілік-шаруашылық және қосалқы аймақтар өндірістік және көлік-қоймалық аймақтардан ені шекаралас өндірістік ғимараттардан туындайтын циркуляциялық аймақтың енінен кем емес ажыраулармен бөлінеді.
11. Зиянды заттарды пайдаланғанда технологиялық жабдықтарға арналған ғимараттар мен ашық алаңдардың ұзын біліктері желдің басым бағытына параллель болуы тиіс.
12. Жолдан және құрылыстан бос объектілердің аумақтары абаттандырылады және көгалдандырылады.
13. Объектінің аумағында тұрғын үй ғимараттарын немесе үй-жайларды салуға жол берілмейді.
3. Өндірістік ғимараттарға және үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
14. Өндірістік объектілерде 1 жұмысшыға келетін үлесті аудан кемінде 4,5 шаршы метрді (бұдан әрі - м2), үй-жайдың биіктігі кемінде 3,25 метрді (бұдан әрі - м) құрауы тиіс.
15. Әрбір тұрақты және тұрақты емес жұмыс орнының ауданы кемінде 2,2 м2 (бос алаңдарының көлемі арнайы талаптарда жазылатын кабиналар мен объектілерді қоспағанда) құрауы тиіс. Нормативке жабдықтар, қызмет көрсету аймақтары, өтетін жолдар, жүретін жерлер, аралық жинау орындары мен өндірісті кейіннен кеңейтуге арналған резервтегі алаңдар алып жатқан аудандар кірмейді.
16. Жұмыс орнында негізгі және қосымша жабдықтарды орналастыру тұрақты және уақытша жұмыс орындарын (профилактикалық тексеру, технологиялық жабдықты жөндеу және реттеу кезеңінде) құру және жұмыс істеу үшін көлемдері бойынша жеткілікті өтетін орындарды және бос алаңдарды, сондай-ақ жұмысшылардың қызмет көрсету аймағында еркін қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
17. Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау барысында жұмысшылардың күйі мен қалпына қарай жұмыс аймағының мынадай ең аз өлшемдері (жабдықтан жұмыс аймағының шекарасына дейін) қабылдануы тиіс, метрмен:
1) түрегеп тұрып 15о-қа дейін еңкейіп - 0,7 (0,6) м;
2) түрегеп тұрып 30о-қа дейін еңкейіп - 0,8 (0,6) м;
3) түрегеп тұрып 60о-қа дейін еңкейіп - 0,9 (0,6) м;
4) түрегеп тұрып 90о-қа дейін еңкейіп - 1,2 (0,6) м;
5) жүресінен отырып - 1,1 (0,8) м;
6) өтетін жолдар - 0,7 м.
Жұмысшылардың қолдары немесе дене корпусының бір бөлігі жабдықтың ірі көлемдері шегінде болған жағдайларда (шығып тұратын элементтерінің үстінде), жұмыс аймақтарының көлемдерін жақша ішінде келтірілген міндерге дейін азайтуға жол беріледі.
18. Объектіде еңбек үдерісін ұйымдастыру мынаны көздейді:
1) еңбекті көп қажет ететін технологиялық операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, қызмет түрлерін алмастыруды пайдалану, өндірістік операцияларды кезектестіру, еңбек пен демалыстың тиімді режимін енгізу, кәсіби даярлық деңгейін жоғарылату;
2) қарапайым еңбек іс-әрекеттерінің қайталану санын шектеу, жұмыс ауысымы ішінде адамның динамикалық еңбекке қабілетіне сәйкес конвейер қозғалысының қарқынын өзгерту, егер конвейер қозғалысының қарқыны тұрақты болмаса, технологиялық үдерістің барысын үздіксіз бақылау ұзақтығына шектеу жүргізілуі тиіс.
19. Барлық жұмысшылар үшін жұмыс уақытында демалуға арналған үй-жайлар көзделуі тиіс. Өндірістік үй-жайларда тамақ сақтауға және ішуге жол берілмейді.
20. Жұмысшылардың медициналық тексерулерден өтуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті медициналық тексеруден өту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Үй-жайлар көлемі микроклимат бойынша, бірақ кемінде 15 текше метр (бұдан әрі - м3) нормативтер талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, есептеу жолымен анықталады.
22. Ғимарат ішіндегі жекелеген үй-жайлардың өзара орналасуы, егер бұл технологиялық үдерісті ұйымдастыруға қайшы болмаса, шикізаттың, аралық және дайын өнімдер мен бұйымдардың қайтарымды немесе қарама-қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық ағынға сәйкес бөлінеді.
23. Егер бұл табиғи ауа алмасу мен жарықтандыруды бұзбаған жағдайда, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына жапсарлас құрылыстар салуға жол беріледі.
24. Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық үдерістермен сипатталатын объектілерді орналастыру үшін бір қабатты ғимараттар немесе табиғи басқарылатын ауа алмасуды (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғалар мен шатырдың конструктивті элементтері бар көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттары көзделуі тиіс.
25. Зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда, механикалық ішке тарту және сыртқа тарату желдеткіш жүйесі, сондай-ақ технологиялық үдерістерді ескере отырып жергілікті желдету жүйелері көзделеді.
26. Қауіптілігі 1-2-сыныпты зиянды заттардың жабық үй-жайларында бөлінуі мүмкін ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған кезде санитариялық қағидаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды оқшауланған үй-жайларға осы жабдықты пультті немесе операторлық аймақтардан басқаратын аймақтарда орналастыру көзделеді.
27. Қауіптілігі 1-2-сыныпты зиянды заттарымен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратта бірнеше өндірістерді орналастырған кезде, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және олардың көрші өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолдана отырып, әрқайсысын оқшаулау қамтамасыз етіледі.
28. Терезесі және жарықтандыру шамы жоқ ғимараттарды салуға, табиғи жарығы жеткіліксіз жертөледе және цоколды қабатта тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.
Бұл ретте мыналар:
1) жасанды жарықтандыру;
2) ультракүлгін сәулеленуге арналған құрылғы;
3) жұмысшылардың қысқа уақытқа демалуына арналған бөлмені жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициенті кемінде 0,5%) жұмыс орнынан 100 м алыс емес арақашықтықта орнату;
4) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес тұрақты қолданыстағы ықтиярсыз желдеткішпен қамтамасыз ету көзделуі тиіс.
29. Технологиялық және энергетикалық жабдықты ашық алаңда орналастырған кезде жабдықты пультпен басқаруға және жұмысшылардың демалысына арналған үй-жайлар көзделуі тиіс.
30. Өндірістік ғимараттарда ішке тарту желдеткіш камераларына арналған алаңдар бөлінеді. Ішке тарту камераларынан кіретін жер үй-жайдан, дәлізден, тамбурдан немесе сырттан болуы тиіс.
Ішке тарту желдеткіш камерасына сыртқы ауаны жинау жерден 2 м төмен емес биіктікте жүргізіледі.
31. Басқару пульттерінің үй-жайларында, санитариялық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретін туннелдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауға арналған құбырларды, сондай-ақ транзиттік бу құбырларын салуға жол берілмейді.
32. Жылытылатын өндірістік үй-жайлардың сыртқы қоршаулары қабырғалар мен төбенің ішкі беттерінде конденсаттың түзілу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Ылғалды режімі бар үй-жайлар үшін бұл талаптан бас тартуға жол беріледі.
33. Ашылатын терезелермен немесе жарық шамдарымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарда еденнен немесе жұмыс алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың мөлшерін реттейтін механизмдер, сондай-ақ терезелерді, шамдар мен жарықтандыру арматурасын тазалауға арналған, осы тәрізді жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін алаңдар мен механизмдер көзделуі тиіс.
34. Үй-жайды және жабдықтарды түспен безендіру шағылудың барынша аз коэффициентін (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалады.
35. Жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы қоршаулар арқылы, сондай-ақ технологиялық көздерден жұмыс аймағына жылу мен суықтың артығымен түсуін азайтуға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
36. Жылытылатын үй-жайларда түрегеп тұрып жұмыс істейтін тұрақты жұмыс орындарында еденге төсеуге арналған материалдың жылуды сіңіру коэффициенті сағатқа көбейтілген және градусқа көбейтілген шаршы метрге 6 килокалориядан (ккал/м2-сағ.град) артық болмауы тиіс немесе ағаш қалқандармен не жылудан оқшаулайтын кілемшемен жабылуы тиіс.
37. Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық активті заттар сияқты зиянды заттардың ықтимал әсер ететін орындарында еденге көрсетілген заттардың әсеріне төзімді, оларды сіңіруді болдырмайтын, тазалауға және зарарсыздандыруға болатын материал төсеу көзделуі тиіс. Көрсетілген заттарды шығару үшін жергілікті су бұру құрылыстарына суағарлар көзделуі тиіс. Осындай суағарлар елді мекендердің су бұру жүйесіне қабылданбайды.
38. Радиожиілікті диапазондағы ЭМӨ көздерімен жұмыс істейтін өндірістік үй-жайларды ағымды желілерде орналастыруды қоса алғанда жалпы үй-жайларда, сондай-ақ жеке үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер персоналдың қондырғыда жұмыс істеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыс орындарындағы ЭМӨ-нің деңгейлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық талаптарға сәйкес рұқсат етілген шекті мәннен аспаса, ЭМӨ көздерін жалпы үй-жайларда орналастыру көзделеді.
Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, ЭМӨ қондырғылары жеке үй-жайларда орналастырылады.
39. ЭМӨ көздерімен жұмыс істеуге арналған экрандалған үй-жайларда жұмыс аудандары мен көлемдері өңделетін бұйымның көлемдеріне қарай белгіленеді.
40. Экрандалған үй-жайлардың қабырғалары, төбесі мен едені сіңіретін материалдармен қапталады.
Экрандалған үй-жайларда табиғи жарықтың, ультракүлгін жеткіліксіздігін, ауаның газды және ионды құрамының өзгеруінің орнын толтыру бойынша шаралар көзделеді.
41. Электромагниттік энергия құрылыс конструкциялары арқылы көрші үй-жайларға өткен жағдайда әртүрлі экрандалған материалдардан (қалқалар, металл табақтар, торлар) жасалған құрылыс материалдары және конструкциялары қолданылады.
42. Лазер қондырғыларына арналған үй-жайларда лазердің құрылымы мен оны пайдалану жөніндегі талаптар сақталуы тиіс.
43. Шу көздері орналасқан жаңа және қайта жаңартылатын объектілерде үй-жай ішінде, жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын үйлер қоршап тұрған аумақта шуды төмендетуге бағытталған сәулет-құрылыс іс-шаралары көзделуі тиіс.
44. Шу параметрлерін қолданыстағы санитариялық талаптарға дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдық үшін дыбыстан оқшаулау кабиналарын жасау, үдерісті қашықтықтан басқаруды көздеу;
2) қол аспабы үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болдырмайтын жұмыс орындарын орналастыруды көздеу қажет.
45. Жұмысшыларға шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың әсеріне байланысты жұмыс орындарының маңында мерзімдік демалуға және профилактикалық рәсімдер жүргізуге арналған үй-жайлар қарастыру қажет.
46. Плазмалы технологияларға арналған үй-жайларда:
1) бір жұмысшыға кемінде 10 м2 және үй-жайдың биіктігі еденнің ең төменгі нүктесінен кемінде 3,5 м есебінен жабдық қойылмаған алаңның болуы көзделеді;
2) қабырғалары мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорацияланған материалдан қорғаныш жабыны бар, дыбыс сіңіретін қаптаумен жабылады. Жабдықтың өзінде дыбыс сіңіретін қорғанышы болмағанда, қаптау биіктігі кемінде 2,7 м болуы тиіс.
47. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіреберістерінде аяқ киімді тазалауға арналған металл торлар мен басқа да құрылғылар қарастыру қажет.
48. Адамдар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарықтандыру көзделеді.
Тәуліктің жарық бөлігінде метеорологиялық жағдайлар тудырған табиғи жарықтың өзгерістері жұмыс аймағындағы жарықты жұмыстың тиісті түріне арналған жасанды жарықтың нормаларымен белгіленген мәннен төмендетпеуі тиіс. Табиғи жарықтың орны жарығы жеткіліксіз жұмыс аймағында жарықтандыру қондырғыларын автоматты қосу жолымен жасанды жарық арқылы толтырылады.
49. Жасанды жарықтандыру жұмысшы және апаттық болып көзделеді. Орташа дәлдіктегі жұмысты атқарған кезде жұмыс орнындағы құрамдастырылған жарықтандыру кемінде 500 люкс (бұдан әрі - лк), аз дәлдіктегі және дөрекі істелетін жұмыс кезінде кемінде 200 лк болуы тиіс.
50. Жұмыстар бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолдана отырып орындалатын жағдайларда, микроскоптан тыс монтаждау үстелінің жұмыс аймағын жарықтандыру осы санитариялық қағидаға 1-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес белгіленеді. Микроскоптың көру өрісіндегі объектілерді жарықтандыру бірқалыпты реттелуі тиіс және оның жоғарғы шегі кемінде 20 000 лк жетуі тиіс.
51. Көзбен шолып бақылайтын экрандары бар көзге күш түсіретін жұмыстар үшін жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесі бойынша қабылдануы тиіс.
52. Шамшырақтардың жарық-техникалық сипаттамалары, олардың жұмыс аймағына қатысты орналасуы мен орнатылуы жұмысшыларға тікелей және шағылысқан жарқылдың зиянды әсерін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.
53. Шамшырақтардың конструктивті орындалуы жұмыс және қызмет көрсету кезінде өрт және электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өрт және жарылыс қауіпті, шаң, химиялық активті) нақты жағдайларында сипаттамалардың беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, қызмет көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
54. Өндірістік объектілерде шамшырақтарды тазалауға және жөндеуге арналған құралдармен жабдықталған шеберханалар, жарық пен жарық-техникалық жабдықтың газды разрядты көздерін сақтау қоймалары көзделеді.
55. Газбен қуаттандырылатын шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін сынап толтырылған, істен шыққан шамдарды сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
56. Өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары көзделуі тиіс. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары өндірістік ультракүлгін сәулелену көздері бар үй-жайларда көзделмейді.
57. Жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар (санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, тамақтану бөлмесі, денсаулық сақтау объектілері) осы Санитариялық қағидаларға сәйкес белгіленеді.
58. Тізімдік құрамы 50-ден 300-ге дейін адам бар объектілерде медициналық пункт, 300-ден астам адам бар объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сондай-ақ «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар» 3.02-04-2009 ҚР СНЕ құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес сауықтыру кешендері көзделеді. Медициналық пункттің, фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық пункттерінің үй-жайлар құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2, 3-кестелеріне сәйкес қабылданады.
59. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес анықталады.
60. Жекелеген үй-жайлардың ауданы, жабдықтар мен рәсімдердің жиыны әр нақты жағдайда объектінің қуатын, еңбек үдерістерінің сипатын, зиянды өндірістік факторлардың болуын ескере отырып шешіледі.
61. Жұмыс орнына тікелей жақын орналасқан, жұмысшыларды сауықтыруға қажетті емдеу-сауықтыру кешенінің үй-жайлары магнитті және электромагнитті өрістерден салыстырмалы қорғайтын экрандармен және дыбыс оқшаулағыштармен, сондай-ақ цехтағы ластанған ауаның түсуін болдырмайтын тұмшаланған есіктермен жабдықталады.
62. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері айқын дене және жүйкеге күш түсіретін еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша III топтан жоғары) объектілерде көзделеді.
63. Жұмыс орнынан психофизиологиялық жеңілдету бөлмелеріне дейінгі арақашықтық 75 м-ден артық болмауы, ал объект алаңындағы жұмыс орнынан - 150 м-ден артық болмауы тиіс.
64. Психологиялық жеңілдету бөлмелерінің пайдалы ауданы бір орынға сағатына 4 адам есебінен (ауысымына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуымен анықталады. Бір отыратын орынға кемінде 2 м2 бөлінеді, бұл ретте жалпы аудан кемінде 20 м2 болуы тиіс.
65. Психологиялық жеңілдету бөлмесі 68 м2 нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы үй-жайды және киім ауыстыруға арналған кіреберісті қамтиды, оның өлшемі бір адамға кемінде 0,5 м2 есебінен болатын, отыратын орынның санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқан кезде кіретін жер дыбыс оқшаулағыштары бар екі есікті тамбур тәрізді болып көзделеді.
66. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмесін жарықтандыруға табиғи, сонымен бірге қыздыру шамдарын немесе басқа да жарықтандыруды (10-нан 200 люкске дейін) реттеу құрылғысы бар рұқсат етілген жарық көздері көзделеді. Шудың фондық деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы тиіс. Ауаның температурасы плюс 18-22оС шегінде ұсталуы тиіс. Желдету ауа баптағыштардың көмегімен жүзеге асырылады.
67. Психофизиологиялық жеңілдету үй-жайлары демалу үшін шынтақшасы бар жұмсақ орындықтармен жабдықталады. «Түрегеп тұрып» жұмыс істейтін мамандықтардың жұмысшылары үшін әр креслоға аяққа арналған жұмсақ тіреулер көзделеді.
68. Бір сарынды еңбек және (немесе) гипокинезиясы бар объектілерде жұмыс үй-жайларынан 150 м алыс емес орналасқан тренажер залдары көзделеді. Залға кіретін жер шу мен шаңнан оқшаулауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы тиіс.
69. Тренажер залының ауданы биіктігі 4 м-ден төмен емес, жалпы ауданы кемінде 40 м2, бір адамға кемінде 4 м2 есебінен белгіленеді.
70. Тренажер залының ауасында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы тиіс. Көміртегі диоксиді (СО2) 0,1%-тен аспауы, шаңдану текше метрге 6 милиграммнан (мг/м3) артық болмауы, кремний 2%-дан аспауы, микроорганизмдер 1 м3-ге 4000 микробтан аспауы, статикалық электр өрісінің кернеуі сантиметріне 150 Ваттан (В/см) артық болмауы тиіс.
71. Қажетті ауа режимі табиғи (фрамуға, терезе), жасанды желдету және ауаны баптау көмегімен қамтамасыз етіледі. Барлық фрамугалар қимасының ауданы еденнің ауданына 1:50 қатынасында болуы тиіс. Ықтиярсыз желдету кезіндегі ауаны ішке тарту қарқындылығы сыртқа таратудан 10-15%-ға жоғары болуы тиіс.
72. Ауаның температурасы орталықтандырылған жылыту және ауа баптау арқылы плюс 15-22оС шегінде қамтамасыз етілуі тиіс. Орталықтандырылған жылыту радиаторларын терезенің астындағы қуыстарға орналастырады және алмалы-салмалы ағаш торлармен жабады. Жылытуды желдетумен біріктірген дұрыс.
73. Табиғи жарықтандыруға арналған жарық коэффициенті 1:4-1:5 болып белгіленеді, жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарында кемінде 100 лк және люминисцентті шамдарда кемінде 200 лк болуы тиіс. Терезелер сәндік торлармен жабылады.
74. Тренажер залының жанына киім ауыстыратын, себезгі және дәретхана орналастырылады. Себезгі қондырғылары мен қол жууға арналған раковиналар саны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның4-кестесіне сәйкес жобаланады.
75. Діріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттер жұмысшылардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық үдерістері және операциялары бар цехтар үшін көзделеді. Кабинеттің құрамына: физиотерапиялық емшаралар, емдік дене шынықтыру, психологиялық және эмоциялық жеңілдету үй-жайлары кіреді.
76. Физиотерапиялық емшараға арналған үй-жайдың ауданы бір қол ваннасына 1,5 м2 есебінен (немесе құрғақ ауамен жылыту қондырғысына 2,3 м2) белгіленеді, бірақ кемінде 35 м2 болуы тиіс. Ванналардың саны 3 жұмысшыға 1 ванна және адам ең көп ауысымда 10 жұмысшыға 1 қондырғы есебінен анықталады.
77. Емдік дене шынықтыруға арналған үй-жайдың ауданы залды пайдаланатын бір жұмысшыға (тренажерлер мен спорт снарядтарын қолданатын) 1,6 м2, бірақ кемінде 20 м2 есебінен анықталады.
78. Медицина персоналына арналған ауданы кемінде 8 м2 үй-жай бөлінеді.
79. Әйелдердің жеке гигиенасы бөлмесінде (бұдан әрі - ӘЖГ) кабиналар 100 жұмысшы әйелге 1 кабина есебінен, жоғары шаңданатын кәсіпорында - 50 әйелге 1 кабина және тамбуры болуы тиіс. Тамбурда ыстық және суық су араластырғышы бар раковина, қызмет көрсететін персоналға арналған үстел, қолға арналған электрлі кептіргіш, сабын салғыш көзделеді.
Жеке кабиналар ыстық және суық су араластырғыш келтірілген себезгімен және унитазбен, пайдаланылған гигиеналық пакетке арналған қақпағы бар бөшкемен және киім ілгіштермен жабдықталады.
80. ӘЖГ бөлмесінің қабырғалары мен жеке кабиналар арасындағы қалқалар оларды жеңіл тазалауға, жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жууға мүмкіндік беретін материалдардан болуы тиіс.
81. ӘЖГ бөлмесіне арналған үй-жайдан жұмыс орнына дейінгі арақашықтық 150 м-ден артық болмауы тиіс. ӘЖГ дәретханалармен біріктіруге жол берілмейді.
82. Жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері (бұдан әрі — МК) бала туатын жастағы жұмысшы әйелдер саны 500 және одан көп объектілерде көзделуі тиіс.
83. Мамандандырылған кешендер құрамына өндірістік (цех, учаске) және қосалқы (демалыс бөлмесі, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана) оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
84. МК-ні табиғи жарығы мен табиғи ауа алмасуы жоқ ғимараттарға, жертөле, цоколды үй-жайлар мен 2-қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға жол берілмейді.
85. Демалыс бөлмесінің ауданы ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м2 есебінен, бірақ кемінде 18 м2 белгіленеді. 30 м2-ден артық демалыс бөлмелері демалыс аймағына және гимнастикалық жаттығулар аймағына, дәрігерлік бақылау және сабақ өтетін аймақтарға бөлінеді.
86. Жүкті жұмысшы әйелдерді жұмысқа орналастыруға арналған МК үй-жайындағы еңбектің сипатына қойылатын гигиеналық талаптар оңтайлы жағдайдың 1-сыныбын қанағаттандыруы тиіс.
87. Еңбекпен сауықтыру орталығы (учаскелері) (бұдан әрі - орталық) жұмысшылар саны 5000 және одан көп адам болатын объектінің құрылымында көзделеді. Орталықтардың құрамында емдеу-диагностикалық және техникалық бөлімдер болуы тиіс.
88. Орталықтың емдеу-диагностикалық бөлімінің үй-жайлары болжанатын өндірістің сипатына сәйкес жабдықталады.
89. Орталықтың техникалық бөліміне еңбекпен оңалту цехтары (учаскелері), диспетчерлік, көлік қызметі және өнімнің сапасын бақылау қызметінің үй-жайы, конструкторлық-технологиялық және жоспарлау-экономикалық бюро, стандартты емес жабдықтар мен құралдарды дайындауға арналған тәжірибелік-жөндеу учаскелері кіреді.
4. Өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістер мен жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
90. Технологиялық үдерістер мен жабдықтарды әзірлеу және пайдалану кезінде мыналар көзделеді:
1) бастапқы және соңғы өнімде зиянды заттар қоспаларының болуын шектеу, соңғы өнімдерді шаңданбайтын түрлерде шығару;
2) жұмыс істейтін адамдардың зиянды өндірістік факторлармен жанасуын болдырмайтын өндірістік технологияларды қолдану;
3) жабдықтың конструкциясына жұмыс аймағына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түсуінің (таралуының) алдын алатын шешімдер мен қорғаныш құралдарын қолдану;
4) жіті бағытталған әсері бар заттармен жұмыс аймағының ластану жағдайына автоматты бақылау, дабыл және технологиялық үдерісті басқару жүйелерін орнату;
5) тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;
6) технологиялық және желдету шығарындыларын уақтылы жою, зарарсыздандыру, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және көму;
7) зиянды заттар мен факторлардан ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары;
8) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін бақылау;
9) нормативтік-техникалық құжаттамаға қауіпсіздік талаптарын енгізу.
91. Технологиялық үдерістер мен жабдықтарды әзірлеу барысында химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар пайдаланылады.
Ылғал бөлу көзі болып табылатын өндірістік жабдық тұмшаланады және төгуге арналған автоматты құрылғымен жабдықталады.
92. Инфра және ультрадыбыс, шу, жалпы және жергілікті діріл, иондаушы және иондамайтын сәулелену көзі болып табылатын жабдық үшін санитариялық талаптармен белгіленген талаптардың сақталуы көзделуі тиіс.
93. Технологиялық үдерістерге өндірісті пайдаланудың барлық кезеңдерінің ұзақтығын: іске қосуды реттеу (жоспарлы жөндеуден соң іске қосу), тұрақты пайдалану (пайдалану жылдары бойынша) есептеулер ұсынылады.
94. Өндірістік үй-жайларда жұмыс орындарындағы, объектінің және тұрғын үй аумағындағы шудың, дірілдің, инфрадыбыстың рұқсат етілген деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
95. Жаңа және қайта жаңартылатын өндірістік объектілерде олардың орындалуы аумақта санитариялық талаптарда белгіленген нормалардан аспайтын шудың деңгейін қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.
96. Жұмыс орындарындағы көлік-технологиялық және технологиялық дірілдің рұқсат етілген деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
97. Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
98. Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері осы санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген негізгі дозалық шектер болып табылады.
Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлеріне мыналар жатады:
1) тікелей иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдарға арналған рұқсат етілген эквивалентті және тиімді дозалар (А санаты);
2) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істемейтін, бірақ объектілердің қызметіне негізделген жұмыс орнының немесе тұратын жерінің орналасу жағдайы бойынша иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшырайтын адамдарға арналған шекті эквивалентті және тиімді дозалар (Б санаты).
Дозалық шектер радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
99. Жұмыс орындарындағы өндірістік көздердің ультракүлгін сәулеленудің (бұдан әрі - УК) рұқсат етілген деңгейлері: ұзын толқынды УК-А-400-315 нм, орта толқынды УК-В-315-280 нм, қысқа толқынды УК-С-280-200 нм облыстары үшін сәулеленудің спектрлік құрамын ескере отырып қабылдануы тиіс. Сәулелену қарқындылығының гигиеналық нормативтері жұмысшыларға әсер ету ұзақтығын, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімді міндетті түрде киюді, бас киімді және көзді қорғайтын құралдарды пайдалануды ескере отырып белгіленген.
100. Осы Санитариялық қағидалардың 99-тармағында көрсетілген нормативтер 2000 градус Цельсийден (бұдан әрі - оС) жоғары температурадағы көздер тудыратын (электрлік доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц әйнегі), полиграфияда, химиялық және ағаш өңдеу өндірістерінде, ауыл шаруашылығында, кино және телетүсірілімдерде, дефектоскопияда, денсаулық сақтау ұйымдары мен өндірістің басқа да салаларында пайдаланылатын люминисцентті көздер тудыратын сәулеленуге қолданылады.
Көрсетілген нормативтер қызмет көрсететін персонал болмағанда ортаны зарарсыздандыру үшін қолданылатын лазерлер тудыратын, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта қолданылатын УК-ге қолданылмайды.
101. Тері бетінің қорғалмаған учаскелері (бет, мойын, қол саусақтары) 0,2 м2 артық емес болғанда, жұмыс ауысымының сәулелену әсерінің жалпы ұзақтығы 50 % және бір реттік сәулелену ұзақтығы 5 минут және одан артық болғанда жұмысшыларға УК-нің рұқсат етілген қарқындылығы: УК-А аймағы үшін шаршы метрге 10,0 Ваттан (бұдан әрі - Вт/м2); УК-В аймағы үшін 0,01 Вт/м2 аспауы тиіс.
102. Терінің барлық беті қорғалған кезде жұмысшылардың сәулеленуінің рұқсат етілген қарқындылығы УК-В аймағында: жұмыс ауысымы бойы әсердің ұзақтығы УК-С аймағында 1 Вт/м2 аспауы тиіс.
103. Жабық өндірістік үй-жайлар микроклиматының тиімді және рұқсат етілген параметрлерін дұрыс есептеу үшін метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылумен сәулелену қарқындылығы) көрсеткіштерге, сонымен бірге энергетикалық шығындар туралы деректерге сүйену қажет.
5. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
104. Басқару пульттері үй-жайларын, краншылардың кабиналарын және басқа да оқшауланған үй-жайларды қоса алғанда өндірістік ғимараттардағы, үй-жайлардағы және құрылыстардағы жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жұмыс аймағындағы еңбек ету уақытында санитариялық талаптарға сәйкес температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, зиянды заттардың болуы, иондау көрсеткіштері бойынша ауа ортасының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып жабдықталады.
105. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар табиғи, механикалық жалпы алмасатын ішке тарту-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жаңа жабдықталған, қайта жаңартылған, күрделі жөнделген желдеткіш қондырғылары олардың тиімділігін анықтайтын құрал-саймандық қабылдау сынағынан өтуі тиіс.
106. Механикалық желдету нормаланған микроклиматтық параметрлер мен жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың болуы табиғи желдетумен қамтамасыз етілмейтін үй-жайлар мен жекелеген учаскелер үшін, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлар мен аймақтар үшін көзделеді. Ауаны ішке тартуды немесе шығаруды ішінара қолданатын біріктірілген - механикалық желдетуді пайдалануға жол беріледі.
107. Ауаның шығыны үй-жайдың көлемінде зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың әркелкі таралуын ескерген есептеулермен анықталады.
108. Жұмыс аймағының ауасына бірнеше зиянды заттардың бір уақытта бөлінуі кезінде жалпы алмасу желдетуді есептегенде ауаның шығынын барынша көп қажет ететін зиянды зат бойынша анықталуы тиіс.
109. Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсер етуі туралы деректер бар болғанда жалпы алмасу желдетуді есептеу әрбір затты бөлек санитариялық талаптарға сәйкес оның РЕШШ-не дейін ерітуге қажетті ауа шығынын қосу жолымен жүргізіледі.
110. Өндірістік объектілердегі табиғи немесе механикалық желдету осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бір жұмысшыға сыртқы ауаның келуін қамтамасыз етуі тиіс.
111. Желдету және ауаны баптау жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетін желдеткішке арналған саңылаулар арқылы ғимараттар мен құрылыстардың ішіне түсетін ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы жұмыс аймағының ауасы үшін рұқсат етілген шекті деңгейлерден (бұдан әрі - РЕШД) 30% аспауы тиіс.
112. Бір ғимаратта қауіптілік сыныптары әртүрлі зиянды заттар бөлетін өндірістерді немесе көршілес үй-жайларды біріктірген кезде барынша уытты зиянды заттар бар үй-жай үшін ұйымдастырылған ішке тартудан сыртқа тарату басым болуы көзделуі тиіс.
113. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда алаңдар жабынының монтаждық ойықтары оқшаулайтын жаппамен жабдықталуы тиіс, ал ауа алмасу әр қабат үшін жеке есептелуі тиіс.
114. Жылдың салқын мезгілінде (желдетудің теріс дисбалансы) сыртқа таратудың орнын толтыру үшін сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған ішке тартуына биіктігі 6 м және одан аласа үй-жайларда сағатына бір рет ауа алмасудан артық емес, ал биіктігі 6 м жоғары үй-жайларда еден ауданының әр 1 м2-не сағатына 6 текше метр (бұдан әрі - м3/сағ) көлемде жол беріледі.
115. Егер көршілес үй-жайларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы рұқсат етілген шекті шоғырлану 30%-дан аспаса, одан ұйымдастырылмаған ауаның келуіне жол беріледі.
116. Ішке тартылатын ауаны беру үй-жайдың таза және аз ластанған аймақтарына ауа неғұрлым ластанған аймақтар арқылы келмейтіндей етіп көзделеді.
117. Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетін көздер технологиялық жабдықтың ішіне орнатылған не көзге мейлінше жақын орналастырылған жергілікті сорғысы бар жергілікті сыртқа тарату желдеткіші құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
118. Үй-жайға бөлінетін немесе жергілікті сорғымен шығарылатын зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың мөлшері технологиялық бөлімнің деректері бойынша қабылданады. Қажетті мәліметтер болмаған жағдайда ұқсас объектілердегі табиғи зерттеулердің немесе есептеулер жолымен алынған деректердің нәтижелері пайдаланылады.
119. Санитариялық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтан қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттарды шығаратын жергілікті сорғылар осы жабдықпен жергілікті сыртқа тарату желдеткіші жұмыс істемеген кезде ол жұмыс істей алмайтындай етіп блокталады.
120. Егер сыртқа тарату желдеткіші ажыратылған кезде өндірістік үдерісті тоқтату мүмкін болмаса немесе жабдықты (үдерісті) тоқтатқан кезде жұмыс аймағының ауасы үшін РЕШШ асатын шоғырланудағы зиянды заттар үй-жайдың ауасына бөлінуін жалғастырса, жұмыс режимін автоматты ауыстырып қосатын резервті желдеткіштері бар жергілікті сорғы құрылғысы көзделуі тиіс.
121. Желдетуге, ауамен жылытуға және ауаны баптауға арналған ауаның рециркуляциясын санитариялық талаптарға сәйкес ауасында ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе грибоктары бар, сондай-ақ айқын білінетін жағымсыз иісі бар немесе қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттары бар үй-жайларға қарастыруға жол берілмейді.
122. Санитариялық талаптарға сәйкес қауіптілігі 3 және 4-сыныпты бір зиянды заттан артық бөлмейтін үй-жайларға ауаның рециркуляциясына жол беріледі.
123. Егер технологиялық жабдықтың қыздырылған беттерімен және ауамен жылытудың ауа қыздырғыштарымен жанасуы кезінде жанатын зиянды заттарды бөлу болмаса, желдеткішпен бірікпеген ауамен жылытуда рециркуляцияны қарастыруға жол беріледі.
124. Жылыту, желдету және ауа баптау қондырғылары тұрақты жұмыс орындары мен қосалқы үй-жайлардың қызмет көрсететін аймақтарында рұқсат етілген деңгейлерден асатын шу және діріл шығармауы тиіс.
125. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылыту жүйесімен жабдықталады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының автономды жылумен жабдықтау (қазандықтар) көздерін салуға және пайдалануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда оларды қолдануға жол беріледі.
Жылыту бойынша талаптары негізгі үй-жайларға қойылатын талаптардан өзгеше ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының жалпы көлемінің 5%-ынан артық емес алаңы бар бір немесе бірнеше үй-жайларды жергілікті жылу аспаптарымен жылытуға жол беріледі.
Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін зиянды факторлар мен жағымсыз иістерді туғызбайтын жүйелер, аспаптар және жылу тасымалдаушылар көзделуі тиіс.
126. Шаң бөлетін өндірістік үй-жайлардағы қыздыратын аспаптардың беттері жеңіл тазалауға жол беретін тегіс болуы тиіс. Инфрақызыл газды сәулеленуі бар сәулемен жылытуды жану өнімдерін газ жанарғыларының тікелей сыртына шығара отырып қарастыруға жол беріледі.
127. Құрылыс конструкцияларының ішіне орнатылған қыздыру элементтері және тіреулері бар сумен жылыту жүйелеріндегі жылытылатын беттегі орташа температура мынадан: тұрақты жұмыс орны бар еден үшін плюс 26оС; адамдар уақытша болатын еден үшін плюс 31оС; төбелер үшін: үй-жайдың биіктігі 2,5-тен 2,8-ге дейін болса плюс 28оС; 2,8-ден 3,0-ге дейін болса плюс 30оС; 3,0-ден 3,5-ке дейін болса плюс 33оС; 3,5-тен 4,0-ге дейін болса плюс 36оС; 4,0-ден 6,0-ге дейін болса плюс 38оС аспауы тиіс.
128. Жылу көздерінің температурасы төмен жылыту жүйелеріндегі радиациялық кернеу жұмыс орындарында еденнен 1,5-2,0 м биіктікте шаршы метрге 35 Ваттан (Вт/м2) немесе 27 килокалорий/сағаттан (ккал/м сағ) аспауы тиіс.
129. Жылу бөлетін жабдық өтетін жолдарды желдету мүмкіндігін ескере отырып орналасады. Ішке тартылатын аэрациялық ағыстың таралуы үшін үй-жайдың көлемі бойынша жабдықтар арасындағы қашықтық ағыстың мөлшері бойынша оның өлшемінен артық болуы тиіс.
130. Жоғары жылу бөлетін цехтар мен учаскелерді табиғи желдеткішпен (аэрациямен) жабдықтаған кезде шатырда қашықтықтан басқарылатын механикаландырылған фрамугамен жабдықталған сөнбейтін шахталар немесе аэрациялық шамдар көзделеді. Табиғи желдету кезінде желдетілетін үй-жайларға ішке тартылатын ауаны беру жылдың жылы мезгілінде еденнен 1,8 м артық емес, ал жылдың суық мезгілінде желдеткіш ойықтарының түбіне дейін 4 м төмен емес деңгейде көзделуі тиіс. Осы мақсатта өндірістік объектілерде терезелерде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көрсетілген деңгейлерде ауаны беруге арналған көтерілетін ысырылмалы қабырғалар көзделеді. Ашылатын ойықтардың ауданы шыныланған жердің жалпы ауданынан кемінде 20 % болуы тиіс.
131. Жалпы ішке тарту қондырғысына шаң мен жеңіл конденсацияланатын буларды, сондай-ақ араластырған кезде зиянды немесе өрт қауіпті қоспалар немесе көрсетілген қасиеттері бар жаңа химиялық қосылыстар түзетін заттарды шығаратын жергілікті сорғыларды біріктіруге жол берілмейді. Жергілікті сорғылардың мұндай жүйелерін жалпы алмасу ішке тарту желдеткіш жүйелерімен біріктіруге жол берілмейді.
132. Қозғалатын крандардың кабиналарында қоршаған өндірістік үй-жайдың ауасын, егер оның құрамындағы зиянды заттар жұмыс аймағы үшін РЕШШ-ден аспаса, ал микроклиматтың параметрлері нормаланған көрсеткіштерге сәйкес келетін болса қосымша өңдеусіз қолдануға жол беріледі. Олай болмаған жағдайда, крандардың кабиналарын ауа баптағыштармен жабдықтау керек.
133. Сыртқы және рециркуляциялық ауаның рұқсат етілген шоғырланудан 30%-ға асатын шаңдануы кезінде немесе бұл өндірістің технологиясы бойынша қажет болғанда ауа баптау жүйелерінде; ауамен себезгілеу жүйелерінде; ауаны жұмысшылардың тыныс алу аймағына - басты немесе бетті қорғайтын шлемге, бетпердеге, қалқандарға ауаны берген кезде ауаны тазалау көзделуі тиіс.
134. Бір ішке тарту және сыртқа тарату қондырғылары бар табиғи желдетусіз өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткіш жүйелері сыртқа тарату жүйесінің резервтік желдеткішімен жабдықталады. Талап етілетін ауа алмасудың кемінде 50% түсетін ашылатын ойықтары бар көршілес үй-жайлармен біріктірілген, көрсетілген үй-жайлар үшін резервтік желдеткіш жобаламауға жол беріледі.
135. Үй-жайлардағы жыл бойына және тәулік бойына жұмыс жасауға арналған, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлардағы ауа баптау жүйелері талап етілетін ауа алмасудың кемінде 50%-ын және жылдың суық мезгілінде белгіленген температураны қамтамасыз ететін резервті ауа баптағышпен көзделеді.
136. Тамбурлары жоқ, ауысымына кемінде 40 мин немесе бес реттен жиі ашылатын қақпалар мен ойықтар жанында; сыртқы ауаның есепті температурасы минус 15оС және одан төмен болатын аудандардағы үй-жайлардың сыртқы қабырғаларындағы үнемі ашық тұратын ойықтары жанында ауа немесе ауа-жылу перделері көзделеді.
137. Ауа және ауа-жылу перделері қақпаларды, есіктерді және технологиялық ойықтарды ашқан кезде үй-жайға түсетін ауа қоспасының температурасы: жеңіл дене жұмысында плюс 14оС-тен; орташа ауырлықтағы жұмыста 12оС-тен; ауыр жұмыста 8оС-тен төмен болмайтындай етіп есептеледі. Қақпалардың (6 м дейін арақашықтықта), есіктердің және технологиялық ойықтардың маңында жұмыс орындары болмаған кезде, егер бұл технологиялық талаптарға қайшы келмесе, осы аймақтағы ауаның температурасын плюс 5оС-қа дейін төмендетуге жол беріледі.
138. Апаттық желдеткішті қосу және ауаны шығару үшін ойықтарды ашу үй-жайдың ішінен, сонымен бірге сыртынан да қол жетерлік жерлерден қашықтықтан басқару көзделеді.
139. Мерзімдік жұмысқа немесе адамдардың орын ауыстыруына арналған туннелдерде, сондай-ақ техникалық қабаттардың үй-жайларында есепті ауа алмасуы бар мерзімдік жұмыс істейтін желдеткіш көзделуі тиіс.
140. Жергілікті сорғы жүйелерінен және құрамында зиянды заттар бар өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткішінен атмосфералық ауаға шығарылатын ауа санитариялық талаптарға сәйкес атмосфералық ауада тазартылады және сейіледі.
141. Өндірістік объектілерде жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері мен желдеткіш шығарындыларын тазалау қондырғыларын жөндеу, реттеу және бақылау бойынша шеберханалар көзделеді.
6. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
142. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жер асты және жер беті шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорғау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық талаптарға бұдан әрі - шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын талаптар) сәйкес жүзеге асырылады.
143. Шаруашылық-ауыз су құбырлары желілерін ішуге жарамайтын сападағы суды беретін су құбырлары желілерімен біріктіруге жол берілмейді. Техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбырлары құрылыстарының арнайы боялуын қарастыру қажет.
144. Кәсіпорындардың өндірістік және қосалқы ғимараттарындағы шаруашылық-ауыз судың қажеттілігіне суды шығындау нормалары шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын талаптарына сәйкес келуі тиіс. Себезгілердің, қол және аяқ ванналарының, қол жуғыштардың, сондай-ақ желдеткіштің ішке тарту жүйелерінің барлық түрлеріне, шаңды басу үшін суды шашу жолымен үй-жайдың ауасын салқындатуға арналған судың сапасы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес ауыз суға қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
145. Өндірістік су құбырларының техникалық суын унитаздың жуғыш багына жалғауға жол беріледі.
Геотермалды суларды (олар бар болғанда) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда себезгі және жуынатын бөлмелерде ыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
146. Ішкі су құбыры мен су бұру құрылғылары, сондай-ақ сыртқы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне су беру және сарқынды суларды бұру үшін барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда және өнеркәсіптік алаңдарда көзделуі тиіс.
147. Өндірістік сарқынды суларды олардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда орталықтандырылған су бұру желісіне шығару жүзеге асырылады.
148. Қалалық тазарту қондырғыларына жіберілетін сарқынды сулардың құрамында бақылау органдары мен өндіріс зертханаларына қол жетімді анықтау тәсілдері жоқ зиянды заттар болмауы тиіс.
149. Өнеркәсіптік объектілердің тазартылған сарқынды суларын жабық, сонымен қатар ашық техникалық сумен жабдықтау жүйелерінде технологиялық қажеттілікке пайдалану мүмкіндігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда әрбір нақты жағдайда шешіледі.
150. Тоған-жинауыштың, өнеркәсіптік сарқынды сулардың жинау орнының және шлам сақтау орнының құрылғысы белгілі бір пайдалану мерзіміне, оларды одан әрі жою және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру тәсілдерін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда анықталады және жер асты мен қабат аралық жер асты суының және онымен гидравликалық байланысқан жер беті су объектілерінің ластану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
151. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі мен су бұру жүйелері болмағанда жергілікті жүйелер көзделеді.
152. Өнеркәсіптік объектілерде сумен жабдықтау және айналма сумен жабдықтау жүйелерінің суын тек өндірістік су бұруға шығаруға жол беріледі. Себезгілердің, қол жуғыштардың және санитариялық тораптардың сарқынды суларын шаруашылық-тұрмыстық су бұру желісіне шығару көзделуі тиіс.
153. Газдар бөлетін өндірістік сарқынды суларды ағызған жағдайда газдың үй-жайларға кіруіне қарсы шаралар көзделуі тиіс. Су бұру жүйесіне улы газдарды түзуі мүмкін химиялық заттарды ағызуға жол берілмейді.
154. Зиянды газдар (күкірт сутегі, цианды сутек, күшәла сутегі) бөле отырып химиялық реакцияға түсетін, құрамында зиянды заттар бар сарқынды суларды біріктіруге жол берілмейді.
155. Зиянды булар және газдар (меркаптан, күкірт сутегі, цианды сутек, күшәла сутегі) түзілмесе және бөлінбесе немесе сарқынды суларды тазартудың барлық үдерістері тұмшаланған және жергілікті сыртқа тарату желдеткіші құрылғысы бар болғанда өндірістік ғимараттарда сарқынды суларды тазарту құрылғыларын орналастыруға жол беріледі.
156. Өндірістік объектілерде өндірістік сарқынды суларды тазарту қондырғылары және өндірістік бақылауды ұйымдастыру көзделеді.
157. Қалдықтарды зарарсыздандыру бойынша құрылысты салуға арналған алаңды таңдағанда ауыл шаруашылығы үшін бағалы емес құнсыз жерлер пайдаланылады.
158. Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көмуге және жинауға арналған полигондар елді мекеннің және өндірістік алаңның шегінен тыс жерде орналасады.
159. Істен шыққан шлам жинағыштардың беті кейіннен оларды көгалдандыру арқылы битумды эмульсиямен немесе майлы саз бен құмнан тұратын тау жынысымен бекітіледі.
160. Полигондардың құжаттамасында өндірістік қалдықтар туралы мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын көлемінің мөлшері мен сапасы (қауіптілік сыныбы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде деректер;
2) өнеркәсіптік қалдықтардың қоршаған ортаға ықтимал салдарлары әсерінің сипаттамасы;
3) өнеркәсіптік қалдықтарды зарарсыздандыру, кәдеге жарату, көму мәселелерінің технологиялық шешімі;
4) топырақты зиянды заттардан қорғау және бұзылған және ластанған топырақты қайта құнарландыру бойынша іс-шаралар.
161. Қалдықсыз технологияны енгізудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, уытты және радиоактивті өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша іс-шаралар кешені көзделеді.
162. Уытты қалдықтарды жинау, жинақтау, ыдысқа салу, тасымалдау, залалсыздандыру және көму тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік сыныбын ескере отырып жүзеге асырылады және қоршаған аумақтың ластану мүмкіндігін болдырмауы, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
163. Өндірістік қалдықтар объектіде немесе мамандандырылған ұйымдарда жойылады, көміледі немесе кәдеге жаратылады.
164. Құрамында уытты заттар бар қатты қалдықтарды, сондай-ақ шлам үйінділерін және шлам жинауыштарын өнеркәсіптік алаңдарда орналастыруға жол берілмейді.
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға
және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Микроскоп шегінен тыс монтаж үстелінің жұмыс аймағының жарықтандырылуы
1-кесте
р/с № |
Ажырату объектісінің өлшемі, бұрыштық минуттар |
Жұмыс ауысымы уақытына шаққандағы дәл көзбен көру жұмысының уақыты пайызбен |
Жарықтандыру, люкс (бұдан әрі - лк) |
Жұмыс бетінің жарықтығы, кд/м2 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
1,5-тен кем |
60-тан артық 60-тан 30-ға дейін 30-дан кем |
4000 |
300-ден 500-ге дейін |
2 |
1,5-тен 3,0-ге дейін |
60-тан артық |
2000 |
150-ден 300-ге дейін |
3 |
3,5-тен 5,0-ге дейін |
60-тан артық |
1000 |
750-ден 150-ге дейін |
Көзбен шолып бақылау экрандары бар жұмыс орындарының жарықтандырылуы
2-кесте
р/с № |
Экран түрі |
Жарықтандыру, лк |
|||
Жұмыс үстелінде |
Экранның шағылысу |
||||
0,2-0,4 |
0,4-0,6 |
0,6-0,8 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Телевизиялық: |
|
|
|
|
2 |
Қайырмалы контрасты бар дисплейлі құрылғылар: |
|
|
|
|
150-ден 500 кд/м2 дейінгі аралықты қоса алғанда |
400 |
200-400 |
100-200 |
75-150 |
|
3 |
Тура контрасты бар дисплейлі құрылғылар |
300 |
100-150 |
50-75 |
50 |
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға
және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Медициналық пункттің ауданы
1-кесте
р/с № |
Жұмысшылар саны |
Ауданы, шаршы метр (бұдан әрі - м2) |
1 |
2 |
3 |
1 |
50-ден 150-ге дейін |
12 м2 |
2 |
151-ден 300-ге дейін |
18 м2 |
Ескертпе: Мүгедектердің еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделетін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданын 3 м дейін ұлғайтуға жол беріледі.
Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайларының құрамы мен аудандары
2-кесте
р/с № |
Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайлары |
Ауданы, м2 |
1 |
2 |
3 |
1 |
Вестибюль-күту бөлмесі және тіркеу орны |
18(10)* |
2 |
Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайлары |
ауданы, м2 |
3 |
Науқастар уақытша болатын бөлме |
9(9) |
4 |
Емшара кабинеттері |
24(12)(2 үй-жай) |
5 |
Науқастарды қабылдауға арналған кабинет |
12(10) |
6 |
физиотерапия кабинеті |
18 |
7 |
тіс дәрігері кабинеті |
12 |
8 |
гинеколог кабинеті |
12 |
9 |
Дәрілік нысандар және медициналық жабдық қоймасы |
6(6) |
10 |
Тамбурда қол жуғышы бар дәретхана |
1 унитазға (1 унитазға) |
*Жақшада оңтайлы ғимараттар көрсеткіштері берілген.
1-ескертпе: тіс дәрігері кабинетін жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша қарастыру қажет.
2-ескертпе: Гинеколог кабинетін жұмыс істейтін әйелдердің тізімдік саны 1200 адамнан кем болмағанда қарастыру керек. Бір гинеколог кабинеті қызмет көрсететіндер саны - 2400 адамнан артық емес. Фельдшерлік денсаулық сақтау пунктінің құрамында гинеколог кабинеті бар болғанда әйелдердің жеке гигиенасы үй-жайын қарастыру керек.
Жалпы зауыттық дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері үй-жайларының құрамы мен аудандары
3-кесте
р/с |
Дәрігерлік денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайлары |
Ауданы, м2 |
||
жарақат емдеу пункттері санаттары |
жарақат емдеу |
|||
I |
II |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Күту және тіркеу орны бар вестибюль |
24 |
18 |
15 |
2 |
Таңып-байлау бөлмесі - таза және іріңді |
36 (2 үй-жай) |
36 (2 үй-жай) |
16 |
3 |
Науқастарды қабылдау кабинеттері |
48 (4 үй-жай) |
24 (3 үй-жай) |
12 |
4 |
Физиотерапия бөлмесі |
24 |
18 |
12 |
5 |
Тіс дәрігері кабинеті |
24 (2 үй-жай) |
12 |
12 |
6 |
Емшара кабинеті |
18 |
12 |
- |
7 |
Науқастардың уақытша болу бөлмесі |
12 |
9 |
9 |
8 |
Денсаулық сақтау пункті меңгерушісінің кабинеті |
9 |
9 |
- |
9 |
Гинеколог кабинеті1) |
12 |
9 |
- |
10 |
Дүңгіршегі бар дәрілік нысандар қоймасы |
9 |
9 |
6 |
11 |
Автоклав пен таңып-байлау материалдарына арналған үй-жай |
9 |
9 |
9 |
12 |
Медициналық жабдық қоймасы |
6 |
6 |
6 |
13 |
Тамбурда қол жуғышы бар дәретхана |
1 унитазға |
||
14 |
Себезгі |
1 себезгі торына |
Ескертпе: Дене күші әлсіреген адамдардың және мүгедектердің еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделген кәсіпорындарда дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлары құрамы жұмыс істейтін адамдардың мүгедектігін, ауру тобын және еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін есепке ала отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісімімен толықтырылуы мүмкін.
Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар құрамы
4-кесте
р/с № |
Өндірістік үдерістертобы |
Үдерістердің санитариялық сипаттамасы |
Адамдардың есептік саны |
Гардероб түрі, бір адамға бөлімше саны |
Киімді арнайы өңдеу |
|
1 себезгі торына |
1 кранға |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
1. 1-а 1-б 1-в |
Қауіптілігі 3 және 4-сыныпты заттар тудыратын дененің және арнайы киімнің: тек қолдың; арнайы жуу құралдарын қолданбастан кететін дененің және арнайы киімдердің; |
25 15 5 |
7 10 20 |
|
арнайы киімді химиялық тазарту |
2 |
2. 2-а 2-б 2-в 2-г |
Жылудың молдығы немесе қолайсыз метеорологиялық жағдай айларда өтетін үдерістер: конвекциялық жылу мол болғанда сәулелі жылу мол болғанда киім мен аяқ киімнің ылғалдануы н тудыратын ылғалдың әсеріне байланысты ауа температурасы +10С және одан төмен болғанда, ашық ауадағы жұмыстарды қоса алғанда |
7 3 5 5 |
20 20 20 20 |
жалпы, екі бөлімше жалпы, екі бөлімше екі бөлек бөлімше екі бөлек бөлімше |
салқындатуға арналған үй-жай салқындатуға арналған үй-жай, жартылай себезгілер арнайы киім мен аяқ киімді кептіру жылытуға арналған үй-жай, арнайы киім мен аяқ киімді кептіру |
3 |
3. 3-а 3-б |
Қауіптілігі 1 және 2-сыныпты заттармен, сондай-ақ ауыр иісі бар заттармен дененің және арнайы киімнің ластануын тудыратын үдерістер: әдетте тек қолдардың ластануын тудыратын дене мен арнайы киімнің ластануын тудыратын үдерістер |
7 3 |
10 10 |
жалпы, бір бөлімше екі бөлек бөлімше |
химиялық тазарту арнайы киімді сақтау орнын жасанды желдету, дезодораци ялау |
4 |
4. |
Өнім сапасына, арнайы киімді сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыс алдында арнайы киім мен денені өңдеуге қойылатын ерекше санитариялық-эпидемиологиялық немесе технологиялық талаптары бар өндірістік үдерістер |
- |
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес |
Ескертпе:
1) өндірістік үдерістердің түрлі топтарының белгілері үйлескен жағдайда гардероб, себезгі бөлмелері мен қол жуғыштар түрлері барынша жоғары талаптар бар топтар бойынша, ал арнайы тұрмыстық және құрылғылар жиынтық талаптар бойынша қарастырылуы тиіс;
2) 1-а тобы үдерістерінде тиісті негіздеме болғанда себезгі бөлмелерін қарастырмауға жол беріледі;
3) арнайы киім мен аяқ киімнің шаң болуын тудыратын кез келген үдерістерде оларды шаңнан тазартатын үй-жайлар мен құрылғылар қарастырылуы тиіс;
4) блок-контейнерлерден тұратын оңтайлы ғимараттарда себезгі торларының есептік санын 40%-ға дейін азайтуға жол беріледі;
5) инфекцияланған және радиоактивті материалдармен, сондай-ақ қауіпті заттармен жұмыс кезінде тері арқылы түскенде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар қолданыстағы НҚА-ға сәйкес жобалануы тиіс.
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға
және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
3-қосымша
Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері
р/с № |
Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаты |
Үй-жайлар мен аумақтардың тағайындалуы |
Сәулелену ұзақтығы сағат-жыл |
Эквиваленттік дозаның жобалық қуаты сағатына микроЗиверт (мкЗв/сағ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
А санаты |
Сәулелену көздерімен (радиометриялық, өлшеп-орау, жуу) жұмыс кезінде персоналдың тұрақты болатын үй-жайлары |
1700 |
6,0 |
2 |
Б санаты |
Персоналдың уақытша болатын үй-жайы |
850 |
12,0 |
3 |
Халық |
Б Тобының персоналы бар объектінің үй-жайлары мен СҚА аумағы Кез келген басқа үй-жайлар мен аумақтар |
2000 |
1,2 |
Ескертпе: кестеде объектілерде бар техникалық сәулелену көздері дозасы қуатының мәндері келтірілген. Эквивалентті дозаның өлшенетін мәнінен тиімді мәндерге ауысуы әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға
және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
4-қосымша
Өндірістік объектілердегі табиғи немесе механикалық желдету
р/с № |
Табиғи желдетілетін үй-жай |
Табиғи желдетусіз |
|||
Шығыс |
Ішке тарту жүйелері |
||||
1 адамға сағатына текше метрмен шығын (бұдан әрі - м3/сағ) |
1 адамға м3/сағ |
жалпы саны |
Жалпы ауа алмасу пайызы (бұдан әрі - %), артық емес |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
30 (1 адамға шаққанда үй-жай көлемі 20 текше метрден (бұдан әрі - м3) кем болғанда) |
60 |
1 |
Ауа алмасудың сағатына 10 және одан аз жиілігі кезінде рециркуляциясыз немесе рециркуляциямен |
|
2 |
20 (1 адамға шаққанда үй-жай көлемі 20 м3 және одан артық болғанда) |
60 |
- |
20 |
Жалпы ауа алмасудың сағатына 10-нан аз еселігінде рециркуляциямен |
Ескертпе: «табиғи желдетусіз» үй-жайды сыртқы қабырғасында ашылатын терезелері мен ойықтары жоқ үй-жайларды немесе терезелерінің жалпы ауданы 20 %-дан кем ашылатын терезелері мен ойықтары бар, сондай-ақ үй-жайдың биіктігінен 5 есе асатын қашықтықта орналасқан, ашылатын терезелері бар үй-жайлар аймағы деп түсіну керек.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген
«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілерді (бұдан әрі - объект) жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.
Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып өнеркәсіптік алаң сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РЕШШ) және/немесе рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі - РЕШД) 0,1-ден асатын объектілер болып табылады, осындай объектілер үшін санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасы өнеркәсіптік шекарамен сәйкес келуі мүмкін.
2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға мыналар:
1) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеуге қойылатын талаптар;
2) санитариялық-қорғаныш аймағын жобалауға қойылатын талаптар;
3) санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режіміне қойылатын талаптар кіреді.
3. Қызметі атом энергиясын пайдалануға байланысты объектілерге осы талаптар қолданылмайды.
4. Санитариялық қағидалар кәсіпорындардың, өндірістердің қауіптілігін сыныбына, санитариялық-қорғаныш аймағының өлшеміне қойылатын талаптарды, санитариялық ажыраулар мен қашықтықтарға, осы өлшемдерді қайта қарауға негіздемелерді, жекелеген объектілер үшін оларды белгілеу әдістері мен тәртібін, санитариялық-қорғаныш аймағының аумағына шектеулерге, оларды ұйымдастыруға және абаттандыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қауіпті коммуникациялар мен құрылыстардың (автомобиль және теміржол жолдары, авиациялық базалар, магистральды құбырлар) санитариялық ажырауларға қойылатын талаптарды белгілейді.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасы - санитариялық-қорғаныш аймағының аумағын немесе шекараларынан тыс жерде әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын жоспарлы кескіндердің ең көп кеңістіктерін шектейтін сызық;
2) ластану аймағы - шегіндегі атмосфераның жер бетіндегі қабаты РЕШШ-дан асатын зиянды заттармен ластануы мүмкін ластану көзінің айналасындағы аумақ;
3) объектінің қауіптілік сыныбы - қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін ластайтын заттардың, пайда болатын шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін сипатына және мөлшеріне байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беретін, қызметтің осы түріне құқығы бар жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;
4) қолайлы тәуекел - қолайсыз әсерді төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет етпейтін және халықтың күнделікті өмірі мен қызметіндегі тәуекелдерге қатысты тәуелсіз, елеусіз ретінде бағаланатын қолайсыз әсердің даму тәуекелінің деңгейі;
5) өндірістік объект - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
6) өнеркәсіптік алаң - өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша өндірісті орналастыруға арналған және қызметі адамның өмір сүру ортасына әсер етуі мүмкін негізгі объектілер орналасқан аумақ;
7) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу жобасы - штаттық режімде жұмыс істеу үшін, апаттық жағдайларда фонды есепке ала отырып, объектінің толық жобалық қуатына шығарындылардың барынша қолайсыз сейілу жағдайларын және аналогтарды зерделеуді анықтайтын өлшем;
8) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерден бөліп тұратын аумақ (бұдан әрі - СҚА);
9) санитариялық ажырау - зиянды әсер ету көзінен бастап тұрғын үй құрылысының, ландшафты-рекреациялық аймақтың, демалыс, курорт аймағының шекарасына дейінгі ең аз арақашықтық;
10) апаттық жағдайларды есепке алу - жобалау құжаттамасында халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиісті шығарындылардың сейілу есептеулерінің және іс-шаралар жобаларының болуы.
2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптіліктің I және II сыныбы объектілері үшін — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелдің шамасына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Өзінің функциялық мақсаты бойынша СҚА объектіні штаттық режімде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
7. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін объектінің құрылысы мен қайта жаңарту жобасының құрамында СҚА өлшемінің негіздемесі әзірленеді.
8. Қауіптілік сыныбы I және II объектілері және санитариялық сыныптамаға енбеген, сондай-ақ жаңа, елде және шетелдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар өндірістер үшін СҚА-ның өлшемі әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атмосфералық ауаның күтілетін ластану және атмосфералық ауаға физикалық әсерлерді есептеулерді қамтитын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып белгілейді. Қалған жағдайларда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері белгілейді.
9. СҚА-ның сыныптама бойынша болжалды өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластану (фонды есепке ала отырып) және физикалық әсер ету деңгейлері есептеулері бар СКА жобасымен негізделуі тиіс.
10. Объектіні пайдаланған кезде атмосфералық ауаның күтілетін ластанудың және физикалық әсер деңгейлерінің есептері натурлық зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелерімен тексерілуі тиіс.
11. СҚА көлемдерін негіздеу қолданыстағы, құрылысқа жоспарланған немесе жобаланған кәсіпорындардың салымын есепке ала отырып, белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген тәсілдер бойынша орындалған барлық ластайтын заттардың атмосфераға шығарындылары сейілуінің және физикалық факторлардың таралуының есептерімен расталуы тиіс.
СҚА-ның негіздеу жобасын және халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелді бағалауды қызметтің осы түріне құқығы бар мамандандырылған Ұйымдар әзірлейді.
12. Объектілердің СҚА бірізді әзірленеді: атмосфералық ауаның ластануы сейілуінің және атмосфералық ауаға физикалық әсер (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептері бар жобаның негізінде орындалған есепті (алдын ала); есептеу параметрлерін растау үшін натурлық зерттеулер мен өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері негізінде - белгіленген (түпкілікті).
13. СҚА көлемін айқындауға арналған критерий оның сыртқы шекараларында және оның сыртында елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластану заттарының РЕШШ-ға және/немесе физикалық әсердің РЕШД-ге сәйкестігі болып табылады.
14. Объектілер топтары немесе өнеркәсіптік торап үшін атмосфералық ауаға шығарындылардың жиынтығын және барлық көздердің физикалық әсерін, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындар үшін натурлық бақылаулардың жылдық циклының нәтижелері ескерілген бірыңғай есепті және түпкілікті белгіленген СҚА белгіленеді.
15. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілер тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс аймағынан, курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА-мен бөлінеді.
16. Адам қоныстанбаған жерлерде қайта құрылатын өндірістерді орналастырған кезде СҚА жоғарыда санамаланған объектілерді орналастыруға тыйым салуды айқындайды.
17. СҚА көлемін белгілеу практикасын есепке ала отырып кәсіпорындардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің санитариялық сыныптамасы және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндірістер мен объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты СҚА-ның мынадай ең аз көлемдері (бұдан әрі - санитариялық сыныптама) белгіленеді:
1) СҚА 1000 м және одан артық қауіптілік сыныбы I объектілер;
2) СҚА 500 м-ден 999 м-ге дейін қауіптілік сыныбы II объектілер;
3) СҚА 300 м-ден 499 м-ге дейін қауіптілік сыныбы III объектілер;
4) СҚА 100 м-ден 299 м-ге дейін қауіптілік сыныбы IV объектілер;
5) СҚА 0 м-ден 99 м-ге дейін қауіптілік сыныбы V объектілер.
18. Санитариялық сыныптамаға енбеген, сондай-ақ жаңа, елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар объектілер үшін СҚА-ның ені әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарының шешімімен белгіленеді.
19. Автомобиль магистральдары, теміржол көлігі желілері, метрополитен үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында физикалық әсер ету көздерінен осы әсерлерді гигиеналық нормативтер мәндеріне дейін азайтатын арақашықтық (бұдан әрі - санитариялық ажырау) белгіленеді. Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен натурлық өлшеулер жүргізу арқылы физикалық факторлардың (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) әсерлерін есептеу негізінде белгіленеді.
20. Жеңіл автомобиль тұрақтары, шайынды суларды тазарту, көмірсутек шикізатының магистралды құбырлары, компрессорлы және мұнай айдайтын станциялар үшін санитариялық ажыраулар құрылады. Санитариялық ажыраулар аймақтарының ең аз көлемдері осы Санитариялық қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларда келтірілген.
21. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажырау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада келтірілген.
22. Елді мекеннен авиациялық әдіспен пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі санитариялық ажыраудың көлемі кемінде 2000 метрді (бұдан әрі - м) құрауы тиіс.
23. Әуежайлар, аэродромдар үшін СҚА көлемі атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластануының сейілуін есептеулер негізінде, сондай-ақ натурлық зерттеулер және өлшеулер нәтижелері, халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау негізінде әрбір нақты жағдайда белгіленеді.
24. Қауіптілік сыныбы I және II объектілер үшін СҚА-ның өлшемін осы Санитариялық қағидалардың 48-тармағына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қауіптілік сыныбының III, IV, V объектілері үшін 49-тармағына сәйкес белгілейді.
25. СҚА аумағындағы және оның шекарасындағы атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсерді өлшеуді аккредиттелген өндірістік зертханалар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және/немесе тәуелсіз зертханалар жүзеге асырады.
26. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын өндірістік объектілерге арналған СҚА көлемдері көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, иондамайтын сәулелену сипатын есепке ала отырып, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА көлемдерін белгілеу үшін есептеу параметрлері жобалық қуатқа шыққаннан кейін бір жыл бойы объектіні пайдалану үдерісінде атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларын натурлық өлшеулермен расталады.
27. СҚА көлемдері СҚА-ның сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің РЕШД-не сәйкес санитариялық талаптарға сәйкес айқындалады.
28. Халықты әуелік электр беру желілері (бұдан әрі - ӘЭЖ) тудыратын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 килоВольттан (бұдан әрі - кВ) аспайды.
Қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі:
1) кернеулігі 220 кВ ӘЭЖ үшін - 20 м;
2) кернеулігі 500 кВ ӘЭЖ үшін - 30 м;
3) кернеулігі 750 кВ ӘЭЖ үшін - 40 м;
4) кернеулігі 1150 кВ ӘЭЖ үшін - 55 м.
29. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА көлемін белгілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
30. СҚА-ны жобалау жекелеген өнеркәсіптік объектіні және өндірісті және/немесе өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер топтарының қала салу құжаттамасын, құрылыс жобаларын әзірлеу, қайта жаңарту мен пайдаланудың барлық сатысында жүзеге асырылады. СҚА-ның көлемі мен шекаралары СҚА жобасында айқындалады. СҚА көлемдерін негіздеу осы Санитариялық қағидаларда жазылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
31. Жаңа объектілер салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңартуға немесе техникалық қайта жарақтауға арналған СҚА Жобасында СҚА-ны ұйымдастыруға және абаттандыруға арналған іс-шаралар мен құралдар көзделеді.
32. СҚА шекаралары шеткі химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен не өнеркәсіптік өндіріске және объектіге жататын жер учаскесінің шекарасынан бастап белгіленген бағытта оның сыртқы шекарасына дейін белгіленеді.
33. Шығарындылар мен өндірістердің сипаттамасына байланысты, олар бойынша СҚА белгілеу үшін жетекші фактор атмосфералық ауаның химиялық ластануы болып табылады, СҚА көлемі өнеркәсіп алаңы шекарасынан және/немесе ластайтын заттарды шығару көздерінен бастап белгіленеді.
Өнеркәсіптік алаң аумағының шекаралары:
1) ашық алаңдарда технологиялық жабдық бар болғанда ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздерден;
2) өндірісті өнеркәсіп алаңында бытырап орналасқан көздермен ұйымдастырған кезде;
3) жер беті және төмен көздер, орташа биіктіктегі салқын шығарындылар бар болғанда;
4) қыздырылған шығарындылардың жоғары, орташа көздері бар болғанда шығарындылар көздерінен бастап есептеледі.
34. Фон көрсеткіштерінің жоғарылауы гигиеналық нормативтерден артық аумақта адамның денсаулығына әсер ету және өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Адамның өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын жұмыс істеп тұрған объектілер үшін өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер кезінде РЕШШ-ға дейін және фонды есепке ала отырып, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД-ге дейін азайтқан жағдайда өндірістерді қайта жаңарту немесе қайта бейіндеу жүргізуге рұқсат етіледі.
35. Есепті СҚА және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерді натурлық зерттеулер мен өлшеулер, тәуекелді бағалау (қауіптілік сыныбы І-ІІ объектілер үшін) негізінде алынған көлемнің сәйкес келмеуі жағдайында, СҚА көлемі бойынша шешім халықтың денсаулығы үшін барынша үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.
36. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің санитариялық сыныптамасына сәйкес адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына табиғаты бойынша әртүрлі қолайсыз факторларды төмендету бойынша көзделетін шараларды ескере отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін СҚА өлшемдері белгіленеді.
37. Өндірістің көлемін уақытша қысқарту ең үлкен жобалық немесе объектінің іс жүзінде қол жеткізілген қуаты үшін қабылданған СҚА көлемін қайта қарауға негіз болып табылмайды.
38. Графикалық материалдарда (қаланың бас жоспары, аумақтық жоспарлау схемасы, топографиялық карта, ситуациялық схема) өнеркәсіп алаңының сыртындағы СҚА шекарасы арнайы ақпараттық белгілермен белгіленеді.
39. СҚА өлшемін негіздеу кезінде:
1) СҚА өлшемі мен шекаралары;
2) халықты зиянды химиялық қоспалар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар;
3) СҚА аумағын функциялық аймақтау және әртүрлі аймақтарды пайдалану режимі белгіленеді.
40. Жобаланатын, қайта жаңартылатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіптілік сыныбының I және II объектілері үшін денсаулыққа тәуекелді бағалай отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластануының сейілуін есептеулер және адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету тәуекелін бағалау негізінде белгіленеді.
41. Объектілер топтары немесе өнеркәсіп желісі үшін СҚА өлшемі өнеркәсіптік аймаққа, өнеркәсіп желісіне (кешен) кіретін объектілер көздерінің физикалық әсерін және жиынтық шығарындыларды есепке ала отырып белгіленеді. Олар үшін бірыңғай есепті СҚА белгіленеді және есептеу параметрлерін натурлық зерттеулерді халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау деректерімен растаудан кейін СҚА көлемі түпкілікті белгіленеді. Халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамына қауіптілік сыныбының I және II объектілері кіретін объектілер топтары үшін жүргізіледі.
Өнеркәсіп аймағының, өнеркәсіп желісінің (кешендерінің) құрамына кіретін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін СҚА әр объект үшін жеке белгіленуі мүмкін.
42. Объектілерді қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру есепті шекаралары бар СҚА жобасының құрамында орындалған атмосфералық ауаның күтілетін ластануын, атмосфералық ауаға физикалық әсерді есептеулер бар жоба болған кезде жүргізіледі. Объектіні қайта жаңарту және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептеу параметрлері атмосфералық ауаны натурлық зерттеулер және атмосфералық ауаға физикалық факторлардың әсерлерін өлшеулер нәтижелерінде расталады.
43. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттердің шығарындылардың атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлардың әсерлерін болдырмауға және оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы ресурсты сақтау, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады.
44. Құрылыс және қайта жаңарту жобаларында әзірленетін технологиялық және техникалық шешімдер жаңа технологиялар - тәжірибелік-эксперименталдық өндірістердің деректері, осыған ұқсас өндірісті құру жөніндегі шетел тәжірибесінің материалдары негізінде өндірісті жоспарлау кезінде, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелерімен негізделеді.
45. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және жобаланатын өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің СҚА өлшемін өзгерту (көбейту, азайту) қажетті өзгерістерді дәлелдейтін жобаның әзірлемесімен қоса жүруі тиіс.
4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу
46. Объектілер үшін СҚА өлшемдерін белгілеу атмосфералық ауаны натурлық зерттеулер және өлшеулер нәтижелерін, жобаның құрамында ұсынылған бақылау бағдарламасына сәйкес орындалған атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін есепке ала отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсерді және атмосфералық ауаның ластану есептеулері бар СҚА негіздеу жобалары бар болғанда жүргізіледі.
47. Қауіптіліктің I және II сыныбының жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілерінің СҚА өлшемін өзгерту (азайту, көбейту) мынадай материалдарға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысына;
2) аккредиттелген ұйымдар орындаған атмосфералық ауаның ластануының сейілуін және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелеріне;
3) халықтың денсаулығына тәуекелді бағалауға;
4) атмосфералық ауаның ластануын (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде елу зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін тұрақты натурлық зерттеулер мен өлшеулерге (жылдық) (кем дегенде 3 жыл);
5) объектілердің одан арғы қызметіне қуатын азайту, құрамын өзгерту және қайта бейіндеуге;
6) өмір сүру ортасына әсердің деңгейлерін азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізуге негізделген жобаға сәйкес жүргізіледі.
48. Қауіптіліктің III, IV және V сыныбының жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілері үшін СҚА өлшемдері:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
2) атмосфералық ауаның ластануының сейілуін және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелері;
3) атмосфералық ауаның ластануын (қыс мезгілін қоспағанда жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін тұрақты натурлық зерттеулер мен өлшеулер (кем дегенде үш жыл);
4) объектілердің одан арғы қызметіне қуатын азайту, құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;
5) өмір сүру ортасына әсердің деңгейлерін азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізу негізінде өзгертіледі.
Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемі техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкін болмағанда белгіленген нормативтік деңгейлермен салыстыру бойынша және/немесе кез келген әсер ету факторы бойынша табиғи зерттеулер мен өлшеулер нәтижелері бойынша ұлғайтылады. Жағдайды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылы ішіндегі өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады.
5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі
49. СҚА шекараларында:
1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда тұрғын үй құрылыстарын;
2) ландшафтылы-рекреациялы аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;
3) бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;
4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастыруға жол берілмейді.
50. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:
1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды шығару бойынша объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;
2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;
3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол берілмейді.
51. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған объектілерді:
1) кезекші апаттық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (екі аптадан артық емес) жұмыс істейтін адамдар болатын үй-жайларды;
2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроны, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;
3) жергілікті және транзитті коммуникацияны, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын орналастыруға жол беріледі;
4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында сондай-ақ техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді, өндірісте пайдаланылмайтын тамақ өнімдерін орналастыруға жол беріледі.
52. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.
53. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін негіздеу кезінде фондық ластауда есепке алынады.
54. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды.
СҚА бір бөлігі жұмыс істеп тұрған СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақтау негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы және ең аз санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдері
1. Химиялық өндірістер
1. 1 сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес:
1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа тыңайтқыштар) өндірісі.
Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентрацияланған минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар осы Санитариялық қағидалардың36-тармағына сәйкес анықталатын кеңейтілген СҚА қажет етеді;
2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу енеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдері - анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқалары өндірісі;
3) нафтален және антраценов қатарындағы жартылай өнімдер - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фтал ангидриді және басқалары өндірісі;
4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу әдісімен қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлозаны өндіру;
5.) электролиттік жолмен хлорды, хлордың негізінде жартылай өнімдерін және өнімдерін өндіру;
6) хлорлау әдісімен (титомагний, магний және басқалары) сирек металдар өндірісі;
7) жасанды және синтетикалық талшықтар (визкоза, капрон, лавсан, нитрон және целлофан) өндірісі;
8) диметилтерефталат өндірісі;
9) капролактам өндірісі;
10) күкіртті көміртек өндірісі;
11) синтетикалық полимерлік материалдарға арналған өнімдер мен жартылай өнімдерді өндіру;
12) күшәла және оның қосындыларын өндіру;
13) мұнайды, ілеспе мұнай және табиғи газды қайта өңдеу өндірісі. Құрамындағы күкірт қосындылары 1%-дан (салмақты) артық көмірсутекті өңдегенде СҚА аймағы негізделіп ұлғайтылуы тиіс;
14) пикрин қышқылын өндіру;
15) фторды, фторлы сутекті және олардың негізіндегі жартылай өнімдер мен өнімдерді (органикалық, органикалық емес) өндіру;
16) жанғыш тақта тасты қайта өңдеу өндірісі;
17) қара күйе өндірісі;
18) фосфор (сары, қызыл) және фосфорорганикалық қосындылар (тиофос, карбофос, меркаптофос және басқалары) өндірісі;
19) суперфосфат тыңайтқыштары өндірісі;
20) кальций карбиді, кальций карбидінен ацетилен алу және ацетилен негізіндегі туындылар өндірісі;
21) жасанды және синтетикалық каучук өндірісі;
22) көгертетін қышқыл, оның негізіндегі органикалық жартылай өнімдер және өнімдер (ацетонциангидрид, этилен-циан, метакрил және акрил қышқылдары эфирлері, диизоцианиттер және басқалары) өндірісі; цианды тұздар (калий, натрий және басқалары), цианплав, дицианамид, кальций дицианамиді өндірісі;
23) көмірсутекті газдардан және оның негізіндегі өнімдерден ацетилен өндіру;
24) синтетикалық химиялық-фармацевтикалық және дәрі-дәрмек препараттарын өндіру;
25) оттегімен тікелей тотықтыру арқылы синтетикалық май қышқылдарын, жоғары май спирттерін өндіру;
26) меркаптандар өндірісі, орталықтандырылған газды меркаптандармен одоризациялау қондырғылары, одорант қоймалары;
27) хромды, хромды ангидридті және оның негізіндегі тұздарды өндіру;
28) күрделі эфирлер өндірісі;
29) фенолформальдегид, полиэфир, эпоксид және басқа жасанды шайыр өндірісі;
30) метионин өндірісі;
31) металдар карбонилін өндіру;
32) таскөмірлі қара майды, мұнайды, қылқан жапырақты (гудронды, жартылай гудронды және басқаларын) айдаудың қалдықтарынан битумды және басқа өнімдерді өндіру;
33) бериллий өндірісі;
34) синтетикалық спирттер (бутил, пропил, изопропил, амил) өндірісі;
35) вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі;
36) жемдік амин қышқылдарын (жемдік лизин, премикстер) өндіру;
37) пестицидтер өндірісі;
38) оқ-дәрі, жарылғыш заттар өндірісі, қоймалар мен полигондар;
39) алифатиялық аминдер (моно-ди-үш-метиламиндер және басқалары) және оның негізіндегі өнімдерді (симазин және басқалары) өндіру.
2. II сынып - СҚА 500 м-ден кем емес:
1) бром, оның негізіндегі өнімдерді және жартылай өнімдерді органикалық және бейорганикалық) өндіру;
2) газдар (жарықтық, сулы, генераторлық, мұнайлық) өндіру;
3) көмірді жер астында газдандыру станциялары;
4) органикалық еріткіштерді және майды (бензол, толуол, ксилол, нафтол, крезол, антрацен, фенантрен, акридин, карбозол және басқалары) өндіру;
5) таскөмір және оның негізіндегі өнімдерді (таскөмірлі пек, шайыр және басқалары) қайта өңдеу объектілері;
6) шымтезекті химиялық қайта өңдеу объектілері;
7) күкірт қышқылын, олеумді, күкіртті газды өндіру;
8) тұз қышқылын ендіру;
9) күкіртті қышқыл әдісімен немесе тікелей гидратация әдісімен синтетикалық этил спиртін өндіру. Фосген және оның негізіндегі өнімдер (парофор және басқалары) өндіру;
10) қышқылдарды: аминоэнантты, аминоундеканды, аминопеларгонды, тиодиваленианды, изофталды өндіру;
11) натрий нитритін, тионилхлоридті, көмір аммоний тұздарын, көмірқышқылды аммонийді өндіру;
12) диметилформамид өндірісі;
13) этил сұйықтығы өндірісі;
14) катализаторлар өндірісі;
15) күкіртті органикалық бояғыштар өндірісі;
16) калий тұздары өндірісі;
17) ұшпа органикалық қосындылар қолданылатын жасанды тері өндірісі;
18) азотолдар және азоаминдер барлық сыныбының текшелік бояғыштарын өндіру;
19) этилен тотығы, пропилен тотығы, полипропилен өндірісі;
20) 3,3-ди(хлорметил)оксоциклобутан, поликарбонат, пропилен мен этилен сополимерлері, мұнайдың ілеспе газдары базасында жоғары полиолефиндер полимерлерін өндіру;
21) пластификаторлар өндірісі;
22) хлорвинил негізінде пластмасса өндірісі;
23) цистернаны (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдағанда) тазарту, жуу және булау пункттері;
24) синтетикалық жуғыш заттар өндірісі;
25) бастапқы өнімдері өндірілетін тұрмыстық химия өнімдерін өндіру;
26) бор және оның қосындыларын өндіру;
27) парафин өндірісі;
28) қарамай, ағаштан сұйық және ұшпа погондар, метил спирті, сіркесу қышқылы, скипидар, терпетин майы, ацетон, креозот өндірісі;
29) сіркесу қышқылы өндірісі;
30) сіркесу қышқылы мен сіркесу ангидридінің шикізат өндірісі мен ацетилцеллюлоза өндірісі;
31) пентозан қосындыларымен өсімдік шикізатын қайта өңдеу негізіндегі гидролиз өндірісі;
32) изоактил спиртін, майлы альдегид, май қышқылын, винилтолуолды, пенопласты, поливинилтолуолды, полиформальдегидті, органикалық қышқылдардың регенерациясын (сіркесу, майлы және басқалары), метиопирролидонды, пен-таэритритті, уротропинді, формальдегидті өндіру;
33) капрон және лавсан матасының өндірісі.
3. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) ниобий өндірісі;
2) тантал өндірісі;
3) аммиакты әдіспен кальцийленген сода өндіру;
4) аммиакты, калийлі, натрийлі, кальцийлі селитра өндірісі;
5) химиялық реактивтер өндірісі;
6) целлюлоза эфирлерінен пластикалық массалар өндіру;
7) корунд өндірісі;
8) барий және оның қосылыстарының өндірісі;
9) ультрамарин өндірісі;
10) ағаштан жемдік ашытқылар мен фурфурол және гидролиз әдісімен ауыл шаруашылығы қалдықтарын өндіру;
11) никотин өндірісі;
12) изомеризациялық әдіспен синтетикалық камфара өндірісі;
13) меламин және цианур қышқылының өндірісі;
14) поликарбонаттар өндірісі;
15) күшәла, фосфор, хром, қорғасын және сынап тұздарынан басқа, минералды тұздар өндірісі;
16) пластмасса (карболит) өндірісі;
17) фенолформальдегид прессматериалдарын, фенолформальдегидті шайыр негізіндегі қағаздан, матадан престелген және оралған бұйымдар өндірісі;
18) жасанды минералды бояулар өндірісі;
19) резеңке мен каучукты регенерациялау өндірісі;
20) шиналар, резеңкелік-техникалық бұйымдар, эбонит, желімделген аяқ-киімді, сондай-ақ олар үшін резеңке қоспаларды өндіру;
21) сурьма, висмут және басқалары тұздарын алу үшін сирек кездесетін металдарды химиялық қайтадан өңдеу;
22) электр өнеркәсібіне көмір бұйымдарын (щеткалар, электр көмірлері) өндіру;
23) резеңкені вулканизациялау өндірісі;
24) аммиакты судың өндірісі мен базисті қоймалары;
25) парофазалық әдіспен (металды сынапты қолданбай) ацетальдегид өндіру;
26) полистирол және стиролдың сополимерлерін өндіру;
27) кремний органикалық лактарды, сұйықтықтарды және шайырларды өндіру;
28) меркаптаннан одоризациялық құрылғысымен магистралды газ құбырларының газ тарататын станциялары, ашық алаңдағы компрессорларымен газ жинақтаушы (газды құятын) станциялары;
29) себацин қышқылын өндіру;
30) винилацетат және оның негізіндегі өнімдерді (поливинилацетат, поливинилацетатты эмульсия, винил спирті, винифлекс және басқалары) өндіру;
31) лак өндіру (майлы, спиртті, типографиялық, оқшаулаушы, резеңке өнеркәсібі үшін және басқалары);
32) ванилин мен сахарин өндірісі;
33) бөлудің сығылған және сұйытылған өнімдерінің өндірісі;
34) техникалық саломас (электролиттік емес әдіспен сутегі алынатын) өндірісі;
35) парфюмерия өндірісі;
36) ұшпа органикалық еріткіштер қолданылмайтын поливинилхлорид және басқа шайыр негізіндегі жасанды тері өндіру;
37) эпихлоргидрин өндірісі;
38) сығылған азот, оттегі өндірісі;
39) жемдік ашытқылар өндіру;
40) булану құрылғыларымен және қайта өңделетін шикізат бойынша өнімділігі сағатына 0,5-тен көп емес мұнай өнімдерін қайта өңдеу өндірісі.
Тауарлы мұнайды бензинге, дизель отыны мен мазутқа тікелей айдауға индукциялық қыздыру жүйесін қолданатын, қуаттылығы жылына мұнайдың 100 000 тоннасына дейін аз күкіртті және күкіртті мұнайды қайта өңдейтін құрылғылар үшін атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шоғырлануына есептеу жүргізілуі тиіс. Осы қондырғыларды тұрғын үй құрылыс арасына орналастыруға және оларда жоғары күкіртті мұнайды қайта өңдеуге жол берілмейді.
4. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) тук қоспаларын өндіру;
2) фтор пластарын қайта өңдеу өндірісі;
3) дайын целлюлоза мен ескі-құсқыдан қағаз өндіру;
4) глицерин өндірісі;
5) галалит және басқа белокты пластиктер (аминопластар және басқалары) өндірісі;
6) конденсациялық шайырда эмаль өндіру;
7) сабын өндірісі;
8) түзды қайнататын және тартатын өндіріс;
9) калийдің фармацевтикалық тұздарын (хлор, күкірт қышқылды, поташа) өндіру;
10) минералды табиғи (бор, охра және басқа) бояу өндірісі;
11) дубилді экстракт өндірісі;
12) полиграфиялық бояу зауыты;
13) фотохимия (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинопленкалар) өндірісі;
14) дайын бастапқы өнімдерден тұрмыстық химия тауарларын өндіру және оларды сақтау қоймалары;
15) олифа өндірісі;
16) әйнек талшық өндірісі;
17) медициналық әйнек (сынапсыз) өндірісі;
18) пластмассаны өңдеу (құю, экструзия, престеу, вакуум-қалыптау) өндірісі;
19) полиуретан өндірісі.
5. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) дайын дәрі-дәрмек түрлерін (құрамдас бөлігін даярлаусыз) өндіру;
2) макулатурадан қағаз өндіру;
3) қуаттылығы тәулігіне 160 кг-нан артық киімді химиялық тазартатын фабрикалар;
4) пластмассадан және синтетикалық шайырдан (механикалық өңдеу) бұйым өндіру;
5) көмір қышқылын және "құрғақ мұз" өндіру;
6) Жасанды інжу өндірісі;
7) сіріңке өндірісі.
2. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері
6. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) жылына 1 000 000 тоннадан (бұдан әрі - жыл/т) артық болат пен шойынның толық металлургиялық циклы бар қара металлургия өндірісі. Үлкен қуаттылығы қажетті нормативтен тыс ең аз СҚА аймағын қосымша негіздеуді талап етеді;
2) 3000 жыл/т артық мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш және басқалары) қайталама қайта өңдеу өндірісі;
3) домна пештерінің жалпы көлемі 1500 м3-ден көп болғанда кеннен және концентраттардан шойын балқыту өндірісі;
4) қалдықтарды қайта өңдейтін цехтары бар мартенді және конверторлық әдістерімен (тома шлакты және басқаларын тарту) шойын өндірісі;
5) тікелей кен мен концентраттардан түсті металдарды (қорғасын, қалайы, мыс, никель) балқыту өндірісі;
6) алюминийдің балқытылған тұздары (глинозем) электролизі әдісімен алюминий өндіру;
7) арнайы шойынды балқыту өндірісі;
8) ферроқорытпа өндірісі;
9) қара және түсті металдардың кендерін және пиритті шырақ тұқылын агломерациялау өндірісі;
10) глинозем (алюминий оксиді) өндірісі;
11) сынап және сынапты приборлар (сынапты түзеткіштер, термометрлер, шамдар) өндірісі;
12) коксохимия (коксогаз) өндірісі.
7. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3-тан 1500 м3-қа дейін шойын балқыту өндірісі;
2) шойын мен болаттың 1 000 000-ға дейінгі жыл/т қуаттылығындағы толық металлургиялық цикл бар қара металлургия өндірісі;
3) 1 000 000 жыл/т мөлшерінде негізгі өнімді шығаратын қалдықтарды қайта өңдеу (томас шлакты және басқаларын тарту) цехтары бар мартенді, электрлік балқыту және конверторлық әдістермен шойын өндірісі;
4) магний (хлоридтіден басқа барлық әдістермен) өндірісі;
5) 100 000 жыл/т-дан артық мөлшердегі шойынды қалыпқа құю өндірісі;
6) коксты күйдіру өндірісі;
7) қорғасын аккумуляторлары өндірісі;
8) әуе кемелері өндірісі, техникалық қызмет көрсету;
9) автомобиль өнеркәсібі объектілері;
10) шойын металл конструкциялары өндірісі;
11) құятын және бояйтын цехтары бар вагондар өндірісі;
12) 2000-нан 3000 жыл/т-ға дейін мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш және басқалары) қайталама қайта өңдеу өндірістері.
8. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) томас шлакты тартатын өндіріс;
2) 100-ден 2000 жыл/т-ға дейінгі мөлшерде түсті металдарды өндіру;
3) пирометаллургиялық және электролиттік әдістермен сурьма өндіру;
4) 20 000-нан 100 000 жыл/т мөлшерінде шойын фасондар құю өндірісі;
5) сулы ерітінділердің электролизі әдісімен мырыш, мыс, кобальт өндіру;
6) металл электродтар (марганецті қолдану арқылы) өндірісі;
7) 10 000 жыл/т қуаттылығы қысымымен түрлі-түсті фасон құю өндірісі (алюминий қорытпасынан қысыммен 9500 т құю және мырыш қорытпасынан 500 т құю);
8) люминофор өндірісі;
9) метизді өндіріс;
10) санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісі;
11) ет-сүт таситын машина жасайтын кәсіпорын;
12) шахталық автоматика өндірісі;
13) шрифт құю (қорғасынның бөліну мүмкіндігі болғанда) зауыттары;
14) жалаң кабель өндірісі;
15) сілтілі аккумуляторлар өндірісі;
16) кенді химиялық өңдеу цехы болмағанда қатты қорытпалар мен тығыз балқитын металдар өндірісі;
17) кеме жөндейтін кәсіпорындар;
18) домна пешінің жалпы көлемі 500 м3 болғанда болатты балқыту өндірісі.
9. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) ыстық өңдеусіз металды байыту өндірісі;
2) қорғасынды немесе резинамен жекеленген кабель өндірісі;
3) 10 000-нан 20 000 жыл/т-ға дейін шойын фасон құю өндірісі;
4) 1000 жыл/т-ға дейін мөлшерде түрлі-түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш және басқалары) қайталама қайта өңдеу өндірісі;
5) ауыр престер өндіру;
6) кішігірім құятын және басқа ыстық цехтары болғанда электротехникалық өнеркәсіп машиналары мен аспаптарын (динамо машиналар, конденсаторлар, трансформаторлар, прожекторлар және басқалары) өндіру;
7) құятын цехтары жоқ және сынап қолданбайтын электр өнеркәсібінде аспаптарды (электр шамдар, шамшырақтар, және басқалары) өндіру;
8) жол машиналарын, автомобильдер, кузовтарды, темір жол көлігі мен метрополитеннің жылжымалы құрамын жөндеу объектілері;
9) координат-жонғы станоктар өндірісі;
10) құятын цехтары жоқ болат, шойын (10 0000 жыл/т-ға дейін мөлшерде) және түрлі-түсті (100 жыл/т-ға дейін мөлшерде) металл өңдеу өндірісі;
11) металл электродтар өндірісі;
12) шрифт құю (қорғасын бөлінбейтін) өндірісі;
13) полиграфиялық комбинаттар;
14) офсетті баспа фабрикасы;
15) қорғасын қолданатын типография;
16) құйылмай боялатын металл өңдейтін машина жасау өндірісі.
10. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) қазандық өндірісі;
2) пневматикалық автоматика объектісі;
3) металл штамп объектісі;
4) ауыл шаруашылығы бөлшектері объектісі;
5) қорғасын қолданбайтын (офсеттік, компьютерлік теру) типографиялар.
3. Кен, кенсіз қазбалар, табиғи газ өндіру
11. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) кенсіз құрылыс материалдары карьерлері;
2) тау-кен байыту өндірістері;
3) тәулігіне 0,5-тен 1 тоннаға дейін күкірт сутегін бөлетін, сондай-ақ ұшпа көмірсутек жоғары болатын мұнай өндіру өндіріс;
4) табиғи газды шығару өндірісі;
5) полиметал (қорғасын, сынап, күшәла, бериллий, марганец) кендерін және ашық өндірістегі VІІІ-ХІ санатты тау жынысын шығаратын өндіріс;
6) асбест шығару өндірісі;
7) темір кенін және ашық өндірістегі тау жыныстарын шығару өндірісі;
8) гипс шығару өндірісі;
9) ашық әдіспен металлоид шығару өндірісі;
10) түсті металдарды шығару кезіндегі шлам жинағыштар мен үйінді;
11) көмір разрезі.
Ескертпе: Мұнай және ілеспе газ құрамында 3,0% және одан көп мөлшерде күкірт сутек пен меркаптандар болғанда, көмірсутекті шикізатты өндіретін кәсіпорындар үшін СҚЗ көлемі 5000 м-ден кем емес; ал 20,0% және одан артық болғанда СҚЗ көлемі 8000 м-ден кем емес болуы тиіс.
12. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) ылғалды байыту әдісі бар байыту фабрикалары мен гидрошахталар;
2) темір мен көмірді шығарудағы шлам жинағыштар мен үйінділер;
3) ұшпа көмірсутек аз мөлшерде болатын, тәулігіне 0,5 т-ға дейін күкірт сутегін шығару кезіндегі мұнай өндіру өндірісі;
4) фосфориттер, апатиттер, колчедандар (химиялық өңдеусіз), темір кендерін шығару өндірістері;
5) қорғасын кенін, сынаптан, күшәладан және марганецтен басқа шахталы әдіспен металдар мен металлоидтер кендерін шығару өндірістері;
6) ашық өндірістегі доломиттер, магнезиттер, асфальттың гудрондары VI-VII санатты тау жыныстарын шығару өндірістері;
7) жанғыш тақта тас өндірісі;
8) шымтезек, таскөмір мен қоңыр көмір және басқа көмір шығаратын өндірістер;
9) ұсақ шымтезек пен көмірден брикет өндірісі;
10) тастан ас тұзын шығаратын өндірістер;
11) өздігінен басу шаралары қарастырылмаған шахталық террикондар.
13. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) ашық өндіріспен мәрмәр, қиыршық тас, құм, саз шығару өндірісі;
2) ашық әдіспен калий карбонатын шығару өндірісі.
4. Құрылыс өнеркәсібі
14. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) цемент (портланд-шлакопортланд-пуццолан-цемент және басқа), сондай-ақ жергілікті цемент (глинитцемент, гипсошлак, фосфорлы-шлак және басқа) өндірісі;
2) шахталы, айналма және басқа пештерде күйдіру арқылы магнезит, доломит және шамот өндірісі;
3) асбест және оның өнімдерін өндіру;
4) стационарлық зауыттарда асфальт бетон өндіру.
15. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) гипс (алебастр) өндірісі;
2) әк (шахталы және айналма пештер бар әк зауыттары) өндірісі;
3) көркем әйнек, балқыту және хрусталь өндірісі;
4) әйнек мақта және шлак жүнін өндіру;
5) ұсақ тас, қиыршық тас және құм өндірісі, кварц құмын байыту;
6) толь және рубероид өндірісі;
7) ферриттер өндірісі;
8) құрылыс полимерлік материалдар өндірісі;
9) кірпіш (қызыл, силикат, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар) өндірісі;
10) кран әдісімен төгілетін жүктерді (көмір, кен) аудару;
11) үй құрылысы комбинаты;
12) темір бетон бұйымдары өндірісі;
16. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) жасанды толтырғыштар (керамзит және басқалары) өндірісі;
2) жасанды тас өндірісі;
3) цемент және басқа шаң бөлетін материал элеваторлары;
4) жылу электр станцияларының қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру;
5) бетон және бетон бұйымдарын өндіру;
6) фарфор және фаянс бұйымдары өндірісі;
7) тас құю өндірісі;
8) табиғи тасты өңдеу өндірісі;
9) жарылмайтын әдіспен тас шығару өндірісі;
10) гипс бұйымдарын өндіру;
11) фибролит, камышит, соломит, дифферент және басқаларын өндіру;
12) құрылыс бөлшектері өндірісі;
13) битум қондырғылары.
17. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) саз балшық бұйымдары өндірісі;
2) әйнек өндірісі, әйнекті тегістеу;
3) мәрмәрді механикалық өңдеу;
4) бетон өндіру қондырғысы;
5) қиыршық тас, құм, саз өндіру карьерлері, кәсіпорындары.
5. Ағашты өңдеу
18. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) орманды химиялық өндірістер (ағашты химиялық қайта өңдеу өндірісі және ағаштан көмір алу).
19. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) ағашты консервілеу (қоректендіру арқылы) өндірісі;
2) шпал өндіру және оларды қоректендіру өндірісі;
3) ағаштан: байланыстырушы ретінде синтетикалық шайырларды қолдану арқылы ағаш-жаңқа плиталарын, ағаш-талшықты плиталар өндіру;
4) ағаш өңдеу өндірісі.
20. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) қылқан жапырақ-витамин ұны, қылқан жапырақ экстрактысы хлорофилді-каротинді паста өндірісі;
2) ағаш жүнін өндіру;
3) ағаш кесетін, фанера және стандартты ағаш ғимараттар бөлшектері өндірісі;
4) ағаш кемелерді дайындауға (кішкене кемелер, қайықтар) арналған кеме құрылысы верфтері;
5) ағаш шебері-балташы, жиһаз, паркет және жәшік жасау объектілері;
6) лактауы және бояуы бар жиһазды жинау.
21. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) арба өндірісі;
2) дайын клепкадан кеспек-күбі бұйымдарын өндіру;
3) жеке-тоқыма өндірісі;
4) тұзды және сулы ерітінділермен (қүшәланың тұзын қолданбай), сылақпен ағашты консервілеу өндірісі;
5) ағаш кемелерін даярлауға (кішкене кемелер, қайықтар) кеме құрылысы верфтері.
22. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) бояусыз және лаксыз дайын өнімдерден жиһаз құрастыру.
6. Тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі
23. 1 сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) сынапты органикалық препараттармен тұқымды өңдейтін цехтар құрылғылары бар мақтаны бастапқы өңдеу объектілері;
2) ұшпа еріткіштер қолданатын жасанды тері, пленка материалдар, клеенка, пластикалық тері өндірісі;
3) күкірт көміртегімен матаны өңдейтін және химиялық ылғалдандыратын объектілер.
24. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) майлы, майлы-асфальтты, бакелитті және басқа лактармен маталар мен қағазды үздіксіз ылғалдандыратын объектілер;
2) күкірт көміртегінен басқа химиялық заттармен маталарды (дерматинді, гранитолді) өңдейтін және ылғалдандыратын объектілер;
3) поливинилхлорид бір жақты бекемделген пленканы, қосарланған полимерлерден пленканы, аяқ киімнің астына резеңкені, еріткіштерді қолдану арқылы регенераторлар өндіру;
4) жіп иіру-тоқу өндірісі.
25. III сынып - СКД аймағы 300 м-ден кем емес:
1) өсімдік тектес талшықтарды (зығырды, сораны, мақтаны, кендірді) бастапқы өңдейтін өндіріс;
2) ағартатын және бояйтын-аппретуралық ұйымдар;
3) жүннен, мақтадан, зығырдан, сондай-ақ бояйтын және ағартатын цехтар болғанда синтетикалық және жасанды талшықтардың қоспасымен мата және жіп өндіру;
4) органикалық еріткіштерді қолдана отырып, полимерлермен өңдейтін, галантереялық-былғары картон өндірісі;
5) мақта шикізатын қабылдайтын пункттер;
6) спорт бұйымдары өндірісі;
7) шыт тоқитын өндіріс;
8) фурнитура өндірісі.
26. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) зығыр, кендір өндірісі;
2) жібек құртты пісіру және жібек орау объектілері;
3) меланж өндірісі;
4) кендір иіретін, арқан, жіп және ұштарын өңдейтін кәсіпорын;
5) жасанды қаракөл өндірісі;
6) аяқ киім өндіру;
7) бояйтын және ағартатын цехтары жоқ мақтадан, зығырдан, жүннен жіп пен мата өндіру;
8) трикотаж және шілтер өндірісі;
9) жібек тоқу өндірісі;
10) тігін фабрикалары;
11) кілем өндірісі;
12) еріткіштерді қолданбайтын былғары және былғары-целлюлоза алшықтағы аяқ киім картонын ендіру;
13) шпуль және катушка өндірісі;
14) тұсқағаз өндірісі;
15) шұлық өндірісі.
27. V сынып - СКД аймағы 50 м-ден кем емес:
1) суда еритін желімді қолданатын дайын материалдардан аз сериялы аяқ киімді шығаратын объектілер.
7. Мал өнімдерін өңдеу
28. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) желім қайнататын, терінің қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен және басқа жануардың қалдықтары мен қоқтықтарынан желім даярлайтын зауыттар;
2) сүйектен, терінің шелінен, терінің қалдықтарынан және жануардың қалдықтары мен қоқтықтарын қоймада сақтай отырып техникалық желатинді өндіру;
3) өлген жануарларды, балықты, оның бөліктерін және басқа жануардың қалдықтары мен қоқыстарын (майға айналдыру, жануарларға жем, тыңайтқыштар) кәдеге жарататын зауыттар;
4) сүйекті өртейтін және ұсақтайтын зауыттар.
29. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) майды (техникалық майды) ерітетін өндірістер;
2) кәдеге жарататын шикізатты жинайтын орталық қоймалар.
30. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) жануарлардың шикі терілерін (қой-ішік, қой терісін илейтін, аң терісі) өңдейтін және бояйтын өндіріс, күдері, сафиян, лайка өндірісі;
2) жануарлардың шикі терілерін өңдейтін өндіріс: қалдықтарды қайта өңдейтін былғары-қайыс, былғары-илейтін өндіріс;
3) жүнді жуатын объектілер;
4) ылғал тұздалған және өңделмеген теріні уақытша сақтау қоймасы;
5) салқындатуы бар арнайы құрылған қоймаларда сақтау мерзімі ең аз жас, бұзылмаған сүйектен жоғары сортты желатин өндіру;
6) шашты, қылды, мамықты, қауырсынды, мүйізді және тұяқты өңдейтін өндіріс;
7) жануарлардың өлексесінен скелет және көрнекі құрал өндіру;
8) құрама жем зауыты (ас қалдықтарынан жануарларға жем өндіру);
9) жүн және киіз өндірісі;
10) лакталған тері өндірісі;
11) ішек және кетгут өндірісі;
12) уақытша сақтауға арналған (өңдеусіз) ылғал тұздалған тері (200 данаға дейін) қоймалары.
31. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) иленген теріден бұйым өндіру;
2) шаш пен қылдан щетка өндіру;
3) киіз басу шеберханасы.
8. Тамақ өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу
32. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) теңіз жануарларынан майды еріту өндірісі;
2) ішек жуатын объектілер;
3) ірімшік қайнататын өндіріс;
4) етті сүрлейтін өндіріс;
5) балықты сүрлейтін зауыттар.
33. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) қант қызылшасы өндірісі;
2) балық кәсіпшілігі;
3) диірмендер сағатына 2 т, жарма тартатын машина, дәнді сыдыратын кәсіпорындар және құрама жем зауыттары;
4) тауарлық ірі жарма қайнату және ашытқы даярлау өндірісі;
5) альбумин, декстрин, глюкоза, сірне өндірісі.
34. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) элеваторлар;
2) кофе қуыратын өндіріс;
3) олеомаргарин және маргарин өндірісі;
4) тағам спиртін өндіру;
5) балық комбинаттары, балық консервілері және кәдеге жарату цехтары бар (сүрлейтін цехы жоқ) балықтың жон еті кәсіпорны;
6) сығынды сақтайтын жері жоқ қант қызылшасы зауыттары;
7) жүгері-крахмал, жүгері-сірне зауыттары;
8) көкөністі қайта өңдейтін (кептіру, тұздау, ашыту) өндірістері;
9) крахмал өндірісі;
10) темекі-махорка (темекі-ферментациялық, темекі және сигарет-махорка фабрикалары) өндірістері;
11) бастапқы шарап ашыту зауыттары.
35. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) кондитер фабрикалары;
2) асханалық сіркесу өндірісі;
3) сыра, квас және алкогольсіз сусындар өндіру;
4) шай өлшейтін фабрикалар;
5) спирт - арақ зауыттары;
6) май шығаратын (өсімдік майы) зауыттар;
7) консерві зауыттары;
8) жеміс-көкөніс сақтайтын жер;
9) қант, шақпақ қант зауыттары;
10) коньяк спирті зауыттары;
11) макарон фабрикалары;
12) сүт және май шайқайтын (жануар майы) зауыттары;
13) колбаса бұйымдары өндірісі, ыстаусыз;
14) нан зауыттары және тәулігіне 2,5 т артық өнімділігі бар нан пісіру өндірісі;
15) тағам фабрикалары, дайындайтын орындар;
16) сыйымдылығы 600 тоннадан артық тоңазытқыштар;
17) жүзім шырыны зауыты;
18) жеміс және көкөніс шырыны және алкогольсіз сусындар зауыттар;
19) өнімділігі 0,5-тен 2 т/сағ дейін диірмендер.
36. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) шағын кәсіпорындар және қуаттылығы аз цехтар: 5 т/тәу дейін ет өңдеу, сүтті - 10 т/тәу дейін, нан және нан-тоқаш бұйымдарын - 2,5 т/тәу, балықтарды - 10 т/тәу дейін, кондитерлік өнімдерді өндіру кәсіпорындары - 0,5 т/тәу дейін өндіру кәсіпорындары;
2) сыйымдылығы 600 тоннаға дейін азық-түліктерді төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;
3) сыра (ашытылмаған) шығаратын өндірістер;
4) майонездер өндірісі.
9. Микробиология енеркәсібі
37. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) көмірсутектерден (парафин, мұнай, этанол, метанол, табиғи газ) белокты-витаминді концентраттарды (бұдан әрі - БВК) өндіру. Қолда бар технология мен толық тұмшаламау кезінде (БВК аэрозольдерінің, ашытқы клеткаларының шығуы, жағымсыз иістердің болуы) санитариялық-қорғаныш аймағы 3000 м-ден кем болмауы тиіс;
2) өндірісте патогендігі 1-2-топ микроорганизмдерін қолданатын объектілер;
3) жемдік бацитрацин өндірісі;
4) өсімдік шикізатынан пектин өндіру.
38. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) гидролиз әдісімен ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жем ашытқыларын, фурфурол және спирт өндіру;
2) тағам ашытқыларын өндіру;
3) микробиологиялық синтез әдісімен амин қышқылдарын өндіру;
4) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау үшін биопрепараттар трихограмм және басқалары) өндіру;
5) микробиологиялық синтез әдісімен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру;
6) антибиотиктер өндірісі;
7) егудің беткей әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттер өндірісі.
39. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) фурфурол өндірісі жоқ ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан (күнбағыстың қауызы, сабан, жүгері өзегі) жем ашытқыларын өндіру;
2) жем антибиотиктерін, оның ішінде биологиялық жолмен өндіру;
3) егудің терең әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттер өндіру.
10. Ауыл шаруашылығы объектілері
40. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) 5000 басқа дейін шошқа өсіретін шаруашылық;
2) жылына 3 млн-нан астам бройлер және 400 000-нан астам мекиен тауық өсіретін шаруашылық;
3) 5 000 бастан астам ірі қара мал өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
4) қи мен тезекті сақтайтын ашық жерлер;
5) 500 тоннадан артық улы химикаттарды сақтайтын қоймалар;
6) мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қорының шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда (ірі және ұсақ қара малдар) ет комбинаттары мен ет өңдеу кәсіпорны.
41. II сынып - СКД аймағы 500 м-ден кем емес:
1) 1200-ден 5000 сиырға дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын және төлге арналған 6000 орыны бар шаруашылық;
2) 100 бастан артық аң (қара күзен, түлкі және басқалары) өсіретін фермалар;
3) жылына 1 000 000-нан 3 000 000-ға дейін бройлерді және 100 000-нан 400 000-ға дейін мекиен тауық өсіретін шаруашылық;
4) қидың биологиялық өңделген сұйық фракциясын сақтайтын ашық орын;
5) қи мен тезекті сақтайтын жабық жерлер;
6) тұқымды өңдейтін және дәрілейтін өндіріс;
7) сұйытылған аммиак қоймалары.
42. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) 1200-ден кем (барлық бейіндегі) ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын шаруашылық, жылқы өсіретін фермалар;
2) 100 басқа дейін аң ұстайтын шаруашылық (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермалары);
3) 3000-нан 5000 басқа дейін қой өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
4) 1 000 000-ға дейін бройлерді және 100 000-ға дейін мекиен тауық өсіретін шаруашылық;
5) қи мен тезекті соқалайтын алаңдар;
6) 50 тоннадан артық минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды сақтайтын қоймалар;
7) егіс даласының шекарасынан елді мекенге дейін ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді тракторларды қолданып, пестицидтермен өңдеу;
8) үй қояны фермалары.
43. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы;
2) 50 тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды сақтайтын қоймалар;
3) құрғақ минералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар (тағам өнімдерін сақтайтын және қайта өндейтін кәсіпорындарға дейін де аймақ белгіленеді) қоймалары;
4) малдың шайынды суларын пайдаланатын мелиоративті объектілер;
5) тағам қалдықтарын пайдалануды қоса алғанда, жем даярлайтын цехтар;
6) автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтау гараждары мен парктері;
7) 50 басқа дейін аң ұстайтын шаруашылық (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермасы);
8) жанар-жағар май материалдары қоймалары.
44. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым қоймалары;
2) материалдық қоймалар.
11. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер
45. «А» сыныбы - СҚА аймағы 2000 м-ден кем емес:
1) қоқтықтарға және шығу тегі органикалық сұйық шаруашылық қалдықтары мен қатты шіріп жатқан қалдықтарға арналған бақыланатын жетілдірілмеген қоқыс үйінділері;
2) ассенизация алқабы;
3) шұңқырға көмілетін мал өлексесін көметін орындар;
4) жануарлар өліктерін жоятын кәдеге жарату зауыттары;
5) кәріз құрылыстарының СҚА ең аз көлемдері 2-кесте бойынша белгілейді.
46. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) мал тасымалдағаннан кейін вагондарды тазартатын және жуатын станциялар мен пункттер (дезинфекциялық тазарту станциялары мен пункттері);
2) қатты тұрмыстық және кәдеге жаратылмайтын қатты өнеркәсіп қалдықтары мен қоқтықтарына арналған жетілдірілген қоқыс үйінділері;
3) жыртылған жерлер;
4) елді мекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен жуынды-шайындыларын компостирлеу учаскелері;
5) биологиялық камералары бар мал өлексесін көметін орындар;
6) шайынды су станциялары;
7) ассенизация алқабы.
47. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) жылына 100 000 тоннадан (бұдан әрі — т/жыл) артық қоқыс өртейтін және қоқыс сорттайтын зауыттар (орталық);
2) кәдеге жаратылатын шикізатты жинайтын орталық базалар;
3) қоқысты пайдаланатын парниктер мен жылыжайға арналған учаскелер;
4) қи мен нәжіссіз қоқысты компостирлеу.
48. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) кәдеге жаратылатын шикізатты жинайтын аудандық мақсаттағы базалар;
2) қаланы тазарту бойынша механикаландырылған көлік парктері;
3) кәдеге жаратылатын шикізатты қайта өңдемей уақытша сақтау қоймалары;
4) автомобильдерге (жүк автомобильдері, сондай-ақ қалалық көлік автобустары) қызмет көрсететін кәсіпорындар;
5) толық салмағы 3,5 тоннадан артық автокөлікке және тракторларға жанар май құятын стационарлық үлгідегі автомобильге май құю станциялары;
6) 100 000 т/жыл дейін қоқыс өртейтін және сорттайтын (орталық) зауыттар;
7) зираттар, крематорийлер;
8) кеден терминалдары, көтерме базарлар.
49. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) автомобильдерге (азаматтардың жеке меншігінен басқа жеңіл автомобильдер, қалалық көліктен басқа автобустар) қызмет көрсететін объектілер;
2) троллейбус және трамвай парктері;
3) салмағы 3,5 тоннадан аспайтын автокөлік құралдарына жанар май құятын автомобильге май құю станциялары;
4) «қарбалас» сағатында қуаттылығы 80 жанар майдан артық, газ қайтару жүйесімен жабдықталған блокты-контейнерлі үлгідегі автомобильге май құю станциялары;
5) кремациядан соң көметін зираттар;
6) 2-ден 5-ке дейін постылары бар автомобильдерді жуу орындары;
7) химиялық тазарту, кір жуу орындары;
8) жануарлар ұстайтын ветеринариялық емханалар, виварийлер, тәлімбақтар, кинологиялық орталықтар, жануарларды уақытша ұстау орындары.
50. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) "қарбалас" сағатында қуаттылығы 80 жанар майдан кем құятын, газ қайтару жүйесімен жабдықталған блокты-контейнерлі үлгідегі автомобильге май құю станциялары, қайталама шикізатты қабылдау пункттері;
2) 5 постыға дейін жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету станциялары (сылау-қаңылтыр жұмыстары жоқ);
3) екі постыға дейін автомобиль жуу орындары;
4) өнімділігі ауысымына 160 кг аспайтын химиялық тазарту орындары.
12. Жүк қоймалары, айлақтары және түсіру және сақтау орындары, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері
51. І сынып - СҚА аймағы 1000 м-ден кем емес:
1) жүк айналымы 150 т/жыл артық апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүкті түсіретін жерлер мен ашық қоймалар.
I, II және III сыныптардың 1-ші тобына жүктердің шаңын шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көлікті немесе басқа қондырғыларды қолданатын көлік технологиялық схемалар кірмейді;
2) сұйық химиялық жүктер мен сұйытылған газдарды (метан, пропан, аммиак және басқалары), галогендер, күкірт, азот, көмірсутектердің (метанол, бензол, толуол және басқалары), спирттер, альдегидтер және басқа қосындылардың өндірістік қосындыларын тиеу және сақтау орны;
3) тазартатын және жуатын-булайтын станциялар, дезинфекциялау-булау объектілері, кемені, цистернаны тазартатын пункттер, мамандандырылған плавжинағыштардан балласты және құрамында мұнай бар шайынды суларды қабылдауға арналған қабылдау-тазарту құрылыстары;
4) жүктер мен кеме өндірісі орындары мен айлақтары, газ дезинфекциясы, дератизациясы мен дезинсекциясы орындары.
52. II сынып - СҚА аймағы 500 м-ден кем емес:
1) 150 000 т/жыл аз тауар айналымы бар апатит концентратты, фосфорит ұнын, цемент және басқа шаңданатын жүкті түсіретін орындар мен ашық қоймалар;
2) ашық қоймалар мен көмір түсіретін орындар;
3) минералды тыңайтқыштарды, асбесті, ізбесті, кенді (радиоактивтіден басқа) және басқа минералдарды (күкірт, күкіртті колчедан, гипс және басқалары) түсіретін ашық қоймалар мен орындар;
4) шикі мұнайды, битумды, мазутты және басқа жабысқақ мұнай өнімдері мен химиялық жүкті сақтайтын және түсіретін орын;
5) пек және құрамында пек бар жүкті түсіретін орындар мен ашық және жабық қоймалар. Антисептиктер сіңірілген ағаш шпалын түсіретін және сақтайтын орын.
53. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:
1) 5 000 т/жыл аз жүк айналымы бар шаңданатын жүкті (апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент) тиейтін және түсіретін орындар мен ашық қоймалар;
2) ыдысқа салынған химиялық жүкті (тыңайтқыштар, органикалық еріткіштер, қышқылдар мен басқа заттар) тиейтін және сақтайтын орын, жабық қоймалар;
3) магнезит, доломит және басқа шаңданатын жүкті жөнелту ашық жерлер мен жер асты қоймалары;
4) шаңданатын және сұйық жүк (аммиак суы, тыңайтқыштар, кальцийленген сода, лак бояу материалы және басқалары) қоймалары;
5) құрғақ құм, қиыршық тас, тасты және басқа минералды құрылыс материалдарын тиеп қоятын орындар мен ашық жер асты қоймалары;
6) ашық әдіспен алынатын шрот, күнжара, копра және басқа шаңданатын өсімдік өнімін тиейтін учаскелер мен қоймалар;
7) кәдеге жаратылатын шикізатты түсіру және сақтау қоймалары;
8) ылғал тұздалған өңделмеген теріні (200 данадан артық) және басқа жануар тектес өнімді түсіру және сақтау қоймалар;
9) малды, жануарларды және құсты тұрақты тиеу учаскелері;
10) балық, балық өнімдерін және кит соятын кәсіпшілігі өнімдерін тиеу және қоймалар.
54. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес:
1) тері шикізатын (оның ішінде 200 данаға дейін ылғал тұздалған тері) тиеу және қойма;
2) дәнді дақылды түсіретін ашық орын және қойма;
3) ас тұзын түсіретін ашық орын және қойма;
4) жүнді, шашты, қылды және осыған ұқсас басқа өнімді түсіретін ашық орын және қойма;
5) сыртқы ортаға шаң шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көлікті немесе басқа қондырғылар мен сақтау орнын қолдана отырып, үйіліп тасымалданатын апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент және шаңданатын басқа жүкті түсірудің және сақтаудың көлік-техникалық схемалары.
55. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес:
1) ылғалдандырылған минералды-құрылыс материалдарын (құм, қиыршық тас, шағыл, тас және басқалары) тиеу және ашық қоймалары;
2) престелген күнжара, шөп, сабан, темекі-махорка бұйымдарын және басқаларын тиеу және сақтау учаскелері;
3) тамақ өнімдерін (ет, сүт, кондитер), көкөніс, жеміс, сусындар және басқаларын тиеу, қоймалар;
4) тағамдық жүктерді (шарап, май, шырындар) құю және сақтау учаскелері;
5) рефрижераторлық кемелер мен вагондардың тиеу және түсіру учаскелері;
6) өзен айлақтары.
13. Минералды отын жаққан кездегі электр және жылу энергиясын өндіру
1) отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары (бұдан әрі - ЖЭС) СҚА 1000 м-ден кем емес I сынып объектілеріне жатады;
2) газды және мазутты қолданып жұмыс істейтін, эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары ЖЭС СҚА 500 м-ден кем емес II сынып объектілеріне жатады;
3) энергетиктердің тұрғын кентінің СҚА-сы күл үйіндісі бар кешенде ұйымдастырылған зиянды заттың шығуын есептеу және объектілердің ықтимал әсер ету аймағындағы және кент аумағындағы ауа ортасының іс жүзіндегі жағдайы туралы өлшеулер деректері негізінде ЖЭС пен гидроэлектр станциялары үшін белгіленеді;
4) көмір және мазут шикізаттарымен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 гегакалорий (бұдан әрі - Гкал) және одан жоғары ЖЭС мен аудан қазандықтары СҚА 500 м-ден кем емес екінші сыныпқа жатады;
5) газды және газды-мазутты отынмен (соңғысы резерв ретінде) жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал және одан жоғары ЖЭС және аудан қазандығы СҚА 300 м-ден кем емес үшінші сынып объектілеріне жатады;
6) ЖЭС-ның күл үйіндісінен ең аз СҚА оның периметрі бойынша ағашты-бұталы көшеттерді отырғызу жүзеге асырыла отырып, 500 м-ден (III сынып) кем болмауы тиіс;
7) қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал-дан кем қазандықтың барлық түрінің СҚА ең аз шамасын белгілеген кезде жер беті қабатындағы есепті шоғырлануды және қазандықтан (қазандық құбырының биіктігі 10-40) атмосфералық ауаның барынша көп ластану аймағындағы тұрғын үйдің биіктігін, сондай-ақ акустикалық есептеулерді ескере отырып, вертикаль бойынша анықтау қажет. Жер беті қабатында және іргелес тұрғын үй құрылысының әртүрлі биіктіктерінде, егер акустикалық есеп бойынша оны ұлғайту жағына қарай түзету қажет болмаса, РЕШШ шегінде атмосфералық ауаның күтілетін ластануының есепті мәндері кезінде СҚА 50 м-ден кем болмауы тиіс.
Қазандықтан барынша ластану аймағында көп қабатты үйлер бар болса, түтін мұржасының биіктігі ең биік тұрғын үй шатырының төбесінен кем дегенде 1,5 есе жоғары болуы тиіс;
8) жылу энергетика объектілерінен түтін газдарының сейілуін есептеу кезінде күкірт диоксиді мен азот оксидінің, күлдің биологиялық әсері жиынтығының әсерін ескеру міндетті;
9) ірі ГРЭС-тің СҚА-сы 300 м-ден кем болмауы тиіс.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Жеңіл автомобильге арналған тұрақтардан құрылыс объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажыраулар
р/с |
Оған дейін қашықтық айқындалатын объектілер |
Қашықтық, м |
|||||
жеңіл автомобильдер саны мынадай болғанда гараждар мен ашық тұрақтардан |
постылар саны мынадай болғанда техникалық қызмет көрсету станциясынан |
||||||
10 және одан аз |
11-50 |
51-100 |
101-300 |
10 және одан аз |
11-30 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Тұрғын үйлер |
10** |
15 |
25 |
35 |
15 |
25 |
2 |
Соның ішінде тұрғын үйлердің терезесі жоқ бүйір жақтары |
10** |
10** |
15 |
25 |
15 |
25 |
3 |
Қоғамдық ғимараттар |
10** |
10** |
15 |
25 |
15 |
20 |
4 |
Жалпы білім беретін мектептер, интернаттық білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер |
15 |
25 |
25 |
50 |
50 |
* |
5 |
Стационары бар емдеу мекемелері |
25 |
50 |
* |
* |
50 |
* |
* Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша айқындалады.
** Отқа төзімділігі III - V дәрежелі гараж ғимараттары үшін арақашықтықты кемінде 12 м деп қабылдау керек.
Ескертпе:
1) Арақашықтықты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен және жалпы білім беретін мектептердің, интернаттық білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен стационары бар емдеу мекемелерінің жер учаскелері шекараларынан гараждың қабырғасына немесе ашық тұрақтың шекарасына дейін айқындау керек. Ашық типті автотұрақ деп жоқ дегенде ұзындығы ең үлкен қарама-қарсы екі жағынан ашық құрылыс та саналады. Егер жақ бойынша бөлінген ойықтардың жалпы алаңы МСН 2.02-05-2000* бойынша әр қабатында осы жақтың сыртқы бетінің кемінде 50 % құрайтын болса, жақ ашық деп саналады.
2) Секциялық тұрғын үйлерден ұзына бойғы қасбет бойына орналасатын сыйымдылығы 101-300 машина болатын ашық алаңдарға дейінгі арақашықтықты кемінде 50 м деп қабылдау керек.
3) Кестеде көрсетілген отқа төзімділігі І-ІІ дәрежелі гараждар үшін арақашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кіретін жерлер болмағанда 25 %-ке қысқартуға жол беріледі.
4) Сыйымдылығы 300 машина-орыннан артық жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтарды және постылар саны 30-дан артық техникалық қызмет көрсету станцияларын тұрғын аудандардан тыс өндірістік, коммуналдық-қойма, СҚА аймақтарында тұрғын үйлерден кемінде 50 м арақашықтықта орналастырған дұрыс. Арақашықтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша айқындалады.
5) Кестеде көрсетілген сыйымдылығы 10 машинадан артық гараждар үшін арақашықтықты интерполяция бойынша қабылдауға жол беріледі.
6) Азаматтарға тиесілі бокс үлгісіндегі бір қабатты гараждарда жерқойма құрылысына жол беріледі.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
3-қосымша
Сарқынды суларды тазартудан ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Сарқынды суларды тазартуға арналған құрылыстар |
Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі кезіндегі метрге шаққандағы қашықтығы, тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі - м3) |
|||
0,2-ге дейін |
0,2-ден 5,0-ге дейін |
5,0-ден 50,0-ге дейін |
50,0-ден 280-ге дейін |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар, жергілікті тазарту құрылыстары |
15 |
20 |
20 |
30 |
2 |
Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары |
150 |
200 |
400 |
500 |
3 |
Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеу арқылы механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар |
100 |
150 |
300 |
400 |
4 |
Алқаптар: |
200 150 |
300 |
500 |
1000 |
5 |
Биологиялық тоғандар |
200 |
200 |
300 |
300 |
1. Өнімділігі тәулігіне 280 мың м3 артық сарқынды суларды тазарту үшін, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде СҚА жеке белгіленеді.
2. Көлемі 0,5 гектарға (бұдан әрі — га) дейінгі сүзгілеу алқабы үшін, көлемі 1 га дейінгі коммуналдық үлгідегі суару алқабы үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейінгі сарқынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін санитариялық ажырауды 100 м көлемде қабылдау керек.
3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқабы үшін санитариялық ажырауды 50 м көлемде қабылдау керек.
4. Құю станцияларының СҚА көлемін 300 м санитариялық ажырау көлемінде қабылдау керек.
5. Ашық үлгідегі жер беті ағынын тазарту құрылыстары үшін санитариялық ажырау 100 м деп, жабық үлгідегі үшін - 50 м деп қабылдау керек.
6. Өнеркәсіптік объектілер аумағында орналаспаған тазарту құрылыстарынан және өндірістік су бұру сорғы станцияларынан өндірістік сарқынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде, сондай-ақ оларды тұрмыстық сарқынды сулармен бірге тазарту кезінде де санитариялық ажыраудың көлемін сарқынды сулар келіп түсетін өндірістердегідей, бірақ кестеде көрсетілгеннен асырмай қабылдау керек.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
4-қосымша
Жер асты және жер үсті магистралды газ құбырлары үшін ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері, су қоймалары |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажырау |
|||||||
1- сынып |
2-сынып |
||||||||
300- ге дейін |
300-600 |
600-800 |
800-1000 |
1000-1200 |
1200-ден астам |
300 -ге дейін |
300- ден астам |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Қалалар және басқа елді мекендер; |
100 |
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
75 |
125 |
2 |
Жекелеген аз қабатты ғимараттар; ауыл шаруашылығы алқабы мен мал жайылымы, егіс қосы |
75 |
125 |
150 |
200 |
225 |
250 |
75 |
100 |
3 |
Магистралды және суландыру арналары, өзендер мен су қоймалары; |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
5-қосымша
Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық |
||
150 қоса алғанда және оған дейін |
150-ден артық 300-ді қоса алғанда және оған дейін |
300-ден артық 500-ді қоса алғанда және оған дейін |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер |
2000 |
3000 |
5000 |
2 |
Саяжай кенттері |
1000 |
2000 |
3000 |
Ескертпе: Тұрғын үй құрылысы арқылы газ құбырларының өтуіне жол берілмейді.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
6-қосымша
Мұнайды тасымалдау үшін магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері |
Құбыр диаметрі мынадай болғанда метрге шаққандағы қашықтық, миллиметрмен |
|||
IV сынып |
III |
II сынып |
I сынып |
||
300 және одан кем |
300-ден артық 500-ге дейін |
500-ден артық 1000-ға дейін |
1000-нан артық 1200-ге дейін |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қалалар мен кенттер |
75 |
100 |
150 |
200 |
2 |
Жеке тұрған: 1-2 қабатты тұрғын ғимараттар |
50 |
50 |
75 |
100 |
3 |
Су асты мұнай құбырларын және мұнай өнімі құбырларын ағыстан жоғары жерге салған кезде: |
||||
1) гидротехникалық құрылыстардан; |
300 |
300 |
300 |
500 |
|
2) су жинайтын орындардан. |
3000 |
3000 |
3000 |
3000 |
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
7-қосымша
Компрессорлық станциялардан ең аз ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері, су қоймалары |
Құбыр диаметрі мынадай болғанда 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажыраулар, миллиметрмен |
|||||||
1-сынып |
2-сынып |
||||||||
300- ге дейін |
300- 600 |
600- 800 |
800-1000 |
1000-1200 |
1200- ден жоғары |
300-ге дейін |
300- ден жоғары |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
Қалалар мен кенттер |
500 |
500 |
700 |
700 |
700 |
700 |
500 |
500 |
2 |
Су құбыры құрылыстары |
250 |
300 |
350 |
400 |
450 |
500 |
250 |
300 |
3 |
Аз қабатты тұрғын ғимараттар |
100 |
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
75 |
150 |
Ескертпе:
1) Санитариялық ажырау компрессорлы цех ғимараттарынан бастап орнатылады.
2) Ірі компрессорлық станциялар үшін санитариялық ажырау шамасы нақтыланады және әрбір нақты жағдайда мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет органымен келісіледі.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
8-қосымша
Мұнай айдайтын станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері |
Мұнай айдайтын станциялардың санаттары бойынша метрге шаққандағы ажыраулар |
||
III |
II |
I |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қалалар мен кенттер |
100 |
150 |
200 |
2 |
Су құбыры құрылыстары |
100 |
150 |
200 |
3 |
Жекелеген аз қабатты ғимараттар |
50 |
75 |
100 |
Ескертпе: мұнай қоймасына арналған санитариялық ажырау шамасы әрбір нақты жағдайда іргелес жатқан аумақтардың атмосфералық ауасының көмірсутектермен ластануының есептеулері және нақты сипаттамасы негізінде нақтыланады.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
9-қосымша
Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар
р/с № |
Құрылыс элементтері |
Мынадан метрге шаққандағы қашықтық |
||
Мал сою пункттерінен |
Қуаты тәулігіне 10 тоннаға дейін мал сою алаңдарынан |
|||
қуаты тәулігіне 10 тоннадан 30 тоннаға дейін ет беретін |
қуаты тәулігіне 30 тоннадан артық ет беретін |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар |
300 |
500 |
50 |
Ескертпе: мал сою пункттері және мал сою алаңдары жанында малды сою алдында тәуліктік қордан асырмай бағуға жол беріледі.