Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының атом саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) атом энергетикасы, өнеркәсібі және ғылым саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Қазақстан Республикасының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған атом саласын дамытудың тұжырымдамалық және негізгі бағыттары;
атом саласының басым бағыттарын дамыту, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
атом саласының ұйымдары мен кәсіпорындарын басқару процесін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсынымдар әзірлеу;
2) атом энергиясын пайдаланатын объектілердің ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
3) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау болып табылады.
3. Комиссияның негізгі құқықтары
5. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
1) өз отырыстарында Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрауға;
3) атом саласының жобаларын іске асырудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне жауап беретін басым жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерін тартуға;
4) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшы және жұмыс топтарын ұйымдастыруға.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия төрағасы:
1) оның қызметін басқарады;
2) күн тәртібін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орын мен уақытты белгілейді;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
7. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне хабарланады.
8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.04 № 1021 Қаулысымен.
9. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып есептеледі.
11. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелері ерекше пікір құқығына ие, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға тіркелеуі тиіс.
Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.16 № 337 Қаулысымен.
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы бірінші орынбасары, төраға
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі,
төрағаның орынбасары
Шәріпов - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Мәжит Бейсембайұлы технологиялар министрлігі Атом энергетикасы
және өнеркәсібі департаментінің директоры,
хатшы
Мизанбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Өсер Елеусізұлы комитеті төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Сартаев - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы
Исатай Бақтиярұлы барлау қызметі директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Кравченко - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Андрей Николаевич орынбасары (келісім бойынша)
Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Омаров - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы министрінің орынбасары
Байжүнісов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Жақсалиев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы жаңа технологиялар вице-министрі
Ескендіров - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Абай Мұқашұлы және сауда вице-министрі
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мирлан Бегежанұлы қорғау вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Орынханов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Мұрат Қадесұлы вице-министрі
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Валерий Викторович вице-министрі
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы вице-министрі
Тыныбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қайрат Сағатханұлы министрінің орынбасары
Әлімқұлов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы қорғау агенттігі төрағасының орынбасары
Әбішев - «Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Жандос Жантөреұлы акционерлік қоғамының тау-кен-металлургия
активтерін басқару жөніндегі директоры
(келісім бойынша)
Школьник - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы»
Владимир Сергеевич акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша)
Қадыржанов - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Қайрат Камалұлы технологиялар министрлігі «Қазақстан
Республикасының Ұлттық ядролық орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас
директоры