Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесі бекітілсін.
2. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.".
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 қазандағы
N 919 қаулысымен
бекітілген
Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.31 N 715 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару ережесі (бұдан әрі – Ереже) сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн анықтайды.
2. Қалдықтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) республикалық меншікке беру тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды республикалық меншікке беру үшін комиссия құрылады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органның өкілдері, мүдделі тұлғалар кіреді.
Комиссия осы Ережеге қосымшаға сәйкес иесіз қауіпті қалдықтарды республикалық меншікке беру туралы акт жасайды.
4. Қалдықтарды басқаруды уәкілетті орган жарғысына тиісті функцияны енгізе отырып айқындайтын ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі – ұйым) жүзеге асырады.
5. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, жоспарлау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі қызмет.
2. Қалдықтарды есепке алу және бағалау
6. Ұйым қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді, қалдықтар сыныптауышының негізінде дербес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғаларды тарта отырып, олардың қауіптілік деңгейін және кодын анықтайды, қауіпті қалдықтар паспортын жасайды.
Ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін электрондық және қағаз тасығыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ақпарат береді.
7. Қалдықтар ерекше режим объектісі болып табылады. Халықтың қалдықтарға қолжетiмдiлiгiн болдырмау, оларды оқшаулау, топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға керi әсерiн азайту жөнiндегі шараларды ұйым қамтамасыз етеді.
8. Қалдықтарды басқару оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою мақсатында жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды одан әрі пайдалану және өткізу тәртібі
9. Қалдықтарды ұйым заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу жолымен өткізеді.
10. Конкурсты дайындауды және өткізуді ұйым жүзеге асырады. Ұйым конкурстық комиссияның құрамын ұйымның, уәкілетті органның, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерін қоса отырып қалыптастырады.
11. Ұйым шарт негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объектісі бойынша құжаттар пакетін ұсынады.
Құжаттар пакетін ұйым қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:
1) қалдық туралы тарихи анықтама;
2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
3) қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.
12. Конкурс ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурсқа қатысушылардың аясы шектелмеген. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру оған қатысты конкурс жарияланған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай ұйым айқындайтын мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландырулар бір мезгілде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Конкурс өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтиды:
1) өткізу уақыты мен орны;
2) өтінім беру мерзімі;
3) конкурстың негізгі шарттары;
4) конкурсқа шығарылатын қалдық объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаты;
5) ақы төлеу үшін деректемелерін көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісінің бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.
Хабарламада конкурс өткізу шарты туралы өзге де ақпарат көрсетілуі мүмкін.
14. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
1) өтініш берушінің атауы;
2) өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы;
3) мемлекеттік тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
4) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғалар туралы деректер;
5) өтініш берушінің құжаттамалық расталған техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректер;
6) қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса, қалдықтарды кәдеге жарату (өңдеу) бойынша технологияларды, техника мен жабдықты қолдануды негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
15. Конкурсқа өтінімдерді қабылдауды ұйым жүзеге асырады. Өтініш берушіге конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданғаны туралы өтінім түскен күнінен бастап бір ай мерзімде ресми хабарланады.
16. Ұйым мынадай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінім қабылдаудан бас тартады:
1) осы Ереженің талаптарын бұза отырып өтінім беру;
2) өтініш берушінің өтінімде жалған немесе дұрыс емес мәлімет беруі;
3) өтінімде өтініш берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуға (өңдеуге) қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерінің болуы немесе оларға ие болу мүмкіндігі туралы құжаттамалық куәліктердің болмауы.
17. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылар шеккен шығындар қайтаруға не өтеуге жатпайды. Тиісті келісімшартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұйым жеңімпаз деп танылмаған қатысушыларға конкурсқа қатысу жарналарын қайтарады.
18. Өтініш беруші конкурс шартында белгіленген мерзімде конкурстық ұсыныс жасайды. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға қайтаруға жатпайды. Конкурстық ұсыныста конкурс жүргізу тәртібіне және өтініш берушінің міндеттеріне қатысты осы Ереженің шарттарымен өтініш берушінің танысқандығына нұсқау қамтылады.
19. Алынған конкурстық ұсыныстарды бағалау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдайды және тиісті хаттама ресімделеді. Аталған хаттамада жеңімпаздың конкурстық ұсынысымен қоса, конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын таңдау жөніндегі шешімі болады, оған конкурстық комиссия мүшелері мен комиссия төрағасы қол қояды.
Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
20. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурстық комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін білдіреді, оны жазбаша баяндап және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркейді.
21. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлердің жиынтығы негізінде айқындайды:
1) кәсіпорынның тілектерді іске асыруға әзірлік дәрежесі және қалдықтардың аз болуы мен экологиялық тәуекелдердің төмен болуын қамтамасыз ететін технологияларды қолдану арқылы олардың басталу мерзімі;
2) қалдық объектілері орналастырылған аумақты қалпына келтіру жобасын іске асыру мерзімі және шарттары, қаржыландыру көлемі;
3) қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық заңнама мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелер;
4) қалдықтарды орналастыру салдарын және ластанған учаскелерді қалпына келтіру жөніндегі кешенді іс-шаралардың болуы.
22. Ашық конкурстың нәтижесі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. Конкурс жеңімпазы туралы хаттаманың ресімделу сәті осы конкурс жеңімпазының келісімшарт жасасу міндеттемелерінің туындау сәті болып саналады.
23. Конкурсқа тек бір ғана өтініш беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
24. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе қайта конкурс тағайындайды. Тек бір ғана өтініш берушінің болуына байланысты қайта конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтініш иесімен келіссөздер негізінде және тиімділігі ұйым үшін конкурстық ұсыныста ұсынғаннан кем болмайтын жағдайларда келісімшарт жасасады.
25. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілмеді деп танылады.
26. Конкурс жеңімпазымен келісімшарт жасалады, оның шарттары уәкілетті органмен келісіледі. Келісімшартта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық заңнаманың және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі конкурс жеңімпазының орындалған жұмыстар туралы есеп беруі жөніндегі міндеттемелер көзделеді.
Есеп ұйымға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынылады.
Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда ұйым оны бұзады және белгіленген тәртіппен қайта конкурс жариялайды.
27. Конкурс екі рет өткізілмеді деп танылған жағдайда, ұйым осы Ережеде көзделген тәртіппен қалдықтарды өтеусіз негізде өткізу конкурсын өткізеді.
28. Қалдықтарды өткізуден ұйымға түскен қаражат мемлекеттің кірісіне беріледі.
29. Осы Ереженің 25-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурс үш рет өткізілмеді деп танылған жағдайда, қалдықтар талап етілмеді деп есептеледі.
Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйым қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
30. Республикалық меншiкке түскен қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу үдерiсiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталуы тиiс.
31. Уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкiметiне қалдықтарды басқару жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат жолдайды.
Сот шешімімен республикалық
меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару
ережесіне
қосымша
Иесіз қауiптi қалдықтарды республикалық меншiкке беру туралы
акт
20__жылғы «___» _______ _________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)
Құрамында
____________________________________________________________________
комиссия 20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде республикалық меншiкке мынадай құрамдағы иесiз қауiптi қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады:
Қалдық түрi |
Саны |
Қалдықтың қауіптілік деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша) |
Орналасқан жері |
Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме |
Комиссия мүшелерi:
Мөрдің орны: