Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 Қаулысы

Жаңартылған

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      1)2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
      2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;»;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауарға ілеспе құжаттар және қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
      7-тармақтың 3) тармақшасындағы «тауар-көліктік немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақта:
      «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта «режимдері» деген сөз «рәсімдері» деген сөзбен ауыстырылсын;
      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 1-қосымшада:
      тақырыбындағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағына» деген сөздер «Кеден одағының кеден аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтінде:
      «СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертпе алып тасталсын;
      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 2-қосымшада:
      мәтінде:
      «СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертпе алып тасталсын;
      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 3-қосымшада:
      мәтінде:
      «СТН-і» деген сөзден кейін «(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «кеден декларациясына (декларацияларына)» деген сөздер «тауарлар декларациясына (декларацияларына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кедендік ресімдеу» деген сөздер «кедендік тазарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертпе алып тасталсын;
      2) «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы коса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардық, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесінде:
      «ҚР СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
      «ҚР СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «3307 90 000 0» деген сандар «3307 90 000 1» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3707 90 110 0» деген сандар «3707 90 300 0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3926 90 980 9» деген сандар «3926 90 980 8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4014 90 90» деген сандар «4014 90 900 0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4016 93 000 9» деген сандар «4016 93 000 8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7326 90 980 0» деген сандар «7326 909 80 9» деген сандармен ауыстырылсын;
      «9030 10 900 0» деген сандар «9030 10 000 0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «"*", "**", "***" сілтемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде айқындалады» деген сөздер «"*", "**", "***" сілтемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен 
бекітілген      

Кеден одағында тауарлар импортын
қосылған құн салығынан босату ережесі

      1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі — Кодекс) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
      Осы Ереженің қолданысы кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға (бұдан әрі - тұлға) қолданылады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты Қазақстан Республикасының салық органына осы Ережеде көзделген тиісті құжаттарды берген жағдайда қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы Ережеде көзделген құжаттар Кодекстің 276-20-бабында бекітілген мерзімде табыс етіледі.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар табыс етіледі.
      4. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
      1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
      2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;
      3) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттемесі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2011.05.20 N 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
      1) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
      тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
      қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;
      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) техникалық көмек ретінде әкелінетін тауарлар үшін:
      оларды орындау үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісім-шарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
      оларды орындау үшін тауарлар жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісім-шарттың) көшірмесі.
      Бұл ретте техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық тараптың құзыретті органы Қазақстан Республикасының салық органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты тапсырады. Әкелінетін тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелуге көзделген тауарларға сәйкестендірілуін қамтамасыз ету мақсатында осы жобаларда тауарлар тізбесі бөлек көрсетілген болуы тиіс.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2011.05.20 N 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 05.06.2013 № 574 қаулыларымен.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің ресми пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлардың импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
      1) тауарға ілеспе құжаттар;
      2) әкелінетін тауарларды тек жеке қолдану үшін нысаналы пайдалану туралы алушының осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жасалған міндеттемесі.
      7. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық)  мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттар табыс етіледі:
      1) фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелері;
      2) қосылған құн салығынан босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарға Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытынды (бұдан әрі-қорытынды);
      бұл ретте, егер келісімшартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі көзделсе, онда Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.
      Қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану мақсатында қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына мынадай ақпарат ұсынылады:
      толық фирмалық атауы, тауарларды КО СЭҚ ТН-нің нақты кіші субпозициясына бір мәнді жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;
      жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа мынадай шарттарды сақтау қажет:
      дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкелу туралы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының көшірмелерін ұсыну.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде импортталған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына Қазақстан Республикасының салық органына:
      1) Қазақстан Республикасында фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелерін;
      2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны;
      3) Тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шартты ұсынады.
      Тауарлар (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушылар) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық техниканы қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару үшін импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттарды:
      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмелерін;
      2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны ұсыну қажет.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1668 (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар табыс етіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шикізат импорты кезінде мынадай құжаттар:
      1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;
      2) осы Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты нысаналы пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі беріледі.
      10. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар:
      1) кеден одағына мүше мемлекетпен (немесе кеден одағына мүше мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);
      2) халықаралық шарт жасалмай халықаралық ұйымның грант беруі жағдайында - оған берілген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растамасы;
      3) халықаралық шартқа (оны жасасқан жағдайда) сілтеменің болуымен тауарға ілеспе құжаттар;
      4) бенефициардың, (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растамасы беріледі.
      11. Осы Ереженің 3456789, және 10-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
      Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларды денсаулық сақтау субьектілері Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияға пайдалануы тиіс.
      Импорттаушы көрсетілген тауарларды қазақстан Республикасындағы медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1668 (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Кеден одағында тауарлар   
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне      
1-қосымша         

Салық органның бастығы
______________________

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына әкелінетін ізгілік көмекті нысаналы
пайдалану туралы міндеттеме

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.

      Мен,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не
               болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес ______________________________________________________________
                               (тауар атауы)
_____________________________________________________________________
______________________________________ ізгілік көмек ретінде әкелдім.
      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен
тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға
міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге
мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн
салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

Қолы __________/____________/                   Күні 20__ жылғы «___»
     (Т.А.Ә.)

Кеден одағында тауарлар   
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне      
2-қосымша         

Салық органның бастығы
______________________

Әкелінетін тауарларды ресми, жеке қолдану үшін ғана нысаналы
пайдалану туралы міндеттеме

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.

      Мен,
_____________________________________________________________________
   (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не
             болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес ______________________________________________________________
                              (тауар атауы)
_____________________________________________________________________
___________________________________ ресми, жеке қолдану үшін әкелдім.
      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы
мақсатында сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге
мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн
салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

Қолы __________/____________/                   Күні 20__ жылғы «___»
      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2010 жылғы 19 тамыздағы  
№ 824 қаулысымен     
бекітілген Кеден одағында тауарлар
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне     
3-қосымша         

                                              Салық органның бастығын
_____________________________________________________________________

Кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде
субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса
алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды,
сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық)
техниканы; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға
арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушы материалдарды,
оның ішінде субстанция-дәрілерді; протездік-ортопедиялық
бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық)
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық)
техниканы нысаналы пайдалану туралы міндеттеме

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1668 (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Кеден одағында тауарлар   
импортын қосылған құн салығынан
босату ережесіне      
4-қосымша         

Салық органның бастығы
______________________

Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану
туралы міндеттеме

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.      

      Мен,
_____________________________________________________________________
(жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері
             не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)
тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) өтінішке
сәйкес ______________________________________________________________
                               (тауар атауы)
_____________________________________________________________________
________________ ақша белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.
      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды олардың нысаналы
мақсатына сәйкес қатаң пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген
тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес ________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды
әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын
өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

Қолы __________/____________/                   Күні 20__ жылғы «___»
      (Т.А.Ә.)