Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:
3 және 23-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақта "республикалық ресми баспасөзде" деген сөздер "мерзiмдi баспасөз басылымында" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақта:
"сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң," деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі