Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және "Сот ше

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 715 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ереженің әрекеті сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.»;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 715 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 8 қазандағы
№ 919 қаулысымен   
бекітілген       

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.