"Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1206 Қаулысы

     БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

       Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;»;
      245 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – жобалық офис) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрлiктерiне ұсынсын.»;
      «4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистің техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офисті ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1206 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 14 сәуiрдегi
№ 303 қаулысымен   
бекiтiлген      

2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы

Р/с №

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган немесе ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/Жобаның мәртебесі

2012 жылға инвестицияларды игеру жоспары, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайта отырып, «Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Темiртау» АҚ

2010 – 2015 жылдар

7 677

2.

Ақтөбе қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 4 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2009 – 2013 жылдар

33 890

3.

Хромтау қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 5 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2012 – 2019 жылдар

375

4.

Металданған өнiм өндiру зауытын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi» АҚ

2011 – 2014 жылдар

2 533

5.

Бозшакөл КБК салу

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС

2010 – 2014 жылдар

83 298

6.

Ақтоғай КБК салу

ИЖТМ

ШҚО

«Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» ЖШС

2011 – 2014 жылдар

2 890

7.

Ферроқорытпа өндiрiсiн және оның шикiзаттық базасын, қуатын жылына 300 мың тоннаға дейін ферроқорытпаға жеткiзе отырып, әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2011 – 2014 жылдар

0

8.

Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илек станын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

2010 - 2013 жылдар

2 277

9.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИЖТМ

ШҚО

«Азия Авто» АҚ

2010 – 2015 жылдар

13 552

10.

Қазақстан Республикасында жүк вагондарын шығаратын қуаттар құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС

2009 – 2011 жылдар

0

11.

Электровоздар жасауды ұйымдастыру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Астана қаласы

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2011 – 2012 жылдар

8 069

12.

КАZ РV қазақстандық кремний негiзiнде фотоэлектрлiк модульдер өндiрiсiн құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы, ШҚО және Астана қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

2010 – 2014 жылдар

12 396

13.

Минералдық тынайтқыштар шығаратын зауыт салу

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС

2012 – 2017 жылдар

1 055

14.

Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін жаңғырту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«ҚазАзот» ЖШС

2011 – 2012 жылдар

3 596

15.

Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

«Қазатомөнөркәсiп-КҚЗ» БК» ЖШС

2010 – 2012 жылдар

5 351

16.

№ 3 ст. энергия блогын орнатып, Екiбастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2009 – 2013 жылдар

11 687

17.

Екiбастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Екiбастұз МАЭС-1» ЖШС

2010 – 2014 жылдар

13 732

18.

Балқаш ЖЭС-iн салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2015 жылдар

5 173

19.

Шардара ГЭС-iн жаңғырту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ОҚО

«Самұрық-Энерго» АҚ

2011 – 2015 жылдар

429

20.

Қазақстанның ұлттық электр желiсiн жаңғырту, II-кезең

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2009 – 2016 жылдар

9 300

21.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ

2005 – 2018 жылдар

11 194

22.

Қарағанды облысындағы Индустриялық парктiң инфрақұрылымын салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» ӘКК

2007 – 2012 жылдар

5 079

23.

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалдық кешенiн салу

ИЖТМ

Астана қаласы

«Aldar Properties PJSC» ЖШС

2010 – 2014 жылдар


24.

«Кендiрлi» курорттық демалыс аймағын дамыту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

2010 – 2015 жылдар

300

25.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристiк ойын-сауық кешенiн салу

ИЖТМ

Ақмола облысы

«Tourism Borovoe City» ЖШС

2009 – 2021 жылдар

9 700

26.

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның өндiрiстік қуатын кеңейту

ИЖТМ

ОҚО

«Химфарм» АҚ

2009 – 2013 жылдар

3 791

27.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

48 672

28.

«Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2011 – 2015 жылдар

239 549

29.

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2012 жылдар

39 078

30.

Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2009 – 2014 жылдар

134 842

31.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн қайта жаңарту

ККМ

Өңiраралық жоба

ККМ

2007 – 2015 жылдар

176 715

32.

FTTH (Fiber to the Home) желiлерiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақтелеком» АҚ

2010 – 2014 жылдар

15 027

33.

«Жезқазған-Бейнеу» жаңа темiр жол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2009 – 2012 жылдар

16 804

34.

«Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темiр жол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2009 – 2012 жылдар

2 893

35.

Алматы облысында Алматы қаласының 4 серіктес қаласын салу (1-кезең)

ҚТКШІА

Алматы облысы

«G4 Сitу» ЖШС

2008 – 2031 жылдар

4 065

36.

«KazSat» спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2013 жылдар

10 500

37.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ҰҒА

Қызылорда облысы

ҰҒА

2005 – 2017 жылдар

0

38.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2008 – 2013 жылдар

11 034

39.

Қазақстан Республикасының Жердi қашықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 жылдар

10 143

40.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы/БҚО

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

41.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

42.

Кальциленген сода өндірісі

ИЖТМ, Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

Компания «Енким»

Перспективалық

-

43.

Алматы қаласындағы әлемдік деңгейдегі тау-шаңғы курорты

ИЖТМ, Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы


Перспективалық

-

44.

Торғай ЖЭС салу

ИЖТМ

Қостанай облысы


Перспективалық

-

45.

Ақтау қаласында бу-газ құрылғысын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақтау қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

Перспективалық

-

46.

Қарағанды ЖЭО-4

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы


Перспективалық

-

47.

Қарағанды кешенді құйма зауытын салу, жылына 250 000 тонна

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«ҚР МШКӨ ҰО» РМК

Перспективалық

-

48.

Петропавл және Қарағанды қалаларына бұра отырып «Қарталы-Тобыл-Астана» магистралдық газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңіраралық

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

49.

БҚО-да Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

БҚО

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

50.

Маңғыстау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

51.

Атырау облысында полимерлі өнім өндірісі

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

52.

Аффинаж зауытын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Астана қаласы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

Перспективалық

-

53.

Шымкент МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ОҚО

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

54.

Павлодар мұнай-химия зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

55.

Үшхлорлы фосфор өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

56.

Глифосат (гербицид) өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

57.

Каустикалық сода және хлор өндірісі

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

58.

Ерейментау қаласы ауданында перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, қуаты 50 МВт ЖелЭС салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

АҚ «Самырұқ Энерго»

Перспективалық

-

59.

Перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, қуаты 60 МВт «Шелек-1» ЖелЭС салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

АҚ «Самырұқ Энерго»

Перспективалық

-

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне орай нақтыланатын болады.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ                            - Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және жаңа технологиялар министрлiгi
ККМ                             - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                  коммуникация министрлiгi
МГМ                             - Қазақстан Республикасы Мұнай және
                                  газ министрлiгi
ҚТКШІА                          - Қазақстан Республикасының Құрылыс
                                  және тұрғын үй-коммуналдық
                                  шаруашылық істері агенттігі
ҰҒА                             - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                  агенттiгi
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ            - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
                                  акционерлiк қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ        - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
                                  қоры» акционерлiк қоғамы
ШҚО                             - Шығыс Қазақстан облысы
ОҚО                             - Оңтүстiк Қазақстан облысы
ӘКК                             - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
МӨЗ                             - мұнай өңдеу зауыты
КҚЗ                             - күкiрт қышқылы зауыты
ЖЭС                             - жылу электр станциясы
КБК                             - кен байыту комбинаты
ҒЗК                             - ғарыш зымыран кешенi
ГЭС                             - су электр станциясы
МАЭС                            - мемлекеттiк аудандық электр
                                  станциясы
ЖЭО                             - жылу электр орталығы
ҰЭЖ                             - ұлттық электр жүйесi
АҚ                              - акционерлiк қоғам
БК                              - бiрлескен кәсiпорын
ЖШС                             - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ   - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ      - «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы»;
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК»          - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы
БҚО                             - Батыс Қазақстан облысы
«ҚР МШКӨ ҰО» РМК                - «Қазақстан Республикасы минералды
                                  шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық
                                  орталығы» республикалық мемлекеттік
                                  кәсіпорын
ЖелЭС                           - жел электр станциясы