Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2040 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің      
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының атом саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) атом энергетикасы, өнеркәсібі және ғылым саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
      Қазақстан Республикасының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған атом саласын дамытудың тұжырымдамалық және негізгі бағыттары;
      атом саласының басым бағыттарын дамыту, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
      атом саласының ұйымдары мен кәсіпорындарын басқару процесін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсынымдар әзірлеу;
      2) атом энергиясын пайдаланатын объектілердің ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
      3) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау болып табылады.

3. Комиссияның негізгі құқықтары

      5. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
      1) өз отырыстарында Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
      2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрауға;
      3) атом саласының жобаларын іске асырудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне жауап беретін басым жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерін тартуға;
      4) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшы және жұмыс топтарын ұйымдастыруға.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы:
      1) оның қызметін басқарады;
      2) күн тәртібін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орын мен уақытты белгілейді;
      3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне хабарланады.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.04 № 1021 Қаулысымен.
      9. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып есептеледі.
      11. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелері ерекше пікір құқығына ие, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға тіркелеуі тиіс.
      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.08.2013 N 885 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 N 130 қаулысымен.

Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы              Министрінің орынбасары – Қазақстан
                             Республикасының Индустрия және жаңа
                             технологиялар министрі, төраға

Жақсалиев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы     жаңа технологиялар вице-министрі,
                             төрағаның орынбасары

Бондаренко                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Татьяна Петровна             жаңа технологиялар министрлігінің Атом
                             энергиясы комитеті Атом өнеркәсібі
                             басқармасының басшысы, хатшы

Әбіш                       - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Самат Сатыбалдыұлы           қауіпсіздік комитеті төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Омаров                     - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы
Руслан Ысқақұлы              барлау қызметі директорының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Сейітғаппаров              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қанат Серікұлы               1-ші департаментінің бастығы (келісім
                             бойынша)

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы            министрлігінің жауапты хатшысы

Волков                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алексей Юрьевич              министрінің орынбасары

Байжүнісов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                 сақтау вице-министрі

Бектұров                   - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы               коммуникация вице-министрі

Дәленов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы            вице-министрі

Әбсаттаров                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Қайрат Бектайұлы             халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Балықбаев                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Такир Оспанұлы               ғылым вице-министрі

Петров                     - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович           жағдайлар вице-министрі

Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы                вице-министрі

Тұрғымбаев                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы            вице-министрі

Мұхамеджанов               - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Бектас Ғафурұлы              және су ресурстары вице-министрі

Баймұқанов                 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Тимур Сұлтанбекұлы           қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Бектеміров                 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қуаныш Әбдіғалиұлы           акционерлік қоғамының
                             тау-кен-металлургия активтерін басқару
                             жөніндегі директоры (келісім бойынша)

Школьник                   - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом
Владимир Сергеевич           компаниясы» акционерлік қоғамының
                             басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Батырбеков                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Эрлан Ғадлетұлы              жаңа технологиялар министрлігінің Атом
                             энергиясы комитеті «Қазақстан
                             Республикасының Ұлттық ядролық орталығы»
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             бас директоры

Бөртебаев                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Насыролла Тоқанұлы           жаңа технологиялар министрлігінің Атом
                             энергиясы комитеті «Ядролық физика
                             институты» республикалық мемлекеттік
                             кәсіпорны бас директорының орынбасары