Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 және 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 мамыр N 562. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Психиатрия мен наркология саласында ғылыми зерттеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып қайта аталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Орталықтың жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1117  қаулысымен.      
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі