Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығын қараңыз
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Кеден одағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;";

      4-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауарға ілеспе құжаттар және қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;";

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;";

      7-тармақтың 3) тармақшасындағы "тауар-көліктік немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      8-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Кеден одағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік тазарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта "режимдері" деген сөз "рәсімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 1-қосымшада:

      тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының кеден аумағына" деген сөздер "Кеден одағының кеден аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мәтінде:

      "СТН-і" деген сөзден кейін "(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кеден декларациясына (декларацияларына)" деген сөздер "тауарлар декларациясына (декларацияларына)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік тазарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпе алып тасталсын;

      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 2-қосымшада:

      мәтінде:

      "СТН-і" деген сөзден кейін "(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кеден декларациясына (декларацияларына)" деген сөздер "тауарлар декларациясына (декларацияларына)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік тазарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпе алып тасталсын;

      Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесіне 3-қосымшада:

      мәтінде:

      "СТН-і" деген сөзден кейін "(ЖСН/БСН олар бар болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кеден декларациясына (декларацияларына)" деген сөздер "тауарлар декларациясына (декларацияларына)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік тазарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпе алып тасталсын;

      2) "Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы коса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардық, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесінде:

      "ҚР СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "ҚР СЭҚ ТН коды" деген сөздер "КО СЭҚ ТН коды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "3307 90 000 0" деген сандар "3307 90 000 1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "3707 90 110 0" деген сандар "3707 90 300 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "3926 90 980 9" деген сандар "3926 90 980 8" деген сандармен ауыстырылсын;

      "4014 90 90" деген сандар "4014 90 900 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "4016 93 000 9" деген сандар "4016 93 000 8" деген сандармен ауыстырылсын;

      "7326 90 980 0" деген сандар "7326 909 80 9" деген сандармен ауыстырылсын;

      "9030 10 900 0" деген сандар "9030 10 000 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      ""*", "**", "***" сілтемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде айқындалады" деген сөздер ""*", "**", "***" сілтемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын
қосылған құн салығынан босату қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 736 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыcымен.

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың қолданысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға (бұдан әрі – тұлға) қолданылады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттарды ұсынылған кезде қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы Қағидаларда көзделген құжаттар Кодекстің 276-20-бабында белгіленген мерзімде ұсынылады.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      4. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға ғана мақсатты пайдалану туралы алушының міндеттемесі.

      5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерімен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарларды әкелу оларды орындау үшін жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның

      (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      тауарлар оларды орындау үшін жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі.

      Бұл ретте Қазақстан тарапының техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыретті органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына жобаның орындалуы туралы ақпарат береді. Әкелінетін тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелінуі көзделген тауарларға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында осы жобаларда тауарлар тізбесі бөлек көрсетілуі тиіс.

      6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ресми пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлардың импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тауарға ілеспе құжаттар;

      2) әкелінетін тауарларды тек жеке қолдану үшін нысаналы пайдалану туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша алушының міндеттемесі.

      7. Мынадай:

      Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелген;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақта көрсетілген тауарлардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.

      8. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, мүгедектерге арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.

      9. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) денсаулық сақтау саласындағы қызмет үшін – фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның және (немесе) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудада өткізуге берілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талонның (бұдан әрі – хабарламаның қабылданғаны туралы талон) көшірмелері;

      ветеринария саласындағы қызмет үшін – ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне арналған лицензияның немесе ветеринария саласындағы қызметті растайтын құжаттың** (бұдан әрі – құжат**) көшірмесі;

      ескертпе**: лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызметтің түрлері үшін – заңды тұлғаның жарғысы немесе жануарлар өсіруді, жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісіне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру туралы растама немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты кіші тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

      жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа мынадай шарттарды сақтау қажет:

      денсаулық сақтау саласында (мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушыларды әкелуді қоспағанда): "Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі" электрондық дерекқорында Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника туралы мәліметтердің болуы немесе дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника үшін – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік орган беретін Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні немесе "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы

      18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3 және

      4-тармақтарында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік органның Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) ұсыну;

      ветеринария саласында:

      ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар импортталған жағдайда – ветеринариялық препараттың Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынағын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларды қоспағанда).

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналар ұсынылады:

      1) денсаулық сақтау саласында – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) хабарламаның қабылданғаны туралы талонның көшірмесі, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның және медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған электрондық құжат түріндегі талон көшірмесі;

      ветеринария саласындағы қызмет үшін – ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне лицензияның немесе құжаттың**көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

      3) тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт.

      Кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған тауарларды материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушыларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналарды ұсыну қажет:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады).

      Мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импорттаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналарды ұсыну қажет:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талон немесе заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады).

      10. Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шикізат импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты нысаналы пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі.

      12. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетпен (немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);

      2) халықаралық ұйым грантты халықаралық шарт жасалмай берген жағдайда – өзі берген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растамасы;

      3) халықаралық шартқа (оны жасасқан жағдайда) сілтемесі бар тауарға ілеспе құжаттар;

      4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауарлар туралы растамасы.

      13. Осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

      Осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларды:

      денсаулық сақтау саласында:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген фармацевтикалық немесе медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға және (немесе) хабарламаның қабылданғаны туралы талонға, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның көшірмесіне немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған электрондық құжат нысанындағы талонға сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субьектілері;

      ветеринария саласында:

      ветеринариялық қызметті жүзеге асыруға (тек ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін) арналған лицензияларға немесе құжатқа** сәйкес Қазақстан Республикасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар пайдалануы тиіс.

      Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы тиісті фармацевтикалық, медициналық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
1-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ізгілік көмекті нысаналы пайдалану туралы міндеттеме

      Мен,___________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не

      болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) __________

      өтінішке сәйкес _____________________________________________________

      (тауар атауы)

      _________________________________________________________________________________________________________ ізгілік көмек ретінде әкелдім.

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" ___________

      Т.А.Ә.

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
2-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Әкелінетін тауарларды ресми, жеке қолдану үшін ғана нысаналы пайдалану туралы алушының міндеттемесі

      Мен,___________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не

      болмаса

      Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) _____ өтінішке сәйкес _____________________________________________________

      (тауар атауы)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________ ресми, жеке қолдану үшін әкелдім. Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатында сәйкес пайдалануға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге

      мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн

      салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      _____________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" _____________

      Т.А.Ә. (қолы)

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
3-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану
туралы міндеттеме

      Мен,________________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) ______ өтінішке сәйкес ________________________________________________

      (тауар атауы)

      ____________________________________________________________________

      ________________ ақша белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" ___________

      Т.А.Ә.