Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 сәуірдегі 
N 349 қаулысымен   
мақұлданған     

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай толықтыру енгізуге келісті:

  1-бап

      Шарттың 2-бабы мынадай редакциядағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:
      "2.10. Егер ол қажет болса, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға арналған жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен SOS балалар ауылдарының шығындарын ішінара немесе толық өтеуді қамтамасыз ету".

  2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, ратификациялануға жатады және Шарттың 5.2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2008 жылғы____ ______________ Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың мәтінін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

       Қазақстан Республикасының      SOS балалар ауылдарын құру
          Үкіметі үшін               жөніндегі "SOS KINDERDORF
                                          INTERNATIONAL"
                                      халықаралық қоғамы үшін

       РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі - Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.