Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.».
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
13-1-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.».
43-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкілеттi органдар;».
3. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау ережесінде:
2-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.».
4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
14-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамаларын;».
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;».
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1743 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;».
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. «Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 798 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 374-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.».
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
13. «Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесінде:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мақта тазалау зауытына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған түскен ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасының түпнұсқасы;».
14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
16. «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға берген сәттен бастап оларды пайдаланудан шығарғанға дейінгі кезеңде осы өнімнің нарықта айналымда болуына жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделген техникалық паспорты болған жағдайда ғана жол беріледі.».
17. «Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 149-құжат):
көрсетілген қаулының тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы»
«Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары».
18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2013 № 991 қаулысымен.
21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2014 № 625 қаулысымен.
22. «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 3-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Құрылыс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап оны кейіннен кәдеге жарату кезеңінің басталуына дейінгі кезеңде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделетін техникалық паспорт болған жағдайда ғана құрылыс объектісі нарыққа айналымға жіберіледі.».
23. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
2-бөлімнің 6.1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес Әділет министрлігі 25-ке жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді (халықты құжаттандыру және тіркеу, азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында).».
24. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 477 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың Үлгі шартында:
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Объектіні уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы заңнамасына сәйкес тіркеген.».