"Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11124 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 11.01.2022 № ҚР ДСМ-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілiк ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _________________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 14 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________________ В. Школьник

      2015 жылғы 17 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен
бекітілген

"Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілердің (бұдан әрі – объект) жер телімін таңдауға, оларды жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеу мен пайдалануға, сондай-ақ, өндірістік объектілердің қауіптілік сыныбына, санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі – СҚА) өлшемі мен оны жобалауға, санитариялық ажырауларға (бұдан әрі – СА), осы өлшемдерді қайта қарау негіздемелеріне, оларды белгілеу әдістері мен тәртібіне, СҚА пайдалану аумағын көгалдандыруға және шектеуге қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Өнеркәсіптік алаң сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РЕШШ) және/немесе рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі – РЕШД) 0,1-ден асатын немесе тұрғын үй аймақтарының ластануы үлесі РЕШШ 0,1 асатын объектілер болса адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылады.

      3. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:

      1) СҚА және СА өлшемдерін белгілеуге қойылатын талаптар;

      2) СҚА және СА аймағын жобалауға қойылатын талаптар;

      3) СҚА және СА аймағы аумағының тәртібіне және көгалдандыруға қойылатын талаптар.

      4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) авариялық жағдайларды есепке алу – жобалау құжаттамасында халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шығарындылар таралуының тиісті есептеулерінің және пысықталған іс-шаралардың болуы;

      2) баламалы электр қуаты – мегаватта көрсетілген (бұдан әрі – МВт) белгіленген қосынды электр және жылу қуаты;

      3) қолайлы тәуекел – оларды төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет етпейтін және халықтың күнделікті өмірі мен қызметінде болатын тәуекелдерге қарағанда тәуелсіз, аз ғана болып бағаланатын қолайсыз тиімділіктің даму тәуекелінің деңгейі;

      4) ластану аймағы – шегіндегі атмосфераның жер бетіндегі қабаты РЕШД-н асатын шоғырланудағы зиянды заттармен ластануы мүмкін ластану көзінің айналасындағы аумақ;

      5) мамандандырылған ұйымдар – зертханалық және құрал-саймандық зертеулерді жүргізу үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте аккредиттелген, осы қызмет түріне лицензиясы, білікті мамандары бар және өзінің құрамында зертханалары немесе белгіленген заңнамаға сәйкес тексеруден өткен тиісті өлшеу құралдары бар, немесе осы қызмет түрін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімді келісімі бар ұйымдар;

      6) объектінің қауіптілік сыныбы – қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін пайда болатын шудың, дірілдің, иондалмайтын сәуленің қуатына, пайдалану жағдайына, сипатына және мөлшеріне байланысты белгіленетін, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолданылатын заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы берілетін, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;

      7) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

      8) өнеркәсіптік алаң – өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша өндірісті орналастыруға арналған және қызметі адамның өмір сүру ортасына әсер етуі мүмкін негізгі объектілер орналасқан аумақ;

      9) СҚА шекарасы - СҚА аумағын немесе шекараларынан тыс жерде әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын жоспарлы кескіндердің ең көп кеңістіктерін шектейтін сызық;

      10) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу – штаттық режимде жұмыс істеу үшін объектінің толық жобалық қуатына шығарындылардың барынша қолайсыз таралуы жағдайларын және аналогтарды зерделеуді айқындайтын өлшем;

      11) СҚА – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ, елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдарын және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін кеміту мақсатында жақын арадағы селитебті аумақтардан, ғимараттардан және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан бөлетін аумақ;

      12) СА – зиянды әсер ету көзінен бастап СҚА режимі бар, бірақ, оны ұйымдастырудың негіздеу жобасын әзірлеуді талап етпейтін тұрғын-үй салу құрылысының, ландшафты-рекреациялық аймақтың, демалыс, курорт аймағының шекарасына дейінгі ең аз арақашықтық (әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарының ұшу мен ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА қоспағанда);

      13) СҚА негіздеу жобасы – өмір сүру ортаға әсер ететін көздер болып табылатын объектілер үшін әзірленетін СҚА өлшемін анықтайтын жоба.

2. Өндірістік объектілердің СҚА белгілеу жөніндегі
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      5. СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін және, ал қауіптіліктің І және ІІ сыныбы объектілері үшін – санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелдің шамасына дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

      6. СҚА өзінің функционалдық мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады;

      7. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына қолайсыз әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін жобалық және жоба алды құжаттамаларының құрамында СҚА өлшемі негізделеді.

      8. Кодекстің 145-бабының 2-тармағына сәйкес СҚА өлшемі мен шекарасын негіздеуді жоба алды және жобалық құжаттама жасау кезеңінде (қала құрылысы қызметі, орналастыру, жобалау, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру) елді мекендердің атмосфералық ауасына химиялық, биологиялық, физикалық әсер ететін көздер болып табылатын объектілерді пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектісі жүзеге асырады.

      9. Жоба алды және жобалық құжаттамадағы СҚА өлшемін негіздеу мыналарды қамтиды:

      1) технологиялық процестің, қала құрылысы жағдайын сипаттайтын түсіндірме жазба;

      2) СҚА өлшемі мен шекарасы және оның атмосфералық ауаға физикалық әсерінің, атмосфералық ауаны химиялық, биологиялық ластаудың таралуының есептеулерімен негіздеу;

      3) шығарындылар көздері, өлшемі түсірілген СҚА схемасы;

      4) жаһандық позициялау жүйесін қоса алғандағы координаталар жүйесіндегі қағаз түріндегі және (немесе) электрондық жеткізгіштегі ситуациялық жоспар;

      5) халық денсаулығының тәуекелін бағалау жөніндегі материалдар;

      6) СҚА аумағын пайдалану режимі және көгалдандыру;

      7) I - IV – қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін: СҚА есептік өлшемін растайтын заттар мен бақыланатын көрсеткішердің, бақыланатын нүктелердің тізбесі, объектіні бақылау кезеңділігі мен жұмыс режимі бар заттай зерттеулер мен өлшемдердің бағдарламасы;

      8) халықты атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды химиялық қоспалардың әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      10. СҚА негіздемесін жобасы әзірленген объектіге қатысты ұйымның, жобалық құжаттаманы әзірлеушінің лауазымды тұлғалары (немесе жеке кәсіпкер) бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығына, дұрыстығына және сапасына жобалық құжаттаманы әзірлеуші жауапты болады.

      11. Зертханалық зерттеулерді жүргізуге арналған көрсеткіштер тізбесі, химиялық заттардың таралуының есептеулері оның ішінде халықтың денсаулығының тәуекелін бағалау негізінде анықталады.

      12. СҚА шекарасындағы гигиеналық нормативтердің сақталуын растауды СҚА негіздеу жобасының жоба алды және жобалық құжаттамалары құрамында ұсынылған заттай зерттеулер мен өлшемдердің бағдарламасына сәйкес өндірістік бақылау бойынша елді мекендердің атмосфералық ауасына химиялық, биологиялық, физикалық әсер ету көздері болып табылатын I – IV қауіптілік сыныбындағы объектілерді пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектісі өздігінен жүзеге асырады.

      13. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсер етуді өлшеуді зертханалар жүргізеді.

      14. СҚА сыныптама бойынша шамамен алғандағы өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластануының және физикалық әсер ету деңгейлерінің есептеулері бар СҚА жобасымен негізделуі тиіс.

      15. Объектіні пайдалану кезінде атмосфералық ауаның күтілетін ластануының және физикалық әсер ету деңгейлерінің есептеулері заттай зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелерімен тексерілуі тиіс.

      16. Әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы СҚА және СА өлшемдерінің негізделгендігі қолданыстағы, құрылысы белгіленген немесе жобаланған кәсіпорындардың үлесін ескере отырып, белгіленген тәртіп бойынша келісілген және бекітілген әдістер бойынша орындалған барлық ластайтын заттар үшін атмосфераға шығарындылардың таралуының және физикалық факторлардың таралуының есептеулерімен расталады.

      Кодекс пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес СҚА, СА негіздеу жобасы және халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелді бағалау мамандандырылған ұйымдармен әзірленеді.

      17. Объектілердің СҚА жүйелі әзірленеді: атмосфералық ауаға физикалық әсерді және атмосфералық ауаның ластанып таралуын (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде орындалған (алдын ала), есептеу параметрлерін растау үшін заттай зерттеулер мен өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері негізінде – белгіленген (түпкілікті).

      Әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағында ұшудың жаңадан орналастырылатын стандартты бағыттары үшін СА мынадай жүйеде әзірленеді:

      1) атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде орындалған есептік (алдын ала);

      2) заттай өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері негізінде түзетілген, белгіленген (түпкілікті).

      18. СҚА өлшемін айқындауға арналған критерий оның сыртқы шекараларында және оның сыртында елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластану заттарының шоғырлануы максималды бір реттік РЕШШ немесе әсер етудің шамамен алғандағы қауіпсіз деңгейінен (бұдан әрі-ӘЕБҚД) және/немесе физикалық әсер етудің РЕШД аспау болып табылады.

      19. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс аймағынан, курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА мен СА бөлу қажет.

      20. Адам қоныстанбаған жерлерде жаңадан құрылатын өндірістік объектілерді орналастыру кезінде СҚА және СА шекарасы осы Санитариялық қағидалардың 5-тарауында көрсетілген объектілерді орналастыруға тыйым салуды айқындайды.

      21. СҚА өлшемін белгілеу практикасын ескере отырып өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы және СҚА ең аз өлшемдері әзірленді (бұдан әрі – санитариялық сыныптама). Осы Санитариялық қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес объектілер мен өндірістердің қауіптілік сыныптарына байланысты мынадай СҚА өлшемдері белгіленеді:

      1) СҚА 1000 метр (бұдан әрі – м) және одан артық – І қауіптілік сыныбындағы объектілер;

      2) СҚА 500 м-ден 999 м-ге дейін ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер;

      3) СҚА 300 м-ден 499 м-ге дейін ІІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер;

      4) СҚА 100 м-ден 299 м-ге дейін ІV қауіптілік сыныбындағы объектілер;

      5) СҚА 0 м-ден 99 м-ге дейін V қауіптілік сыныбындағы объектілер.

      22. Санитариялық сыныптамаға енбеген, сондай-ақ жаңа, елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар объектілер үшін белгіленген (түпкілікті) СҚА-ның ені әрбір нақты жағдайда Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен белгіленеді.

      Қалған жағдайларда Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес - тиісті аумақтардағы (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және қаланың) және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары белгілейді.

      23. Барлық объектілер, соның ішінде І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ жаңа, елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар өндірістер үшін СҚА алдын ала (есептемелік) өлшемі тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көліктегі лауазымды адамдары - Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етуінің (шу, діріл, иондалмайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде жер учаскесін таңдау кезінде белгілейді.

      24. Автомобиль магистральдары, теміржол көлігі желілері, жер бетіндегі метрополитен учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында жер бетіне түскен проекциядан СА белгіленеді.

      СА шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен заттық өлшеулер физикалық факторлардың (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеу негізінде, жүргізу арқылы белгіленеді.

      25. Жеңіл автомобиль тұрақтары, гараждар, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, автомашина жуу, әуе электр желілері объектілері (бұдан – әрі ӘЭЖ), сарқынды суларды тазарту, көмірсутекті шикізатының магистралды құбырлары, компрессорлы және мұнай айдайтын станциялар үшін СА құрылады. СА ең аз мөлшерлері осы Санитариялық қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларда көрсетілген.

      СА СҚА режимі бар, бірақ оны негіздеу жобасын әзірлеуді талап етпейді (әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА қоспағанда).

      26. Тұрғын үй кешендеріне жапсарлас салынған әлеуметтік-бағытталған инфрақұрылым объектілері (5 дейін қоса алғандағы посты бар автомобильдерді жуу орны, ауысымына өнімділігі 75 кг артық болмайтын химиялық тазалау және кір жуу орны, паркингтер) СҚА ұйымдастыру жобасын әзірлдеуді талап етпейді.

      27. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз СА осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада келтірілген.

      28. Елді мекеннен авиациялық тәсілмен пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі СА өлшемі кемінде 2000 метрді құрауы тиіс.

      29. Әуежайлар, аэродромдар, вертодромдар айналасында әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластануының таралуы есептеулері негізінде, сондай-ақ заттық зерттеулер және өлшеулер нәтижелері, халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау негізінде, мөлшері санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарымен белгіленген талаптарға дейін халыққа өмір сүру факторларының әсерін азайтуды қамтамасыз ететін пайдаланудың ерекше режимі бар арнайы аумақ (СҚА және СА) белгіленеді.

      Есептеулерді, заттық зерттеулер мен өлшеулерді, халық денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге аэродром мен вертодромдардың иелері жауапты болады.

      30. І, ІІ, ІІІ, ІV және V қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін СҚА-ның мөлшерін тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың), көліктегі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе орынбасарлары осы Санитариялық қағидалардың 4-тарауына сәйкес өзгертеді.

      31. СҚА, СА аумағындағы және олардың шекарасындағы атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсерді өлшеуді аккредиттелген өндірістік зертханалармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдармен және/немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен зертханалармен жүзеге асырылады.

      32. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын өндірістік объектілерге арналған СҚА өлшемдері көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, иондамайтын сәулеленудің сипатын есепке ала отырып, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА өлшемдерін белгілеу үшін есептеу параметрлері жобалық қуатқа шыққаннан кейін бір жыл бойы объектіні пайдалану үрдісінде атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларының заттай өлшеулермен расталуы тиіс.

      33. СҚА өлшемдері Кодекстің 145-бабымен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес СҚА-ның сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің РЕШД бойынша айқындалады.

      34. Халықты әуелік электр беру желілері (бұдан әрі – ӘЭЖ) туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 килоВольттан (бұдан әрі – кВ) аспайды.

      Қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі:

      1) кернеулігі 220 кВ ӘЭЖ үшін – 20 м;

      2) кернеулігі 500 кВ ӘЭЖ үшін – 30 м;

      3) кернеулігі 750 кВ ӘЭЖ үшін – 40 м;

      4) кернеулігі 1150 кВ ӘЭЖ үшін – 55 м.

      35. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА өлшемін белгілеу Кодекстің 145-бабымен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау

      36. Жоба алды және жобалық құжаттамаларды, құрылыс өнеркәсіп объектісі реконструкциясы мен өндірісі және/немесе өнеркәсіп объектілері тобының және өндірістер жобаларын әзірлеудің барлық кезеңдерінде СҚА негіздеу көзделеді. СҚА негіздеу осы Санитариялық қағидаларда баяндалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Жаңа объектілер құрылысына, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға СҚА негіздеудің жоба алды және жобалық құжаттамаларында СҚА ұйымдастыруға және көгалдандыруға арналған іс-шаралар және қаражат көзделеді.

      38. СҚА шекаралары шеткі химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен бастап белгіленеді. Жер учаскесін бөліп беру сатысында әсер ету көздерінің анық орналастырылуы деректерінің жоқ кезінде СҚА шекарасы белгіленген бағытта алаңның шекарасынан оның сырқы шекарасына дейін орнатылады.

      39. СҚА белгілеу үшін атмосфералық ауаның химиялық ластануы жетекші фактор болып табылатын шығарындылар мен өндірістердің сипаттамасына қарай СҚА өлшемі өнеркәсіп алаңы шекарасынан және/немесе ластайтын заттардың шығарындылары көздерінен бастап белгіленеді.

      Өнеркәсіптік алаңы аумағының шекарасынан:

      1) ашық алаңдардағы технологиялық жабдықтардың бар болуы кезінде ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздерден;

      2) өнеркәсіптік алаң аумағы бойынша әр-жерде бөліп жайғастырылған көздері бар өндірісті ұйымдастырған жағдайда;

      3) жер бетіндегі және төменгі көздер, орташа биіктіктегі суық шығарындылар бар болғанда;

      4) жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарындылары бар шығарындылар көздерінен.

      Шығарындылар көздерінен: жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарындылары бар болғанда.

      40. Адамның өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын қолданыстағы объектілер үшін өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер ету кезінде РЕШШ-ға дейін, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД-ге дейін төмендеткен жағдайда өндірістерді реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді жүргізуге рұқсат етіледі.

      41. Есептелген СҚА және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерді заттай зерттеулер мен өлшеулер, тәуекелді бағалау (І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін) негізінде алынған өлшем сәйкес келмеген жағдайда, СҚА өлшемі бойынша шешім халықтың денсаулығы үшін неғұрлым үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.

      42. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің санитариялық сыныптамасына сәйкес адамның өсір сүру ортасы мен денсаулығына табиғаты бойынша әртүрлі қолайсыз факторларды азайту бойынша көзделетін шараларды ескере отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін СҚА өлшемдері белгіленеді.

      43. Өндірістің көлемін уақытша қысқарту ең үлкен жобалық немесе объектінің іс жүзінде қол жеткізілген қуаты үшін қабылданған СҚА өлшемін қайта қарауға негіз болып табылмайды.

      44. СҚА және СА графикалық материалдарда көрсетіліп белгіленеді (қаланың бас жоспары, аумақтық жоспарлау схемасы, топографиялық карта, ситуациялық схема).

      45. СҚА өлшемін негіздеу кезінде мыналар:

      1) СҚА өлшемі мен шекаралары;

      2) халықты зиянды химиялық қоспалар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      3) СҚА аумағының пайдалану және көгалдандыру режимі белгіленеді.

      46. Жобаланатын, реконструкцияланатын және қолданыстағы объектілер үшін өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы және ең аз СҚА өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыныптама негізінде белгіленеді немесе, атмосфералық ауаның ластануының таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулерінің нәтижесі бойынша сыныптама жоқ болған жағдайда денсаулыққа тәуекелін бағалай отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін белгіленеді.

      47. Объектілер топтары немесе өнеркәсіп желісі үшін СҚА өлшемі өнеркәсіптік аймаққа, өнеркәсіп желісіне (кешен) кіретін объектілер көздерінің физикалық әсерін және жиынтық шығарындыларды ескере отырып белгіленеді. Олар үшін бірыңғай есептеулер СҚА белгіленеді және есептеу параметрлерін заттай зерттеулердің, халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау деректерімен растаудан кейін СҚА өлшемі түпкілікті белгіленеді. Халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау құрамына І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер кіретін объектілер топтары үшін жүргізіледі.

      Өнеркәсіп аймағының, өнеркәсіп желісінің (кешендерінің) құрамына кіретін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін, негізделген кезде, СҚА әр объект үшін жеке белгіленеді.

      48. Объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру атмосфералық ауаның күтілетін ластануын, атмосфералық ауаға физикалық әсерді есептеулері болған жағдайда жүргізіледі. Объектіні реконструкциялау және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептеу параметрлері атмосфералық ауаны заттай зерттеулер және атмосфералық ауаға физикалық факторлардың әсерлерін өлшеулер нәтижелерімен расталады.

      49. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты шығарындылардың зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттерінің атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлар әсерін болдырмауға немесе оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін озық ресурстарды үнемдейтін, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады.

      50. Құрылыс және реконструкция жобаларында әзірленетін технологиялық және техникалық шешімдер, жаңа технологиялар тәжірибелік-экспериментальдық өндірістердің деректері, осыған ұқсас өндірісті құру бойынша шетел тәжірибесінің материалдары негізінде өндірісті жоспарлау кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелеріне негізделуі тиіс.

      51. Қолданыстағы, реконструкцияланатын және жобаланатын өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің СҚА және СА (әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы) өлшемін өзгерту (көбейту, азайту) қажетті өзгерістерді негіздейтін жобаны әзірлеумен сүйемелденеді.

4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу

      52. Объектілер үшін СҚА өлшемдерін белгілеу жаңа, реконструкцияланатын объектілердің немесе істегі объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жобасы құрамында ұсынылатын бақылау бағдарламасына сәйкес орындалған атмосфералық ауаның заттай зерттеулерінің және өлшеулерінің нәтижелерін, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін ескере отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету және атмосфералық ауаның ластануы есептеулері бар СҚА негіздеу жобалары бар болғанда жүргізіледі.

      Әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА өлшемін белгілеу атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерінің натуралық зерттеулері мен өлшеулері нәтижелерін ескере отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің есептеулері бар СА негіздеу жобасы бар болғанда жүргізіледі.

      53. Қолданыстағы, реконструкцияланатын немесе қайта бейімделген І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін СҚА өлшемін өзгерту (азайту, көбейту) тұрғын үй құрылысына дейінгі жеткілікті арақашықтықтың болуы ескерілген, төмендегі материалдарға негізделген жобаға сәйкес жүргізіледі:

      1) атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасының сараптамасы нәтижелеріне;

      2) халықтың денсаулығына келетін тәуекелді бағалауға;

      3) өндірістік-экологиялық бақылау үрдісіндегі РЕШШ нормативтерін бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша жүргізілген есептеулердің, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеудің нәтижелеріне сәйкес бақылауды қажет ететін заттар үшін атмосфералық ауаның ластануының жүйелі үздіксіз (жылдық) (үш жылдан кем емес) жүргізілген натуралық зерттеулеріне және өлшеулеріне (жеке нүктедегі әрбір ингредиент үшін кемінде елу зерттеу);

      54. ІІІ, ІV және V қауіптілік сыныбындағы жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілері үшін СҚА өлшемдері мыналар негізінде өзгертіледі:

      1) атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасы сараптамасының нәтижелері;

      2) өндірістік-экологиялық бақылау процесіндегі РЕШШ нормативтерін бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша жүргізілген есептеулердің, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеудің нәтижелеріне сәйкес бақылауды қажет ететін заттар үшін атмосфералық ауаның ластануының жүйелі үздіксіз (жылдық) (үш жылдан кем емес) жүргізілген заттай зерттеулері және өлшеулері (қыс мезгілін қоспағанда жекелеген нүктедегі әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу);

      3) объектілердің құрамын өзгерту және объектілерді қайта бейімдеу, немесе өмір сүру ортасына әсер етудің деңгейлерін қысқартуға бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізу негізінде.

      Нормативтік деңгейлерді техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса және /немесе әсер ету факторларының әрқайсысы бойынша заттай зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелері бойынша жұмыс істейтін объектілердің СҚА өлшемдері белгіленген өлшемдерге қарағанда ұлғайтылады. Ахуалды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылы ішіндегі өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады.

5. Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның
аумағының режимі

      55. СҚА шекараларында:

      1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын;

      2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;

      3) жаңадан құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;

      4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастырмайды.

      56. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:

      1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды өндіру жөніндегі объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;

      2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;

      3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастырмайды.

      57. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне, келушілерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған мына объектілер орналастырылады:

      1) кезекші авариялық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (15 күнтізбелік күнге дейін ) жұмыс істейтін адамдар тұратын үй-жайларды;

      2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;

      3) жергілікті және транзитті коммуникацияларды, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын;

      4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында, негізделген кезде тамақ өнімдерін өндіруге пайдаланылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылық алқаптары орналастырылады.

      58. ІV, V сыныптағы кәсіпорындар үшін СҚА алаңның кемінде 60 % максималды көгалдандыруын көздейді, ІІ және ІІІ сыныптың кәсіпорындары үшін – кемінде 50 %, СҚА 1000 м және одан асатын кәсіпорындар үшін – тұрғын үй құрылысын салу жағынан ағаш-бұта көшеттері жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып, кемінде 40 % аумағын көгалдандыру көзделеді. СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындауға мүмкіндік болмаса (өнеркәсіп алаңы (объектілер) тығыз салынған кезде) СҚА жобасында міндетті түрде негіздей отырып, құрылыс салудан бос аумақты көгалдандыруға жол беріледі.

      59. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер ету болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.

      60. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу кезінде фондық ластануда ескеріледі.

      61. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды.

      СҚА бір бөлігі бар СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақталуы негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы
және ең аз СҚА өлшемдері
1. Химиялық өндірістер

      1. І сынып – СҚА кемінде 1000 м:

      1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа да тыңайтқыштар) өндірісі.

      Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентратты минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар кеңейтілген СҚА талап етеді;

      2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу өнеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдерінің - анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқаларының өндірісі;

      3) нафтален және антрацен қатарындағы жартылай өнімдердің - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фталийлік ангидрид және басқаларының өндірісі;

      4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу негізінде қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті әдіспен целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлоза өндірісі;

      5) электролиттік жолмен хлордың, хлор негізінде жартылай өнімдер мен өнімдердің өндірісі;

      6) хлорлау әдісімен (титан-магний, магний және басқалары) сирек металдар өндірісі;

      7) жасанды және синтетикалық талшықтар (вискоза, капрон, лавсан, нитрон және целлофан) өндірісі;

      8) диметилтерефталат өндірісі;

      9) капролактам өндірісі;

      10) күкіртті көміртек өндірісі;

      11) синтетикалық полимерлік материалдарға арналған өнімдер мен жартылай өнімдер өндірісі;

      12) күшәла мен оның қосындыларының өндірісі;

      13) мұнайды, ілеспе мұнай мен табиғи газды қайта өңдеу өндірісі. Құрамында күкірт қосындылары 1%-дан (салмақты) артық көмірсутекті шикізатты өңдеген кезде СҚА негізді түрде ұлғайтады;

      14) пикрин қышқылының өндірісі;

      15) фтор, фторлы сутек және олардың негізінде жасалатын жартылай өнімдер мен өнімдер (органикалық, органикалық емес) өндірісі;

      16) жанғыш тақтатасты өңдеу өндірісі;

      17) қара күйе өндірісі;

      18) фосфор (сары, қызыл) және фосфорорганикалық қосындылар (тиофос, карбофос, меркаптофос және басқалары) өндірісі;

      19) суперфосфат тыңайтқыштарының өндірісі;

      20) кальций карбиді, кальций карбидінен ацетилен және ацетилен негізінде жасалатын туындылар өндірісі;

      21) жасанды және синтетикалық каучук өндірісі;

      22) көгертетін қышқыл, оның негізінде жасалатын органикалық жартылай өнімдер мен өнімдер (ацетонциангидрин, этиленциан-гидрин, метакрил және акрил қышқылдарының эфирлері, диизоцианаттар және басқалары) өндірісі; цианистік тұздар (калий, натрий, мыс және басқалары), цианплав, дицианамид, кальций дицианамиді өндірісі;

      23) көмірсутекті газдардан және оның негізінде өнімдерден алынатын ацетилен өндірісі;

      24) синтетикалық химия-фармацевтикалық және дәрілік препараттар өндірісі;

      25) оттегімен тікелей тотықтырумен жасалатын синтетикалық май қышқылдарының, жоғары май спирттерінің өндірісі;

      26) меркаптандар өндірісі, орталықтандырылған газды меркаптандармен одоризациялау қондырғылары, одорант қоймалары;

      27) хром, хромды ангидрид және оның негізінде жасалатын тұздар өндірісі;

      28) күрделі эфирлер өндірісі;

      29) фенолформальдегид, полиэфирлі, эпоксидті және басқа да жасанды шайырлар өндірісі;

      30) метионин өндірісі;

      31) металдар карбонилдерінің өндірісі;

      32) таскөмірлі қара майды, мұнайды, қылқан жапырақты ағашты (гудронды, жартылай гудронды және басқаларын) айдау қалдықтарынан жасалатын битум және басқа да өнімдер өндірісі;

      33) бериллий өндірісі;

      34) синтетикалық спирттер (бутил, пропил, изопропил, амил) өндірісі;

      35) вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі;

      36) жемдік амин қышқылдарының (жемдік лизин, премикстер) өндірісі;

      37) пестицидтер өндірісі;

      38) оқ-дәрі, жарылғыш заттар өндірісі, қоймалар мен полигондар;

      39) алифатиялық аминдер (моно-ди-үш-метиламиндер және басқалары) және оның негізінде жасалатын өнімдер (симазин және басқалары) өндірісі.

      40) үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен химиялық өндірістердің шлам жинағыштары.

      2. ІІ сынып - СҚА, кемінде 500 м:

      1) бром, оның негізінде жасалатын өнімдер мен жартылай өнімдер (органикалық және органикалық емес) өндірісі;

      2) газдар (жарықтық, сулы, генераторлық, мұнайлы газдар) өндірісі;

      3) көмірді жер астында газдандыру станциялары;

      4) органикалық еріткіштер мен майлар (бензол, толуол, ксилол, нафтол, крезол, антрацен, фенантрен, акридин, карбозол және басқалары) өндірісі;

      5) таскөмір мен оның негізінде жасалатын өнімдерді (таскөмірлі ыстық от, шайырлар және басқалары) өңдеу объектілері;

      6) шымтезекті химиялық өңдеу объектілері;

      7) күкірт қышқылы, олеум, күкіртті газ өндірісі;

      8) тұз қышқылының өндірісі;

      9) күкіртті қышқыл әдісімен немесе тікелей гидратация әдісімен синтетикалық этил спиртінің өндірісі. Фосген және оның негізінде жасалатын өнімдер (парофор және басқалары) өндірісі;

      10) қышқылдар: аминоэнантты, аминоундеканды, аминопеларгонды, тиодивалерианды, изофталды қышқылдар өндірісі;

      11) натрий нитриті, тионилхлорид, көміраммоний тұздары, көмірқышқылды аммоний өндірісі;

      12) диметилформамид өндірісі;

      13) этил сұйықтығы өндірісі;

      14) катализаторлар өндірісі;

      15) күкіртті органикалық бояғыштар өндірісі;

      16) калий тұздарының өндірісі;

      17) ұшпа органикалық қосындылар қолданылатын жасанды тері өндірісі;

      18) азотолдар және азоаминдер барлық сыныптарының текшелік бояғыштарының өндірісі;

      19) этилен тотығы, пропилен тотығы, полипропилен өндірісі;

      20) 3,3-ди(хлорметил) оксоциклобутан, поликарбонат, пропиленді этилен сополимерлері, мұнайдың ілеспе газдары базасында жоғары полиолефиндер полимерлерінің өндірісі;

      21) пластификаторлар өндірісі;

      22) хлорвинил негізінде пластмассалар өндірісі;

      23) цистерналарды (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдаған кезде) тазарту, жуу және булау пункттері;

      24) синтетикалық жуғыш заттар өндірісі;

      25) бастапқы өнімдер өндірісі болған жағдайда тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі;

      26) бор мен оның қосындыларының өндірісі;

      27) парафин өндірісі;

      28) қарамай, ағаштан алынатын сұйық және ұшпа погондар, метил спирті, сіркесу қышқылы, скипидар, терпетин майы, ацетон, креозот өндірісі;

      29) сіркесу қышқылының өндірісі;

      30) сіркесу қышқылы мен сіркесу ангидридінің шикізат өндірістерімен қоса ацетилцеллюлоза өндірісі;

      31) өсімдік шикізатын пентозан қосындыларымен өңдеу негізінде жасалатын гидролиз өндірісі;

      32) изоактил спиртінің, майлы альдегид, май қышқылының, винилтолуол, пенопласт, поливинилтолуол, полиформальдегид, органикалық қышқылдар регенерациясының (сіркесу, майлы және басқалары), метиопирролидон, поливинилпирролидон, пен-таэритрит, уротропин, формальдегид өндірісі;

      33) капрон және лавсан мата өндірісі.

      3. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) ниобий өндірісі;

      2) тантал өндірісі;

      3) аммиакты әдіспен кальцийленген сода өндірісі;

      4) аммиакты, калийлі, натрийлі, кальцийлі селитра өндірісі;

      5) химиялық реактивтер өндірісі;

      6) целлюлоза эфирлерінен алынатын пластикалық массалар өндірісі;

      7) корунд өндірісі;

      8) барий мен оның қосындыларының өндірісі;

      9) ультрамарин өндірісі;

      10) ағаштан жемдік ашытқылар мен фурфурол және гидролиз әдісімен ауыл шаруашылығы қалдықтарының өндірісі;

      11) никотин өндірісі;

      12) изомеризациялық әдіспен синтетикалық камфара өндірісі;

      13) меламин және цианур қышқылының өндірісі;

      14) поликарбонаттар өндірісі;

      15) күшәла, фосфор, хром, қорғасын және сынап тұздарынан басқа, минералды тұздар өндірісі;

      16) пластмассалар (карболит) өндірісі;

      17) фенолформальдегид прессматериалдарын, фенолформальдегидті шайырлар негізінде жасалатын қағаздан, матадан престелген және оралған бұйымдар өндірісі;

      18) жасанды минералды бояулар өндірісі;

      19) резеңке мен каучукты регенерациялау объектілері;

      20) шиналар, резеңкелі-техникалық бұйымдар, эбонит, желімделген аяқ киім, сондай-ақ аяқ киімге арналған резеңке қоспалар өндірісі;

      21) шиналарды техникалық өңдеу;

      23) сурьма, висмут литий және басқаларының тұздарын алу үшін сирек кездесетін металдарды химиялық өңдеу;

      24) электр өнеркәсібіне арналған көмір бұйымдарының (щеткалар, электр көмірлері және басқалары) өндірісі;

      25) резеңкені вулканизациялау өндірісі;

      26) аммиакты су өндірісі және оның базистік қоймалары;

      27) парофазалық әдіспен (металды сынапты қолданбай) ацетальдегид өндірісі;

      28) полистирол және стирол сополимерлерінің өндірісі;

      29) кремний органикалық лактар, сұйықтықтар мен шайырлар өндірісі;

      30) меркаптаннан жасалған одоризациялық қондырғылары бар магистралды газ құбырларының газ тарататын станциялары;

      31) себацин қышқылының өндірісі;

      32) винилацетат пен оның негізінде жасалатын өнімдер (поливинилацетат, поливинилацетатты эмульсия, поливинил спирті, винифлекс және басқалары) өндірісі;

      33) лактар өндірісі (майлы, спиртті, типографиялық, оқшаулаушы, резеңке өнеркәсібіне арналған және басқалары);

      34) ванилин мен сахарин өндірісі;

      35) бөлудің сығылған және сұйытылған өнімдерінің өндірісі;

      36) техникалық саломас (сутегін электролиттік емес әдіспен алу арқылы) өндірісі;

      37) парфюмерия өндірісі;

      38) ұшпа органикалық еріткіштер қолданылмайтын поливинилхлоридті және басқа да шайырлар негізінде жасалатын жасанды тері өндірісі;

      39) эпихлоргидрин өндірісі;

      40) сығылған азот, оттегі өндірісі;

      41) жемдік ашытқылар өндірісі;

      42) булану құрылғыларымен және қайта өңделетін шикізат бойынша өнімділігі сағатына 0,5-тен аспайтын мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі.

      Тауарлы мұнайды бензинге, дизель отыны мен мазутқа тікелей айдау үшін индукциялық қыздыру жүйесін пайдаланатын, қуаттылығы жылына 100 000 тоннаға дейінгі аз күкіртті және күкіртті мұнай өңдеу құрылғылары үшін атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануын есептеген жөн. Осы қондырғыларды тұрғын үй құрылыстарының арасына орналастыруға және оларда жоғары күкіртті мұнай өңдеуге жол берілмейді.

      4. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) тук қоспаларының өндірісі;

      2) фтор пластарын өңдеу өндірісі;

      3) дайын целлюлоза мен ескі-құсқыдан жасалатын қағаз өндірісі;

      4) глицерин өндірісі;

      5) галалит және басқа да ақуыздық пластиктер (аминопластар және басқалары) өндірісі;

      6) конденсациялық шайырлармен жасалатын эмальдар өндірісі;

      7) сабын өндірісі;

      8) тұз қайнату және тұз тарту өндірістері;

      9) фармацевтикалық калий тұздарының (хлор, күкірт қышқылды, поташа) өндірісі;

      10) минералды табиғи (бор, охра және басқалары) бояулар өндірісі;

      11) дубилді экстракт өндірісі;

      12) полиграфиялық бояулар зауыты;

      13) фотохимия (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинопленкалар) өндірісі;

      14) дайын бастапқы өнімдерден жасалатын тұрмыстық химия тауарларының өндірісі және оларды сақтау қоймалары;

      15) олифа өндірісі;

      16) әйнек талшық өндірісі;

      17) медициналық әйнек (сынапты қолданбай) өндірісі;

      18) пластмассалар өңдеу (құю, экструзия, престеу, вакуумдық қалыптау) өндірісі;

      19) полиуретандар өндірісі.

      5. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) дайын дәрі түрлерінің (құрамдас бөліктерін дайындамай) өндірісі;

      2) макулатурадан жасалатын қағаз өндірісі;

      3) қуаттылығы тәулігіне 160 кг-нан артық киімді химиялық тазарту фабрикалары;

      4) пластмассадан және синтетикалық шайырдан (механикалық өңдеу) жасалатын бұйымдар өндірісі;

      5) көмір қышқылының және "құрғақ мұз" өндірісі;

      6) жасанды інжу өндірісі;

      7) сіріңке өндірісі.

2. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері

      6. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклі жылына 1 000 000 тоннадан (бұдан әрі – жыл/т) астам қара металлургия өндірісі;

      2) 3000 жыл/т астам мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі;

      3) домна пештерінің жалпы көлемі 1500 м3 дейінгі тікелей кендер мен концентраттардан алынатын шойын балқыту өндірісі;

      4) қалдықтарды қайта өңдейтін цехтары бар мартендік және конверторлық әдістермен (томасшлакты тарту және басқалары) жасалатын шойын өндірісі;

      5) тікелей кендер мен концентраттардан жасалатын түсті металдарды (қорғасын, қалайы, мыс, никель) балқыту өндірісі;

      6) алюминийдің балқытылған тұздарының (глинозем) электролизі әдісімен алюминий өндірісі;

      7) арнайы шойындарды балқыту өндірісі;

      8) ферроқорытпалар өндірісі;

      9) қара және түсті металдардың кендерін және пиритті шырақ тұқылдарын агломерациялау өндірісі;

      10) глинозем (алюминий оксиді) өндірісі;

      11) сынап және сынапты приборлар (сынапты түзеткіштер, термометрлер, шамдар) өндірісі;

      12) кокс-химия (кокс-газ) өндірісі.

      7. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3-тан 1500 м3-қа дейінгі шойын балқыту өндірісі;

      2) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклінің қуаты 1 000 000-ға жыл/т қара металлургия өндірісі;

      3) негізгі өнім 1 000 000 жыл/т мөлшерінде шығарылған жағдайда, қалдықтарды қайта өңдеу (томасшлакты тарту және басқалары) цехтары бар мартенді, электрлік балқыту және конверторлық әдістермен жасалатын шойын өндірісі;

      4) магний (хлоридтіден басқа барлық әдістермен) өндірісі;

      5) 100 000 жыл/т-дан астам мөлшерде шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      6) коксты күйдіру өндірісі;

      7) қорғасын аккумуляторларының өндірісі;

      8) әуе кемелерінің өндірісі, техникалық қызмет көрсету;

      9) автомобиль өнеркәсібінің объектілері;

      10) шойын металл конструкцияларының өндірісі;

      11) құятын және бояйтын цехтары бар вагондар өндірісі;

      12) 2000-нан 3000 жыл/т-ға дейін мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш және басқалары) қайталама өңдеу өндірісі.

      8. ІІІ сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес:

      1) томасшлакты тарту өндірісі;

      2) 100-ден 2000 жыл/т-ға дейінгі мөлшерде түсті металдар өндірісі;

      3) пирометаллургиялық және электролиттік әдістермен жасалатын сурьма өндірісі;

      4) 20 000-нан 100 000 жыл/т мөлшерінде шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      5) сулы ерітінділердің электролизі әдісімен мырыш, мыс, кобальт өндірісі;

      6) металл электродтар (марганецті қолдану арқылы) өндірісі;

      7) қуаттылығы 10 000 жыл/т қысыммен түрлі-түсті фасондық құю өндірісі (алюминий қорытпаларынан 9500 т қысыммен құю және 500 т мырыш қорытпаларынан құю);

      8) люминофорлар өндірісі;

      9) метиздік өндіріс;

      10) санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісі;

      11) ет-сүт таситын машина жасау кәсіпорындары;

      12) шахталық автоматика өндірісі;

      13) шрифт құю (қорғасын шығарындылары болуы мүмкін) зауыттары;

      14) жалаң кабель өндірісі;

      15) сілтілі аккумуляторлар өндірісі;

      16) кендерді химиялық өңдеу цехтары болмаған жағдайда, қатты қорытпалар мен тығыз балқитын металдар өндірісі;

      17) кеме жөндеу өндірістері;

      18) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3 аз болған жағдайда, шойын балқыту өндірісі.

      9. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) ыстық өңдеусіз металл байыту өндірісі;

      2) қорғасынды немесе резеңкемен оралған кабель өндірісі;

      3) 10 000-нан 20 000 жыл/т-ға дейін шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      4) 1000 жыл/т-ға дейінгі мөлшерде түрлі-түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш және басқалары) қайталама өңдеу өндірісі;

      5) ауыр престер өндірісі;

      6) шағын құю цехтар мен басқа да ыстық цехтар болған жағдайда, электр техникалық өнеркәсіп машиналары мен аспаптарының (динамо машиналар, конденсаторлар, трансформаторлар, прожекторлар және басқалары) өндірісі;

      7) құятын цехтары жоқ және сынап қолданылмай жасалған электр өнеркәсібіне арналған аспаптар (электр шамдары, шамшырақтар, және басқалары) өндірісі;

      8) жол машиналарын, автомобильдерді, кузовтарды, темір жол көлігі мен метрополитеннің жылжымалы құрамын жөндеу объектілері;

      9) координатты-жоңғы станоктар өндірісі;

      10) құятын цехтары жоқ шойын, болат (10 0000 жыл/т-ға дейінгі мөлшерде) және түрлі-түсті (100 жыл/т -ға дейінгі мөлшерде) металдар өңдеу өнеркәсібінің өндірісі;

      11) металл электродтар өндірісі;

      12) шрифт құю (қорғасын бөлінбейтін) өндірісі;

      13) полиграфиялық комбинаттар;

      14) офсетті баспа фабрикасы;

      15) қорғасын қолданатын типография;

      16) құйылмай боялатын металл өңдейтін машина жасау өндірістері.

      17) Локомотивтерді, электорвоздарды жинау өндірісі;

      10. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) қазандықтар өндірісі;

      2) пневматикалық автоматика объектісі;

      3) металл штамптар объектісі;

      4) ауыл шаруашылығы бөлшектерінің объектісі;

      5) механикалық шеберханалар.

3. Кендерді, кенсіз қазбаларды, табиғи газды өндіру

      11. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) кендерсіз құрылыс материалдарының карьерлері;

      2) тау-кен байыту өндірістері;

      3) тәулігіне 0,5-тен 1 тоннаға дейінгі күкірт сутегі бөлінген жағдайда, сондай-ақ ұшпа көмірсутектері жоғары болатын мұнай өндіру өндірістері;

      4) табиғи газ өндіру өндірістері;

      5) полиметал (қорғасын, сынап, күшәла, бериллий, марганец) кендерін және ашық өндірістегі VІІІ-XІ санатты тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      6) асбест өндіру өндірістері;

      7) темір кендерін және ашық өндірістегі тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      8) гипс өндіру өндірістері;

      9) ашық әдіспен металлоидтар өндіру өндірістері;

      10) түсті металдар өндіру кезіндегі үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен шлам жинағыштар;

      11) көмір разрездері,тас көмір, қоңыр және т.б.көмірлерді өндіру өндірістері;

      Ескертпе: Мұнай мен ілеспе газда күкірт сутегі мен меркаптандар 3,0% және одан көп болған жағдайда, көмірсутекті шикізат өндіретін кәсіпорындар үшін СҚА мөлшері кемінде 5000 м; ал 20,0% және одан көп болғанда – СҚЗ мөлшері кемінде 8000 м болуға тиіс.

      12. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) ылғалды байыту процесі бар кен байыту фабрикалары мен гидрошахталар;

      2) темір мен көмір өндіру кезіндегі шлам жинағыштар мен үйінділер;

      3) ұшпа көмірсутек мөлшері аз, күкірт сутегі тәулігіне 0,5 тоннаға дейін шығарылған жағдайда, мұнай өндіру өндірістері;

      4) фосфориттер, апатиттер, колчедандар (химиялық өңдеусіз), темір кенін өндіру өндірістері;

      5) қорғасын кенін, сынаптан, күшәладан және марганецтен басқа, шахталық әдіспен металдар мен металлоидтер кендерін өндіру өндірістері;

      6) ашық өндірістегі доломиттер, магнезиттер, асфальттың гудрондары VІ-VІІ санатты тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      7) жанғыш тақтатас өндірістері;

      8) шымтезек өндіру өндірістері;

      9) ұсақ шымтезек пен көмірден жасалатын брикет өндірісі;

      10) тастан ас тұзын өндіру өндірістері;

      11) өздігінен жануды басу іс-шараларынсыз шахталық террикондар.

      12) жарылғыш заттарды пайдалана отырып, ашық өндіріспен мәрмәр, қиыршық тас, құм, саз шығару өндірістері (карьерлер);

      13. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) ашық өндіріспен калий карбонатын өндіру өндірістері (карьерлер);

      2) жару әдісінсіз тас шығару өндірістері;

4. Құрылыс өнеркәсібі

      14. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) цемент (портланд-шлакопортланд-пуццолан-цемент және басқалары), сондай-ақ жергілікті цементтер (глинитцемент, романцемент, гипсошлак, фосфорлы-шлак және басқалары) өндірісі;

      2) шахталық, айналма және басқа да пештерде күйдірілетін магнезит, доломит және шамот өндірісі;

      3) асбест пен одан жасалатын бұйымдар өндірісі;

      4) стационарлық объектілердегі асфальтбетон өндірісі.

      15. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) әк (шахталық және айналма пештері бар әк зауыттары) өндірісі;

      2) көркем шыны, балқыту және хрусталь өндірісі;

      3) шыны мақта, базальтты мақта және шлак жүн өндірісі;

      4) ұсақ тас, қиыршық тас және құм өндірісі, кварц құмын байыту;

      5) толь және рубероид өндірісі;

      6) ферриттер өндірісі;

      7) құрылыс полимерлік материалдар өндірісі;

      8) кірпіш (қызыл, силикат, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар) өндірісі;

      9) кран әдісімен төгілетін жүктерді (көмір, кен) аудару;

      10) үй құрылысы комбинаты;

      11) темір бетон бұйымдарының өндірісі;

      16. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) жасанды толтырғыштар (керамзит және басқалары) өндірісі;

      2) жасанды тастар өндірісі;

      3) цементтер мен басқа да шаң бөлетін материалдар қоймалары;

      4) жылу электр орталықтарының (бұдан әрі – ЖЭО) қалдықтарынан жасалатын құрылыс материалдарының өндірісі;

      5) бетон бұйымдар өндірісі;

      6) фарфор және фаянс бұйымдарының өндірісі;

      7) тас құю өндірістері;

      8) табиғи тасты өңдеу өндірістері;

      9) гипс бұйымдарының өндірісі, гипс (алебастр), бор өндірісі;

      10) фибролит, камышит, соломит, дифферент және басқаларының өндірісі;

      11) құрылыс бөлшектерінің өндірісі;

      12) битум қондырғылары.

      17. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) саз балшық бұйымдарының өндірісі;

      2) шыны үрлеу, айна өндірісі, шыныны тегістеу және уландыру;

      3) мәрмәрді механикалық өңдеу;

      4) бетон өндірісінің қондырғысы;

      5) қиыршық тас, құм, саз өндіру карьерлері, кәсіпорындары.

5. Ағаш өңдеу

      18. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) орманды химиялық өндірістер (ағашты химиялық өңдеу өндірісі және ағаш көмірін алу).

      19. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) ағаш консервілеу (қоректендіру арқылы) өндірісі;

      2) шпал өндірісі және оларды қоректендіру өндірісі;

      3) ағаш жүнінен: синтетикалық шайырларды байланыстырушы ретінде пайдаланумен ағаш-жоңқа плиталарды, ағаш-талшықты плиталар өндірісі;

      4) ағаш өңдеу өндірісі.

      20. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) қылқан жапырақ-витамин ұны, қылқан жапырақ экстрактісінің хлорофилді-каротинді паста өндірісі;

      2) ағаш жүнінің өндірісі;

      3) ағаш кесетін, фанера және стандартты ағаш ғимараттар бөлшектерінің өндірісі;

      4) ағаш кемелерді дайындауға (катерлер, қайықтар) арналған кеме жасау верфтері;

      5) лактап, бояумен жиһазды құрастыру.

      21. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) арба өндірісі;

      2) дайын клепкадан жасалатын кеспек-күбі бұйымдарының өндірісі;

      3) жөке-тоқыма өндірісі;

      4) тұзды және сулы ерітінділермен (күшәланың тұзын қолданбай), жақсылап сылаумен ағашты консервілеу өндірістері;

      5) ағаш кемелерін даярлауға (катерлер, қайықтар) кеме жасау верфтері;

      6)балташы-ағаш ұста, жиһазды паркеттік, жәшік объектілері.

      22. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) лактанып, боялмай жасалатын дайын бұйымдардан жиһаз құрастыру.

6. Тоқыма өндірістері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері

      23. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) тұқымды сынапты-органикалық препараттармен өңдеу цехтарының құрылғылары бар мақтаны бастапқы өңдеу объектілері;

      2) ұшпа еріткіштер қолданылатын жасанды тері, пленка материалдар, клеенка, пластикалық тері өндірісі;

      3) матаны күкірт көміртегімен өңдеу және химиялық ылғалдандыру объектілері.

      24. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) маталар мен қағазды майлы, майлы-асфальтты, бакелитті және басқа да лактармен үздіксіз ылғалдандыру объектілері;

      2) маталарды (дерматинді, гранитолді), күкірт көміртегінен басқа, химиялық заттармен өңдеу және ылғалдандыру объектілері;

      3) поливинилхлорид бір жақты бекемделген пленкалар, қосарланған полимерлерден жасалатын пленкалар, аяқ киімнің астына арналған резеңкелер, еріткіштер қолданылатын регенератор өндірісі;

      4) жіп иіру-тоқу өндірісі.

      25. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) өсімдік талшығын (зығырды, сораны, мақтаны, кендірді) бастапқы өңдеу өндірістері;

      2) ағартатын және бояйтын-аппретуралық ұйымдар;

      3) жүннен, мақтадан, зығырдан, сондай-ақ бояйтын және ағартатын цехтар болған жағдайда, синтетикалық және жасанды талшықтар қоспасымен жасалатын мата және жіп өндірісі;

      4) органикалық еріткіштерді қолдана отырып, полимерлермен өңделетін галантереялық-былғары картон өндірісі;

      5) мақта шикізатын қабылдау пунктері;

      6) спорт бұйымдарының өндірісі;

      7) шыт тоқитын өндіріс;

      8) фурнитура өндірісі.

      26. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) катонин өндірістері;

      2) жібек құртты пісіру және жібек орау объектілері;

      3) меланж өндірісі;

      4) кендір иіретін, арқан, шпагат, жіп және олардың ұштарын өңдеу өндірістері;

      5) жасанды қаракөл өндірісі;

      6) аяқ киім өндірісі;

      7) бояйтын және ағартатын цехтары болмаған жағдайда, мақтадан, зығырдан, жүннен жасалатын жіп пен мата өндірісі;

      8) трикотаж және шілтер өндірісі;

      9) жібек тоқу өндірісі;

      10) тігін фабрикалары;

      11) кілем өндірісі;

      12) еріткіштерді қолданбай, былғары және былғары-целлюлоза талшықтан жасалатын аяқ киім картонының өндірісі;

      13) шпульдық-катушка өндірісі;

      14) тұсқағаз өндірісі;

      15) шұлық өндірісі.

      27. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) суда еритін желім пайдаланылатын дайын материалдардан жасалатын аз сериялы аяқ киім шығару объектілері.

7. Мал өнімдерін өңдеу

      28. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) тері қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан желім даярлайтын желім қайнату өндірістері;

      2) сүйектен, тері шелісінен, тері қалдықтарынан және қоймада сақтай отырып жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан жасалатын техникалық желатин өндірісі;

      3) өлген жануарларды, балықты, оның бөліктерін және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарын (майға айналдыру, жануарларға арналған жемдіктер, тыңайтқыштар) өңдейтін кәдеге жарату зауыттары;

      4) сүйекті өртейтін және сүйекті ұсақтайтын зауыттар.

      29. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) майды (техникалық майды) еріту өндірістері;

      2) кәдеге жарататын шикізатты жинайтын орталық қоймалар.

      30. ІІІ сынып - СҚА, кемінде 300 м:

      1) жануарлардың шикі терілерін (қой-ішік, қой терісін илейтін, аң терісі) өңдеу және бояу өндірістері, күдері, сафиян, лайка өндірісі;

      2) жануарлардың шикі терілерін өңдеу өндірістері: қалдықтарды қайта өңдейтін былғары-қайыс, былғары-илеу өндірістері;

      3) жүн жуатын объектілер;

      4) ылғал тұздалған және өңделмеген теріні уақытша сақтау қоймалары;

      5) салқындатылған арнайы құрылған қоймаларда сақтау мерзімі ең аз жас, бұзылмаған сүйектен жасалатын жоғары сортты желатин өндірісі;

      6) шаш, қыл, мамық, қауырсын, мүйіз және тұяқ өңдеу өндірістері;

      7) жануарлардың өлексесінен жасалатын скелеттер және көрнекі құралдар өндірісі;

      8) құрама жемазық зауыттары (ас қалдықтарынан жануарларға арналған жемдер өндірісі);

      9) жүн және киіз өндірісі;

      10) лакталған терілер өндірісі;

      11) ішек және кетгут өндірісі;

      12) уақытша сақтауға арналған (өңдеусіз) ылғал тұздалған тері (200 данаға дейін) қоймалары.

      31. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) иленген теріден жасалатын бұйымдар өндірісі;

      2) шаш пен қылдан жасалатын щеткалар өндірісі;

      3) киіз басу шеберханалары.

8. Тамақ өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу

      32. І сынып – СҚА, кемінде 1000 м:

      1) теңіз жануарларынан алынатын майды еріту объектілері;

      2) ішек жуатын объектілер;

      3) ірімшік қайнататын өндірістер;

      4) етті сүрлейтін өндірістер;

      5) балықты сүрлейтін зауыттар.

      33. ІІ сынып – СҚА, кемінде 500 м:

      1) қант қызылшасы өндірістері;

      2) балық кәсіпшіліктері;

      3) 2 т/сағ астам диірмендер, жарма тартатын, дәнді сыдыратын кәсіпорындар және құрама жемазық зауыттары;

      4) тауар миясын қайнату және ашытқы даярлау өндірістері;

      5) альбумин, декстрин, глюкоза, сірнелер өндірісі.

      34. ІІІ сынып – СҚА, кемінде 300 м:

      1) элеваторлар;

      2) кофе қуыратын өндірістер;

      3) олеомаргарин және маргарин өндірісі;

      4) тағам спиртінің өндірісі;

      5) балық комбинаттары, балық консервілері және кәдеге жарату цехтары бар (сүрлейтін цехтары жоқ) балықтың жон еті кәсіпорындары;

      6) сығынды сақтайтын қоймасы жоқ қант қызылшасы зауыттары;

      7) жүгері-крахмал, жүгері-сірне зауыттары;

      8) көкөністі өңдеу (кептіру, тұздау, ашыту) өндірістері;

      9) крахмал өндірісі;

      10) темекі-махорка (темекі-ферментациялық, темекі және сигарет-махорка фабрикалары) өндірістері;

      11) бастапқы шарап жасау зауыттары.

      35. ІV сынып – СҚА, кемінде 100 м:

      1) кондитер фабрикалары;

      2) асханалық сіркесу өндірісі;

      3) сыра, квас және алкогольсіз сусындар өндірісі;

      4) шай өлшейтін фабрикалар;

      5) спирт - арақ зауыттары;

      6) май шығаратын (өсімдік майы) зауыттар;

      7) консерві зауыттары;

      8) шақпақ қант зауыттары;

      9) коньяк спирті зауыттары;

      10) макарон фабрикалары, өнімділігі тәулігіне 1,0 т астам;

      11) сүт және май шайқайтын (жануар майы) зауыттар;

      12) өңделетін ет өнімділігі тәулігіне 3,0т астам шұжық бұйымдарының өндірісі;

      13) нан зауыттары, өнімділігі тәулігіне 3,0 т нан пісіру өндірістері;

      14) тағам фабрикалары, дайындайтын орындар;

      15) сыйымдылығы 600 тоннадан астам тоңазытқыштар;

      16) жүзім шырыны зауыттары;

      17) жеміс және көкөніс шырынын және алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттар;

      18) өнімділігі 0,5-тен 2 т/сағ дейін диірмендер.

      36. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) қуаттылығы аз цехтар (шағын өндіріс): ет өңдеу - тәулігіне 3,0 т/ дейін, сүт өңдеу – тәулігіне 3,0 т/ дейін, нан және нан-тоқаш бұйымдарын өңдеу – тәулігіне 3,0 т/, балық – тәулігіне 3,0 т/ дейін, кремді кондитерлік өнімдер өндіру кәсіпорындары – тәулігіне 0,1 т/ дейін, кондитерлік өнімдерді кремсіз өндіру кәсіпорындары – тәулігіне 0,3 т/ дейін, макарон өнімдерінің өндірісі – тәулігіне 0,1т/ дейін;

      2) сыйымдылығы 600 тоннаға дейін азық-түліктерді төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;

      3) сыра (ашытылмаған) өндіру өндірістері;

      4) майонездер өндірісі;

      5) асханалық сірке су құю объектілері;

      6) дайын тағам өнімдерін бөлшектеп-буу объектілері;

9. Микробиология өнеркәсібі

      37. І сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес:

      1) көмірсутектерін (мұнай парафиндері, этанол, метанол, табиғи газ) белокты-дәруменді концентраттарды (бұдан әрі – БДК) өндіру. Қолданылып жүрген технология мен толық тұмшаламау кезінде (БДК аэрозольдерінің, ашытқы клеткаларының шығарындысы, жағымсыз иістердің болуы) СҚА 3000 м-ден кем емес;

      2) өндірісте патогенділіктің 1 және 2-топ микроорганизмдерін пайдаланатын объектілер;

      3) жемдік бацитрацин өндіру;

      4) өсімдік шикізатынан пектин өндіру.

      38. ІІ сынып - СҚА 500 м-ден кем емес:

      1) гидролиз әдісімен ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жем ашытқыларын, фурфурол және спирт өндіру;

      2) тағам ашытқыларын өндіру;

      3) микробиологиялық синтез әдісімен амин қышқылдарын өндіру;

      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау үшін биопрепараттар (трихограмм және басқалары) өндіру;

      5) микробиологиялық синтез әдісімен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру;

      6) антибиотиктер өндіру;

      7) егудің беткей әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттерді өндіру.

      39. ІІІ сынып - СҚА 300 м-ден кем емес:

      1) фурфурол өндірусіз ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан (күнбағыстың қауызы, сабан, жүгері өзегі) жем ашытқыларын өндіру;

      2) жем антибиотиктерін, оның ішінде биологиялық жолмен өндіру;

      3) егудің терең әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттер өндіру.

10. Ауылшаруашылық объектілері

      40. І сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес:

      1) 100 ден 5000 басқа дейін шошқа өсіретін шаруашылық;

      2) жылына 3 000 000 астам бройлер және 400 000-нан астам мекиен тауық өсіретін шаруашылық;

      3) 5 000 бастан астам ірі қара мал өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;

      4) тезек пен саңғырақ сақтайтын ашық сақтау орындары;

      5) 500 тоннадан артық улы химикаттарды сақтайтын қоймалар;

      6) мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қорының шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда ет өңдеу кәсіпорны (ірі және ұсақ қара малдар) және ет комбинаттары.

      41. ІІ сынып - СҚА 500 м-ден кем емес:

      1) 1200-ден 5000 сиырға дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын және төлге арналған 6000 орны бар шаруашылық;

      2) 100 бастан артық аң (қара күзен, түлкі және басқалары) өсіретін фермалар;

      3) жылына 100 000-нан 400 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-нан 3 000 000-ға дейін бройлер өсіретін шаруашылық;

      4) тезектің биологиялық өңделген сұйық фракциясын сақтайтын ашық орындар;

      5) тезек пен саңғырақты сақтайтын жабық орындар;

      6) тұқымды өңдейтін және дәрілейтін өндіріс;

      7) сұйытылған аммиак қоймалары.

      42. ІІІ сынып - СҚА 300 м-ден кем емес:

      1) 1200-ден кем ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын шаруашылық (барлық түрлері), жылқы өсіретін фермалар;

      2) 100 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, аң фермалары);

      3) 3000-нан 5000 басқа дейін қой өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;

      4) 100 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-ға дейін бройлер өсіретін шаруашылық;

      5) тезек пен саңғырақты соқалайтын алаңдар;

      6) 50 тоннадан артық минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттарды сақтайтын қоймалар;

      7) егістік шекарасынан елді мекенге дейін ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді тракторларды қолданып, пестицидтермен өңдеу;

      8) үй қояны фермалары.

      9) ауыл шаруашылығы жануарларын сату объектілері;

      43. ІV сынып - СҚА 100 м-ден кем емес:

      1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы;

      2) 50 тоннаға дейін минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттарды сақтауға арналған қоймалар;

      3) құрғақ минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдар (тағам өнімдерін сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға дейін де аймақ белгіленеді) қоймалары;

      4) мал шаруашылығының ағындыларын пайдаланатын мелиоративті объектілер;

      5) тағам қалдықтарын пайдалануды қоса алғанда, жем даярлайтын цехтар;

      6) автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтау гараждары мен парктері;

      7) 50 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермалары);

      8) жанар-жағар май материалдары қоймалары.

      44. V сынып - СҚА 50 м-ден кем емес:

      1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым сақтау орындары, қоймалары;

      2) материалдық қоймалар.

11. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының
құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер

      45. І сынып – СҚА 1000 м кем емес:

      1) ассенизация алқаптары;

      2) шұңқырға көметін мал қорымдары;

      3) жануарлар өлекселерін жоятын кәдеге жарату зауыттары;

      4) ағын суларды тазалаудың СҚА ең аз мөлшері 3-қосымшада белгіленген.

      46. І сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес:

      1) мал тасымалдағаннан кейін вагондарды тазартатын және жуатын станциялар мен пункттер (дезинфекциялық жуу станциялары мен пункттері);

      2) жыртылатын алқаптар;

      3) елді мекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен күл-қоқыстарын компостерлеу учаскелері;

      4) биологиялық камералары бар, сібір жарасымен ауырған мал ертеректе көмілген шұңқырға көметін мал қорымдары;

      Ескертпе: сібір жарасымен ауырған мал ертеректе көмілген мал қорымдары және белгісіз себептермен өлген мал көмілген қорымдар үшін СҚА мөлшері топыраққа, сондай-ақ, жер беті және жер асты суларына, биологиялық әсерді есепке ала отырып айқындалады;

      5) шайынды су станциялары;

      6) ассенизация алқаптары;

      7) қауіптілігі 1 және 2 сыныпты өндіру мен тұтыну токсикалық қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму бойынша полигондары;

      8) малдардың өлексесін жоюға арналған кәдеге жарату зауыты;

      9) ағынды суларды тазалаудың СҚА ең аз мөлшері 3-қосымшада белгіленген;

      10) қуаттылығы жылына 40 мың тоннадан бастап (бұдан әрі - т/жылына) қоқыс өртейтін, қоқыс сұрыптайтын және қоқыс өңдейтін объектілері;

      47. ІІ сынып - СҚА 500 м-ден кем емес:

      1) кәдеге жарату шикізатын жинау жөніндегі орталық базарлар;

      2) қоқысты пайдаланатын жылыжайлар мен көшетханаларға арналған учаскелер;

      3) тезек пен нәжіссіз қоқысты компостерлеу.

      4) қуаттылығы 40 т/жылына дейін қоқыс өртейтін, қоқыс сұрыптайтын және қоқыс өңдейтін объектілері;

      5) медициналық қалдықтарды өртеу объектілері, сағатына 120 килограмм және одан да артық (бұдан әрі – кг/сағ), қауіптілігі 3 және 4 сыныпты өндіру мен тұтыну токсикалық қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму бойынша полигондары.

      48. ІІІ сынып - СҚА 300 м-ден кем емес:

      1) кәдеге жаратылатын шикізатты жинайтын аудандық мақсаттағы базалар;

      2) қаланы тазарту бойынша механикаландырылған көлік парктері;

      3) кәдеге жаратылатын шикізатты өңдеусіз уақытша сақтау қоймалары

      4) автомобильдерге (жүк автомобильдері, сондай-ақ қалалық көлік автобустары) қызмет көрсететін объектілер;

      5) толық массасы 3,5 тоннадан артық автокөлік құралдарына және тракторларға жанар май құятын стационарлық үлгідегі жанар май құю станциялары;

      6) зираттар, крематорийлер;

      7) кеден терминалдары, көтерме базарлар.

      8) 120 кг/сағ дейін медициналық қалдықтарды өртеу объектілері;

      49. ІV сынып - СҚА 100 м-ден кем емес:

      1) автомобильдерге (азаматтардың жеке меншігінен басқа жеңіл автомобильдер, қалалық көліктен басқа автобустар) қызмет көрсететін объектілер;

      2) троллейбус және трамвай парктері;

      3) массасы 3,5 тоннадан аспайтын автокөлік құралдарына жанар май құю станциялары;

      4) "қарбалас" сағатындағы қуаттылығы 80 жанар май құюдан артық, газ қайтару жүйесімен жабдықталған блокты-контейнерлі үлгідегі жанар май құю станциялары;

      5) кремациядан соң көметін зираттар;;

      6) химиялық тазарту, кір жуу орындары (аусымына -75 кг. артық);

      7) жануарлар ұстайтын ветеринариялық емханалар, виварийлер, тәлімбақтар, кинологиялық орталықтар, жануарларды уақытша ұстау орындары;

      8) автокөлік құралдарын сүйық және газ түріндегі моторлы отынмен құюға арналған автокөлік станциялары.

      50. V сынып - СҚА 50 м-ден кем емес:

      1) "қарбалас" сағатындағы қуаттылығы 80 жанар май құюдан кем, газ қайтару жүйесімен жабдықталған блокты-контейнерлі үлгідегі жанар май құю станциялары, қайталама шикізатты қабылдау пункттері;

      2) 1000 шаршы м аса сауда алаңы бар объектілер: жеке тұрған гипермаркеттер, супермаркеттер, сауда кешендері мен орталықтары, ұсақ көтерме базарлар, объекті қасында 101 ден 300–ге дейін машина сиятын автотұрағы бар азық-түлік және өндірістік тауарлар базарлары. Сауда алаңдары шағын объектілер үшін СҚА мөлшері тиісті негіздеме болған кезде белгіленеді.

12. Жүктерді қайта тиеу және сақтау, жүктер мен кемелерді
және теміржол көлігін фумигациялауды, газ дезинфекциясын,
дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу қоймалары,
айлақтары және орындары

      51. І сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес:

      1) жүк айналымы жылына 150 000 тоннадан артық апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар.

      І, ІІ және ІІІ сыныптардың 1-ші тобына жүктердің шаңын шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көлікті немесе басқа қондырғыларды қолданатын көліктік технологиялық схемалар кірмейді;

      2) сұйық химиялық жүктер мен сұйытылған газдарды (метан, пропан, аммиак және басқалары), галогендер, күкірт, азот, көмірсутектерінің (метанол, бензол, толуол және басқалары), спирттер, альдегидтердің өндірістік қосындыларын және басқа қосындыларды қайта тиеу және сақтау орындары;

      3) тазартатын және жуатын-булайтын станциялар, дезинфекциялау-қайта жуу объектілері, кемелерді, цистерналарды тазартатын пункттер, балласты және арнайы қалқымалы жинағыштардан құрамында мұнай бар шайынды суларды қабылдауға арналған қабылдау-тазарту құрылыстары;

      4) жүктер мен кемелерді фумигациялауды газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу орындары мен айлақтары.

      52. ІІ сынып - СҚА 500 м-ден кем емес:

      1) жылына 150 000 тоннадан кем тауар айналымы бар апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар;

      2) көмір түсіретін ашық қоймалар мен оны қайта тиеу орындары;

      3) минералды тыңайтқыштарды, асбесті, ізбесті, кенді (радиоактивтіден басқа) және басқа минералдарды (күкірт, күкіртті колчедан, гипс және басқалары) түсіретін ашық қоймалар мен қайта тиеу орындары;

      4) шикі мұнайды, битумды, мазутты және басқа жабысқақ мұнай өнімдері мен химиялық жүкті қайта тиеу және сақтау орындары;

      5) пек және құрамында пек бар жүкті түсіретін ашық және жабық қоймалар мен оларды қайта тиеу орындары. Антисептиктер сіңірілген ағаш шпалдарын сақтау және қайта тиеу орындары.

      53. ІІІ сынып - СҚА 300 м-ден кем емес:

      1) жүк айналымы жылына 5 000 тоннадан кем шаңданатын жүкті (апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент) түсіретін және қайта тиейтін ашық қоймалар мен орындар;

      2) ыдысқа салынған химиялық жүктің (тыңайтқыштар, органикалық еріткіштер, қышқылдар мен басқа заттар) түсіретін жабық қоймалар, қайта тиеу және сақтау орындары;

      3) магнезит, доломит және басқа шаңданатын жүкті түсіретін жер үсті қоймалары және оларды тиейтін ашық орындар;

      4) шаңданатын және сұйық жүк (аммиак суы, тыңайтқыштар, кальцийленген сода, лак бояу материалдары және басқалары) қоймалары;

      5) құрғақ құм, қиыршық тас, тас және басқа минералды құрылыс материалдарын түсіретін жер үсті қоймалары және орындары;

      6) ашық әдіспен алынатын шрот, күнжара, копра және басқа шаңданатын өсімдік өнімін қайта тиеу қоймалары мен учаскелері;

      7) кәдеге жаратылатын шикізатты қайта тиеу қоймалары, түсіру және сақтау;

      8) ылғал тұздалған өңделмеген теріні (200 данадан артық) және басқа жануар тектес өнім қоймалары, қайта тиеу және сақтау;

      9) малды, жануарларды және құсты үнемі қайта тиейтін учаскелер;

      10) балық, балық өнімдерін және кит сою кәсіпшілігі өнімдері қоймалары және оларды қайта тиеу.

      54. ІV сынып - СҚА 100 м-ден кем емес:

      1) тері шикізаты (оның ішінде 200 данаға дейін ылғал тұздалған тері) қоймалары және оларды қайта тиеу;

      2) дәнді дақыл қоймалары және түсіретін ашық орындар;

      3) ас тұзы қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;

      4) жүнді, шашты, қылды және осыған ұқсас басқа өнім қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;

      5) сыртқы ортаға шаң шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көліктік немесе басқа қондырғылар мен сақтау орнын қолдана отырып, үйіліп тасымалданатын апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент және шаңданатын басқа жүкті қайта тиеу және сақтаудың көліктік техникалық схемалары.

      55. V сынып - СҚА 50 м-ден кем емес:

      1) ылғалдандырылған минералды-құрылыс материалдары (құм, қиыршық тас, шағыл, тас және басқалары) ашық қоймалары және оларды қайта тиеу;

      2) престелген күнжара, шөп, сабан, темекі-махорка бұйымдарын және басқаларын сақтау және қайта тиеу учаскелері;

      3) тамақ өнімдерін (ет, сүт, кондитер), көкөніс, жеміс, сусындар және басқаларының қоймалары, қайта тиеу;

      4) тағамдық жүктерді (шарап, май, шырындар) сақтау және құю учаскелері;

      5) рефрижераторлық кемелер мен вагондардың түсіру және тиеу учаскелері;

      6) өзен айлақтары.

13. Минералды отын жағу кезінде электр және жылу энергиясын
өндіру

      1) отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, 600 Мегаватт (бұдан әрі – Мвт), және одан жоғары электр қуатына эквивалентті жылу электр станциялары (бұдан әрі – ЖЭС) СҚА 1000 м-ден кем емес І сынып объектілеріне жатады;

      2) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін, 600 МВт және одан жоғары электр қуатына эквивалентті ЖЭС СҚА 500 м-ден кем емес ІІ сынып объектілеріне жатады;

      3) көмір және мазут отынымен жұмыс істейтін, 600 МВт және одан жоғары электр қуатына эквивалентті ЖЭС, сондай-ақ, жылу қуаттылығы 200 гегакалорий (бұдан әрі – Гкал) және одан жоғары жылу электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) мен аудандық қазандықтар СҚА 500 м-ден кем емес екінші сыныпқа жатады;

      4) газды және газды-мазутты отынмен (соңғысы резерв ретінде) жұмыс істейтін, 600 МВт және одан жоғары электр қуатына эквивалентті ЖЭС, сондай-ақ, жылу қуаттылығы 200 гегакалорий (бұдан әрі – Гкал) және одан жоғары жылу электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) мен аудандық қазандықтар СҚА 300 м-ден кем емес үшінші сынып объектілеріне жатады;

      5) ЖЭС пен ЖЭЦ күл төгу орнынан ең аз СҚА оның периметрі бойынша ағашты-бұталы көшеттерді отырғызу жүзеге асырыла отырып, 300 м-ден (ІІІ сынып) кем емес;

      6) қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал-дан кем қазандықтың барлық түрінің СҚА ең аз мөлшерін белгілеген кезде жер беті қабатындағы есепті шоғырлануды анықтау, ал көп қабатты тұрғын-үй құрылыс салу жағдайында жергілікті жердің бедері мен құрылыс салуын, акустикалық есептеулерді ескере отырып, сондай-ақ вертикаль бойынша шоғырлану таралуын анықтау қажет. Жеке орналастырылған қазандықтардан халық үшін РЕШШ аспайтын ластаушы заттардың ең көп бір реттік шоғырлану кезінде СҚА 50 м кем болмауы тиіс. Тұрғын-үй және қоғамдық ғимараттарда орналастырылатын қазандықтар мен пештер үшін, тұрғын-үй және қоғамдық үй-жайларда, тұрғын-үй аумағында анықталатын, есептеу нүктелерінде халыққа ластаушы заттардың РЕШШ аспағанда СҚА белгіленбейді.

      Ластаушы заттардың таралуы есебіне қарай газбен жұмыс істейтін көпқабатты тұрғын-үйлерге автономды қазандарды орналастыруға рұқсат етіледі.

      Қазандықтан барынша ластану аймағында көп қабатты үйлер бар болса, түтін мұржасының биіктігі ең биік тұрғын үй шатырының төбесінен ең азы 1,5 метрге жоғары болуы көзделеді;

      7) жылу энергетика объектілерінен түтін газдарының таралуын есептеу кезінде күкірт қос тотығы мен азот тотығының, күлдің биологиялық әсері қосындысының әсерін ескеру міндетті;

      8) ыстық сумен қамтамасыз ету сорғы станциялары СҚА 50 м кем емес бесінші сыныпты объектілеріне жатады.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

      1-кесте

Жеңіл автомобильдерге арналған тұрақтардан, гараждардан,
техникалық қызмет көрсету объектілерінен құрылыс салу
объектілеріне дейінгі ең аз СА

р/с

Оған дейін қашықтық айқындалатын ғимараттар

Қашықтық, м

жеңіл автомобильдер саны мынадай болғанда гараждар, паркингтер және ашық тұрақтардан

бекеттер саны мынадай болған кезде көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету объектілерінен және автомобиль жуу орындарынан

10 және одан аз

11-50

51-100

101-300

10 және одан аз

11-30

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тұрғын үйлер

10**

15

25

35

15

25

2

Оның ішінде тұрғын үйлердің терезесі жоқ бүйір жақтары

10**

10**

15

25

15

25

3

Қоғамдық ғимараттар

10**

10**

15

25

15

20

4

Жалпы білім беретін мектептер, интернаттық білім беру ұйымдары және мектепке дейінгі мекемелер

15

25

25

50

50

*

5

Стационары бар емдеу мекемелері

25

50

*

*

50

*


      * Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша айқындалады.

      **Отқа төзімділігі ІІІ – V дәрежелі гараж ғимараттары үшін кемінде 12 м арақашықтықты қабылдау керек.

      Ескертпелер:

      1) Арақашықтықты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен және жалпы білім беретін мектептердің, интернаттық білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен стационары бар емдеу мекемелерінің жер учаскелері шекараларынан гараждың немесе паркингтің қабырғасына немесе ашық тұрақтың шекарасына дейін айқындау керек. Ашық типті автотұрақ деп кемінде ең үлкен ұзындықтың қарама-қарсы жақтары ашық құрылыс та саналады. Егер жақ бойынша бөлінген тесіктердің жалпы алаңы әр қабатында осы жақтың сыртқы бетінің кемінде 50 % құрайтын болса, жақ ашық деп саналады.

      2) Секциялық тұрғын үйлерден қасбеттің ұзына бойына орналастырғанда 101-300 машина сыятындай ашық алаңдарға дейінгі арақашықтықты кемінде 50 м деп қабылдау керек.

      3) Кестеде көрсетілген отқа төзімділігі І-ІІ дәрежелі гараждар үшін арақашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кіретін жерлер болмағанда 25 %-ке қысқартуға жол беріледі.

      4) Сыйымдылығы 300 машина-орыннан артық жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтарды және бекеттер саны 30-дан артық техникалық қызмет көрсету станцияларын тұрғын аудандардан тыс өндірістік, коммуналдық-қойма, санитариялық-қорғаныш аймақтарында тұрғын үйлерден кемінде 50 м арақашықтықта орналастыру керек. Арақашықтық Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша айқындалады.

      5) Азаматтарға тиесілі бокс үлгісіндегі бір қабатты гараждарда жерқойма салуға жол беріледі.

      6) Жер асты, жартылай жер асты гараж-тұрақтар, паркингтер мен тұрғын үйдің астында немесе тұрғын үйдің жер беті қабатының ішіне салынған (ішіне салынған-жалғастыра салынған), гараж-тұрақтары, паркингтер үшін кіру-шығудан және желдетпе шахтадан жалпы білім беру, кәсіби білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ, медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тұрғын үйлер, тұрғын үй-жайлар, демалу алаңдары және басқаларының аумағына дейінгі арақашықтық регламенттеледі, ол атмосфералық ауаға ластанудың тарауы есебінің нәтижелері және физикалық әсердің деңгейі бойынша қабылданады.

      7) Тұрғын үйлердің жеңіл автокөлікті орналастыруға арналған және заңды тұлғаға (немесе жеке кәсіпкерге) тиесілі емес қонақ автотұрағынан жер асты гараж-тұрағы аумағынан ара қашықтық белгіленбейді.

      8) Тұрғын-үй құрылысын салуды шеткі теміржол жолы ортасынан санай отырып ені 100 м кем емес СҚА-мен қайта орналастырылған темір жолдан ажырату керек.Темір жолды ойық жерге орналастыру кезінде немесе гигиеналық талаптарды қамтамассыз ететін арнайы шуқорғағыш іс-шараларды іске асыру кезінде СҚА ені азайтылуы мүмкін, бірақ 50 м аспауы керек. Бақша учаскелері шекарасына дейінгі СҚА енін кем дегенде 50 м деп қабылдау керек.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

      1-кесте

Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазартудан ең аз СҚА мен
СА

р/с

Cарқынды суларды тазартуға арналған құрылыстар

Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі кезіндегі метрге шаққандағы қашықтығы, тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі – тәулігіне м3)

0,2-ге дейін

0,2-ден 5,0-ге дейін

5,0-ден 50,0-ге дейін

50,0-ден 280-ге дейін

1

2

3

4

5

6

1

Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар,

жергілікті тазарту құрылыстары

15

20

20

30

2

Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары

150

200

400

500

3

Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеумен механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар

100

150

300

400

4

Алқаптар:

1) сүзгілеу

2) суару

200

150

300

200

500

400

1000

1000

5

Биологиялық тоғандар

200

200

300

300


      1. Өнімділігі тәулігіне 280 мың м3 артық шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін, сондай-ақ cарқынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде СҚА жеке белгіленеді.

      2. Көлемі 0,5 гектарға (бұдан әрі – га) дейінгі сүзгілеу алқаптары үшін, көлемі 1,0 га дейінгі коммуналдық үлгідегі суару алқаптары үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейінгі cарқынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін СА 100 м мөлшерінде қабылдау керек.

      3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқаптары үшін СА 50 м мөлшерінде қабылдау керек.

      4. Құю станцияларының СҚА мөлшерін 300 м СА мөлшерінде қабылдау керек.

      5. Ашық үлгідегі жер беті ағынын тазарту құрылыстары үшін СА 100 м деп, жабық үлгідегі үшін – 50 м деп қабылдау керек.

      6. Өнеркәсіптік объектілер аумағында орналаспаған тазарту құрылыстарынан және өндірістік су бұру сорғы станцияларынан өндірістік cарқынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде, сол сияқты оларды тұрмыстық cарқынды сулармен бірге тазарту кезінде де СА мөлшерін cарқынды сулар келіп түсетін өндірістердегідей, бірақ кестеде көрсетілгеннен кем қылмай қабылдау керек.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
4-қосымша

      1-кесте

Жер асты және жер үсті магистральдық газ құбырлары үшін ең аз
СҚА мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері, су қоймалары

Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажыраулар

1-сынып

2-сынып

300-ге дейін

300-600

600-800

800-1000

1000-1200

1200-ден жоғары

300-ге дейінгі

300-ден жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қалалар және басқа елді мекендер; ұжымдық бақшалар мен саяжай кенттері; жылыжай комбинаттары; адамдар көп жиналатын жекелеген қоғамдық ғимараттар

100

150

200

250

300

350

75

125

2

Жекелеген аз қабатты ғимараттар; ауыл шаруашылық алқаптары мен мал жайылымдары, егіс қостары

75

125

150

200

225

250

75

100

3

Магистральдық суландыру арналары, өзендер мен су қоймалары;

су жинау құрылыстары

25

25

25

25

25

25

25

25

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
5-қосымша

      1-кесте

Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз СҚА
мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері

Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық

150 қоса алғанға дейін

150-ден артық 300-ді қоса алғанға дейін

300-ден артық 500-ді қоса алғанға дейін

1

2

3

4

5

1

Қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер

2000

3000

5000

2

Саяжай кенттері

1000

2000

3000


      Ескертпе: Тұрғын үй құрылысы арқылы газ құбырларының өтуіне жол берілмейді.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
6-қосымша

      1-кесте

Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз СҚА мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері

Құбыр диаметрі мынадай болғанда метрге шаққандағы қашықтық, миллиметрмен

ІV сынып

ІІІ сынып

ІІ сынып

І сынып

300 және одан кем

300-ден артық 500-ге дейін

500-ден артық 1000-ға дейін

1000-нан артық 1200-ге дейін

1

2

3

4

5

6

1

Қалалар мен кенттер

75

100

150

200

2

Жеке тұрған: 1-2 қабатты тұрғын-үй ғимараттары

50

50

75

100

3

Су асты мұнай құбырларын және мұнай өнімі құбырларын ағыс бойынша мыналардан жоғары жерге салған кезде:





1) гидротехникалық құрылыстардан

300

300

300

500

2) су жинайтын орындардан

3000

3000

3000

3000

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
7-қосымша

      1-кесте

Компрессорлық станциялардан ең аз СҚА мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері, су қоймалары

Құбыр диаметрі мынадай болғанда 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажыраулар миллиметрмен

1-сынып

2-сынып

300-ге дейін

300-

600

600-

800

800-

1000

1000-

1200

1200-ден

жоғары

300-ге дейін

300-ден жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қалалар мен кенттер

500

500

700

700

700

700

500

500

2

Су құбыры құрылыстары

250

300

350

400

450

500

250

300

3

Аз қабатты тұрғын-үй ғимараттары

100

150

200

250

300

350

75

150


      Ескертпе:

      1) СА компрессорлық цех ғимараттарынан бастап орнатылады.

      2) Ірі компрессорлық станциялар үшін СА шамасы әрбір нақты жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен нақтыланады және келісіледі.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
8-қосымша

      1-кесте

Мұнай айдайтын станциялардан ең аз СҚА мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері

Мұнай айдайтын станциялардың санаттары бойынша метрге шаққандағы ажыраулар

III

II

I

1

2

3

4

5

1

Қалалар мен кенттер

100

150

200

2

Су құбыры құрылыстары

100

150

200

3

Жекелеген аз қабатты ғимараттар

50

75

100


      Ескертпе: мұнай қоймасына арналған СА шамасы әрбір нақты жағдайда іргелес жатқан аумақтардың атмосфералық ауасының көмірсутектермен ластануының есептеулері және нақты сипаттамалары негізінде нақтыланады.

  "Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
9-қосымша

      1-кесте

Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз СҚА мен СА

р/с

Құрылыс салу элементтері

Мыналардан метрге шаққандағы қашықтық

мал сою пункттерінен

қуаты тәулігіне 10 тоннаға дейін ет шығаратын мал сою алаңдарынан

қуаты тәулігіне 10 тоннадан 30 тоннаға дейін ет шығаратын

қуаты тәулігіне 30 тоннадан артық ет шығаратын

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар

300

500

50


      Ескертпе: мал сою пункттері және мал сою алаңдары жанында бір тәуліктілік қордан аспайтын малды сою алдында ұстауға жол беріледі.