РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармағының 3) тармақшасын, 2, 3, 4 және 7-тармақтарын қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті құрылсын.
3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта аталсын.
5. Қоса беріліп отырған: |
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім және реттік нөмірі 222-40-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлім және реттік нөмірлері 224-6, 224-23, 224-24-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-3-жолмен толықтырылсын:
«278-3. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 278-4, 278-5 және 278-6-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне
278-4 «Баспалар үйі» АҚ
278-5 «Жалын» журналы» ЖШС
278-6 «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС.
4. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
тақырыбындағы «және ақпарат» сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 5, 6, 7-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 56, 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне
56. «Баспалар үйі» АҚ 100 %
57. «Жалын» журналы» ЖШС 100 %
58. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 100 %.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім және реттік нөмірі 10-1-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-2-жолмен толықтырылсын:
«11-2. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.27 N 982 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 25-жолдағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 28, 30, 34-жолдардың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 74-жолдың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1620 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары —
мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық
органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 N 1169 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Атырау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпарат инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
8 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
10. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қостанай облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат мннистрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
11. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
12. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Павлодар облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
13. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
14. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағын және 8-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 549-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 195-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 424-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1383 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 379-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 152-құжат).