Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шет ел азаматтарының", "шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 688 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес, уақытша келетiн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар
алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде
өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау
Ережесі
Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шетел азаматтарының", "Шет ел азаматтары" деген сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "Шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 688 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің2011.12.27 N 1615 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.
Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына мынадай:
1) тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат берілген күнге белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш баламасына тең немесе одан асатын;
2) өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын ұсынады.
Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.
Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.18. N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Ережеге қосымшаға сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2014 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2014 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
__________________________________
(банк мекемесінің атауы)
__________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, паспорттық деректерін
көрсету)
20__ж. "___" ____________ шығыс № ___________________ хатпен берілген
шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын
құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
Ақпарат сұраған:
_____________________________
_____________________________
(ішкі істер органы басшысының
лауазымы, тегі, аты-жөні) ___________________________
(лауазымды адамның қолы)
_________________________________________________ ішкі істер органына
(шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты,
әкесінің аты)
ақпарат беруге келісемін.
___________________ _____________________
(қолы) (күні)