Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1101 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 20 шілдедегі
N 1101 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 66-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "66-2. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі".
      2. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы  N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (Бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде:
      реттік нөмірі 20-жолдың 2 және 6-бағандарында "ҚазАгро" Ұлттық холдинг" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысында :
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      тақырыбындағы және "Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы" деген жолдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірлері 31, 39, 223, 258, 261, 262, 264, 265, 269, 301, 303-жолдардағы 2 және 3-бағандарда "ҚазАгро" ҰХ" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы".
      5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" деген 1-бөлімде:
      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған басымдықтары" деген 3-тарауда:
      "4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру" деген 3.4-бөлімде:
      "3-шара. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген 3.4.3-кіші бөлімде:
      оныншы абзацтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде:
      реттік нөмірі 18-жолдың 2-бағанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 355-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында:
      бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз елу тоғызыншы абзацтардағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 932 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарында:
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9. "Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешені туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 959 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешенінде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. "Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1334 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. "Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348 қаулысында :
      3-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 29, 291-құжат):
      3-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      15. "2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанында "ҚазАгро" ҰХ" АҚ" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Жоспардың мақсаты мен бағыты" деген бөлімде:
      он жетінші абзацта "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде:
      4-тармақтағы "ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг қатысатын акционерлік қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      17. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1106 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенінде:
      бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "ҚазАгро" ҰХ" деген сөздер тиісінше "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" Акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы".
      18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 N 1002 Қаулысымен.
      19. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  N 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 13-жолдың 2-бағанында "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
      4-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "III. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 17-жолда "Мемлекеттің қатысуы бар ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың" деген сөздер "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг қатысатын акционерлік қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      21. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 90 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарында:
      "3. Іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері" деген тарауда:
      "3.2. Эмитенттер базасын кеңейту және қаржы құралдарының түрін көбейту" деген бөлімде:
      "Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялар мен ұлттық компаниялардың иелігіндегі компаниялардың республиканың қор нарығына шығуы" деген кіші бөлімде "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "ҚазАгро" ҰХ" АҚ" деген сөздер тиісінше "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "ҚазАгро" холдингі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірлері 21 және 22-жолдардың 2 және 4-бағандарында "ҚазАгро" ҰХ" АҚ" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.