Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 754 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоca беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиic.
 
            Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 754 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
 
  Мазмұны

       Кіріспе
       1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау
       2. Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
       3. Бюджет жүйесін жетілдіру
       4. Кірістер саясаты
       5. Шығыстар саясаты
       6. Бюджеттік кредит беру
       7. Бюджетаралық қатынастар
       8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару

Кipicпe

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әpi - Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы N 310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды  көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.
      Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын қалыптастырған және іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты басты факторы елде жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялар мен адами капиталдың өcуi тиіс экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.

         Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің
             2001 — 2007 жылдардағы өзгеру серпіні

                                                       1-кесте      

Атауы 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007

ЖІӨ, млрд. теңге

3 250,6

3 776,3

4 612,0

5 870,1

7 590,6

10213,7

12849,8

Номиналды өсу қарқыны, %

125,0

116,2

122,1

127,3

129,3

134,6

125,8

Нақты өсу қарқыны, %

113,5

109,8

109,3

109,6

109,7

110,7

108,9

      Ескерту. 1-кесте жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.

      Үкіметпен экономиканың шикізат емес салаларының дамуын ынталандыруға және экономика мен бюджетке түсетін түсімдер өсуінің экономиканың шикізат жалпы бағытталған саясаты мақсатты түрде жүргізіліп отыр.
      2005 жылдан бастап құрылыста, өнеркәсіпте және қызметтер саласында жоғары өсу қарқыны байқалды. Қызметтер саласында экономиканың өсуіне сауда, көлік пен байланыс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар айтарлықтай үлес қосты. ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлес салмағы 2001-2006 жылдар кезеңінде орта есеппен 51,4%-ды құрады.
      Көрсеткіштердің бipi жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің деңгейі болып табылатын әлемнің барынша дамыған елдерінің деңгейінде азаматтар тұрмысының жоғары стандарттарын жасау елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан жоғары табыстарға жетті. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ 2000 жылғы деңгейден 4,3 есеге асып, 2006 жылы 5292 АҚШ долл. құрады.
      Орта мерзімді перспективада елдің экономикалық саясаты жеделдетілген өсуден стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қалыпты даму қарқынына өту жолымен экономиканың сапалы, теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

1-сурет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің
2008 - 2010 жылдарға арналған болжамы

       (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Ескерту. 1-сурет жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.

      ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2008 - 2010 жылдары жылына орташа 5,6 %-ды құрайды, бұл 2008 жылы ЖІӨ-ні 2000 жылға қарағанда eкі еселеу жөніндегі міндетті орындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2010 жылға қарай болжам бойынша 10 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды, бұл 2006 жылғы деңгейден екі есеге жоғары.
      Мұнайға әлемдік баға жоспарланатын кезеңде бір баррель үшін 95-60 АҚШ доллары шегінде болжанып отыр. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2007 жылғы 67,5 млн. тоннадан 2010 жылғы 81,3 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
      2005-2006 жылдары инфляция деңгейі жоспарланған шекте ұсталып отырды. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2005 жылы 7,6%-ды, 2006 жылы 8,6 %-ды құрады. Инфляциялық процестерге экспорттық пайда және жеке меншік сектордың сыртқы қарыз алуы түріндегі шетелдік валютаның едәуір ағыны әсер етті.
      Орта мерзімді кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, инфляцияны 10%-дан аспайтын деңгейде ұстауға бағытталған инфляцияға қарсы кешенді саясатты іске асыруды жалғастырады.

      Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған
       негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы

                                                    2-кесте

Көрсеткіштің атауы 2008 2009 2010

ЖІӨ, млрд. теңге

15 909,8

17 743,8

20 737,6

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға %-бен

105,0

106,0

105,6

Тұтыну бағаларының индексі, кезең соңына %-бен

7,9-9,9

7,5-9,5

7-9

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ)

62 075,1

60 958,9

68 423,4

Тауарлар импорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ)

39 316,0

48 339,2

57 572,0

Мұнай және газ конденсатын өндіру, млн. тонна

67,6

79,2

81,3

Мұнайға әлемдік баға (Brent қоспасы), бір баррелі үшін АҚШ доллары

105

60

60

      Ескерту. 2-кесте жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.

      Тұтастай, 2008-2010 жылдары экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қажетті қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады.
      Ескерту. 1-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2. Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері

      Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ету болып табылады.
      Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:
      нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық,  орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге мүмкіндік береді;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға өтуіне байланысты салық заңнамасын жетілдіру және бухгалтерлік заңнаманы үндестіру;
      адами капиталдың, инфрақұрылымның, мемлекеттік басқарудың, инновациялардың өсуінің барынша жоғары көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру;
      аралық (жылдың қорытындысы бойынша) нәтижелерді және орта мерзімді (кезең өткеннен кейінгі нәтижелерді қарастыра отырып, нақтылы нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілікті күшейте отырып, мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру;
      қадағаланбайтын экономиканың деңгейі оның барлық құрамдауыштары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, "көлеңкелі" қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету;
      макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың өсу қарқынының күрт төмендеуі мен қаржылық жүйе дағдарысының шиеленісуін болдырмау.
      Ескерту. 2-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.10.21 N 968 Қаулыларымен.

3. Бюджет жүйесін жетілдіру

      Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
      2007 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
      Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджетті кipic бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылады.
      Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000-2006 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бip жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.
      Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.
      2006 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бip деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.
      Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.
      Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады.
      Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін "бюджеттік шектеулердің босаңдығын" айқындап берді.
      Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның ic-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан ic жүзінде бірыңғай болады.
      Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бip нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.
      Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады.
      Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді:
      стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;
      республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;
      кopпopaтивтік басқару;
      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;
      бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;
      мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын ic-қимылдарды болдырмау;
      ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.
      Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу - бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.
      Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
      Бюджет процесін реформалау қаржы менеджментінің қағидаттарын енгізу алғы шарттарын жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендіретін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктеріне бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.
                   ____________________
__________________  Нәтижелерге бағдар- ________________________
Бюджеттік өтінім- /ланған бюджеттеу \  Бюджеттік шешімдерді
  дерді құру және //       |         \\ қабылдау және Парла-
  ұсыну рәсімдері / _______|_________ \\ ментте қорғау рәсімдері
________________ /  Сыныптаманы қайта  \ _______________________
________________/        қарау          \_______________________
Атқару және атқа-  _________________     Ішкі және сыртқы
ру мониторингінің                         бақылау рәсімдері
   рәсімдері                             ___________________
_________________                
                  _____________________
_________________/                     \_______________________
_________________  ___________________  _______________________
Бюджет қаражатын   Бюджет шығыстарының    Макроэкономикалық
басқаруды оңтай-    тиімділігі мен          тұрақтылық
    ландыру        нәтижелігін арттыру
_________________ _____________________ _______________________
                         НӘТИЖЕ

      2-сурет. Бюджет процесін реформалау құрылымы    
               (қағаз мәтіннен қараңыз)

      Елдің саяси жүйесіндегі және мемлекеттік жоспарлаудағы өзгерістерге (нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге), жоспарлаудың қазіргі жүйесіне жүргізілген талдауға және Дүниежүзілік Банктің инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарына орай инвестициялық жобаларды icкe асыруға, сондай-ақ Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға да және icкe асыруға да тәсілдер жетілдіретін болады. Тұтастай, инвестициялық жобаларды іріктеу және мониторинг қағидаттары мен тетігі қайта қаралады.
      Инвестициялық сипаты бар ic-шараларды icкe асыру қажеттігі әзірленетін стратегиялық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаралатын болады.
      Инвестициялық бағдарламалардың қымбаттау проблемалары экономикалық сараптама жүргізу сатысында уақтылы анықталатын болады, бұл жобаларды icкe асыруға арналған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауды қысқарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, "шығындарды басқарудан" "нәтижелерді басқаруға" өтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін енгізу мақсатында жаңа Бюджет кодексі әзірленетін болады.
      Жаңа редакциядағы Бюджет кодексі мыналарды қамтамасыз етеді:
      бюджет процесінде нақты өзара байланысты қалыптастыру үшін құқықтық негіз жасау: стратегиялық бағдарламалық құжаттар - әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамы - мемлекеттік органның стратегиялық жоспары (мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар/көрсеткіштер - бюджетті жоспарлау - бюджеттің атқарылуы - нәтижелерге қол жеткізуді бақылау (есеп және есептілік);
      мемлекеттік органдардың қызметін бюджет қаражатын игеруден нақты нәтижелерге қол жеткізуге қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
      бюджеттің атқарылу мониторингін бюджеттің кассалық атқарылуынан Стратегиялық жоспарлардың атқарылуына, яғни стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, нақты нәтижелерді алуға қайта бағдарлау;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жетілдіру.
      Ескерту. 3-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.10.21 N 968 Қаулыларымен.

4. Кipicтep саясаты

       Ескерту. 4-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.10.21 N 968 Қаулыларымен.

      Кipicтep саясаты 2008-2010 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.
      Шағын және орта бизнеске салық салудың қазақстандық жүйесі салық салудың төменгі ставкасымен ғана емес, сондай-ақ едәуір оңайлатылған есептілігімен сипатталған жеңілдетілген жүйе түрінде ұсынылған.
      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі (АСЖ) қолданатын шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимін қолданудың саласын жалдамалы қызметкерлердің саны мен шекті кірісті ұлғайту жолымен кеңейту жүргізіледі.
      Оңайлатылған салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметті жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының ставкасы 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде АСЖ-дағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік шәкілдің орнына 3%-дан 5%-ға дейінгі және 3%-дан 7%-ға дейінгі ставкаларымен тиісінше 3% деңгейінде бірыңғай ставка белгіленді. Бұл шара өзінің кәсіпкерлік қабілеті мен идеяларын іске асыруға ұмтылатын халықтың бастамашыл бөлігіне қолдау көрсетеді.
      2007 жылы қосылған құн салығының ставкасы 14 пайызға дейін, 2008 жылдан бастап 13 пайызға дейін төмендетілді және 2009 жылдан бастап 12 пайызға дейін төмендетілетін болады. Бұл шара кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға жұмсалған қаражатты айналымнан оны кеңейтуге және дамытуға босатуға мүмкіндік берді.
      2007 жылдан бастап әлемдегі ең төменгілердің бipi болған 10 пайыз деңгейіндегі жеке табыс салығының жайпақ шәкілі енгізілді.
      Бұл ретте салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына ең төменгі жалақы мөлшері алып тасталады. Адамдардың өзіндік материалдық әл-ауқатын арттыруға уәждемесін арттыруға бұл норманы енгізудің негізгі әсері болды.
      Жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндіріс үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстанда 3 арнайы экономикалық аймақ құрылды, оларда корпорациялық табыс салығынан, жер салығынан, мүлікке салынатын салықтан, қосылған құн салығынан және кеден баждарына босату жүзеге асырылады.
      Салық саясатының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ әрі сыннан өткен құрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған бұл мыналармен тұжырымдалады:
      елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін жасау;
      экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал етуі тиіс салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру (экономиканың шикізат емес секторына салықтық жүктемені азайту мақсатында үш жыл ішінде корпоративтік табыс салығы ставкасын қолданыстағыға қарағанда екі есеге дәйектілікпен азайту болжанады);
      жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесін төмендету, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;
      әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде жайпақ шәкілді 11 % ставкамен белгілеу ұсынылады;
      шағын және орта бизнес талаптарына мейлінше сәйкес келуі мақсатында арнайы салық режимдерін реформалау, роялтидің орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық енгізу, ренталық салықты және үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу әдіснамасын өзгерту;
      жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;
      әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасы мен салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің санын қысқарту, салықтық тексерулерді ретке келтіру.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттер әзірленетін жаңа Салық кодексі шеңберінде шешілетін болады, бұл қолайлы инвестициялық ахуалды жасауға, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және елдер арасында капиталдың еркін ағылуы жағдайында экономиканың шикізат емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің дамуына, ЖІӨ-нің, бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына және халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне ықпал етуі тиіс.
      Қосылған құн салығы бойынша шартты шығындар 2008 жылы ставканың 14-тен 13 пайызға дейін төмендеуі нәтижесінде 57,7 млрд. теңгені, 2009 жылы ставканың 13-тен 12 пайызға дейін төмендеуінен 78,0 млрд. теңгені құрайды.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша шартты шығындар 2009 жылы ставканың 30 %-дан 20 %-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 348,7 млрд. теңгені, 2010 жылы ставканы 20 %-дан 17,5 %-ға дейін төмендетуден 78,1 млрд. теңгені құрайды.
      Мұнайға қатысты емес табыстардың болжамдарында, 2009-2010 жылдары мемлекеттік басқару жүйесінің және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жыл сайын 25 %-ға жалақыны жоғарлатудың есебінен жеке табыс және әлеуметтік салықтардың қосымша түсімдері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 2007 жылы белгіленген 3% аударымның орнына 2009 жылы - 4%, 2010 жылы - 5% аударымдардың есебінен 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттерге әлеуметтік салық түсімінің азаюы ескерілді.

      Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнайға қатысты емес
       кірістердің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы,
                          ЖІӨ-ге %

                                                   3-кесте

Атауы 2008 2009 2010

Мұнайға қатысты емес кірістер

18,4

19,7

19,8

Салықтық түсімдер

17,6

19,1

19,2

Салықтық емес түсімдер

0,5

0,3

0,3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0,3

0,3

0,3

      Ескерту. 3-кесте жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Салықтық емес түсімдердің 2008 жылы ЖІӨ-ге 0,5 %-дан 2009 жылы ЖІӨ-ге 0,3 %-ға дейін төмендеуі жүйесіз сипаттағы бір жолғы төлемдерге байланысты.
      Жүргізіліп отырған салық саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының болжамды көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері айқындалды.

3-сурет. Мұнай емес кірістердің болжанатын серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
(қағаз мәтіннен қараңыз)

      Ескерту. 3-сурет жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2006 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпорындардан түсетін тікелей салықтарды Ұлттық қорға есепке алуды көздейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жұмыс істеуінің жаңа жүйесіне көшуге байланысты экономиканың мұнай секторына тәуелділігін жою мақсатында мемлекеттік бюджет мұнай емес кірістерден қалыптастырылады.
      Мұнай секторы кірістерінің 2008 - 2010 жылдарға арналған болжамы мұнай және мұнай емес кірістердің аражігін нақты ажыратуды жүзеге асыруға бағытталған бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының шарттарын негізге алып айқындалды.

4-сурет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Ескерту. 4-сурет жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.

      2008 жылы Ұлттық қорға түсетін түсімдер (инвестициялық кірісті қоспағанда) ЖІӨ-ге 9,8 % деңгейінде, 2009 жылы - ЖІӨ-ге 7,2 % және 2010 жылы ЖІӨ-ге 6,5 % болжанып отыр.
      Азаю 2008 жылы әлемдік мұнай бағасының 2008 жылы 105 АҚШ долларынан 2009 - 2010 жылдары бір баррелінің 60 АҚШ долларына дейін төмендеуімен байланысты болып отыр. ЖІӨ-нің болжанып отырған өсу қарқыны олардың абсолютті мәнде ұлғаюы болжамына қарамастан, мұнайға қатысы емес сектор табыстарының өсу қарқынынан асып түседі.
      2008 және 2009 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасының бірінші кезектегі шараларын қаражатпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт түрінде он миллиард АҚШ доллары бөлінетін болады.
      Нысаналы трансфертті осындай көлемде тарту қордың жинақталуының ЖІӨ үлесіндегі жалпы көлемінің 2007 жылғы 21,3 %-дан 2010 жылы ЖІӨ-ге қатысты 16,3 %-ға дейін төмендеуіне ықпалын тигізеді.

                                                        4-кесте

    Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімдерінің болжамы,
                        ЖІӨ-ге %-бен

      Ескерту. 4-кесте алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.     

5. Шығыстар саясаты

       Ескерту. 5-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.10.21 N 968 , 2009.07.20. N 1101 Қаулыларымен.

      Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге, экономиканы жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясатты ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарға сәйкес жоспарланатын нәтижелерге тікелей байланысты және салалық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттердің әлеуметтік және инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық орындауға бағытталатын болады.
      Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2008-2010 жылдары мыналар басым бағыттар болып табылады:
      адами капиталдың өсуін қамтамасыз ететін шығыстар - білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, республиканың мәдени әлеуетін дамыту, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту, халықты сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй саясатын одан әpi дамыту;
      экономиканы одан әpi әртараптандыруды ынталандыратын шығыстар - инфрақұрылымды, аграрлық және индустриялық секторларды, инновацияларды дамыту.
      Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барабар қаржылай қамтамасыз ете отырып және осы жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады. Бюджеттік құрамдас бөлік мынадай бағдарламалық құжаттарды іске асыруға құрылады:
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 102  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1216 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы ic-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1260 қаулысымен бекітілген 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы.
      Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге мемлекеттік қаражат есебінен icкe асыру көзделіп отырған немесе іске асырылатын мынадай ic-шаралар бағытталған:
      кластердің құрылымына кіретін медициналық орталықтарды басқару үшін жетекші шетелдік компанияларды тарта отырып, Астана қаласында медициналық кластер құру;
      аурухана секторының қажеттілігін айқындау әдістемесіне және қайта құрылымдауға сәйкес Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін (ауылда көп бейінді ауруханалар мен емханалар, дәрігерлік амбулаториялар) салу (оның ішінде "100 мектеп, 100 аурухана" жобасы шеңберінде);
      денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды автономдандыру және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру үшін аккредиттеу;
      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін" енгізу шеңберінде емделушілердің электронды медициналық картотекасын қалыптастыру;
      бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қолданыстағы желілерінің номенклатурасын мемлекеттік нормативтерге сәйкестендіру.
      Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуда әкімшілік функцияларын медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейі қамтамасыз ету стандарттарына келтіру бөлігінде маңызды сәтке айналуда. Әзірленіп жатқан "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс денсаулық сақтау жүйесін толық қамтитын және медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жаңа әдістерін көрсететін құжатқа айналады.
      Бұдан басқа, мынадай бірқатар әкімшілік ic-шаралар жүргізілетін болады:
      ана мен бала өлімін азайту шараларын icкe асыру мақсатында ана мен баланың өмipi мен денсаулығын сақтау жөніндегі халықаралық тәсілдер енгізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу стратегиясының шеңберінде Аурулар мен дәрілік заттардың тізбесі жасалды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Балалық жас ауруларын ықпалдасқан жүргізудің стратегиясын енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады;
      халықты туберкулезден қорғау жөніндегі, оның ішінде "Туберкулезбен ауыратын науқастарды қадағалау жөніндегі ұлттық тізілім" ақпараттық компьютерлік бағдарламасын іске асыру жолымен, шаралар күшейтілді;
      АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауруды азайту, трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар;
      жеке меншік медицинаны және epiкті медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді;
      денсаулық саласында пайдаланылатын рәсімдерді одан әрі стандарттау мақсатында диагностикалау мен ауруларды емдеудің 450-ден астам хаттамаларын жасау және енгізу бойынша жұмыстар жалғасады;
      осы саладағы қазіргі проблемаларды жүйелі шешу үшін қажет амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу.
      Барынша білімді халық экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынымен және осы саладағы басқарудың күшті жүйесімен байланысына құрылған білім беру саласындағы бюджет саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылатын болады.
      Орта мерзімді кезеңде негізгі күш мына ic-шараларды жүргізу жолдарымен экономиканы кәсібилігі жоғары техникалық бағыттағы мамандармен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады:
      Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау;
      өңдеуші салада және машина жасауда техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтар құру;
      жұмыс берушілер мен инвесторларды кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу-өндірістік базаларын құруғa және нығайтуға тарту, басым салалар қажетсінетін кадрларды даярлауда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу;
      техникалық мамандықтарға ден қоя отырып, мемлекеттік тапсырыстың құрылымын өзгерту.
      Бұдан басқа, жоғары білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылық жүйеге: бакалавриат - магистратура - докторантура өзгерту бойынша, жоғары оқу орнының, мамандануы мен мәртебесіне байланысты мемлекеттік білім беру гранттарын саралауды міндетті енгізумен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың жаңа қағидаттарын енгізу жұмыстары жалғасады.
      2008 жылдан бастап жоғары оқу орындарының жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
      Республиканың жоғары оқу орындарына шет елдік оқытушылар мен консультанттар тартылатын болады, ал Қазақстанның дарынды азаматтары бұдан әрі де Қазақстан Республикасының халықаралық "Болашақ" стипендиясы шеңберінде әлемнің таңдаулы жоғары оқу орындарында оқи алатын болады.
      Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі және мектеп қарсаңындағы оқытумен қамтуды ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады. 2009 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту кемінде 30%, мектеп қарсаңындағы даярлық - кемінде 80% құрайтын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізуге мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін салудағы белсенді ұстанымы жәрдемдесетін болады.
      Жалпы білім беру жүйесінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, осыған байланысты педагогтарды қайта даярлау жұмысы жалғасады.
      Үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге жалпы орта білім беру желісін, мектептердің апаттық жағдайдағы ғимараттарын қайта жаңалау және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде және бюджет қаражаты есебінен салуды (оның ішінде "100 мектеп, 100 аурухана" жобасы шеңберінде) дамыту жәрдемін тигізеді. Жалпы орта мерзімді кезеңде 175 білім беру объектісінің құрылысын салуды аяқтау жоспарланып отыр.
      Осы заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оның ішінде, "Мультисервистік ақпараттық коммуникациялық білім беру көп функционалды жүйесін енгізу жолымен білім беру қызметін арттыруға көп көңіл бөлінетін болады, отандық оқулықтарды, баспа және электронды әзірлеу және оқу үдерісіне енгізу жалғасады, ағылшын тілінің шет елдік оқытушылары тартылатын болады.
      Бюджет саясатының әлеуметтік саладағы негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іскe асырудың қорытындыларын, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік үш деңгейлі жүйесін жасау, мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралық стандарттарға жақындату, негізгі әлеуметтік тәуекелдерді әлеуметтік сақтандыруды дамыту бойынша бекіту болып табылады.
      Әлеуметтік саладағы міндеттердің бірі халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту болып табылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігін және басқа іс-шараларды әзірлеу жолымен де жетілдіріледі.
      Зейнетақы төлемінің мөлшері арттырылатын болады, бұл ретте орта мерзімді екі кезең бойы осы өсу 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астамды құрайды, бұл ретте, зейнетақыларды есептеу үшін есепке алынатын шектеу 2008 жылдан бастап 15 АЕК-ден 25 АЕК-ге дейін көтерілді.
      Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында келесі ic-шаралар жүргізілетін болады:
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерлерін ұлғайту;
      1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында еңбек өтілін жинақтаған адамдарға қосымша жәрдемақылар енгізіледі;           бала тууына байланысты жәрдемақыларды ұлғайту;
      бала бip жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы орта мерзімді екі кезең бойы 2,5 еседен астам арттырылатын болады;
      жүктілігі бойынша демалыста және бip жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі.
      Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлі артады және жұмыс берушілердің зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына epiкті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеует пайдаланылады. Одан басқа әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасы күшейтілетін болады.
      2007 жылы жетілдірілген еңбек заңнамасы заңды секторда өнімді еңбекке уәждемені күшейте түсуге мүмкіндік береді және жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен тәуелділігін орнату үшін жағдай жасайды. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Жаңа Еңбек кодексінің ережелерін icкe асыруға еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары енгізіледі.
      Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.
       Бюджет саласы қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесі жалақының мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайта отырып, жетілдіретін болады.
      Сондай-ақ бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі кезең-кезеңмен жалақы мөлшерін ұлғайту арқылы жетілдірілетін болады. Адами капиталды дамытуда рухани даму, адамдардың демалысы мен шығармашылығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ елдің мәдени мұраларына қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.
      2008-2010 жылдары мемлекеттік бюджеттің шығыстары мәдениеттің осы заманғы дамыған жүйесін қалыптастыруға, ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады.
      Оның шеңберінде сараланған инновациялық-технологиялық әдістемелерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйретудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тілдер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жалғасады, бұл 2009 жылға қарай оны меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтуға қол жеткізуге, сондай-ақ 16 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс icтеуiн қамтамасыз етеді. Сонымен бipгe орыс және ағылшын тілдерін одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Қазақстандық мәдениет пен өнерді одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1009 қаулысымен бекітілген "Көне Отырарды қалпына келтіру" 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
      Осы бағдарламаларды icкe асыру шеңберінде тарихи-мәдени мұраларды сақтау және тиімді пайдалану, оның ішінде тиісті заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады.
      Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында діни сенім бостандығы мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Үкіметтің мәдениет саласындағы шаралардың тиімділігін арттыру мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың cepiктестігі тетігін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оның көлемін кезең-кезеңмен ұлғайта отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
      Қоршаған ортаны қopғaуғa шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін icкe асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
      қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
      экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту;
      жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу;
      тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама іске асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр.
      2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады.
      Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының көлемі мен құрамы су ресурстары тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейін арттыру және халықты ауыз сумен қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада тұрақты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттары негізінде айқындалатын болады, бұл еліміздің шектеулі су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
      Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз ету және су ресурстарының тапшылығын қысқарту Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі экономиканың су секторын және су шаруашылығы саясатын  дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы N 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2008-2010 жылдары бюджеттің қосымша қаражаты жер асты сулары объектілерін қорғауды және өнеркәсіптік төгінділерді тазартуды дамытуға және Қазақстанның қалаларында су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталатын болады.
      2008 жылы су құбырлары желісінен су ағуларды табу үшін және қалалық су арналары зертханалары мен бақылау-қадағалау қызметтері үшін жабдықтар сатып алуға, Ертіс өзені мен жер асты суларына улы заттардың түсуін алдын алу жолымен Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының және Ертіc өзеніннің бойында орналасқан елді мекендердің халқының тұрмыс деңгейін арттыру және денсаулығын жақсарту мақсатында мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарттар жасауға қоршаған ортаны қалпына келтіруге және өңірдің экологиясын жақсартуға қаражат бағытталатын болады.
      Су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар бюджет қаражаты есебінен құрылыс, құнарландыру техникасымен және технологиялық жабдықтармен кезең-кезеңімен жарақтандырылатын болады, бұл өндірістік міндеттерді шешу, қаржылық сауықтыру, өнімділікті арттыру және еңбек жағдайын жақсарту жолымен суды үзіліссіз беруді қамтамасыз етеді.
      Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту да әлеуметтік бағдары бар (тұрғын үймен ең бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды қамтамасыз ету) және 2005-2007 жылдары қолданыста болған мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктері ескерілген, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде icкe асырылатын Үкіметтің дәйекті саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
      Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу қаржыландырудың тиімді тетіктерін дамыту есебінен, оның ішінде ипотекалық кредит беру және тұрғын-үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет кредиті есебінен тұрғын үйлер салуы жалғасады, сондай-ақ индустриалды тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын-үйдің жалгерлік секторы, тұрғын-үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, тұрғын-үй құрылысының сапасын жақсарту бойынша жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылданады.
      Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде өзінің басым артықшылықтарын пайдалануға бағытталған саясаты - елдің адами капиталын icкe асыруды растайды, бұл ұлттық экономиканың барынша өсуінe және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

5-сурет. Адами капиталды дамытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміндегі әр түрлі бағыттар бойынша шығыстардың үлесі
(қағаз мәтіннен қараңыз)

      Бip немесе бірнеше секторлардың басымдықтарынан бас тартуды және экономиканың жаңа бәсекелестік секторларын құруды көздейтін ұлттық экономиканы әртараптандыру міндеті жоспарланып отырған орта мерзімді кезеңде өзекті болып қала береді және экономиканың жедел дамуын қамтамасыз ететін салиқалы қадамдарды қабылдауды және осы үдерісті одан әpi ынталандыру бойынша мақсатты күш-жігерді талап етеді.
      Саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шаралардың жиынтығы, экономикалық саясаттың қағидаттары, басымдықтары ретіндегі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іскe асыру шеңберінде экономиканың құрылымында индустрияландырудан кейінгі және ілгері инновациялық дамуға қарай сапалық өзгерістер жүргізуді қамтамасыз етуге арналған негізделген ic-шаралар жүргізілетін болады.
      2008 жылы Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына оның мынадай бөліктерде күшейтілуіне бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
      шикізат емес сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру;
      индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттарын дамыту үшін экономиканың өндіруші салаларының әлеуетін пайдалану;
      жаһандық орнықты қазақстандық корпорацияларды құру;
      ауыл шаруашылығының әлеуетін дамыту;
      қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау және шағын және орта бизнесті дамыту;
      мемлекеттік холдингтердің қызметін үйлестіру;
      материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
      Мынадай жүйе қалыптастыратын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
      энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерін тиімді әрі үздіксіз электрмен және жылумен жабдықтауға ықпал ететін жобалық қуаты 2 640 МВт Балқаш ЖЭС-ін салу;
      Ақтау қаласында елдің батыс өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы проблемасын шешуге және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін атом электр станциясын салу;
      Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің газға қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және елдің энергетикалық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында Бейнеу - Бозой - Шалқар - Ақбұлақ магистральдық газ құбырын салу;
      Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін құру, бұл қосылған құны жоғары газ-химия өнімінің кең спектрін өндіруге, көмірсутек шикізаты бағасының ауытқуы кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейтуге, өңірдегі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;
      Астана - Щучинск автомобиль жолын салу, оны пайдалануға беру транзиттік әлеуетті ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнындағы көліктік құрамдауышты төмендетуге, экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдетуге мүмкіндік береді;
      елдің экспорттық әлеуетін арттыру, тауар айналымын ұлғайту және экономикалық перспективалы аумақтарды игеруді жеделдету мақсатында әр түрлі қаржыландыру көздерін тартуды көздейтін Өзен - Түркменстанмен шекара темір жол желісін салу.
      Стратегияның іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджет қаражаты ғана емес даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржы ресурстары да, сондай-ақ жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға, инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған ең басым және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдардың және донор-елдердің көмегі де іске қосылатын болады.
      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін зияткерлік және инфрақұрылымдық негізді құрайтын салалар бюджеттік инвестициялар басымдықтары қатарында қала беретін болады. Олардың болуы корпоративті көшбасшылардың орнығуы үшін ғана емес, тұтастай алғанда іскерлік және инвестициялық белсенділіктің күшеюінің маңызды жағдайы болып табылатын қажетті базалық инфрақұрылымның дамуының бұл арада аса елеулі мәні бар.
      Республикалық бюджет шеңберінде көлік инфрақұрылымын, оның ішінде су көлігі инфрақұрылымын қолдау, жаңарту мен кеңейту және авиациялық тасымалдау саласының дамуы бойынша ic-шараларды қаржыландыру жалғасады.
      Осы шаралардың есебінен атқарылатын жұмыстардың сапасын міндетті түрде бақылауды жүзеге асыра отырып республикалық маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының теңгерімі, жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі жөндеу қамтамасыз етілетін болады.
      Кеме қатынасы және өзен көлігімен жүк тасу көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін жол жұмыстары кешені, сол сияқты навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау, Өскемен, Бұқтарма және Шүлбі шлюздерін жөндеу және апатсыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету, Ертіс, Қара Ертіс және Жайық өзендері учаскелерінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, флотты жөндеу, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.
      Республикалық бюджет қаражаты есебінен экономика салаларына жүйелі мониторинг, талдау және бағалау, сондай-ақ басқа елдер мен трансұлттық корпорациялардың бәсекелі салаларына салыстырмалы талдау жасау үшін жетекші елдер мен салалар компанияларының негізгі тауарлар нарығының, рейтингінің статистикасы мен шолулары енгізілген Euromonitor International компаниясының Glodal Market Information Datadase (GMID) халықаралық іскерлік ақпараттардың онлайн ақпараттық ресурстарына қол жеткізу коды сатып алынатын болады.
      Экономиканың өсуін қолдауға және басқаруға көмек көрсететін  халықаралық техникалық стандарттарды тездетіп және кеңінен енгізуге мынадай ic-шаралар ықпал ететін болады:
      1) қазіргі бар стандарттарды талдау және жүйелеу жөніндегі;
      2) мыналарды әзірлеу жөніндегі;
      темір жол саласындағы, автомобиль жолы мен көлік саласындағы стандарттарды;
      көмір саласындағы каталогтар мен жіктеуіштерді;
      өнеркәсіп саласындағы эталондарды;
      энергия жабдықтарын пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде электр энергетикасы мен электр энергиясы қондырғыларының сенімділігі саласындағы және қауіпсіз пайдаланылу мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды;
      энергия тұтыну нормативтерін;
      3) мыналарды өткізу:
      Қазақстанның IAF және ILAC халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық жұмыстары, соның ішінде халықаралық сарапшыларды тарту;
      халықаралық сарапшылардың зерттеу және тексеру зертханаларын аккредиттеуі;
      халықаралық деңгейде аккредиттеу саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі ic-шаралар.
      Аграрлық сектор саласындағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталатын болады.
      2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығының барабар жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, мыналардың негізінде айқындалатын болады:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысымен бекітілген оны icкe асыру жөніндегі іc-шаралар жоспары;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 963  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
      2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы шығыстардың басым бағыттары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      қолайлы эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайларды қамтамасыз ету;
      субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау.
      Азық-түлік қауіпсіздігін, республиканың жұмылдыру қажеттілігін, Қазақстанның астық нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік азық-түлік резерві жасалды. Бұл ретте, ең аз қор халықты астықпен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз етуді кепілдендіруі қажет. Сондай-ақ ішкі нарықты реттеу және нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 600 мың тонна көлемде тұрақты астық ресурстары құрылды.
      Азық-түлік астығының мемлекеттік резервін жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайын 450-500 мың тонна шеңберінде астықты мемлекеттік сатып алу жүргізіледі. Астықты сатып алу көлемі мен құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен белгіленеді.
      2008-2010 жылдары елдің ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды ұлғайту Халықаралық эпизоотикалық бюросының халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйкес көлемде қамтамасыз етілетін болады. Соның нәтижесінде ветеринария саласындағы ұлттық заңнаманы ЖСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралары жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес үндестіру; Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі алдында Қазақстан Республикасының ғимараттары мен зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; жылына екі рет барлық мал басын диагностикалық зерттеумен 100% қамту жұмыстары жүргізілетін болады.
      Жоғарыда көрсетілген ic-шараларды icкe асыру мал ауруларының аса қауіпті жұқпалыларының туындауынан экономикалық зиянға жол бермеуді қамтамасыз етуге және республика өңірлерінде эпидемиологиялық нашарлаудың алдын алуға, ветеринарлық-санитарлық жағынан қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
      Алда республиканың ДСҰ-ға кіруін ескере келе, ауыл шаруашылығында субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау жалғасатын болады. Бұл ретте, ауыл шаруашылығын субсидиялау Қазақстанның ДСҰ-ғa кіруінің келіссөз процесі нәтижелерін ескере отырып жүргізілетін болады.
      Республиканың экспорттық әлеуетінің кеңеюі шеңберінде "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның нақты "серпінді" жобаларды іске асыруға арналған, соның ішінде: көрме-жәрмеңке кешенін салуға, ipi-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құруды қаржыландыруға, Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарын салу мен жарақтандыруға және қазақстандық тауарларды экспорттық нарыққа жылжыту мақсатындағы өзге де жобаларға арналған жарғылық қорды ұлғайту көзделіп отыр.
      2008-2010 жылдары табиғи су қоймаларының су биоресурстарын сақтау, молықтыру және тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын дамытуға жағдайлар жасау есебінен балық шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс icтeуi негізінде салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен балық ресурстарын қорғау және молықтыру шараларын іске асыру жалғасуда.
      Балық шаруашылығын дамытуға арналған шығыстар көлемі Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, экономиканың балық саласын сақтауды және жаңғыртуды, сондай-ақ балық шаруашылығы кешенін басқару құрылымын оңтайландыруды ескере келе айқындалатын болады, бұл тұтастай алғанда балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әpi жетілдіруге және бәсекеге қабілетті және сапалы қосымша құны жоғары отандық балық өнімдерін жасауға көмектесетін болады.
      Туризм және спорт саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары халықтың денсаулығын нығайту мен жоғары жетістікті спортты дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия мен дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін жасауға бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі icкe асыру шеңберінде елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызметтерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі ic-шаралар жүргізілетін болады, соның ішінде:
      Қазақстан өңірлерінде туристік кластерлерді дамыту;
      туристік инфрақұрылымы дамыған және Қапшағай су қоймасы жағалауы мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында ойын-сауық объектілері бар туристік орталық құру;
      Жібек жолы бойымен туризмді дамыту, сондай-ақ Каспийде жағажай және круизді туризмді дамыту үшін жағдай жасау.
      Жүргізілген ic-шаралар есебінен кейінгі жылдардағы келушілер санының өсуіне байланысты ішкі және кіру туризмі бойынша туристер легінің 2007 жылға қарағанда 2009 жылы орташа 25% өcуi қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ туризм саласындағы халықты жұмыспен қамту 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әpi іске асыру мақсатында бірінші кезекте жоғары жетістікті спорт пен халықтың салауатты өмip cүpуiн қалыптастыратын бұқаралық спорт дамытылатын болады, соның ішінде:
      2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілерін қайта құру және салу;
      жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасын жасау;
      аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.
      Шығыстар саясаты дамуға бағытталған бағдарламалар жағына ауыстырылатынын ескере келе, caнғa емес caпаға көңіл аударылады, ол бюджет заңнамалары ережелерін сақтау және мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Басым бағыттардан басқа, орта мерзімді кезеңге арналған шығыстар саясаты сондай-ақ экономикалық және бюджет саясаты басымдықтарына қарамастан - елдің қорғаныс, құқықтық, соттық, құқық қорғау, қаржылық, сыртқы саяси қызметтері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - олар бойынша міндеттемелерді мемлекет көтеретін функцияларды қамтамасыз етуге де бағытталған.
      Қорғаныс қажеттілігіне арналған шығыстар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери-саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық міндеттерді және Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығын жүзеге асыруды негізге алып жоспарланатын болады.
      Жоспарланған орта мерзімді кезең шығыстарында әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту көзделген, ол:
      әскери атақ жалақысын, жауынгер және сержант лауазымындағы келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
      әскери қызметтің ерекше жағдайларына үстемеақыны және ұшу, ұшу-көтеру, инженерлік-техникалық құрам мен құрылықтағы әскерлердің лауазымындағы келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын ұлғайтуды;
      кем дегенде 8 жыл қызмет атқарған келісім шарт бойынша істейтін әскери қызметшілер үшін елдің жоғары оқу орындарында оқу ақысы құнының 50% өтеуді;
      жалпы әскери паектың құнын ұлғайтуды қарастырады.
      Алдын ала тексеру сапасын жақсартуға, қылмыстық процесте кәмелетке толмағандар құқықтарын сақтауға бағытталған сот жүйесін жетілдіру және»"Қазақстандағы ювенальды әділет" жобасын icкe асыру мақсатында кәмелетке толмағандар icтepi бойынша экспериментальды (ювенальды) соттар құруға арналған шығыстар көзделген.
      "Қазақстандағы ювенальды әділет" жобасы міндеттерінің бірі кәмелетке толмағандарға қылмыстық ic қозғау санын азайту, ал ол қозғалған болса - тәрбиелік сипаттағы институттарды кеңінен қолдана отырып icтi сотқа жібермеу мүмкіндігін іздестіру болып табылады.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады, соның шеңберінде Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен қоршаған ортасын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдары мен террорлық актілер салдарынан қорғау, олардың алдын алу мен жою күштері мен құралдарын дамыту жүйесі тиімділігін одан әрі жетілдіру және көтеру жүргізілетін болады.
      Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады, соның шеңберінде басқаруды ұйымдастыру жетілдірілетін және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау жағдайлары жақсаратын, сотталғандардың қоғамнан оқшаулануына байланыссыз қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігі артатын болады, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік сауықтыру үшін жағдайлар жасалады.
      Есірткіні пайдаланудың өсуін және оның заңсыз айналымын тоқтату, есірткінің таралуын біртіндеп қысқарту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлық пен ecipткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын одан әрі іске асыру жалғасатын болады.
      2005 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің инвестициялық құрамдас бөлігі ұлғаюда, ол мемлекеттік бюджеттің даму бағдарламасы шығыстары үлесінің өзгеруінен көрінуде. Орта мерзімді кезеңде бұл үрдіс жалғасатын болады және даму бюджетінің үлесі шығыстардың жалпы көлемінің 43,6 - 34,4% шеңберінде болады.
      2008-2010 жылдары бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру Орта мерзімді жоспар шеңберінде және орта мерзімді кезеңде бекітілген Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

6-сурет. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі
ағымдағы және инвестициялық шығыстар үлесінің өзгеруі
(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

      Ескерту. 6-сурет жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.

      Экономиканың стратегиялық салаларын дамытуға мемлекеттік ықпал ету құралдарының бірі мемлекеттің қаржы активтерін - заңды тұлғалардың акция пакеттері және меншікке қатысу үлесін сатып алу.
      Орта мерзімді перспективада мемлекеттік активтерді басқару саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның ішінде мемлекеттік меншіктің мақсатты әрі тиімді пайдалануын бақылау жүйесін қалпына келтіру және күшейту, мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
      Қаржы активтерін сатып алу экономиканың стратегиялық салаларының мемлекет тарапынан елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиімді дамытуға бағытталған тиісті бақылауын орнату құралдарының бірі болып табылады.
      2007-2008 жылдары мемлекеттік холдингтер мен компаниялардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы экономиканы жаңғырту, әртараптандыру жөніндегі міндеттерді одан әрі іске асыру үшін олардың қаржылық базасын қалыптастыруға, қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, инновациялық өндірістердің санын ұлғайтуға, тиімді инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған.
      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталған:
      экспорттық инфрақұрылымы дамыған бордақылайтын алаңдарды құру;
      биодизел және биоэтанол өндіру зауыттарының құрылысы;
      Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме нарығының құрылысы;

7-сурет. Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемдегі категориялар бойынша шығыстар үлесінің өзгеруі
(қағаз мәтіннен қараңыз)

(7-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен)      

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен бекітілген, 2008 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мөлшерін, макроэкономикалық болжамды және даму бағдарламалары бойынша мемлекеттік шығыстардың болжамын негізге ала отырып, Ұлттық қордан 2010 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің болжамды мөлшері айқындалды, ол 1075,7 млрд. теңгені құрайды. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңдегі кепілдендірілген трансферт орта есеппен қор активтерінің 29,6%-ын құрайды.
      Экономика мен оның мұнай-газ секторы, металлургия, химия, мұнай-химия, инфрақұрылым сияқты түйінді салаларын дамыту жөніндегі міндеттер шеңберінде 2008 жылы мемлекеттік активтерді біріктіретін және өңірлік және елдің жалпы серпінінің локомотиві болатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" жаңа мемлекеттік холдингі (бұдан әрі - холдинг) құрылды.

8-сурет. Мемлекеттік бюджеттің 2005-2007 жылдардағы мұнай емес
кірістері және 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %-бен
(қағаз мәтіннен қараңыз)

(8-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен)

      Қаржы секторын тұрақтандыру мақсатында холдинг банктермен шағын және орта бизнесті дамыту, Астана және Алматы қалаларындағы объектілер құрылысын аяқтау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін болады.

9-сурет. Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығының серпіні, ЖІӨ-ге %-бен

      Ескерту. 9-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан он миллиард АҚШ долларын бөлуді болжайтын тұрақтандыру бағдарламасының шеңберінде оның бес миллиард АҚШ доллары жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін Холдингті капиталдандыруға жіберілетін болады.
      Банк секторы активтерінің сапасын жақсарту және банк секторына инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында 2008 жылы Үкімет тарапынан қаржылық тұрақтылықтың кепілі ретінде тұрақтандыру функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін нарықтық институт ретінде Стрестік активтер қоры (бұдан әрі - Қор) құрылатын болады.
      Қор өз функцияларын іске асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 2008 - 2010 жылдары бір миллиард АҚШ долларынан асатын оның жарғылық капиталы қалыптастырылады.

10-сурет. Мемлекеттік шығыстар мен ЖІӨ-нің өсу қарқыны, өткен жылға %-бен

      Ескерту. 10-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2008 жылы - ЖІӨ-ге 27,0 % , 2009 жылы ЖІӨ-ге 23,7 %, және 2010 жылы ЖІӨ-ге 23,4 % құрайды.

                  2008 — 2010 жылдарға арналған
              мемлекеттік бюджет шығыстарының болжамы

                                                      5-кесте

Атауы 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
ЖІӨ-ге
%-бен
үлесі,% ЖІӨ-ге
%-бен
үлесі, % ЖІӨ-ге
%-бен
үлесі, %
1 2 3 4 5 6 7

ШЫҒЫСТАР

27,0 100,0 23,7 100,0 23,4 100,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

1,0

3,8

1,2

5,0

1,2

5,0

Қорғаныс

1,0

3,7

1,1

4,4

1,1

4,8

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1,6

6,0

1,7

7,0

1,7

7,0

Білім беру

3,5

12,9

3,6

15,1

3,6

15,5

Денсаулық сақтау

2,4

9,0

2,6

10,9

2,7

11,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

3,9

14,5

4,1

17,3

4,2

17,9

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1,7

6,3

1,9

8,0

1,9

8,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

0,9

3,4

0,9

3,9

0,9

3,9

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

0,4

1,6

0,5

1,9

0,5

1,9

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1,0

3,6

1,0

4,4

1,0

4,5

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0,05

0,2

0,05

0,2

0,05

0,2

Көлік және коммуникация

1,9

7,0

2,0

8,5

2,0

8,7

Өзгелері

7,2

26,6

2,8

11,8

2,3

9,7

Борышқа қызмет көрсету

0,4

1,4

0,4

1,6

0,3

1,4

      Ескерту. 5-кесте жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен.     

6. Бюджеттік кредит беру

      Бюджеттік кредит беру Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында көрсетілген мемлекеттік және салалық бағдарламалардың құрамында іске асырылатын жобалардың шеңберіне жүзеге асырылатын болады.
      Экономикалық және әлеуметтік тиімділік, өтелімділік өлшемдерін міндетті түрде сақтай отырып, бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) кредит беру;
      мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді және кепілгерліктерді орындау;
      жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының болжамы жағдайында кредит беру;
      қаржы агенттіктері мәртебесі бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
      Жоспарланған кезеңде республикалық бюджет есебінен кредит берудің негізгі бағыттары Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау және Тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетке тұрғын-үй салуға кредит беру жөніндегі ic-шаралар болып табылады.
      Халықаралық қайта құру және Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жобасының екінші кезеңін іскe асыру шеңберіндегі шығыстар фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметке қол жеткізуін ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру арқылы қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығы инвестицияларын бағалау бойынша коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың функционалдық мүмкіндіктерін нығайтуға, микроқаржы мекемелерін институциональды дамытуға және олардың коммерциялық банктермен өзара ic-қимылын нығайтуға бағытталатын болады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ішкі нарықта айналдыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қоспағанда республикалық бюджеттен бюджет кредиттерін алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
      Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру фискалдық саясатқа және Yкiмет пен өңірлердің 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 6-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Бюджетаралық қатынастар

      Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген қағидаттардан және түсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуінен бастау алады әрі өзара қатынастардың анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы реттеледі, ал облыстық және аудандық бюджеттер арасында бұдан басқа, кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
      2007 жыл Заңмен және облыстық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық көлемінің әрекет етуінің аяқталу жылы болып табылады. Жалпы алғанда, орта мерзімді кезеңге субвенциялар мен алуларды жыл сайынғы өзгеріссіз бекіту өз тиімділігін көрсетті.
      Жергілікті атқарушы органдардың барлық қосымша кірістері жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмеген, олардың салық салу базасын кеңейтуге қосатын үлесі өздерінің иелігінде қалады.
      Үш жылдық Заңның қолданыстағы кезеңінде жергілікті атқарушы органдар 497,7 млрд. теңге сомасында қосымша кіріс алды (2005 жылы - 78,5 млрд. теңге, 2006 жылы - 128,0 млрд. теңге, 2007 жылы - 291,2 млрд. теңге).
      Өңірлердің бюджеттік қамсыздандырылу деңгейі өсіп отыр және республика бойынша орташа алғанда 1 адамға жергілікті бюджеттің шығысы:
      2005 жылы - 45,7 мың теңге;
      2006 жылы - 57,6 мың теңге;
      2007 жылы - 86,8 мың теңге.
      Алайда бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы жүйесі өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерінің айырмашылығын, өңірлерде мемлекеттік қызмет алушылардың санын және өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықтарға негізделетін басқа да объективті факторларды ескермеді, бұл шығыстарды объективсіз айқындауға және салық әлеуетін ұлғайтуға ынталылықтың жетіспеушілігіне алып келді.
      2007 жылы бұдан бұрын жіберілген кeмшiлiктep ескерілген жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 599 қаулысымен жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілді. Әдістеменің негізгі мақсаты - бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерге барлық өңірдегі халықтың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болады.
      Әдістеменің басым бағыттары:
      экономикалық дамуда өңірлерді ынталандыру, салық салынатын базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде әкімдердің дербестігін арттыру;
      өңірде бюджеттік қызметтер көрсетілетіндердің санын, сол немесе өзге қарай шығыстардың өзгеруіне әсер ететін факторларды ескеру (климаттық ерекшеліктер, халықтың тығыздығы және басқа да факторлар) болып табылады.
      Жаңа әдістеменің негізгі ұстанымы бюджеттік қызметтерді алушылардың санын және объективті факторларды ескере отырып, функционалдық топтар/кіші топтардың бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есебіне негізделеді.
      Осы әдістеменің негізінде "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заң қабылданды.
      Келесі орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде республика заңнамасына, оның ішінде, Еңбек және Салық кодекстеріне өзгерістер, сондай-ақ бұрын республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар ескерілді.
      Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің әрекет ету кезеңінде бюджетаралық қатынастарды жедел реттеу құралы нысаналы ағымдағы трансферттер болады.
      Нысаналы даму трансферттері қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік, салалық (секторалдық) немесе өңірлік бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) олардың көлемінің өңірлердің білім беру мен денсаулық сақтау, сумен жабдықтау мекемелері желісімен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру міндеттерімен өзара байланысын сақтай отырып, icкe асыру жөніндегі ic-шараларды орындауға беріледі.
      Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті деңгейдегі басым бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерін бірінші кезекте ауылдық жерлерде салу мен қайта жаңарту және тұрғын үй салу болады.
      Tиістi бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ орталық органның ортақ жауапкершіліктерін ескере отырып, нысаналы трансферттерді пайдалану тиімділігі мен нәтижелілігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
      Ескерту. 7-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталған саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 351 қаулысымен бекітілген оны icкe асырудың ic-шаралар жоспарына сәйкес icкe асырылады.
      2007 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің жергілікті атқарушы органдардың және Ұлттық Банктің борыштарын қамтитын мемлекеттік сыртқы борышты басқару деңгейін арттыруға бағытталған шаралар оң нәтижеге алып келді. Мемлекеттік борыш 2001 жылдан бастап азайып отыр және қазіргі уақытта Қазақстанның үкіметтік сыртқы борышының мөлшері бірқалыпты болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланған. Мәселен, 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына арақатынасы 27,4%-ды құрады.
      2006 жылға дейін елдің жалпы сыртқы борышын үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдардың функциялары нақты айқындалмаған болатын және қарыз қаражатын беретін сыртқы қарыздар жөнінде бірыңғай саясат болмады, бұл Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы тәуекелдерінің өсуіне алып келді.

11-сурет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, ЖІӨ-ге %-бен
(қағаз мәтіннен қараңыз)

(11-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен)

      2008 жылы ағымдағы жылға жоспарланған және жүргізіліп отырған іс-шараларды ескере отырып, елдің борышын басқару процесін регламенттейтін тиісті шешімдер қабылданатын болады.
      Қазіргі уақытта Тұжырымдаманы іскe асыруда жүргізіліп отырған іс-шаралар мемлекеттік жүйелі көзқарасты және қазіргі берешектерді реттеудің көпжоспарлы сипатын қамтамасыз етеді, бұл орта мерзімді кезеңде осы проблемаға оң әсерін тигізуі тиіс және елдің жалпы сыртқы борышының тиісті деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-ге 65-70% деңгейіне дейін төмендетуге және оны әрі қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
      Бұл ретте, мемлекеттік борышты, сондай-ақ мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты міндеттемелерін сапалы басқару және несие капиталының сыртқы нарығында жеке сектордың қарыз алу мәселелерін тиімді реттеу саясаты сақталатын болады.
      Орта мерзімді кезеңде жауапты мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай ұйымдық ic-шараларды жүргізетін болады:
      үкіметтік және мемлекет кепілдік берген тәуекелдерді және халықаралық әдіснаманы ескере отырып, және басқа елдермен салыстыруда республиканың сыртқы борышының салыстырмалы көрсеткіштерінің жай-күйін бағалау;
      мемлекеттік сектордың сыртқы борышының, оның ішінде мемлекетті қатыстыра отырып ұйымдардың, сондай-ақ олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдары бойынша борышының, жеке қаржылық әpi корпоративтік секторлардың сыртқы борышының, қайта қаржыландыру тәуекелдерінің, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдердің мониторингі;
      кірістілік ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру.
      Үкіметтік қарыз алу мен борыштың көлемін жоспарлау ең алдымен, үкіметтік қарыз алудың, борыштың, оған қызмет көрсету шығындары мен тәуекелдің оңтайлы деңгейін қалыптастыруды ескере отырып, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады:
      ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәні бар жобаларды қаржыландыру;
      табыстылық ауытқымасын құру үшін қор нарығында бағдар ("benchmark") белгілеу үшін қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстау;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының және қор нарығының басқа қатысушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін борыштық құралдарды, әcipece, инфрақұрылымдық облигациялардың нарығында баламалы құралдарды дамыту, бұл өз кезегінде қайталама нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттықты жандандыруға алып келуі тиіс.

12-сурет. Республикалық бюджет тапшылығын үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландыру
(қағаз мәтіннен қараңыз)

(12-сурет алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.21 N 968 Қаулысымен)

      2008-2010 жылдары мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп жатқан саясат шеңберінде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      1) бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткіштері:
      Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді ескере отырып, орта мерзімді перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшері мен бюджет теңгерімділігіне қол жеткізуге негізделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерін айқындау;
      жинақтау саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін анықтау;
      қаржы тетігін шартты міндеттемелерді (кепілдікті және кепілдемелерді) мемлекеттің орындауын қамтамасыз етуді құру;
      2) ішкі қарыз алу:
      жылдар бойынша бөліністегі мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзімді кезеңге арналған үлгі схемасын жасау;
      ішкі қарыздарды тарту мерзіміне қарай түрлі қарыз алу құралдарын қолдану;
      пайыздық тәуекелдерді барынша азайту;
      бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарлар белгілеу;
      мiндeттeмeлepдiң орындалмау тәуекелін азайту әpi қысқа және орта мерзімді перспективада ішкі үкіметтік борышты өтеу жөніндегі төлемдер төлеудің ең жоғары шегін төмендету.
      Ескерту. 8-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.16 N 464 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.10.21 N 968 Қаулыларымен.