Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және "Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 25 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:

      5-тармақтың екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;";

      2) "Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 444-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:

      7-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "*дәрілік зат, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуінің болуы және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелуге келісімі;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының болуы;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов