Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2040 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің     
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының атом саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) атом энергетикасы, өнеркәсібі және ғылым саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
      Қазақстан Республикасының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған атом саласын дамытудың тұжырымдамалық және негізгі бағыттары;
      атом саласының басым бағыттарын дамыту, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
      атом саласының ұйымдары мен кәсіпорындарын басқару процесін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсынымдар әзірлеу;
      2) атом энергиясын пайдаланатын объектілердің ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
      3) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау болып табылады.

3. Комиссияның негізгі құқықтары

      5. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
      1) өз отырыстарында Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
      2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрауға;
      3) атом саласының жобаларын іске асырудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне жауап беретін басым жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерін тартуға;
      4) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшы және жұмыс топтарын ұйымдастыруға.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы:
      1) оның қызметін басқарады;
      2) күн тәртібін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орын мен уақытты белгілейді;
      3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне хабарланады.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктеледі.
      9. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып есептеледі.
      11. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелері ерекше пікір құқығына ие, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға тіркелеуі тиіс.
      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы

Шөкеев                      - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы           және минералдық ресурстар министрі,
                              төрағаның орынбасары

Мағауов                     - Қазақстан Республикасының Энергетика
Әсет Маратұлы                 және минералдық ресурстар
                              вице-министрі, хатшы

Бектұров                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы                және коммуникация вице-министрі

Бекетаев                    - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы             вице-министрі

Вощенкова                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Тамара Анатольевна            сақтау вице-министрі

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы             вице-министрі

Жақыпов                     - Қазақстан Республикасы Білім және
Айдар Бексұлтанұлы            ғылым вице-министрі

Кулинич                     - Қазақстан Республикасының Ішкі
Александр Васильевич          істер вице-министрі

Омаров                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы               министрінің орынбасары

Петров                      - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович            жағдайлар вице-министрі

Раев                        - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрбек Тұрарбекұлы            және сауда вице-министрі

Тұрмағамбетов               - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәжит Әбдіқалықұлы            ортаны қорғау вице-министрі

Сақышев                     - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Рахатұлы                Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                              мониторинг бөлімі өнеркәсіп және
                              ауыл шаруашылық секторының меңгерушісі

Білісбеков                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғали Дәулетбекұлы          қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Сартаев                     - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Исатай Бақтиярұлы             сыртқы барлау қызметі директорының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Байбеков                    - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы         бюджеттік жоспарлау министрлігі
                              Экономика салаларын дамыту
                              департаментінің директоры

Байжанов                    - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Ұлан Сапарұлы                 акционерлік қоғамының басқарушы
                              директоры (келісім бойынша)

Школьник                    - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом
Владимир Сергеевич            компаниясы" акционерлік қоғамының
                              президенті (келісім бойынша)

Қадыржанов                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қайрат Камалұлы               минералдық ресурстар министрлігі
                              "Қазақстан Республикасының Ұлттық
                              ядролық орталығы" республикалық
                              мемлекеттік кәсіпорнының бас
                              директоры (келісім бойынша)