Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 желтоқсан N 1639. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367



P000367_


  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002

жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi

iс-шаралардың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы

етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының

2001-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы туралы"

Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                 Қазақстан Республикасы Президентінің

                                Жарлығы


         Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған

               "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы туралы



 
       Елiмiздiң халқын қажеттi мөлшерде және сапасына кепiлдiк берiлген ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға

 

арналған "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр айлық мерзiмде Бағдарламаны

iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

     3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және

жариялануға тиiс.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


     Астана, 2001 ж. N ______


                                           Қазақстан Республикасы

                                                Президентінің

                                          2001 жылғы ___  _________

                                              N _____ Жарлығымен

                                                  бекітілген


                      Қазақстан Республикасының

                     2001-2010 жылдарға арналған

                 "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы


                               Астана

                               2001 ж.


                        Бағдарламаның паспорты


Атауы                       Қазақстан Республикасының

                            2001-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"

                            мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi -

                            Бағдарлама)


Қысқаша мазмұны             Осы Бағдарламада елiмiздiң халқын ауыз

                            сумен қамтамасыз етудiң қазiргi жай-күйiне

                            талдау берiлген, облыстар бөлiнiсiндегi

                            нақты iс-шаралар кешенi, оларды іске

                            асыру жоспарлары, нормативтiк құқықтық

                            базаны жетiлдiру белгiленiп, мынадай

                            басымдықтар айқындалды:

                            1) сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiн

                            пайдалану жағдайында ұстап тұру үшiн

                            оларды қалпына келтiру және жетiлдiру;

                            2) сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн

                            игеру және баламалы көздерi мен

                            нұсқаларын дамыту;

                            3) тұтынылатын судың сапасын жақсарту;

                            4) ауыз суды ұтымды пайдалану;

                            5) су объектiлерiнiң экологиялық және

                            санитарлық-гигиеналық жай-күйiн жақсарту;

                            6) ауыз суды ұтымды пайдалану

                            проблемаларын бара-бар түсiнуге

                            ықпал ететiн ақпараттық ортаны құру;

                            7) сумен қамтамасыз ету және суды

                            қорғау қызметiн басқаруды жетiлдiру,

                            үйлестiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру


Бағдарламаны іске асыру     2001-2010 жылдар

мерзімдері                  1-кезең - 2001-2005 жылдар;

                            2-кезең - 2006-2010 жылдар


                            КIРIСПЕ



 
       "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 U984153_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерiнiң ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйiне байланысты өзектi мiндеттердiң бiрi болып табылады.
      Халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемасы әлемнiң барлық елдерiнде және атап айтқанда, Орталық Азия аймағы елдерiнде өткiр күйiнде қалып отыр.
      Осыған байланысты БҰҰ Бас ассамблеясының шешiмiмен 2003 жыл Халықаралық тұщы су жылы деп жарияланды.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 U983956_ Жарлығын орындауға бағытталған.
      Бағдарлама iске асыру мерзiмi бойынша ұзақ мерзiмдiге жатады.
 
      1. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазiргi
                               жай-күйiн талдау
 
      1. 1999 жылғы 1 қаңтардағы халық санағына сәйкес республикамызда 14,96 млн. адам, оның iшiнде 8,38 млн. адам қалалар мен кенттерде, 6,58 млн. адам ауылдық елдi мекендерде тұрады.
      Ауыл халқының 300 мыңға жуық адамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуi тиiстi дәрежеде болмай тұрған, халқының саны 250 адамға дейiнгi кенттерде тұрады.
      84 қала мен 214 жұмысшы кентiнен сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiмен 82 қала мен 186 кент қана қамтылған. Көше су құбырлары торабының суағарларының жалпы ұзақтығы 30,7 мың километрдi құрайды.
      Қалалардың тұрғын үй қорын су құбырларымен жабдықтау әр облыста 35%-дан 85%-ды құрайды. Орта есеппен республика бойынша қала халқының 70-75% су құбырының суымен, 15-18% орталықтандырылмаған су көздерiнiң суымен қамтамасыз етiледi, ал халықтың қалған бөлiгi тасымалданатын суды (500 мыңнан астам адам) және ашық су айдындарының суын пайдаланады.
      7845 елдi мекенде тұратын ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету күрделi проблемаға айналып отыр. Ауылдық кенттердi орталықтандырылған сумен жабдықтау жергiлiктi (бiр кентке арналған) және топтық (кенттер тобына арналған) су құбырларын салу жолымен шешiлiп отыр. Салынған 79 топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 90 жылдардың басында 17,1 мың километрге жеттi, олармен 1276 ауылдық кенттер қамтамасыз етiлдi (1-қосымша).
      Жиырма жылдан астам уақыт бойы республиканың солтүстiк облыстарында өзiнiң параметрлерi бойынша бiрегей, жалпы ұзындығы 6 мың километрден астам Есiл, Преснов, Булаев және Беловодский топтық су құбырлары пайдаланылып келдi. Қостанай облысы топтық су құбырларының ұзындығы 3,4 мың километрдi құрады.
      Батыс Қазақстан облысының аумағында мынадай: жалпы ұзындығы 1,7 мың километр болатын Фурманов, Тайпақ және Каменский топтық су құбырлары пайдаланылып келдi, олар 100-ден астам кенттерге қызмет ететiн. Ұзақтығы тиiсiнше 1125,6 және 406,4 километр болатын Нұра және Сiлетi топтық су құбырлары Ақмола облысының 73 ауылдық елдi мекендерiн сумен қамтамасыз етiп отырды.
      Ауылдағы барлық iрi су құбыры оларды ұстауға арналған мемлекеттiк демеу қаржымен пайдаланылып келдi.
      Жергiлiктi су құбырлары мен кентiшiлiк желiлердiң жалпы ұзақтығы 29,0 мың километрдi құрады, ол 2,6 мың ауылдық елдi мекендi сумен қамтамасыз ететiн едi. Республика бойынша тұтас алғанда, 3,5 млн. адам (ауыл халқының 60%-ға дейiнi) су құбырының суымен қамтамасыз етiлген болатын. Халықтың қалғаны құбырлы және шахталы құдықтардың, сондай-ақ ашық айдындардың суын және тасымалданатын суды пайдаланды.
      Су құбырларының көпшiлiгiнiң іске қосылғанына немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiне 20-25 жылдан, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам уақыт өткен. Бiрқатар су құбырлары мен олардың жекелеген тармақтарының қызмет ету мерзiмі өткен, тиiсiнше авариялардың саны көбейдi.
      Тек 2000 жылдың өзiнде ғана 7097, оның iшiнде Қарағанды облысында - 1218, Атырау облысында - 1022, Жамбыл облысында - 688 авария тiркелген. Авария жағдайының көп болуы судың қайталап ластануына, су беруде ұзақ iркiлiстерге, желiлердегi судың көп ағып кететiнi, жекелеген жағдайларда 30 және одан да артық проценттерге жететiн, судың өндiрiстiк емес ысырабына ықпал етуде, бұл электр энергиясының артық жұмсалуына және сайып келгенде 1 текше метр судың өзiндiк құнының өсуiне әкеп тiрейдi.
      Нәтижесiнде ауылдық елдi мекендердiң көпшiлiгi топтық су құбырларының қызметiнен бас тартты. Көптеген елдi мекендер пайдаланушы ұйымдардың ұзақ уақытқа созылған төлемеуiнен, сумен жабдықтаудан ағытылып тасталды.
      Қазiргi кезде, экономикалық қиындықтарға байланысты бұрын Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының 100-ден астам кентiн сумен қамтамасыз ететiн Беловодский топтық су құбырының пайдаланылуы толық тоқтатылды.
      Тұтынушылардың төлем қабiлетсiздiгiнен және жекелеген тармақтардың iстен шығуынан Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Қаратөбе және Тайпақ, Оңтүстiк Қазақстан облысының Дарбаза және Жетiсай және басқа да бiрқатар облыстардағы топтық су құбырлары жұмыс iстемейдi.
      Топтық су құбырлары жүйесiнiң қолайсыз болуы және олардың өте қанағаттанғысыз техникалық жай-күйi, жекелеген аумақтарда барланған жер асты суларының кен орындары бола тұра, пайдалануға кететiн артық шығындар осы су шаруашылығы кешенiн басқарудың тиiмдiлiгi мардымсыз екенiн айғақтайды және оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауды талап етедi.
      Елiмiздiң халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң 1991 жылға қарай қол жеткiзiлген деңгейi көрсетiлген себептерге байланысты, сондай-ақ соңғы он жылда су құбырларының жұмыс iстеуi үшiн инвестициялық қолдаудың болмауынан күрт төмен түсiп кеттi. Қазiргi кезде топтық су құбырларынан жергiлiктi - 2,1 мың кенттердiң тек 513 ауылдық кентi қамтамасыз етiледi. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуiнiң орташа республикалық көрсеткiшiнiң жыл сайынғы төмендеуi 3-5% (1, 2-кестелер) жеттi.
      Республикадағы қолданыстағы көптеген су құбыры пайдаланудың ұзақ мерзiмiне, су тазалау технологиясының тозуына байланысты санитарлық талаптарға жауап бермейдi және нормативтiк сапалы су берудi қамтамасыз ете алмай отыр. Республика бойынша жұмыс iстеп тұрғандарының iшiнен санитарлық талаптарға - 25,8%-ға, ал Жамбыл облысында - 89,7%-ға, Павлодар облысында - 57,1%-ға, Шығыс Қазақстан облысында - 50,8%-ға, Батыс Қазақстан облысында - 46%-ға, Қарағанды облысында - 36%-ға дейiн сай келмейдi. Астана мен Алматы қалаларында да жағдай мәз емес, онда су құбырларының тиiсiнше 50% мен 31,2% санитарлық нормаларға сай келмейдi.
      2. Республикадағы жер бетi суларының ресурстары жылдың сулы болуы бойынша орташа мөлшерi 100,5 текше км. құрайды, оның 56,5 текше км. республика аумағында құралады. Қалған көлемi шектес мемлекеттерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей) келiп түседi.
      Қолдағы су ресурстарының орташа шаруашылық пайдалану үшiн көлемi жылдың сулы болуы бойынша орташа мөлшерi ысырапқа кететiн шегерiм үшiн мiндеттi шығындарын, санитарлық, экологиялық көлiктiк-энергетикалық талаптарды қанағаттандыру 46 текше километрден аспайды. Су аз болған жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 текше километрге дейiн, ал бар судың көлемi тиiсiнше - 26 текше километрге дейiн төмендейдi. Бұдан басқа, жер үстi суларының ресурстары бiркелкi орналаспаған, бұл оларды тасымалдауға үлкен шығын жұмсауға әкеп соғады.
      Жер асты суларының ресурстары: - жылына 15,84 текше километр жинақталған пайдалану қоры бар 623 жер асты орындары барланды. Олардың iшiнде тұщы су жылына 12,68 текше километрдi құрайды. Тiкелей шаруашылық - ауыз су мақсаттары үшiн жылына 6,13 текше километр жинақталған қоры бар 494 жер асты су орындары барланды.
      Ауыз судың барланған пайдалану қорлары республиканың жинақталған қажетiнен екi еседен астам асып түседi және бiр адамға шаққанда тәулiгiне 1,12 текше метрдi құрайды. Осымен бiрге пайдаланылатын қорлар бiркелкi орналаспаған: сумен үлестiк қамтамасыз ету Атырау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында 0,08 текше метр/тәулiктен, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында - 1,6 - 2,3 текше метр/тәулiкке дейiн өзгерiп отырады.
      Шаруашылық ауыз суымен жабдықтау үшiн жарамды болжанған ресурстарының және барланған қорларының шектеулi таралымы Атырау, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарын нашар және iшiнара қамтамасыз етiлген аумаққа жатқызуға мүмкiндiк бередi.
      Жер асты тұщы суларының негiзгi ресурстары (жалпы қорлардан 60%-ке дейiн) Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шоғырланған.
      Қазақстан аумағының жер асты суларымен қамтамасыз етiлуi "Шаруашылық - ауыз су мақсатындағы жер асты суларымен қамтамасыз етiлу жағдайы бойынша аудандастыру картасы" (2-схема), республика аумағы бойынша жер асты сулары ресурстарын бөлу - 3-кесте.
      Жер асты тұщы суларының тапшылығы жағдайында олар тiптi де толық көлемде пайдаланылмайды, барланған орындардың жалпы санынан (623) барланған қорлардан 7% ғана құрайтын жинақталған су қайтарғысымен пайдаланылатыны 330-дан аспайды.
      Қайтарылатын су көлемi қазiргi деңгейде 4,0-ге жуық текше километрдi құрайды, жер бетiндегi су объектiлерiне қайтарылатыны - 3,4 текше километр. Қайтарылған сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаның ластануының негiзгi көзi болып табылады. Қайтарылған сулардың өзендерге келiп түскен негiзгi мөлшерi Сырдария (47%) және Ертiс (34%) өзендерiнiң бассейндерiнде орын алған. Қалған көлемi Іле өзенiне (8%), Нұра өзенiнде (5%) және қалған өзендерге (6%) тиесiлi.
      Су ресурстарының қолдағы жиынтық көлемi қазiргi заманғы деңгейде халық шаруашылығында пайдалану мүмкiндiгiне 46,9 текше километрдi құрайды.
      Жекелеген аймақтарда экономика салаларын дамытуға және халықты сумен қамтамасыз етуге арналған су ресурстарының қолдағы өсiмi жер асты суларын неғұрлым кеңiнен пайдалану және жер бетiндегi су ресурстарын аймақаралық бөлу (бұру) жолымен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда:
      Республика астанасы Астана қаласын сумен қамтамасыз етуге арналған Вячеслав су қоймасына келiп құятын Ертiс-Қарағанды арнасы және Ертiс-Қарағанды - Есiл өзенi суағары салынды;
      Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк мұқтаждары үшiн су дайындауға мұнай кен орындарына 260 мың текше метр/тәулiк тұщы су беруге есептелген Астрахань-Маңғышлақ суағары салынды;
      Көкшетау қаласының және Щучье - Бурабай курорттық аймағын және басқа да бiрқатар тұтынушыларды сумен жабдықтау үшiн Есiл өзенiне Сергеев су қоймасынан су беретiн Көкшетау өндiрiстiк су құбырының құрылысы жалғастырылуда.
      3. Ел халқының 1999 жылы шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарына арналған суды тұтыну 0,83 текше километрдi, оның iшiнде: қалалардың халқы - 0,65 текше километрдi, ауыл тұрғындары - 0,18 текше километрдi құрады, бұл экономиканың барлық салаларының жалпы тұтынушының 4-6% шегiнде.
      Шаруашылық ауыз су тұтынуының жалпы көлемiнде жер асты сулары 0,54 текше километрдi (65,2%), жер үстi сулары 0,29 текше километрдi (34,8%) құрайды.
      Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жер асты суларын пайдалану - (88-89%) басымдыққа ие.
      Қостанай, Маңғыстау, Ақмола және Павлодар облыстарында жер үстiндегi сулардың үлесi 55-тен 70%-ға дейiн құрайды. Жер үстiндегi сулар есебiнен Астана, Атырау, Орал, Алматы, Петропавл сияқты және басқа да қалалар толық немесе iшiнара қамтамасыз етiледi.
      Шаруашылық - ауыз су мұқтаждарына арналған суды тұтынудың нақты үлесi 1997 жылы республика бойынша орташа алғанда қалалардың бiр тұрғынына шаққанда Алматы облысында 206 л/тәулiктен өзгере отырып 167 л/тәулiктi, Қызылорда және Атырау облыстарында 120 л/тәулiкке дейiн құрады. Ауылдық кенттер тұрғынының суды тұтынуы 68 л/тәулiк, Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 70-75 л/тәулiктен өзгере отырып Маңғыстау облысында 25 л/тәулiкке дейiн құрады.
      Республика бойынша орташа алғанда (нормативтен %) халықтың сумен қамтамасыз етiлуi қалалар үшiн 85%-ды, Алматы облысында - ең көп шамасы 92%-ды және Қызылорда облысында ең аз шамасы 62%-ды құрады. Ауылдық кенттерде орта есеппен 71%-ды, Алматы облысында - 84%-дан ауытқи отырып, Маңғыстау облысында 42%-ға дейiн құрады.
      Халыққа берiлетiн 1 текше метр судың құны әртүрлi себептерге байланысты жекелеген аймақтарда 60-80 теңгеге жеттi және одан да жоғары болды, облыстар бөлiнiсiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде ол 18-25-теңгеден 40-60 теңгеге дейiн ауытқып отырады.
      4. Iс жүзiнде барлық iрi ағын су бойынша жайылма судың сапасы ауыз су стандарттарына сай келмейдi. Шекарааралық аса iрi Ертiс, Iле, Жайық, Сырдария өзендерi қатты ластанған және алдын ала дайындамайынша шаруашылық-ауызсу суымен жабдықтау үшiн пайдалануға жарамайды.
      Жайық өзенi фенолдармен (шоғырланудың жол беру шегiнiң 3 өлшемiне дейiн) (бұдан әрi - ШЖШ), синтетикалық үстiңгi белсендi заттармен (1,4 ШЖШ-ға дейiн) ластанған. Елек өзенiнiң жайылма суы броммен (21,8 ШЖШ-ға дейiн) және алты валенттi хроммен (14 ШЖШ-ға дейiн) ластануы өткiр экологиялық проблема күйiнде қалуда. Нұра және Шерубай-Нұра өзендерi "сыныппен екiншi қайта ластанған" объектiлер санатына өттi. Нұра өзенi табанының шөгiндiлерiнде, суының құрамында және бетiнде сынаптың шоғырлану деңгейi бойынша республикадағы ең лас өзен болып табылады. Ертiс өзенi суының мыспен (2 ШЖШ-ға дейiн) және мырышпен (25 ШЖШ-ға дейiн) ластануы жоғары күйде қалып отыр. Ертiс өзенiнiң алабына жыл сайын 120 млн. текше метрдей (1999 жылы - 146 млн. текше метр) "ластанған" ағынды су жiберiлдi.
      Суды ластаушылар қатарына өнеркәсiп, кен өндiрушi және өңдеушi кәсiпорындарынан басқа, қала құрылысы, мал шаруашылығы фермалары, суармалы егiншiлiк жерлер, әртүрлi тұндырғыштар, қатты, сұйық қалдықтар мен мұнай өнiмдерi қоймалары жатады. Негiзгi ошақтарда қорғасынмен, мырышпен, кадмиймен, темiрмен, селенмен, марганецпен ластану дәрежесi 10-нан 100 ШЖШ-ға дейiн жетедi.
      Республика шегiнде жер асты суларын ластаудың 700-ден астам ықтимал көзi анықталды, олардың 241-i жер асты суларының гидрохимиялық жай-күйiне тiкелей әсер етедi. Ластау көздерiнiң ең көбi Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында табылды. Жер асты суларын ластау учаскелерiнiң негiзгi бөлiгi минералданудың көтерiңкiлiгiмен; кермектiлiгiнiң артуымен, сульфаттар мен хлоридтердiң ШЖШ-дан асып түсетiн мәнге дейiн шоғырлануымен сипатталады. Анықталған 75 учаске жер асты суларында азот қосындыларының, оның iшiнде 49-ы мұнай өнiмдерiнiң (35-i - тұрақты); 59-ы ауыр металдардың (40-ы тұрақты); 41-i фенолдардың (35-i - тұрақты); 28-i органикалық қосындылардың (22-i - тұрақты) болуымен сипатталады.
      Анықталған ластаушы заттар қауiптiлiгiнiң сыныбы бойынша 127 учаске жер асты суларын ластаудың қауiптi, 63-i - бәсең қауiптi, 48-i - жоғары қауiптi және 3-i - төтенше қауiптi сыныппен сипатталады.
      Жер асты сулары сапасының нашарлау қатерi 70 елде мекендегi 113 кен орнында және шаруашылықтық-ауыз сулық сумен жабдықтауға арналған 41 жер асты суларын жинауышта байқалған.
      Республикада жыл өткен сайын орталықтандырылмаған көздер суының ластануы өсу үстiнде. Микробиологиялық көрсеткiштер бойынша гигиеналық нормаларға сай келмейтiн ауыз су сынамаларының үлес салмағы ел бойынша орта есеппен 8,1 пайызды құраса ал Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша бұл республикалық көрсеткiштен жоғары.
      5. Халық ауыз су мақсатында орталықтандырылған да, орталықтандырылмаған да көздерден тұтынатын судың сапасы санитарлық ережелер мен нормаларға, "Ауыз су" мемлекеттiк стандарттарына әрдайым сай келе бермейдi.
      Қызылорда Оң жағалау топтық су құбыры минералдануы 1,3 - 1,4 г/л жер асты су көздерi кен орнына негiзделген. Батыс Қазақстан облысындағы Камен топтық су құбыры бойынша құрамында темiр ШЖШ-дан 1,5 - 2,5 есе асып түсетiн су берiлiп отыр. Ақмола облысының Зерендi және Яблонов топтық су құбырларының көздерi - жер асты суларының кен орындары құрамында фтор жол берiлетiн нормадан жоғары. Орал кен орны бастапқы суының құрамында марганец ШЖШ-дан 3-5 есе асып түседi.
      Ауыз су сапасының жайсыз ахуалы елдiң жекелеген аймақтары халқының жұқпалы аурулармен аурушаңдық жай-күйiне әсер етпей қалмады. Бiрiншi кезекте бұл су арқылы берiлетiн сатқақ, қанды тышқақ, бауыр қабынуының А вирусы аурулары.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң деректерi бойынша кейiнгi уақытта су құбыры суына байланысты жұқпалы аурулармен топтап ауру жүйелi сипат алып отыр. Егер 1992 жылы зардап шеккендер саны 181 адам 4 іш сүзегi ошағы тiркелсе, 1995 жылы зардап шеккендер саны 305 адам 5 оқиға тiркелдi, ал 2000 жылы 3220 адам зардап шеккен 7 оқиға болды. Бұл ретте 2000 жылы Қарағанды (Шахтинск, Абай қалалары) және Шығыс Қазақстан (Қатон қарағай ауданының Фыколка ауылы) облыстарында су құбырлары суын тұтынумен байланысты зардап шеккендер саны 1,5 мың адам (1995-1997 жылдарды қоса алғандағыдан үш есе көп) iш сүзегi iндетiнiң 3 ошағы тiркелдi. 2001 жылы ақпан айында ғана Қостанай облысындағы Арқалық қаласында және Қарағанды облысының Темiртау қаласында зардап шеккендердiң жалпы саны 448 адам iш сүзегiмен аурудың екi ошағы тiркелдi.
      2000 жылы республика бойынша бауырдың қабыну ауруы 1999 жылмен салыстырғанда 1,8 есе, оның iшiнде Қызылорда облысында 5,4 есе, Оңтүстiк Қазақстанда - 4,1 есе, Маңғыстау және Жамбылда - 1,7 есе, Алматы қаласында 1,9 есе артты.
      Республика бойынша орта есеппен алғанда су арқылы берiлетiн бауырдың қабыну ауруы 22,6%-тi құрайтыны белгiлi болды, бұл көрсеткiш Ақмола облысында 47,9%, Қызылордада - 41,8%, Қостанайда - 31,1%, Қарағандыда - 27,6% құрайды.
      Бауырдың қабынуының ең iрi ошағы Қызылорда облысы Шиелi ауданының тұрғындары арасында тiркелдi. Елдi мекендер су iшетiн Жиделi су құбырын ажыратып тастаудың нәтижесiнде ауданда аурушаңдық көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 1995 адамға жеттi.
      Ауыз су сапасының нашарлығы және сумен қамтамасыз етудiң жеткiлiксiздiгi себебiнен Батыс Қазақстан, Атырау және Солтүстiк Қазақстан облыстарында бауырдың қабыну ошақтары пайда болды.
      Қалыптасқан ахуал су көздерiнiң үдемелi ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату желiлерiнiң қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жағдайының, бiрқатар су құбырында қажеттi тазарту құрылыстарының кешені мен залалсыздандыру қондырғылары болмауының, коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы әлсiздiгiнiң заңды салдары болып табылады.
      6. Халық ауыз су мұқтажы үшiн тұтынатын су сапасының төмендеуiне және қол жетiмдiлiгiне мынадай факторлар әсер етедi:
      су көздерiнiң, әсiресе жайылма сулардың өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және шаруашылық-тұрмыстық төгiндi сулармен жалпы техногендi ластануы;
      су құбырларының және кәрiз желiлерi мен құрылыстарының суды тиiсiнше дайындауды әрi төгiндi суларды тазалауды қамтамасыз етпейтiндей тозуы;
      құбырлардың тотығуға қарсы үстiңгi жабынының бүлiнуiне байланысты бактериялық әрекет өнiмдерiмен ауыз судың екiншi қайта ластануы;
      ауыз су үшiн төлем жөнiндегi баға саясатының, тарифтер тетiгiнiң жетiлдiрiлмеуi, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы әрi оны пайдаланудағы кемшiлiктер;
      халықтың төлем қабiлетiнiң және сапалы ауыз суға қол жетiмдiгiнiң төмендiгi;
      сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн салуға, қолда бар жүйелерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттiк инвестициялардың жеткiлiксiздiгi;
      шаруашылықтық-ауыз сулық сумен жабдықтау үшiн арнайы барланған жер асты сулары кен орындарын пайдаланудың жеткiлiксiздiгi;
      жер асты тұщы суларын мақсатсыз пайдалану;
      республиканың жекелеген аймақтарында жергiлiктi ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң болмауы.
      7. Халықты ауыз су сапасын және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты қалыптасқан ахуал себептерiн жою жөнiнде мақсатты бағытталған шаралар қабылдамау мынадай терiс салдарларға алып келедi:
      ел халқы денсаулығының нашарлауы;

 

     аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты

халықтың бей-берекет көшiп-қонуы;

     коммуналдық сектор кәсiпорындарында ескiрген өндiрiстiк қорлар

көлемiнiң өсуi;

     пайдалану шығындарының өсуiмен қатар коммуналдық қызметтердi ұсыну

сапасының және iркiлiссiздiгiнiң кемуi;

     жер асты сулары кен орындары мен ашық әуiттердiң ауыз сулық мәнiнiң

жоғалуы;

     суды тазалауға және суды дайындауға шығындардың артуы.


            2. Бағдарламаның мақсаты мен негiзгі мiндеттерi


     8. Бағдарламаның мақсаты - халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi

сапалы ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету.

     9. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:


 
       халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенiн анықтау және әзiрлеу, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiндегi басымдықтарды анықтау;
      Бағдарламаны iске асыру үшiн инвестициялардың қажеттi көлемi мен қаржыландыру көздерiн анықтау.
      10. Халықты ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету мынадай негiзгi қағидаттар негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс:
      1) мемлекет бүкiл халықты суға тең қол жеткiзу негiзiнде сумен жабдықтау саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс;
      2) суды экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық бағасы бар шектеулi табиғи ресурс ретiнде қараудың қажеттiгi;
      3) жер асты су көздерiн пайдалануды үдету Бағдарламаның негiзгi басымдықтарының бiрi болып табылады және мыналарды көздейдi:
      жер асты сулары ресурстарын болжамды бағалау;
      барланған кен орындары мен су жинауыштарды түгендеу;
      жаңа кен орындарын анықтау үшiн iздестiру-барлау жұмыстарын жүргізу;
      жұмыс iстеп тұрған су жинауыштарды кеңейту және қайта ұйымдастыру;
      жер асты су көздерiнiң санитарлық ахуалын сауықтыру;
      жер асты су көздерiн сарқылудан және ластанудан қорғауды жүзеге асыру;
      4) су шығару және жеткiзу құралдары шаруашылық жүргiзушi түрлi субъектiлердiң меншiгi болуы мүмкiн;
      5) суды тұтыну коммерциялық қағидаттарға негiзделуi тиiс, суды пайдаланудың ақылылығы суды ұтымды пайдалануға қол жеткiзуге, сақтауға және кәсiпкерлiк қызметке ынталандыруы тиiс;
      6) меншiк нысандарының алуандығы жағдайында инвестициялық процестi кейiннен орталықсыздандыра отырып, ауыртпалық орталығын қайтарымсыз бюджеттiк қаржыландырудан қайтарымды негiзде несиелеуге бiрте-бiрте көшiру;
      7) барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтауы.
      11. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенi мыналарды қамтиды:
      1) халықтың түрлi әлеуметтiк топтарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн бiрiншi кезектi аз шығынды iс-шараларды iске асыру;
      2) суды залалсыздандыру және тазалау бойынша ғылыми-техникалық жетiстiктердi әзiрлеу және енгiзу;
      3) ауыз сумен жабдықтау көздерi - жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң тиiстi экологиялық жай-күйiн қамтамасыз етуге бағытталған табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзу;
      4) су рыногын дамыту үшiн жағдайлар жасау және кәсiпкерлердiң ауыз суды өндiру мен жеткiзу жөнiндегi бастамаларын қолдау әрi оның бүкiл халыққа қол жетiмдiлiгiн ынталандыру;
      5) ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, халықтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыруда қоғамдық институттарды дамыту және олардың рөлiн күшейту;
      6) Республиканы сумен қамтамасыз етудiң бас сызбасын әзiрлеу, онда ауыз сумен тиiстi мөлшерде және қажеттi сапада қамтамасыз етiлмеген аймақтар мен тұтынушылардың жекелеген топтарын анықтау, iздестiру-барлау жұмыстарының көлемiн айқындау, сумен жабдықтаудың ықтимал көздерiн, техникалық iс-шараларды, оларды iске асыру кезектiлiгiн және қажеттi

 

күрделi қаржыны болжамдау қажет.


         3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгі


     Ел халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн талдау бiрқатар елеулi

проблеманы анықтады, оларды шешуге мынадай негiзгi бағыттар септiгiн

тигiзуi тиiс:

     қолда бар сумен жабдықтау жүйелерiн оларды пайдалану жай-күйiн қолдау

үшiн қалпына келтiру және жетiлдiру;

     сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама нұсқаларын дамыту;

     тұтынатын су сапасын жақсарту;

     ауыз суды ұтымды пайдалану;

     су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiн жақсарту;

     халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн

тигiзетiн ақпараттық орта жасау;

     сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметiн басқаруды, үйлестiрудi

жетiлдiру әрi оның тиiмдiлігiн арттыру.

     12. Қолда бар сумен жабдықтау жүйелерiн оларды пайдалану жай-күйiн

қолдау үшiн қалпына келтiру және жетiлдiру.


 
       Бағыт су жинауыш және су құбырлары желiлерi мен құрылыстарын жөндеу әрi тиiстi күйде ұстау, су жинауыш құбырларды қалпына келтiру, төтенше ахуал жағдайында резервтiк сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды қамтиды.
      Бағдарламаның осы бағытын дамыту үшiн халықты ауыз сумен аз шығынмен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық жабдықтаумен байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкiндiк беретiн мынадай iс-шараларды iске асыруды көздейдi:
      1) Алматы, Астана, Қызылорда, Арал, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Шалқар, Көкшетау, Қарағанды, Темiртау және басқа да көптеген қалалардың қолда бар сумен жабдықтау жүйелерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының кешенi;
      2) Солтүстiк Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының сумен жабдықтау көздерiн ауыстырудың нақты баламалары жоқ жерлерiнде топтық жүйелердi жаңарту;
      3) Ақмола облысында Нұра, Ақтөбеде Ырғыз, Атырау облысында - Индер-Миялы және Майкөмген-Шұбыртпалы, Батыс Қазақстан облысында темiрсiздендiру станциясын салып, Орда және Камен топтық су құбырларын су жинауыштарды кеңейте отырып, жаңарту;
      4) кенттерде бұрын салынған оқшау су құбырларын оңалту, олардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру, залалсыздандыру және су тазалау технологиялық процестерiн жаңғырту.
      Бұл жұмыстарды бiр жарым мыңнан астам қала мен кентте жүргiзу болжанып отыр.
      13. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама нұсқаларын дамыту.
      Бағыт жер асты суларының барланған қорларын әлдеқайда толық пайдалану есебiнен сумен жабдықтауды жақсарту және ауыз сумен жабдықтаудың қорғалған көздерi жоқ елдi мекендерде iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн жаңаларын игеру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн көздейдi.
      Жекелеген аймақтарда балама көздер ретiнде мына мүмкiндiктер қарастырылып отыр:
      сапа деңгейi жол берiлуi мейлiнше төмен жер асты суларын (минералдылығы 1,0 - 1,5 г/л минералдылығы әлсiз жер асты сулары) пайдалану;
      ауыз судың жеткiзiлуiн ұйымдастыруды жетiлдiру;
      оқшау су тазалау құрылғыларын орнату.
      Бұдан әрi балама көздердi талдау әрбiр нақты кенттi сумен қамтамасыз етудiң нұсқаларын техникалық-экономикалық салыстыру нәтижесiнде жүргiзiлетiн болады.
      Бағдарламаның осы бағытын iске асыруда бiрiншi кезектi iс-шаралар ретiнде мыналар белгiленедi:
      Қызылорда облысында Арал - Сарыбұлақ, Жиделi және Октябрь топтық су құбырларын салуды (2002 жылы 73 километрiн пайдалануға бере отырып) жалғастыру;
      Қостанай облысында Лихачев және Ұзынкөл топтық су құбырларын салу;
      Оңтүстiк Қазақстан облысында Арыс және Шәуiлдiр топтық су құбырларын салу;
      Солтүстiк және Батыс Қазақстан топтық су құбырларының жұмысын қайта ұйымдастыру.
      Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының сумен жабдықтаудың сенiмдi көзi жоқ бес жүзден астам елдi мекенi үшiн сумен жабдықтау сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар, сондай-ақ кейiннен сумен жабдықтау желiлерi мен құрылыстарын салатын iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзу көзделуде.
      14. Тұтынатын су сапасын жақсарту.
      Бағыт су сапасын жақсарту жөнiндегi мынадай шаралар кешенiн қамтиды:
      1) ауыз су сапасын жақсарту жөнiндегi жаңа отандық та, шетелдiк те озық технологияларды әзiрлеу және енгiзу;
      2) судың екiншi қайта ластану мүмкiндiгiн жою мақсатында су құбыры желiсiнiң тозған учаскелерiн жаңарту және ауыстыру;
      3) бастапқы суды тазалаудың технологиялық схемасын белгiлеу және суды дайындаудың тиiстi өлшемдерiн қамтамасыз ету;
      4) ауыз су сапасын бақылаумен айналысатын қызметтердi материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етудi нығайту.
      Суды дайындаудың белгiлi бiр технологиялары әрбiр нақты жағдайда судың сапасына қарай қолданылатын болады.
      Су дайындау жөнiндегi iс-шараларды үш жүзден астам елдi мекенде iске асыру болжанып отыр.
      15. Ауыз суды ұтымды пайдалану.
      Бағыт ауыз суды үнемдi де тиiмдi пайдаланудың, оны техникалық, ауыл шаруашылық және басқа да мұқтаждықтарға мақсатсыз пайдалануын болдырмау да, экономиканы құрылымдық қайта құруды, су үнемдеушi технологияларды технологиялық жаңғыртуды және енгiзудi ескере отырып табиғи су объектiлерiнен су алуды қысқарту, сондай-ақ желiнiң тасқынды нүктелерi мен тұтынушыларда су есептеуiш аспаптар орнату да мәселелерiне қатысты iс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
      Жекелеген аймақтарда судың тапшылығы, тұщы су көздерiнiң бiрте-бiрте сарқылуы және ластануының күшеюi су ресурстарын ұтымды пайдаланудың кешендi жоспарлануын қамтамасыз етудi талап етедi.
      Тұтас алғанда су пайдаланудың жай-күйi су ресурстарын ұтымды пайдалануды дамыту және оған жағдайлар жасау, су үнемдеушi технологияларды ғылыми негiздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануды болдырмау жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдауды талап етедi.
      Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау алғы-шарттарын жасау, су объектiлерiнiң ластануына жол бермеу үшiн елеулi нәрсе халықтың экологиялық бiлiмiн тереңдету арқылы оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетiн көтеру болып табылады.
      16. Су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiн жақсарту.
      Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтiру және қорғау процестерiнiң теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету негiзiн қалайтын iс-шаралар кешенiн қамтиды.
      Қоршаған ортаның қазiргi жай-күйi және экономика салаларының күтiлiп отырған экономикалық өсуi су ресурстарын қорғау және қалпына келтiру жөнiнде тиiстi алдын ала iс-шараларын қабылдамайынша және енгiзбейiнше су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiнiң нашарлауына алып келедi.
      Республикада қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды мемлекеттiк басқару жүйесiн қалыптастыру жүрiп жатыр, қоршаған ортаны және оның су объектiлерi сияқты маңызды құрамдасын қорғауды жақсартуға, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болдырмауға бағытталған бiрқатар заңнамалық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар жұмыс iстейдi. Экономикалық қауiптi қызметке талаптар мен бақылау қатайтылған, экология мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық нығайып келедi.
      Қолданыстағы Су K933000_ кодексiне сәйкес су көздерiн оқшау қорғау және шаруашылық-ауыз су суымен жабдықтау құрылыстарын жобалауға санитарлық талаптар әрбiр нақты жобада көзделедi.
      Ауыз суды ұтымды жұмсауға ынталандыратын экономикалық құралдарды әзірлеу және iске асыру қажет.
      Бағдарлама су экологиясы саласында iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзуге арналған ғылыми-зерттеу институттарының қалыптасуын әрi олардың желiсiн қолдауды көздейдi.
      17. Халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн тигiзетiн ақпараттық орта жасау.
      Таза ауыз суды алу, оны ұтымды пайдалану халықтың бүкiл қабатының өмiрлiк мүдделерiн қозғайтын болғандықтан, тек мемлекеттiк ғана емес, жалпы адамзаттық проблема болып табылады. Өкiнiшке қарай, жұртшылықпен жұмыс тиiстi деңгейге қойылмаған. Осы проблеманы шешумен байланысты iс-шаралардың тиiмсiздiгiнiң себебi көбiнесе оны шешумен, қалың жұртшылықпен айналысатын мемлекеттiк органдар арасында үйлестiрудiң және өзара әрекеттесудiң нашарлығы.
      Халықты сумен қамтамасыз ету мәселелерi жұртшылықты кеңiнен тарта отырып, ашық шешiлуi тиiс. Судың табиғи су объектiлерiндегi де, сумен жабдықтау жүйелерiндегi де сапасы туралы ақпарат, оны тазалау мен жеткiзу құны әрбiр азаматқа мәлiм болуы тиiс, бұл ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн тигiзедi.
      Халықты осы проблемалар бойынша кеңiнен хабардар ету әрi бiлiм беру халықта экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениеттi қалыптастыру үшiн бағдарлама мыналарды көздейдi:
      1) су ресурстарын, әсiресе ауыз суды ұқыпты пайдалану мәселелерiне кiтапшалар, топтамалар шығаруды, радио және телехабарлардың тұрақты циклын жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялауды қамтамасыз ету;
      2) қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдарды ауыз суды ұтымды пайдалану саясатын айқындауға тарту.
      Қазақстан азаматтары суды тұтыну және су ресурстарын қорғауды ұйымдастыру саласын басқару процестерiне осы проблемаға қатысты мәселе талқыланатын немесе шешiлетiн референдумдарға, "дөңгелек үстелдерге" және басқа да iс-шараларға қатысу арқылы ықпал ете алады.
      18. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметiн басқаруды, үйлестiрудi жетiлдiру әрi оның тиiмдiлiгiн арттыру.
      Бағыт халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етуге арналған өзара байланыстырылған шаралар кешенiн көздейдi.
      Халықты сумен қамтамасыз ету процесiн бақылау және жоспарлауды мемлекет жүзеге асырады.
      Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi шаралар:
      Үкiмет, жергiлiктi атқарушы органдар мен суды пайдаланушылардың мемлекеттiк емес бiрлестiктерi арасындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесiндегi өндiрiс құралдарына меншiктi жiтi бөлудi көздейтiн сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру;
      су шаруашылығы объектiлерiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау;
      суды ақылы пайдалану жүйесiн жетiлдiру және бастапқы кезеңде суды пайдалануға мемлекеттiк субсидиялауды енгiзудiң негiзiнде суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн жасау;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, оның сапасын жақсарту жұмыстарымен қамтылған ұйымдардың, соның iшiнде мемлекеттiк емес ұйымдардың қалыптасуына қолдау көрсету;
      су объектiлерi мониторингi жүйесiн дамыту болып табылады.
      Облыстар бөлiнiсiнде бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттарын дамыту iс-шаралары төменде келтiрiлген:
      Қызылорда облысы Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймағы ретiнде басым аймақтардың қатарына жатқызылған; "Арал теңiзi ауданындағы экономикалық және санитарлық жағдайды түбегейлi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" қаулыны орындау үшiн ауыл шаруашылығын сумен жабдықтаудың бiрқатар объектiлерi салынды, Арал және Қазалы аудандарының қала және ауыл халқын сумен қамтамасыз ету үшiн Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын салу жалғастырылуда.
      Оң жағалау және Жиделi топтық су құбырын салу басталды.
      Бағдарламада халықты сумен қамтамасыз етудiң бұрын көзделген iс-шараларын одан әрi iске асыру көзделуде.
      Оң жағалау, Талап және Сырдария топтық су құбырларын салу көзделуде.
      Облыстың бұрыннан берi сумен қамтамасыз етiлмеген 60 кентi үшiн жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде. Минералданған жер асты сулары басым аудандарда суды тұщыту қондырғыларын салу көзделедi. Қызылорда қаласында, басқа да қалалар мен ауылдық кенттерде сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының кешенi көзделуде.
      Маңғыстау облысының халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы Астрахань-Маңғышлақ суағарынан толық тұрақтандырылады.
      Оны қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу тасымалданатын судың қажеттi көлемi мен сапасын қамтамасыз етуге, су берудiң сенiмдiлiгiн арттыруға әрi оны беруге арналған пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Ақтау қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мiндеттерiн iске асыру үшiн ұзақтығы 105 км Жетiбай-Ақтау су оңқысын және су тазарту құрылыстарын қосымша салу қажет.
      Оны сумен қамтамасыз ету үшiн теңiз суы тұщытылатын Фетисово-Жаңа өзен су оңқысын салу көзделген Жаңа өзен қаласы үшiн баламалы нұсқа ретiнде Волга суын беру қарастырылуда.
      Бағдарламада кенттердi топтық су құбырлары магистральдарына қосу үшiн жаңа су құбыры жүйелерi мен құрылыстарын салу әрi қазiргiлерiн қайта жаңарту көзделуде.
      Шығыс Қазақстан облысы халықтың сумен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша неғұрлым тәуiрлерiнiң қатарына жатады.
      Барлық қалалар мен iрi ауылдық кенттерде сумен қамтамасыз етудiң орталықтандырылған жүйелерi бар.
      Бағдарламада шағын ауылдық кенттердiң халқын ауыз сумен орталықтандырылған қамтамасыз ету үшiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары және жекелеген су жинаушы құрылыстарын салу көзделген.
      Алматы облысы. Су құбырлары жүйелерiнiң көпшiлiгiнiң техникалық жай-күйi оларды жұмыс iстеу күйiнде ұстау үшiн шұғыл шараларды қабылдауды талап етедi.
      Алматы қаласының 2200 км құрайтын қалалық су құбыры желiлерiнiң 1380 км-нiң жұмыс iстеу мерзiмi өткен. Облыстың басқа қалаларындағы желiлер де қажеттi жөндеусiз ұзақ мерзiм бойы пайдаланылуда.
      Бағдарламада жалпы ұзақтығы 1000 км-дан астам қалалық және кенттiк желiлерде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары көзделген. Экономикасы тоқыраған Ақсу және Райымбек аудандарын қоса алғанда, 360 ауылдық кентте жергiлiктi су құбырларын салу әрi қайта жаңарту көзделуде.
      Оңтүстiк Қазақстан облысының қаладағы халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту үшiн Шымкент, Шардара, Сарыағаш, Түркiстан және Шолаққорған қалаларының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту көзделуде. Бағдарламада Түркiстан - Кентау су құбырын салу көзделуде.
      2002 жылғы басым объектiлердiң тiзбесiне халқының саны 25 мыңнан астам Шолаққорған қаласындағы су құбыры енгізiлген. Шәуiлдiр және Арыс топтық су құбырларын салу жалғастырылуда, оған республикалық бюджеттен 260 миллион теңге көзделуде.
      Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарығаш және Қазығұрт аудандарының халқы сапалы ауыз су тапшылығын сезiнуде. Бұл проблема Өгем топтық су құбыры бойынша Өгем өзенiнен су беру есебiнен шешiлуi мүмкiн. Бұл аймақта ауыз судың басқа баламалы көзі жоқ.
      Ақмола облысы халқын сумен жабдықтаудың ең өткiр проблемасы республиканың елордасы Астана қаласының сумен қамтамасыз етiлуiн ұлғайту болып табылады. Ертiс-Қарағанды арнасынан Есiл өзенiне суды бұру үшiн құрылыстар мен суағар құрылысын салу, сондай-ақ Вячеслав су қоймасынан қалаға дейiн суағардың үшiншi желiсiн салу аяқталды. Су құрылыстарын кеңейту және жаңаларын салу көзделуде. Қаланың iшкi желiсiндегi 94 км желiнi ауыстыру көзделуде.
      Бағдарламада Көкшетау қаласы мен Бурабай курорт аймағы халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшiн Көкшетау өнеркәсiптiк су құбырын салуды жалғастыру көзделген.
      20 жылдан астам пайдаланып келген Сілеті және Нұра топтық су құбырлары да оларды қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етуде. Бағдарламада тоқыраудағы әрі сумен нашар қамтамасыз етілген Жарқайын және Қорғалжын аудандарын қоса алғанда, облыстың ауылдық кенттерiнде сумен жабдықтаудың жергiлiктi жүйелерiн жұмыс iстеу күйінде ұстауға және жаңаларын салуға шығындар көзделген.
      Солтүстік Қазақстан облысы орталықтандырылған жүйеде ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейi мен қамтылуы жөнінде әрқашанда алда болатын, оған жалпы ұзақтығы 5 мың километрден астам топтық су құбырларының тармақтанған желiсiнiң жолға қойылуы жәрдемдестi. Оларды ұзақ уақыт пайдаланудың нәтижесiнде (кейбiр тармақтары 25-30 жыл бойы қызмет етуде) және жекелеген телiмдерiндегi терiс факторлардың әсерiнен су құбырлары толық жарамсыз күйге келдi. Сорғы станцияларының сорғылық және электротехникалық жабдықтары әбден ескiргендiктен, ауыстырылуы тиiс. Пайдалану шығындарының өсуi, ұзақ уақытқа iстен шығуы және соның салдарынан көптеген судың ысырап болуынан нарық экономикасы жағдайында бiр бiрімен байланыстырылған жүйелерден орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету тиiмсiз болып шықты. Халықты ауыз сумен кепiлдi қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада сумен жабдықтау жүйелерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде мынадай iс-шаралар көзделуде:
      топтық су құбырларының бас учаскелерiнiң қазiргi жұмыс iстеу схемасын сақтау;
      жалпы жүйедегi топтық су құбырларының соңғы және жекелеген тұйықталған учаскелерiн сегменттеу (ажырату);
      Булаев және Беловодск топтық су құбырларының жекелеген тармақтарына жаңа көздердi - жер асты суларының барланған қорларын қосу;
      Жер асты суларының жергiлiктi ресурстары есебiнен топтық желiлерге бұрын қосылған және қосылмаған 220 кенттi жергiлiктi сумен жабдықтауды ұйымдастыру.
      Шағын кенттерге сапалы ауыз суды су құбырларымен жеткiзу.
      Көрсетiлген iс-шараларды iске асыру қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылуда. Оған 2001-2002 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 238 млн. теңге көзделген.
      Павлодар облысының аумағындағы су ресурстарының әркелкi бөлiнуi және олардың сапасы оның жекелеген аудандары халқының сумен қамтамасыз етiлуi деңгейiн айқындады.
      Ауыл халқының үштен бiрге жуығы минералдануы жоғары суды пайдалануда. Бағдарламада бiрiншi кезектегi шара ретiнде қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерiндегi тұщыту станцияларын орнату және 115 кентте тұщыту қондырғыларымен бiрге жаңа блок жүйелерiн салу көзделуде.
      Май ауданы халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту үшiн Май топтық су құбырын қайта жаңарту көзделуде.
      Елдi мекендердiң 70%-тен астамы сапасына кепілдiк жоқ суды пайдаланатын Ақтоғай ауданында проблема күрделi күйiнде қалуда.
      Сумен жабдықтаудың баламалы көздерi жоқ кенттер үшiн Беловодск топтық су құбырының бiр бөлiгiнiң жұмыс iстеуiн қалпына келтiру қажет. Бағдарламада ауыл халқының 265 мыңнан астам адамын сумен жабдықтау қамтылады. Бағдарламада жер асты суларын пайдалану, сондай-ақ облыстың басқа да қалаларына су құбырларын жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары есебiнен Павлодар қаласын сумен жабдықтауды жақсарту көзделедi.
      Қостанай облысы. Таяу жылдары су көздерi бойынша нақты балама жоқ топтық су құбырларында кенттердi бiртiндеп қоса отырып, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажет.
      Тоқыраған Амангелдi және Жангелдин аудандарын қоса алғанда облыстың 275 кентiнде бұрын орталықтандырылмай жүзеге асырылып келген жергiлiктi жүйелердi салу және қайта жаңарту жолымен сапасына кепілдiк жоқ жердiң бетiндегi және жер асты сапалы ауыз сумен халықты жабдықтау көзделуде. Олар iске қосылғаннан кейiн 12 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапасы сенiмдi ауыз су алатын Лихачев және Ұзынкөл топтық су құбырларын салуды таяу жылдары аяқтау көзделуде.
      Бiрқатар кенттер үшiн суы тиiсiнше тазартылған және дайындалған жер бетiндегi сулар баламалы көз ретiнде айқындалған. Бағдарламада қалалар мен қалалық кенттердiң халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту көзделуде.
      Ақтөбе облысының халқын сумен қамтамасыз ету толық дерлiк жер асты суларынан негiзделген. Ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi шаралар бағдарламасы:
      қосымша ұңғымалар бұрғылау, сорғы станцияларын салу - су жинауыштарды кеңейту жолымен қалалар және ауылдық кенттер халқының сумен қамтамасыз етiлуiн арттыруды;
      баламалы су көздерiн iздестiру немесе қолда бар минералданған жер асты суларын тұщыту жолымен тұтынылатын судың сапасын жақсарту;
      неғұрлым iрi кенттерде жергiлiктi су құбырларын салу;
      сапалы ауыз суды шағын кенттерге жеткiзу;
      жер асты суларының сапасы жақсы Сарыбұлақ кен орындары тобынан су алуды ұлғайту жоспарлануда;
      Ырғыз ауданындағы кенттердің сумен жабдықталуының жай-күйін жақсарту үшін Ырғыз және Нұра су құбыры топтарын қайта жаңарту көзделуде.
      Атырау облысы халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы күрделі күйінде қалуда.
      Облыс халқының 20%-тен астамы шаруашылық-ауыз су ашық көздердегі тазартылмаған және зарарсыздандырылмаған суды пайдаланады.
      Атырау қаласының және Атырау-Мақат-Сағыз су құбыры бойынша су алатын ауылдық кенттерден халқы ауыз су тапшылығын сезiнуде.
      Қазіргі уақытта Атырау қаласында су құбыры және кәріз желiлерiн қайта жаңарту жүргiзілуде.
      Бағдарламада халықты сумен қамтамасыз ету жағдайын тұрақтандыру жөнiнде бiрқатар шаралар көзделген.
      Оны ауыз су мұқтаждары үшін дайындаумен бірге Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай кен орындарына су беру үшiн салынған Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта жаңартуды жүргізу қажет.
      Индер су тазарту құрылыстарын күрделi жөндеуден өткiзу, Құлсары кентiндегi кентiшiлiк желiнi ауыстыру талап етiлуде.
      Жер бетiндегi суларды тазартуға арналған шағын құрылыстарымен бiрге 37 ауылдық кент үшiн жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде.
      Қоянды су құбыры тобының екiншi кезегiнiң құрылысын салуды жалғастыру және Индер-Миялы және Майкөмген-Шұбыртпалы суағарларын қайта жаңартуды жүргізу қажет.
      Жоғарыда аталған барлық шаралар облыс халқының 300 мыңнан астам адамын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Батыс Қазақстан облысының қаладағы халқы, жалпы алғанда ауыз сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеген. Бағдарламада қалалардағы сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды қалыпты жағдайда ұстау үшiн бiрқатар iс-шаралар көзделдi. 130 ауылдық елдi мекендi сумен жабдықтау жалпы ұзақтығы 2 мың километрден астам 6 топтық су құбырынан жүзеге асырылды. Соңғы 3-5 жылда Фурманов және Тайпақ су құбырлары пайдаланылған жоқ және нормативтiк қызмет ету мерзiмi аяқталғандықтан, қайта қалпына келтiруге жатпайды. Бұрын оларға қосылған 55 кенттi сумен қамтамасыз ету үшiн бағдарламада жер бетiндегi және жер асты су көздерiнен су алатын жергiлiктi су құбырларын салу көзделедi. Соңғы жағдайда суды тиiсiнше тазарту көзделедi. Облыстың басқа да су құбырлары топтарында оларды қайта жаңарту - жекелеген учаскелердегi трубаларды ауыстыру, кенттердегi су құбырлары жұмыстарын жөндеу көзделедi. Сонымен қатар, бұрыннан бар жергiлiктi су құбырларын қайта жаңарту, ауыз суды дайындаудың технологиялық процестерiн және сорғы станцияларының жабдықтарын жаңалау көзделедi.
      2005 жылға дейiнгi кезеңде Искра топтық су құбырының құрылысын аяқтау және сумен жабдықтаудың баламалы көзi жоқ Орда ауданы кенттерiн ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн Орда топтық су құбырын қайта жаңарту аяқтау көзделуде. Жалпы алғанда, облыс бойынша ауыл халқының 220 мыңға жуық адамы сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралармен қамтылған.
      Жамбыл облысында қалалар мен кенттердi сумен жабдықтау, оның аумағында жер асты суларының кең таралғандығынан, негiзiнен жергiлiктi су құбырлары арқылы шешiлуде. Бiрiншi кезектегi iс-шаралар ретiнде токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткiштер бойынша iшуге жарамсыз жер асты суларын пайдаланатын кенттерде жаңа жергiлiктi су құбырларын салу және қолда барын қайта жаңарту көзделуде. Оларда 400 мыңға жуық адамға тұратын 250 кент үшiн сумен қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту және арттыру көзделуде. Бағдарламада сумен жабдықтаудың қалалық жүйелерiн пайдаланудың қалыпты жағдайларын қолдау үшiн қажеттi қаражат көзделедi.
      19. Бағдарламаны iске асыру:
      1) сумен жабдықтау және су тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi;
      2) ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргiзудi;
      3) техникалық iс-шараларды жүргiзудi;
      4) сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетiлдiрудi көздейдi.
      20. Сумен жабдықтау және су тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру:
      1) халыққа арналған ауыз су шығару құралдарына меншiк құқығын және осымен байланысты мүлiктiк қатынастарды заң жүзiнде реттеудi. Сумен жабдықтаудың барлық объектiлерiне меншiк құқығын тәртiпке келтiрудi;
      2) мемлекеттiк емес (жеке) секторды тартып, халыққа ауыз су беру жөнiндегi қызмет көрсету рыногын құру мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi;
      3) шаруашылық-ауыз суды тұтынудың ғылыми негiзделген үлестiк нормаларын әзiрлеудi;
      4) "Ауыз су туралы" заң әзiрлеудi және қабылдауды;
      5) ауыз сумен жабдықтау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен мемлекеттiк стандарттар әзiрлеудi және енгiзудi:
      ауыз судың сапасын бақылаудың әдiстемелерiне арналған стандарттарды;
      ауыз судың сапасына, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерiне қойылатын гигиеналық талаптарды белгiлейтiн санитарлық ережелер мен нормаларды (СанЕрН), стандарттарды;
      "Сумен жабдықтаудың" құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚнЕ);
      6) мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу, халыққа берiлетiн ауыз судың сапасы мен су көздерiнiң жай-күйiне кешендi мониторинг жүйесi, су айдындарына ластаушы заттарды тастауға рұқсат етілетiн шектi деңгейiн айқындау, суды қорғау аймағының көлемі мен шекарасын айқындау мәселелерiне қатысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңаларын әзiрлеу; шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды жобалауға, ауыз суды бөтелкеге құюға қойылатын санитарлық талаптарды әзiрлеудi қамтиды.
      21. Ұйымдастырушылық iс-шаралары:
      1) суды өндiру мен халыққа берудi басқару құрылымын қайта ұйымдастыруды;
      2) халықтың ауыз суға қол жеткiзуiн және оның сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөнiндегi неғұрлым маңызды iс-шаралардың үйлестiрiлген жоспарларын жыл сайын әзiрлеудi қамтиды.
      22. Техникалық iс-шаралар жаңа су құбыры жүйелерiн жасау және қайта жаңарту, су көздерінің жай-күйін жақсарту, ауыз сумен жабдықтаудың баламалы көздерiн iздестiру әрi жұмылдыру жөнiндегi шаралар кешенін қамтиды.
      Бағдарламада көзделген халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық iс-шаралардың негiзгi көрсеткiштерi 4 және 5-кестелерде келтiрiлген.
      Техникалық iс-шараларды iске асыру сумен жабдықтау жүйелерi мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиiмдi етуге, су берудiң шығындарын азайтуға мүмкiндiк жасайтын жаңа технологиялар әрi техникалық шешiмдер енгiзудi көздейдi.
      Су құбырларын таттануға төзiмдiлiк қасиетi бар және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қолдануға рұқсат берген полиэтилен, әйнек пластикалық трубалар, сондай-ақ балқыма шойыннан жасалған трубалардан салу көзделген.
      Су тазарту станцияларын ауыз суды дайындаудың қазiргi технологияларын пайдаланып, фтордан, ауыр металдардан, хлоридтерден, сульфаттардан, нитраттардан, нитриттерден және басқа да адам ағзасы үшiн зиянды химиялық қосылыстардан тиiмдi тазартуды қамтамасыз ететiн табиғи материалдарды қолданып жүргізу көзделуде.
      Шамалы ғана бар және тұзы көп суларды тұздан тазартып, ауыз су алу үшiн темiрдi, марганецті шығару, қышқылдылығын азайту, сондай-ақ өндiру күшi әртүрлi жүйелер үшiн судың қатқылдығын азайту мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк беретiн әртүрлі отандық және шетелдiк өндiрушiлердiң жабдықтарын пайдалану көзделуде.
      Осы саладағы мемлекеттiк саясат республикада суды тұщыту және тазарту жөнiндегi қазiргi заманғы жабдықтарды, трубаларды әртүрлi сантехникалық және басқа да көмекшi жабдықтарды өнеркәсiптiк шығару жөнiндегi қуаттарды құруға бағытталуы тиiс.
      Отандық фирмалардың жаңа технологияларын қолданудың бiрқатар артықшылығы бар: жұмыс орындары құрылады, құрылыс құны азаяды.
      23. Сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетiлдiру:
      1) халықты ауыз сумен жабдықтау жөнiндегi бағдарламаны инвестициялаудың принципi мен құрылымын айқындауды;
      2) халыққа су беру, таза суды бөтелкеге құю және суды тазартудың жеке құралдарын өндіру жөнiндегi қызметтер көрсетуге жеке секторды тартып, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында бәсекелестiк орта құруды;
      3) сумен жабдықтау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер жүйесiн қалыптастыратын, ауыз суды қоса алғанда, суға бағаны құраудың ғылыми негiзделген икемдi тетiгiн құруды. Қызмет көрсету рыногында тұтынушыға таңдау жасауға мүмкiндiк беретiн адал бәсеке маңызды қозғаушы күшке айналуға тиiс. Судың бағасы халыққа қолайлы болуы, ал су берудiң шығындары су тұтынушылардың төлемдерi есебiнен өтелуi тиiс;
      4) экономикалық өсудiң алғышарттары жасалғанға және өзiн өзi қаржыландыру негiзiнде жұмыс iстеу мүмкiндiгi туғанға дейiн пайдаланудың бастапқы кезеңiнде сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерiн дотациялаудың тетiгiн әзiрлеудi;
      5) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң мүдделерiн ескере отырып, су шаруашылығы саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.
      Экономикалық блок ауыз суды ұтымды пайдалану және оған бүкiл халықтың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн заңды және жеке тұлғалардың бүкіл басқару, ғылыми-техникалық және басқа да қызметiнiң өзара байланысын қамтамасыз етуі тиіс.
      24. Бағдарламаны іске асырудың мынадай тетіктері көзделуде:
      республикалық және облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектілерi, ал жекелеген аймақтарда ауданаралық ауылдық топтық су құбырлары тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады;
      облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар сумен жабдықтау объектілерi жергілiктi мемлекеттік басқару органдары бекiткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалардың негiзiнде, жергілікті бюджеттердің, заемдардың, тікелей шетелдік немесе отандық инвестициялардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Бағдарламалық iс-шараларды iске асыруды Су ресурстары жөнiндегi комитеттің, Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң облыстық бөлiмшелерi, облыстық құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаменттерi, "Су арнасы" қалалық басқармалары және мемлекеттік емес сектордың су шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
      Осы Бағдарламаны iске асыру әзiрленген iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы негiзгi проблемаларға жұмылдыруға, жағдайдың өзгеруiне әсер етуiне, шаралардың тиiмдiлігiн қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаның іс-шараларын iске асыру 2 кезеңге жоспарланып отыр:
      1-кезең (2001 - 2005 жылдар) - халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi объектілердi салуды жалғастыру. Сумен жабдықтау құрылыстарын, кең орындарын және жерасты суларының суағындарын түгендеудi жүргiзу. Ірi топтық су құбырларын жандандыру және орталықсыздандыру. Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардағы қалалық желiлердi қайта жаңарту. Сумен жабдықтау үшiн жабдықтар, аспаптар мен құрамдас бөлiктердi шығару жөнiндегi салалық базаны, жаңа технологиялық өндірiстердi құру.
      2-кезең (2006 - 2010 жылдар) - сумен жабдықтау жүйелерiн салуға және iшуге жарамды суды дайындауға алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетiстiктерiн енгiзу жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыру. Елдiң халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшiн жүйелер мен құрылыстар салу және оларды қайта жаңарту.
 
         4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
 
      "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға инвестициялардың жалпы көлемi 118,2 млрд. теңге мөлшерiнде анықталды. Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi қаражаттың көлемi қоса беріліп отыр (6-кесте).
      Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатынан басқа, су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлi бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
      Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
 
              5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
 
      2005 жылға дейiнгi кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су сапасының - ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң одан әрi нашарлауын тоқтатуды, судың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы мiндетiн бастауды көздейдi.
      Бағдарламаның iс-шараларымен 4,0 млн. жуық адам тұратын 3,7 мың ауылдық елдi мекен және саны 3 млн. адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.
      Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн құру, жұмыс iстеп тұрғандарды қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң рыногын қалыптастыру және Бағдарламамен көзделген бiрқатар басқа да шаралар:
      халықтың сапалы ауыз суға қол жетiмдiлiгiн ұлғайтуға, бұл тұтастай алғанда, қамтамасыз етiлу деңгейiн 65%-ға арттырады;
      орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерiнiң суларын пайдаланатын халықтың үлесін арттыруға, тұтастай алғанда, елдi 20-25%-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 40%-ға және одан да көп;
      ауыз су сапасының санитарлық ережелерi мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздерi мен сумен жабдықтау жүйелерiнiң сенiмдiлiгiн арттыруға;
      жергiлiктi iшуге жарамды жерасты суларын мейлiнше тартуға;
      сапасы негiзiнен бактериалды ластануымен сипатталатын жер бетiндегi көздердiң суларын iшу мақсаттары үшiн орталықсыздандырылған пайдалануды жоюға:
      өткiр iшек-қарын инфекциялары тобы бойынша бауырдың қабынуының, А вирусы бойынша берілетiн су факторына байланысты халықтың ауруын 70-80 %-ға төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз етедi;
      қосымша 200 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға;
      сумен жабдықтау көздерiне терiс экологиялық ықпал етудiң мүмкiндігін болдырмауға;
      жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел мониторинг жүйесiн құруға;
      құрылыста, тазалау жүйесiнде жаңа технологиялар енгізу және ауыз су

 

дайындау, сондай-ақ бiрқатар жағдайда сумен жабдықтау көздерiн балама

көздерге ауыстыру жолымен берiлетін судың бiр текше метрiнiң құнын

төмендетуге мүмкіндiк бередi.

     Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегi оң өзгерiстер өмiр сүрудiң

қанағаттанарлық әлеуметтiк-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық

жағдайларын туғызады және, сайып келгенде, ел халқының тәнін және рухани

саулығына оң ықпал етедi.


                                                            1-кесте


                 Топтық су құбырлары бойынша көрсеткіштер

___________________________________________________________________________

N !  Облыстар   !Су құбыр.!   Сумен     !Қосылған елді!Магистр. !Олардың

   !             !ларының  !  жабдықтау  !мекендердің  !алдардың !ішінде: 

   !             !саны, о.і!   көздері   !    саны     !жалпы    !2000 ж.

   !             !басқа об.!             !             !ұзақтығы !жағдай 

   !             !лыстарға !             !_____________!  км.    !бойынша 

   !             !қызмет   !             !1991 ж!2000 ж!         !жұмыс

   !             !көрсетуші!             !жағдай!жағдай!         !істеп

   !             !         !             !бойын.!бойын.!         !тұрғанда.

   !             !         !             !ша    !ша    !         !ры

___________________________________________________________________________

1   Ақмола         11/3    Жер бетіндегі   123    92    2218,9     1410

                            сулар

                            Жерасты сулары

2   Ақтөбе         3/-     Жерасты сулары    9     1     201,3     72,0

3   Алматы         3/-     Жерасты сулары   10     1     258,0     32,0

4   Атырау         5/-     Жер бетіндегі

                            сулар            21     1     450,8    198,0

                            Жерасты сулары  

5   Шығыс          3/-     Жерасты сулары   34    13     337,0       96

     Қазақстан     

6   Жамбыл         2/-     Жерасты сулары    5     -      71,2       -

7   Батыс    

     Қазақстан      6/-     Жер бетіндегі   130    69    2086,1   1189,7 

                            сулар

                            Жерасты сулары

8   Қарағанды      2/-     Жер бетіндегі    10     8     257,1    225,1

                            сулар

                            Жерасты сулары

9   Қостанай       21/4    Жер бетіндегі   299   107    3417,9   1767,1

                            сулар  

                            Жерасты сулары

10   Қызылорда      5/-     Жерасты сулары   18    34     668,0    668,0

11   Маңғыстау      4/-     Әмудария         12     8     330,0      105

                            Жерасты сулары

12   Павлодар       2/1     Ертіс            50     7     566,1    161,1

                            Жерасты сулары

13   Солтүстік      7/5     Жер бетіндегі   497   164    5682,8   4075,0

     Қазақстан              сулар

14   Оңтүстік       9/-     Жерасты сулары   58     8     532,4    156,0

     Қазақстан    


     ҚР бойынша    79/5                    1276   513   17077,8    10155 

     барлығы

___________________________________________________________________________


                                                               2-кесте


           Ауылдық елді мекендердің сумен жабдықталуының жағдайы

                     (1999 ж./1991 ж. деңгейінде)

___________________________________________________________________________

N !   Облыстар    !Елді    !           Оның ішінде

   !               !мекен.  !______________________________________________

   !               !дердің, !Орталықт.!  Олардың ішінде     !Жергілікті

   !               !кенттер.!сумен    !_____________________!көздерді

   !               !дің саны!қамтыл.  !Топтық су  !Жергілік.!пайдаланады

   !               !        !ғаны     !құбырына   !ті су құ.!

   !               !        !         !қосылғаны  !бырлары  !

   !               !        !         !           !бар      !

___________________________________________________________________________

1  Ақмола            729     350/407    92/123     258/284    336/279

2  Ақтөбе            454     114/139     1/9       113/130    330/302

3  Алматы            799     384/555    58/67*     326/488    388/237    

4  Атырау            180      32/97     16/37*      16/60     145/74

5  Шығыс   

    Қазақстан         846     204/319    13/34      191/285    642/527

6  Жамбыл            426      96/170     -/5        96/165    326/251

7  Батыс  

    Қазақстан         509     204/218    69/130     135/88     305/247

8  Қарағанды         524     193/208     8/10      185/198    325/310

9  Қостанай          779     227/436   107/292     120/144    520/291

10  Қызылорда         370     130/142    34/18       96/124    208/192

11  Маңғыстау          49      22/21      8/12       14/9       27/18

12  Павлодар          520     112/137     7/50      105/87     343/372

13  Солтүстік

    Қазақстан         764     213/532   164/497      49/35     523/204

14  Оңтүстік

    Қазақстан         896     406/497     8/58      398/439    370/329


    ҚР бойынша       7845    2687/3878  585/1342   2102/2536  4788/3633

    барлығы

___________________________________________________________________________

(таблицаның жалғасы):

_______________________________________

    !          !     Оның ішінде

    !          !_______________________

N  ! Облыстар !Тасып    !Жергілікті   !

    !          !әкеліне. !және тараты. !

    !          !тін су   !латын желі.  !

    !          !         !лердің ұзақ. !

    !          !         !тығы, км     !

_________________________!_____________!

1  Ақмола         43/43     2545/4540                              

2  Ақтөбе         10/13      676/800                                

3  Алматы         27/7      1933/3474

4  Атырау          3/9       310/423

5  Шығыс   

    Қазақстан       -/-      1150/1761

6  Жамбыл          4/5       701/1831

7  Батыс   

    Қазақстан       -/44      893/856 

8  Қарағанды       6/6      1216/1395

9  Қостанай       32/52     2767/4442

10  Қызылорда      32/36      510/782

11  Маңғыстау       -/10      122/122

12  Павлодар       65/11      263/1143

13  Солтүстік

    Қазақстан      28/28     3213/4745   

14  Оңтүстік

    Қазақстан     120/70     2725/3256   


    ҚР бойынша    370/334   19024/29570

    барлығы

________________________________________


     *) - қалалық су құбырларына қосылған кенттерді ескере отырып    


                                                               3-кесте


          Жер бетіндегі және жерасты сулары ресурстарының болуы

__________________________________________________________

N ! Су шаруашылығы    !Жер бетіндегі   ! Жерасты сулары.

   !   бассейндері     !сулардың бар    !ның барланған   

   !                   !ресурстары,     !пайдалану қорлары

   !                   !текше км/жылына !текше км/жылына 

   !                   !_________________________________

   !                   !Орташа !қамтама.!Барлығы!  о.і.        

   !                   !көпжыл.!сыз ету.!       !минерал.

   !                   !дық    !дің 95% !       !данған 1

   !                   !ағын   !        !       !г/л дейін

__________________________________________________________

1   Арал-Сырдария        12,0     9,3     1,40    1,13

2   Балқаш-Алакөл        10,0     5,4     7,20    6,25

3   Ертіс                14,7     8,0     2,95    1,80

4   Есіл                  1,4     0,2     0,26    0,21

5   Нұра-Сарысу           0,7     0,0     0,76    0,64

6   Тобол-Торғай          0,8     0,0     0,78    0,66

7   Жайық-Каспий          2,1     0,3     0,77    0,59

8   Шу-Талас              4,0     2,3     1,71    1,42


     Барлығы              58,2    25,5    15,83   12,70

___________________________________________________________


(таблицаның жалғасы):

____________________________________________________________

1 адамға есептегендегі су ресурстарының болуы жылына мың    !

                    текше м.                                !

____________________________________________________________!

                         ! Жер бетіндегі  !   Барланған     !

                         !     ағын       !   пайдалану     !  

                         !                !   қорлары       !

_________________________!__________________________________!    

                         !Орташа !қамтама.! Жалпы !  о.і.   !     

                         !көпжыл.!сыз ету.!көлемі !минерал. !

                         !дық    !дің 95% !       !данған 1 !

                         !ағын   !        !       !г/л дейін!

____________________________________________________________!

1   Арал-Сырдария         4,75     3,68    0,55     0,45 

2   Балқаш-Алакөл         3,42     1,79    2,40     2,08

3   Ертіс                 6,80     3,70    1,37     0,83

4   Есіл                  0,75     0,05    0,14     0,11

5   Нұра-Сарысу           0,55     0,00    0,60     0,50

6   Тобол-Торғай          0,71     0,00    0,69     0,58

7   Жайық-Каспий          1,07     0,15    0,39     0,30

8   Шу-Талас              3,90     2,24    1,67     1,39


     Барлығы               3,07     1,71    1,10     0,85

_____________________________________________________________


                                                          4-кесте


             Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету

            жөніндегі іс-шаралардың негізгі көрсеткіштері

___________________________________________________________________________

N !    Облыстар     !Іс-шаралар !    Негізгі іс-шаралардың құрамы     

   !                 !қамтыған   !       (кенттердің саны)  

   !                 !кенттердегі!_________________________________________

   !                 !тұтын. саны! Су құбырларын   ! Ашық су   !Су құбыр.

   !                 !мың адам   !     салу, км    ! құбырлары !ларын   

   !                 !           !_________________!           !қайта

   !                 !           !  Жаңа  ! Қайта  !           !жаңарту

   !                 !           !        !жаңарту !           !

___________________________________________________________________________

                         358

1   Ақмола             -----       226      752         18        64

                        373,5

                         290

2   Ақтөбе             -----        92      278         27       111

                        272,2

                         464

3   Алматы             -----        86      440         31        90

                        619,6

                          81  

4   Атырау             -----       230      100         37        15

                        138,32


5   Шығыс               164

     Қазақстан          -----        -       196          -       164

                        236,56

6   Жамбыл              250

                        -----       103      290         19        14

                        380,2

                         214      

7   Батыс              -----      128,6     275         21        70

     Қазақстан          219,78

                         275      

8   Қарағанды          -----      109,1   199,4         26        29

                        126,35

                         499

9   Қостанай           -----      494,5     443        184        91

                        389,24

                         202

10   Қызылорда          -----     1354,3      45         60        30

                        277,1

                          32                                        

11   Маңғыстау          -----        38       48          6        16

                        39,12      

                         336

12   Павлодар           -----       303      186         30       147

                        278,9

                         345

13   Солтүстік          -----       139      470         61        -

     Қазақстан          256,9

                         126

14   Оңтүстік           -----       468       56          9       117

     Қазақстан          347,64


     Барлығы             3636

                        ------    3771,5    3778,4      529       958

                        3955,41

___________________________________________________________________________


(таблицаның жалғасы):

______________________________________

   !   Негізгі іс-шаралардың құрамы     

   !        (кенттердің саны)  

_______________________________________

N !Су дайын.! Жерасты !  Сумен жабд. !

   !дау стан.! суларын !ортал. көздері!

   !циясы    ! барлау  !              !

   !(тұщы жә.!         !              !

   !не т.б.) !         !              !

______________________________________!

1        -       10         105

2        8        -         140

3        -        -         240

4       37        -          -

5        -        -          -    

6       16        -          94

7       22       38          38

8       40        -         220

9       10        2         209

10       38        -          -

11        1        -          10

12      120      147          -

13       16      145          -

14        -        -          -

Барлығы 308      342        1056



                                                            5-кесте


          Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі

                 іс-шаралардың негізгі көрсеткіштері    

___________________________________________________________________________

N !    Облыстар     !Іс-шаралар !    Негізгі іс-шаралардың құрамы     

   !                 !қамтыған   !                          

   !                 !қала тұтын.!_________________________________________

   !                 !саны мың   !  Алаңнан тыс    ! Суағыз. құрылыстарының

   !                 !адам       ! суағарлар, км   !        саны        

   !                 !           !_________________!_______________________

   !                 !           !  жаңа  ! қайта  !   жаңа    ! қайта  

   !                 !           !        !жаңарту !           ! жаңарту

___________________________________________________________________________

                          3

1   Ақмола             -----        83       51        -           3

                         481

                          5

2   Ақтөбе             -----         -       -         2           -

                        333,7

                          5

3   Алматы             -----         -       23        -           -

                        1439

                          4   

4   Атырау             -----         -       -         -           -

                        200,4


5   Шығыс               14          

     Қазақстан          -----         -       16        2           2

                         800 

6   Жамбыл               3

                        -----         -       -         -           -

                         340

                          1       

7   Батыс              -----         -       -         1           -

     Қазақстан           225 

                          6       

8   Қарағанды          -----         -       -         1           1

                         478  

                          7

9   Қостанай           -----         18      -         -           -

                        372,6

                          4

10   Қызылорда          -----         -       -         2           -

                         228

                          3                                         

11   Маңғыстау          -----         187     -         -           -

                        201,4      

                          1 

12   Павлодар           -----         -       -         1           -

                        300,5

                          1

13   Солтүстік          -----         -       -         -           -

     Қазақстан           204

                          6

14   Оңтүстік           -----        68       -         2           1

     Қазақстан           563 


     ҚР бойынша           63 

     барлығы            ------      356      90         11          7

                         5956 

___________________________________________________________________________


(таблицаның жалғасы):

__________________________________________________

    Негізгі іс-шаралардың құрамы       !         !

_______________________________________!Қаланың  !

N ! Су тазартатын     ! Қалалық       !жерасты  !

   ! құрылыстар. саны  ! желілер, км   !су, бар. !

   !___________________!_______________!лау      !

   !  жаңа   ! қайта   ! жаңа ! қайта  !         !

   !         !жаңарту  !      !жаңарту !         !

_______________________________________!_________!

1      3         1       -      148        -

2      -         1       -      143        -

3      -         -       -      580        -

4      1         2       -       83        -

5      -         -      16      184        -

6      -         2       -      110        -

7      1         -       -      108        -

8      -         -      62       -         -

9      -         -      31      209        -

10      -         1       -      160        -

11      1         -       -       56        -

12      -         -       -      105        -

13      -         -       -       80        -

14      1         -       -      300        2

__________________________________________________

барлығы 7         7      109    2289        2



                                                            6-кесте


          "Ауыз су" бағдарламасының іс-шараларын іске асыруды

       қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздерінің көлемі


                                                     млн. теңге

___________________________________________________________________________

                               ! Барлығы  !  оның ішінде кезеңдер бойынша

                               !          !_______________________________

                               !          !  I кезең     !  II кезең

                               !          !2001-2005 ж.ж.! 2006-2010 ж.ж.

___________________________________________________________________________

Жалпы көлемі,

о.і. көздер бойынша:            118168          51068       68000


республикалық бюджет             44030          21970       22060


жергілікті бюджет                48318          25512       22806


шаруашылық жүргізуші

субъектілердің өз қаражаты       25820           3370       22450

___________________________________________________________________________


     Ескерту: Шығыстар және қаржыландыру көздері тиісті жылға арналған

республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтылауға

жатады.


                                                2001-2010 жылдарға

                                                арналған "Ауыз су"

                                                мемлекеттік бағдарламасына

                                                1-қосымша



     (қағаз мәтіннен қараңыз).


                                                2001-2010 жылдарға

                                                арналған "Ауыз су"

                                                мемлекеттік бағдарламасына

                                                2-қосымша



     (қағаз мәтіннен қараңыз).




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.