Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже
бекітілсін.

      3. Осы қаулыға  2-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2007 жылғы 30 маусымдағы 
                                                 N 553 қаулысына
                                                    1-қосымша

    Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы
       жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық
                    комиссиясының құрамы

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға

Есекеев                      - Қазақстан Республикасы
Қуанышбек Бахытбекұлы          Ақпараттандыру және байланыс
                               агенттігінің төрағасы, төрағаның
                               орынбасары

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы              Премьер-Министрі Кеңсесінің
                               Басшысы, төрағаның орынбасары
 
Жайлаубаева                 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әсия Сейітжапарқызы           және байланыс агенттігі Ақпараттандыру
                              департаментінің директоры, хатшы

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы           және минералдық ресурстар министрі

Сапарбаев                   - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы            халықты әлеуметтік қорғау
                              министрі     

Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы             және бюджеттік жоспарлау министрі

Жақыпов                     - Қазақстан Республикасы
Мірболат Қабиұлы              Президентінің Әкімшілігі Жалпы
                              бөлімінің меңгерушісі (келісім
                              бойынша)

Жуат                        - Қазақстан Республикасы
Мұратхан Жуатұлы              Президентінің Әкімшілігі
                              Мемлекеттік құпияларды қорғау
                              және ақпараттандыру бөлімінің
                              меңгерушісі (келісім бойынша)

Бәлиева                     - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхянқызы               Әділет министрі

Дерновой                    - Қазақстан Республикасының
Анатолий Григорьевич          Денсаулық сақтау министрі

Ізмұхамбетов                - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы 

Ысқақов                     - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбділдаұлы             Қоршаған ортаны қорғау министрі

Коржова                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна             министрі

Оразбақов                   - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы              Индустрия және сауда министрі

Тәжин                       - Қазақстан Республикасының
Марат Мұханбетқазыұлы         Сыртқы істер министрі

Түймебаев                   - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы          Білім және ғылым министрі

Мешімбаева                   - Қазақстан Республикасы
Анар Ертілеуқызы               Статистика агенттігінің төрағасы

Сәйденов                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әнуар Ғалимоллаұлы             Банкінің Төрағасы (келісім
                               бойынша)

Сағынтаев                    - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы              монополияларды реттеу
                               агенттігінің төрағасы

Тұрысбеков                   - Қазақстан Республикасы
Зауытбек Қауысбекұлы           Мемлекеттік қызмет істері
                               агенттігінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Бабақұмаров                  - Қазақстан Республикасының
Ержан Жалбақұлы                Мәдениет және ақпарат
                               вице-министрі

Мейірманов                   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қажымұрат Нұрғалиұлы           министрінің орынбасары

Ким                          - Қазақстан Республикасы Бас
Георгий Владимирович           прокурорының орынбасары -
                               Қазақстан Республикасы Бас
                               прокуратурасы Құқықтық
                               статистика және арнайы есепке
                               алу комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Лукин                        - Қазақстан Республикасы
Андрей Иванович                Экономикалық қылмысқа және
                               сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                               агенттігі (қаржы полициясы)
                               төрағасының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Божко                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Карпович              қауіпсіздік комитетінің орынбасары
                               (келісім бойынша)

Күреңбеков                   - Қазақстан Республикасы
Амантай Жанкейұлы              Президентінің Күзет қызметі
                               бастығының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Әбдірайымов                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Бақытжан Жарылқасымұлы         Сотының жанындағы Сот әкімшілігі
                               комитетінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Баяділов                     - Қазақстан Республикасы
Ерғали Мұхаметжанұлы           Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының
                               мемлекеттік инспекторы (келісім
                               бойынша)

Ахметов                      - Қазақстан Республикасы
Серік Баужанұлы                Премьер-Министрінің Кеңсесі
                               Мемлекеттік құпияларды қорғау
                               бөлімінің меңгерушісі

Слободянюк                   - Қазақстан Республикасының
Анатолий Ануфриевич            Премьер-Министрі Кеңсесінің
                               Бақылау және құжаттамалық
                               қамтамасыз ету бөлімі
                               меңгерушісінің орынбасары

Мұқанов                      - Қазақстан Республикасының
Серікқали Құбашұлы             Президенті Іс басқармасының
                               аппарат басшысы (келісім бойынша)

Әшімов                       - Оңтүстік Қазақстан облысының 
Нұрғали Сәдуақасұлы            әкімі

Жексембин                    - Жамбыл облысының әкімі
Бөрібай Биқожаұлы

Көшербаев                    - Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы

Кулагин                      - Қостанай облысының әкімі
Сергей Витальевич

Мамин                        - Астана қаласының әкімі
Асқар Ұзақбайұлы

Нұрпейісов                   - Павлодар облысының әкімі
Қайрат Айтмұхамбетұлы

Рысқалиев                    - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы

Сағындықов                   - Ақтөбе облысының әкімі
Елеусін Наурызбайұлы

Тасмағамбетов                - Алматы қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Әлімов                       - Қарағанды облысы әкімінің
Ермек Ғабдулсағатұлы           орынбасары

Бергенев                     - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Әділғазы Сәдуақасұлы           бірінші орынбасары

Долженков                    - Алматы облысы әкімінің бірінші
Виктор Анатольевич             орынбасары

Ыдырысов                     - Қызылорда облысы әкімінің
Құттықожа Ыдырысұлы            орынбасары

Тоғаев                       - Қазақстан Республикасының
Әділ Құдабергенұлы             Парламенті Шаруашылық
                               басқармасының бастығы (келісім
                               бойынша)

Қасқын                       - Солтүстік Қазақстан облысы
Тілеген Төлегенұлы             әкімінің аппарат басшысы

Политкин                     - Ақмола облысы әкімінің аппарат
Николай Афанасьевич            басшысы

Әбдімомынов                  - "Самғау" ұлттық ғылыми-
Азамат Құрманбекұлы            технологиялық холдингі"
                               акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысымен  
бекітілген    

  Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия)»"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңын  іске асыру мақсатында құрылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын  және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссия қызметінің мақсаты

      3. Комиссия қызметінің мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасында»"электрондық үкімет" ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
      2) мемлекеттік қаражат (оның ішінде қарыздар) есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
      3) "ақпараттық қоғамды" және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру болып табылады.

  3. Негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға»"ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      3) деректерді электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) "электрондық үкімет" қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсіздікті" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      5) "электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін»"электрондық үкіметті" қалыптастыру және»"ақпараттық қоғамды" дамыту проблемалары жөнінде материалдар мен ұсынымдар даярлау;
      7) ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі үдерістерін үйлестіру болып табылады.
      Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғамды" дамыту жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді;
      2) мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды әзірлейді;
      3) "электрондық үкіметті" қалыптастыру жөніндегі жұмысты және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін үйлестіреді;
      4) мемлекеттік мекемелерде»"электрондық үкіметтің" базалық құрамдас бөліктерін, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді құрудың, енгізудің, сүйемелдеудің және пайдаланудың үдерісін ұйымдастыру жөніндегі ұсынысты қарайды және енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасын ақпараттандырудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселелерін шешкен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгізілген өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
      7) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бюджет қаражатын, директивалық кредиттерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерін (оның ішінде қарыздар) пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  4. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыретінің шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      1) өз құзыретінің шегінде ақпараттандыруды жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті шешімдер қабылдауға;
      2) заңнаманың талаптарына сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
      3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге құқылы.

  5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады.
      Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.

      7. Комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.

      8. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.

      9. Комиссия өзінің отырыстарын отырыстардың бекітілген жоспарына сәйкес және қажеттілігіне қарай өткізеді.

      10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.

      11. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешуші мәнге ие.

      12. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне жүктеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына  
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 187  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 53-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1389  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 428-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 1458  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 445-құжат).

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1870  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 454  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 17, 177-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 122  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 3, 33-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 498  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 175-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 1697  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 48, 577-құжат).

      10.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 227  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 56-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы N 274  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 66-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 маусымдағы N 685  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 19, 206-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1119  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 34, 370-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 299  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 14, 145-құжат).

      15.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 748  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 301-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 118  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 65-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 684  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

      18. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 478  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 256-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1176  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 587-құжат).

      «21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 311  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 135-құжат).