Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1334 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты өсуі және оны әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы талдау ақпаратты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                         2007 жылғы 28 желтоқсандағы
                                               N 1334 қаулысымен
                                                   бекітілген

      Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды
    бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға
               арналған іс-шаралар жоспары

р/с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындауға
жауаптылар

Орындау
мерзімі

Болжамды
шығыстар
(млн.
теңге)

1

"Қазына" ОДҚ-ның"
және екінші деңгейлі
банктердің қатысуы-
мен, оның ішінде
кредиттеудің мерзім-
дерін, кезеңін және
тарифтерді көздейтін
серпінді жобаларды
қаржыландыру тетігін
әзірлеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жинақ-
тау),
Қаржымині,
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

Жарты
жылда
1 рет,
25 қаң-
тарға
және
25 шіл-
деге

Талап
етілмей-
ді

2

Қолданыстағы заңна-
маны серпінді жоба-
ларды қаржыландыру-
да отандық қаржы
институттарының
қатысуына кедергі
болатын әкімшілік
кедергілерді анықтау
мәніне талдау жүргі-
зу және серпінді
жобаларды қаржылан-
дыруда отандық
қаржылық институт-
тарының қатысуына
бөгет болатын әкім-
шілік кедергілерді
жоюға бағытталған
шаралар кешенін
әзірлеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жинақ-
тау), ЭБЖМ,
Қаржымині,
АШМ, ЭМРМ,
ҚҚА
(келісім
бойынша),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

Жарты
жылда
1 рет,
25 қаң-
тарға
және
25 шіл-
деге

Талап
етілмей-
ді

3

Мемлекеттік орган-
дар, мемлекеттік
холдингтер, әртүрлі
деңгейдегі және
бағыттағы қаржы
институттары арасын-
дағы перспективалы
және іске асырылатын
инвестициялық
жобалар туралы ақпа-
рат алмасу тетігін
әзірлеу және енгізу
әрі іске асыруға
жоспарланған және
іске асырылатын
инвестициялық
жобалар туралы көп-
шілікке қол жетімді
ақпараттық деректер
базасын құру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭБЖМ
(жинақтау),
ИСМ, ККМ,
ЭМРМ, АШМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша),
"ҚазАгро"
АҚ (келісім
бойынша),
"Самұрық"
АҚ (келісім
бойынша),
"Самғау"
АҚ (келісім
бойынша)

Жарты
жылда
1 рет,
25 қаң-
тарға
және
25 шіл-
деге

Талап
етілмей-
ді

4

Инфрақұрылымдық
облигациялар бойынша
мемлекет кепілгерлі-
гін ұсыну жетілдіру
жөнінде ұсыныс
енгізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині,
ККМ, ЭМРМ,
ҚҚА
(келісім
бойынша),
"Самұрық"
АҚ (келісім
бойынша),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

Жарты
жылда
1 рет,
25 қаң-
тарға
және
25 шіл-
деге

Талап
етілмей-
ді

5

Қазақстан өңірлері-
нің инвестициялық
паспорттарын құру
және Интернет желі-
сіне орналастыру
қажеттілігі туралы
мәселені пысықтау

Өңір-
лердің
инвес-
тиция-
лық
пас-
порт-
тары

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ, АШМ,
ККМ, БҒМ,
ТСМ облыс-
тардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдіктері

Жарты
жылда
1 рет,
25 қаң-
тарға
және
25 шіл-
деге

Талап
етілмей-
ді

      Ескертпе : Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      "Самұрық" АҚ - "Самұрық" Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
      "Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
      "ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
      "Самғау" АҚ - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы