2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.07.2012 N 685 қаулысымен.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистің техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офисті ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысымен    
бекітілген        

2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру
картасы

      Ескерту. Карта жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 № 295 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.07.2012 N 685 қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган және ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/жобаның мәртебесі

2013 жылға инвестицияларды игеру жоспары, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайта отырып, «Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Темiртау» АҚ

2010 – 2018 жылдар

29 700

2.

Ақтөбе қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 4 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2009 – 2013 жылдар

20 727

3.

Қуаты жылына 75 мың тонна Қарағанды кешенді құйма зауытының 1-кезегін салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Қарағанды кешенді құйма зауыты» ЖШС

2012 – 2015 жылдар

21 910

4.

Металданған өнiм өндiру зауытын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi» АҚ

2011 – 2015 жылдар

17 820

5.

Бозшакөл КБК салу

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС

2010 – 2014 жылдар

102 510

6.

Ақтоғай КБК салу

ИЖТМ

ШҚО

«Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» ЖШС

2011 – 2014 жылдар

73 601

7.

Қуатын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға дейін жеткiзе отырып, ферроқорытпа өндiрiсiн және оның шикiзат базасын әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2011 – 2016 жылдар

7 442

8.

Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илек станын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

2010 – 2013 жылдар

450

9.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИЖТМ

ШҚО

«Азия Авто» АҚ

2010 – 2015 жылдар

35 050

10.

Қазақстан Республикасында жүк вагондарын шығаратын қуаттар құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС

2009 – 2011 жылдар

-

11.

Электровоздар жасауды ұйымдастыру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Астана қаласы

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2010 – 2012 жылдар

1 327

12.

КАZ РV қазақстандық кремнийі негiзiнде фотоэлектрлiк модульдер өндiрiсiн құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы, ШҚО және Астана қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

2011 – 2012 жылдар

15 110

13.

Минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС

2011 – 2018 жылдар

12 348

14.

Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін жаңғырту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«ҚазАзот» ЖШС

2011 – 2012 жылдар

-

15.

Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақмола облысы

«Қазатомөнөркәсiп-КҚЗ» БК» ЖШС

2010 – 2013 жылдар

2 611

16.

№ 3 ст. энергия блогын орнатып, Екiбастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2015 жылдар

48 304,1

17.

Екiбастұз МАЭС-1 кеңейту және реконструкциялау

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Екiбастұз МАЭС-1» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

26 601,7

18.

Балқаш ЖЭС-iн салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2018 жылдар

14 416,1

19.

Шардара ГЭС-iн жаңғырту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

ОҚО

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2016 жылдар

606,4

20.

Қазақстанның ұлттық электр желiсiн жаңғырту, II-кезең

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2010 – 2016 жылдар

16 759,2

21.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ

2005 – 2018 жылдар

8 300

22.

Қарағанды облысындағы Индустриялық парктiң инфрақұрылымын салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» ӘКК

2007 – 2013 жылдар

3 155,2

23.

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалдық кешенiн салу

ИЖТМ

Астана қаласы

«Aldar Properties PJSC» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

-

24.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристiк ойын-сауық кешенiн салу

ИЖТМ

Ақмола облысы

«Tourism Borovoe City» ЖШС

2009 – 2021 жылдар

1 800

25.

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның өндiрiстік қуатын кеңейту

ИЖТМ

ОҚО

«Химфарм» АҚ

2009 – 2013 жылдар

4 780

26.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

172 706

27.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2011 – 2015 жылдар

144 596

28.

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Маңғыстау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2013 жылдар

15 352

29.

Атырау МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2009 – 2015 жылдар

135 064

30.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн реконструкциялау

ККМ

Өңiраралық жоба

ККМ

2007 – 2015 жылдар

174 226

31.

FTTH (Fiber to the Home) желiлерiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақтелеком» АҚ

2010 – 2014 жылдар

16 282,9

32.

«Жезқазған – Бейнеу» жаңа темiржол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2012 – 2016 жылдар

106 952

33.

«Арқалық – Шұбаркөл» жаңа темiржол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2012 – 2015 жылдар

45 751

34.

Алматы облысында Алматы қаласының 4 серіктес қаласын салу (1-кезең)

ӨДМ

Алматы облысы

«G4 Сitу» ЖШС

2008 – 2031 жылдар

5 375,6
(шартты қаржыландырылатын)

35.

«KazSat» жерсеріктік байланыс және хабар тарату жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 жылдар

2 859,5
(«KazSat-3»)

36.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2008 – 2015 жылдар

7 000

37.

Қазақстан Республикасының Жердi қашықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 жылдар

11 298,5

38.

Аффинаж зауытын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Астана қаласы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

2012 – 2013 жылдар

5 000

38-1.

Каустикалық сода, үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

2013 – 2015 ж.ж.

2 550

38-2.

Көмір химиясы өнімдерін өндіретін зауыт және көмір шығаратын разрез құрылысы

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімі

Қарағанды облысы

«АРБАТ» БК» ЖШС

2013 – 2019 ж.ж.

300

38-3.

Nomad модельіндегі Ssang Yong маркалы автомобилдерін CKD әдісімен (ұсақ тораптық) жинақтау өндірісін құру

ИЖТМ, Қостанай облысының әкімі

Қостанай облысы

«Сарыарқа АвтоПром» ЖШС

2012 – 2014 ж.ж.

1 640,4

38-4.

Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Қызылорда облысы

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС

2013 – 2015 ж.ж.

1 063

38-5.

Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісінің құрылысы

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2011 – 2017 ж.ж.

282,73

39.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ҰҒА

Қызылорда облысы

ҰҒА

Перспективалық

-

40.

«Кендiрлi» курорттық демалыс аймағын дамыту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

Перспективалық

-

41.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы/БҚО

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

42.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

43.

Кальцийленген сода өндірісі

ИЖТМ, Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

Компания «Енким»

Перспективалық

-

44.

Алматы қаласындағы әлемдік деңгейдегі тау-шаңғы курорты

ИЖТМ, Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы


Перспективалық

-

45.

Торғай ЖЭС-ін салу

ИЖТМ

Қостанай облысы


Перспективалық

-

46.

Ақтау қаласында бу-газ құрылғысын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақтау қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

Перспективалық

-

47.

Қарағанды ЖЭО-4

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы


Перспективалық

-

48.

Хромтау қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 5 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

Перспективалық

-

49.

Тобыл кенті-Көкшетау қаласы-Астана қаласы төсем маршруты бойынша «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральдық газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Өңіраралық

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

50.

БҚО-да Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

БҚО

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

51.

Маңғыстау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Маңғыстау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

52.

Атырау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

53.

Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

ОҚО

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

54.

Павлодар мұнай-химия зауытын реконструкциялау және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

55. - 57.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.07.2012 N 685 қаулысымен.

58.

Ерейментау қаласы ауданында перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, қуаты 50 МВт ЖелЭС-ін салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақмола облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

Перспективалық

-

59.

Перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт ЖелЭС-ін салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

Перспективалық

-

60.

Рельсті арқалық зауыты

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Ақтөбе облысы

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне орай нақтыланатын болады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ                      - Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және жаңа технологиялар министрлiгi
      ККМ                       - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                  коммуникация министрлiгi
      МГМ                       - Қазақстан Республикасы Мұнай және
                                  газ министрлiгi
      ӨДМ                       - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
                                  министрлігі
      ҰҒА                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                  агенттiгi
      «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ      - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
                                  акционерлiк қоғамы
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
                                  қоры» акционерлiк қоғамы
      ШҚО                       - Шығыс Қазақстан облысы
      ОҚО                       - Оңтүстiк Қазақстан облысы
      ӘКК                       - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
      МӨЗ                       - мұнай өңдеу зауыты
      КҚЗ                       - күкiрт қышқылы зауыты
      ЖЭС                       - жылу электр станциясы
      КБК                       - кен байыту комбинаты
      ҒЗК                       - ғарыш зымыран кешенi
      ГЭС                       - су электр станциясы
      МАЭС                      - мемлекеттiк аудандық электр
                                  станциясы
      ЖЭО                       - жылу электр орталығы
      ҰЭЖ                       - ұлттық электр жүйесi
      АҚ                        - акционерлiк қоғам
      БК                        - бiрлескен кәсiпорын
      ЖШС                       - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
      «Қазақстан темiр жолы»    - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
      ҰК» АҚ                      компаниясы» акционерлiк қоғамы
      «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК»   - «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
      АҚ                          компаниясы» акционерлiк қоғамы»
      «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы
      БҚО                       - Батыс Қазақстан облысы
      ЖелЭС                     - жел электр станциясы

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
      «Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту» деген 3-бөлімде:
      12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      31-тармақ алып тасталсын;
      Ереженің 8-қосымшасының соңғы абзацындағы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      Ереженің 9-қосымшасының соңғы абзацтың алдындағы және соңғы абзацтары алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      1-бөлімнің 3-кіші бөлімінің алтыншы абзацындағы екінші сөйлемі алып тасталсын;
      «Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілерінде»:
      «Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші және отыз екінші абзацтары алып тасталсын;
      «Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің сегізінші абзацы алып тасталсын;
      «Бесінші басымдық. Тиімді бизнесте»:
      «Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
      «Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімнің бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      «Кіріспе» деген бөлімнің екінші абзацындағы «, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1599 Қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімнің оныншы абзацындағы «, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын.
      7. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарында (Жол картасы):
      «Агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.
      8. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;
      «Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы.
      2. «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 88-ө өкімі.
      3. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 121-ө өкімі.
      4. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 224-ө өкімі.
      5. «Шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 244-ө өкімі.