Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы 121-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті мекеменің мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Мекеме қызметінің негізгі мәні мемлекеттік және тарихи сана-сезімді қалыптастыру үдерісін ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету, Қазақстан мемлекетінің қазіргі тарихын құру және теориялық негіздеу болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мекемені құруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 15000000 (он бес миллион) теңге бөлсін.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлім мынадай-мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
      "18-1. Мемлекет тарихы институты";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген реттік нөмірі 12-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекет тарихы институты                   50".
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов