«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;»;
4-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарға ілеспе құжаттар және қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «тауар-көліктік немесе» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «режимдері» деген сөз «рәсімдері» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 1-қосымшада:
тақырыбындағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағына» деген сөздер «Кеден одағының кеден аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтінде:
«СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе алып тасталсын;
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 2-қосымшада:
мәтінде:
«СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе алып тасталсын;
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 3-қосымшада:
мәтінде:
«СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе алып тасталсын;
2) «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы коса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардық, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесінде:
«ҚР СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
«ҚР СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3307 90 000 0» деген сандар «3307 90 000 1» деген сандармен ауыстырылсын;
«3707 90 110 0» деген сандар «3707 90 300 0» деген сандармен ауыстырылсын;
«3926 90 980 9» деген сандар «3926 90 980 8» деген сандармен ауыстырылсын;
«4014 90 90» деген сандар «4014 90 900 0» деген сандармен ауыстырылсын;
«4016 93 000 9» деген сандар «4016 93 000 8» деген сандармен ауыстырылсын;
«7326 90 980 0» деген сандар «7326 909 80 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«9030 10 900 0» деген сандар «9030 10 000 0» деген сандармен ауыстырылсын;
«"*", "**", "***" сілтемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде айқындалады» деген сөздер «"*", "**", "***" сілтемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағында тауарлар импортын
қосылған құн салығынан босату ережесі
1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі — Кодекс) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің қолданысы кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға (бұдан әрі - тұлға) қолданылады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты Қазақстан Республикасының салық органына осы Ережеде көзделген тиісті құжаттарды берген жағдайда қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Ережеде көзделген құжаттар Кодекстің 276-20-бабында бекітілген мерзімде табыс етіледі.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар табыс етіледі.
4. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 N 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ жарғысының көшірмесі;
2) техникалық көмек ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
оларды орындау үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісім-шарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісім-шарттың) көшірмесі.
Бұл ретте техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық тараптың құзыретті органы Қазақстан Республикасының салық органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты тапсырады. Әкелінетін тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелуге көзделген тауарларға сәйкестендірілуін қамтамасыз ету мақсатында осы жобаларда тауарлар тізбесі бөлек көрсетілген болуы тиіс.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 N 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің ресми пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлардың импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) тауарға ілеспе құжаттар;
2) әкелінетін тауарларды тек жеке қолдану үшін нысаналы пайдалану туралы алушының осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жасалған міндеттемесі.
7. Кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер; сурдотифлотехника және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдар, оның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, субстанция-дәрілер және медициналық (ветеринариялық) техника, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі;
2) қосылған құн салығынан төлеуден босатуды пайдалану үшін сатушы мен сатып алушы арасындағы келісімшартқа Қазақстан Республикасының кеден органдары беретін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарға кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды).
бұл ретте, егер келісімшартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі ескерілсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.
Қосылған құн салығынан төлеуден босатуды пайдалану мақсатында қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына мынадай ақпарат тапсырылады: толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауарларды КО СЭҚ ТН-нің нақты кіші субпозициясына бір мәнді жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері беріледі;
сондай-ақ мынадай шарттарды сақтау қажет:
*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;
**дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру немесе көтерме саудада өткізуге лицензиясының болуы;
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
*** дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты жағдайында кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарға кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындыны қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына Қазақстан Республикасының салық органдарына импортты жүзеге асыратын тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт табыс етіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 N 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.11 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар табыс етіледі.
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шикізат импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
2) осы Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты нысаналы пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
10. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
1) кеден одағына мүше мемлекетпен (немесе кеден одағына мүше мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
2) халықаралық шарт жасалмай халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растамасы;
3) халықаралық шартқа (оны жасасқан жағдайда) сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар;
4) бенефициардың, (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
11. Осы Ереженің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда осындай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиісті.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген Кеден одағында тауарлар
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне
1-қосымша
Салық органның бастығын
_____________________________________________________________________
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
ізгілік көмекті нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен, _________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы №(№) өтінішке сәйкес _______________________________________________
(тауар атауы)
________________________________ ізгілік көмек ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ______ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы ______ / _____ / Күні 20 ___ жылғы «____»
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген Кеден одағында тауарлар
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне
2-қосымша
Салық органның бастығын
_____________________________________________________________________
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
Тауарларды ресми, жеке қолдану үшін ғана нысаналы
пайдалану туралы міндеттеме
Мен, _________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы №(№) өтінішке сәйкес _______________________________________________
(тауар атауы)
________________________________ ресми, жеке қолдану үшін әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы мақсатында сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ______ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы ______ / _____ / Күні 20 ___ жылғы «____»
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген Кеден одағында тауарлар
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне
3-қосымша
Салық органның бастығын
_____________________________________________________________________
Кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде
субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса
алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды,
сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық)
техниканы; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға
арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушы материалдарды,
оның ішінде субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық
бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық)
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық)
техниканы нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен, _________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы №(№) өтінішке сәйкес _______________________________________________
(тауар атауы)
__________________________ кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техника; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар және медициналық (ветеринариялық) техника ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге де мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ______ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы ______ / _____ / Күні 20 ___ жылғы «____»
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген Кеден одағында тауарлар
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне
4-қосымша
Салық органның бастығын
_____________________________________________________________________
Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану туралы міндеттеме
Мен, _________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы №(№) өтінішке сәйкес _______________________________________________
(тауар атауы)
__________________________ ақша белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ______ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Қолы ______ / _____ / Күні 20 ___ жылғы «____»
(Т.А.Ә.)