Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 желтоқсан N 1870. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда бекіткен Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның 18-бабына сәйкес, жоғарыда аталған Конвенцияның орындалуы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына баяндама тапсыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндама бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетіне аталған Конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

(Конвенцияның қазақша аудармасы жоқ, мәтінді орысшадан қараңыз)

      Ескерту. Баяндамаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.09.  N 95 қаулысымен.