«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;
2) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;
3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
3-1) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
4) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға;
7) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны;
8) ең төменгі баға – жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға;
9) жабық тендер – қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер;
10) жекешелендіру объектісі – мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкi; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар;
11) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең үздік шарттар ұсынған тендерге қатысушы; екi кезеңдi рәсiмдер арқылы ең үздік шарттар ұсынған конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;
12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13) коммерциялық тендер – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен қатысушылар арасындағы сауда-саттық;
14) қаржы кеңесшiсi – жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде сатушы тартатын тұлға;
15) қатысушы – аукционға, тендерге немесе eкi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
16) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы;
17) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган;
18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
19) сауда-саттық – жекешелендіру түрі;
20) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
21) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
22) тендер – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жазбаша жабық конвертте мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
22-1) Тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
23) ұйымдастырушы – жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға;
24) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді 10 күн мерзімде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Кәсіпорында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім қабылдау кезінде осы кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы шешімнің жобасын мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен келіседі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2-1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді республикалық мүлік бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлік бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға жол берілмейді.
4. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушының үлесін сатып алу немесе қатысушылардың бірі оның бір бөлігін сатуы кезінде үшінші тұлғалардың алдында артықшылықпен пайдаланады.
5. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде басқаруында осы мемлекеттік заңды тұлға бар мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды беру қажет.
Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады.
Мемлекеттік мүліктің баланс ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқықтары өткенге дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
Хабарлама жарияланғаннан кейін баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірген жекешелендіру объектісін көруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді.
Акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде мәліметтердің дұрыстығына акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы жауап береді.
6. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
7. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды Заңда және осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
8. Сатушының функциялары:
1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру жүргізу түрін, сауда-саттық шарттарын және нысандарын анықтау;
3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;
4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;
5) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарнасының сомасын айқындау;
6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою;
7) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатуды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргізу әдісін анықтайды;
9) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде тендер шарттарын анықтау;
10) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;
11) жекешелендіру объектілерін сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдайды;
12) сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешеленетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;
13) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;
14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;
16) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру;
16-1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру;
19) жекешелендіру жүргізу үшін қажет басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
9. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;
2) ұйымдастырушы сауда-саттықтың қатысушысы ретінде тіркелуге жатпайды.
Стратегиялық объектіні сату кезінде сауда-саттыққа шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, резидент еместердің қатысуы бар заңды тұлғалар мен олармен аффилиирленген адамдарға жол берілмейді.
10. Мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде сатып алушы акционерлік қоғам егер соңғысы сатып алушының акцияларына иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды.
2. Комиссия
11. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті тәртіппен мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия шешімдері қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сатушы үшін ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;
2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық шарттары, нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды;
4) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;
5) ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдайды;
6) кепілдік жарна сомасы туралы шешім қабылдайды;
7) тендер шарттары туралы шешім қабылдайды;
8) жекешелендіру объектілерін сауда-саттыққа одан әрі қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды;
9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі және ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі және биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды;
10) тендер өткізеді;
11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа (аукционды қоспағанда) жібереді;
12) сауда-саттық (аукционды және коммерциялық тендерді қоспағанда) жеңімпазын жариялайды;
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдер қабылдауды және жабық тендер мен екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, тендердің және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Сауда-саттықты өткізуге дайындық
14. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;
2) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;
3) осы Қағиданың 1-тармағы 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады;
4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi;
5) кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады;
6) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;
7) қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады;
8) сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
9) кепiлдiк жарналар қабылданады;
10) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
11) сатып алу - сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
15. Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу - сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу - сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады;
17. Сатушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-саттыққа қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда;
2) жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
3) сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Аукционға немесе тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелмеген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кепілдік жарналары жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару өтінішінде көрсететін деректемелерге қайтарылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттық өткiзiлетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жариялануы тиiс.
Қор биржасында бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткізу мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
19. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын;
2) сауда-саттықтың нысаны мен әдiсiн;
3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтерді (акцияларды сату кезінде акциялар эмитентінің атауы мен олар туралы мәліметтер, сатылатын акциялардың саны);
4) бастапқы, ал аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде, сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң ең төменгі бағасын;
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен бірыңғай оператордың банктік деректемелерін;
6) өтiнiмдердi қабылдайтын орны мен мерзімін;
7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті;
8) сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;
2) сауда-саттықтың өткізілетін орнын;
3) акциялар эмитентінің атауын;
4) эмитент туралы мәліметтерді;
5) сатылатын акциялардың санын;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
20. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;
2) жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілім веб-порталы арқылы ниет бiлдiрушiлердің барлығының жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, коммерциялық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын және жабық тендер мен екі кезеңде ететін рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
1) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді;
2) жеке тұлғалар үшiн:
салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын;
заңды тұлғалар үшiн:
салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын;
банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі;
Банктен банктік (ағымдағы) шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасы қайтарылмайды.
3) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады;
4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет.
Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сәтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады.
Тендерде қатысу үшін ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.
Өтінім қолма-қол тәсілмен берген кезде талап етілетін құжаттардың болуын тексеруді сатушы сол жерде, бір жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады және осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді.
Өтінім поштамен келіп түскен кезде осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, ұсынылған өтінім тіркелмейді, бұл туралы сатушы өтінім берген тұлғаға бір жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-1. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Ескерту. Қағида 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-2. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:
1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;
2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;
3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. Қағида 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-3. Аукционның немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Ескерту. Қағида 23-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
24. Сатушы мен ұйымдастырушыға мыналарға:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
3) қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағиданың 22-тармағында тізбеленгендерден басқа, қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
25. Қатысушылардың құжаттары журналда тіркелгеннен кейін сейфте сақталады, жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың өткiзiлетiн күні қатысушылардың құжаттары комиссияға қарау және жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа жіберу үшін берiледi.
Коммерциялық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-1. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
26-2. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Аукционды өткiзу
Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-1. Аукционды өткізу
Ескерту. Қағида 4-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
36-1. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.
Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны өсу коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болуы мүмкін емес. Аукционды өткізу кезінде жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасын сатушы белгілейді.
36-2. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.
36-3. Жекешелендiру объектiсi бірінші рет аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондарда сауда-саттықтың әдiсiн комиссия белгілейді.
Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде объектінің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Сауда-саттықтың голландтық әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға алғашқы бағаның 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Голландтық әдіс бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде олар бойынша Комиссияға ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға жол берілетін голландтық әдісті қолдана отырып өткізілген үшінші және кейінгі аукциондарды қоспағанда, ең төменгі баға алдыңғы аукционның ең төменгі бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді.
36-4. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
Егер сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
36-5. Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға жекешелендіру объектісін сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.
36-6. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
4) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
5) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 1 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
6) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 0,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 36-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
36-7. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
36-8. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион:
1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
Осы Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында және 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Ескерту. 36-8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36-9. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Ескерту. 36-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-10. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
36-11. Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 36-9 және 36-10-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тізілім веб-порталынан басып шығарылатын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады.
36-12. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.
Ескерту. 36-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36-13. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:
1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;
2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.
36-14. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болуы фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
36-15. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтар болғанда аукцион жалғаса береді.
36-16. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 36-14-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы осы аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі үш жұмыс күнінің біреуіне ауыстырады.
5. Тендердi өткiзу
37. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Объектiнi бiрiншi тендерге қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.
Тендерде жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 20 пайыздан аспай төмендетіледі.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жеке енгізіледі.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Тендердiң шарттары мынадай:
1) жекешелендiру объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;
2) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;
3) баға белгілеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;
4) табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу;
5) қызмет бейінінің сақталуы;
6) жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе құру;
7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;
8) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу;
9) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;
10) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу болуы мүмкiн;
11) комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар.
40. Комиссияның шешімі негізінде сатушы тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасын, кепілдік жарнасының сомасын айқындайды.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41. Егер тiркелген тендерге қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.
Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
42. Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формалдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.
43. Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Жабық коммерциялық тендер кезінде сатушы тендердің келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына береді.
Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мәнді қамтитын және тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.
Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
44. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша жабық тендердің нәтижелері сауда-саттық аяқталғанда сатушы, комиссияның барлық мүшелері және тендердің жеңімпазы қол қоятын әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді және тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесі қажет болған кезде өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарлама жібереді, оған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Жабық тендер аяқталғаннан кейінгі күннен кешіктірмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердің нәтижелерін жариялайды.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
46. Хаттама сатушы және сатып алушы үшiн бiр-бiр данада жасалады.
47. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, осы жекешелендiру объектiсi сауда-саттыққа қайтадан қойылады.
Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
48. Егер объектi тендерде сатылмаған жағдайда комиссияның сату тәсілін, бағасы мен тендердің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауына жол беріледі.
49. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.
Жабық тендердi өткiзу кезiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен қоса сатушы жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне 24 сағат қалғанда аяқталады.
50. Жабық тендердi өткiзу тәртiбi осы Қағиданың 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтарымен реттеледi.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс
51. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi.
52. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту;
2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектiсi туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыpу;
3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi;
4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы;
5) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстар (конкурстың бiрiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi;
6) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан бiрiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең).
53. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
54. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең үздік шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
55. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуетті сатып алушы (инвестор) қолын қояды.
7. Есеп айырысулар тәртiбi
56. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.
Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады.
57. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.
58. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiн өтеуді талап етуге жол беріледі.
59. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушыларының назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкін емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.
Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептейдi.
Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы болып табылады.
60. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, объектiнi беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн меншiк иесiнiң сатылған және Тізілімге енгізуге жататын жекешелендiру объектiсiн өзгерткендiгi туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын жекешелендiру объектiсiнiң қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.
Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.
8. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат
61. Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат республикалық бюджетке жiберiледi. Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат жергiлiктi бюджетке жiберiледi.
62. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
63. Ұйымдастырушының және/немесе бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткізуге жұмсалатын шығыстарына қосылады.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату
64. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржасы) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуды комиссияның шешімі негізінде сатушы жүзеге асырады.
65. Қор биржасында сатылуға жататын бағалы қағаздарды сатушы биржалық сауда-саттыққа делдал компаниялар арқылы қояды.
66. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы делдал компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде оларды сатуға байланысты сатушы мен делдал компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.
68. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына және тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату
69. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен жүзеге асырылады.
70. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге сатушы немесе тиісті жергілікті өкілдік органға бекітуге жергілікті атқарушы орган ұсынады.
71. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешімде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесілі акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типі, оның (олардың) аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмілені аяқтаудың ең көп мерзімі, туынды бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын сату шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Тiкелей атаулы сату
Ескерту. Қағида 11-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
72. Сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлікпен басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлікпен басқарушыға берiлген объектiлер тiкелей атаулы сатуға жатады.
Жекешелендіру объектілерін жалдаушыларға (жалға алушыларға) және сенімгерлікпен басқарушыларға сатуға олар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.
73. Егер жекешелендiру объектiсiн сату шарттары мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында немесе сенiмгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделмеген болса, олар тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
74. Объектіні сату Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару не мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын жасау сәтінде айқындалатын нарықтық құны бойынша сатып алу-сату шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шарты жасалған күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп-бөліп төлей отырып төленуі мүмкін. Жекешелендіру объектісін бөліп-бөліп төлей отырып, нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық бағаны бөліп-бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында ескертіледі.
Жекешелендіру объектілерін
сату қағидасына
қосымша
Жекешелендіру объектісін (объектілерін) сату бойынша ___ қатысуға
(сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
ӨТІНІМ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жекешелендіру объектісінің (объектілерінің) сатылуы туралы
жарияланған хабарламаны қарап және сату қағидаларымен танысып,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға
басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін
өкілінің Т.А.Ә.)
20 __ жылғы «__» ___________ ____________________ мекенжайы бойынша
болатын сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) сауда-саттықта қатысу үшін _______________________
мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың
арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ________ (____________________)
(цифрмен) (сомасы таратып
жазылады)
теңге _______ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (енгіздік).
(саны)
Кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектілері туралы мәліметтер:
Р/с № |
Жекешелендіру объектісінің атауы |
Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
||
2 |
||
Жиыны |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәлімет:
Р/с |
Кепілдік жарнаның мақсаты және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектісінің атауы |
Төлем құжатының № |
Төлем құжатының күні |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
||||
2 |
||||
Жиыны |
3. Мен (біз):
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе
құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы объектінің сауда-саттықта
сатылу шарты болып табылатын сол қызмет түрлерімен шұғылдануға құқығы
жоқ заңды тұлғаның;
2) ұйымдастырушының аукционға қатысушылар бола алмайтыны туралы
хабардармын (хабардармыз).
4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес
келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз)
сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызмен),
мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама және
сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (келісеміз).
5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы болып танылған
жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға
_____________________________________________________________________
(сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
өткізілген күні қол қоюға және ________________________________ өткен
(сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол
қоюға міндеттеме аламыз.
6. Мынадай:
1) сауда-саттық өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен аз
уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартқан;
2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;
3) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;
4) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді
орындамаған және тиісінше орындамаған;
5) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес
келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген
кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына
келісемін (келісеміз).
7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен
бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.
8. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтер ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК _______________
БСК ___________________
Банктің атауы ________________
Кбе _____________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):
1) ___________________________________
2) ___________________________________
3) ___________________________________
4) ___________________________________
Жеке тұлға үшін:
Т.А.Ә. _______________________________
ЖСН __________________________________
Паспорт деректері ____________________
Мекенжайы: ___________________________
Телефон (факс) нөмірі: _______________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________
БСК __________________________________
Банктің атауы ________________________
Кбе __________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):
1) ___________________________________
2) ___________________________________
3) ___________________________________
__________ __________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)
20__ж. «__» __________.
М.О.
20__ж. «__» __________ _______ сағат ____ минутта қабылданды.
_____ _____________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдап алған адамның Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 19, 166-құжат).
2. «Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 сәуірдегі № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасың ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 191-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 505-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 және 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 155-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы.
8. «Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 1639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 557-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 350 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).