"Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 130 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2017 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Әбіш - Қазақстан Республикасының Ұлттық

      Самат Сатыбалдыұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының

       орынбасары (келісім бойынша);

      Әбсаттаров - Қазақстан Республикасының Еңбек және

      Қайрат Бектайұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Балықбаев - Қазақстан Республикасының Білім және

      Такир Оспанұлы ғылым вице-министрі;

       мына:

      "Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған

      Бектас Ғафурұлы ортаны қорғау вице-министрі" деген жол

       мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта

      Бектас Ғафурұлы және су ресурстары вице-министрі";

      көрсетілген құрамнан Ғұсман Кәрімұлы Әмірин, Ерғали Қуандықұлы Егемберді, Мұрат Қадесұлы Орынханов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов