Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылға арналған заңжобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1998 жылғы 16 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 

P980017_  

     көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1998 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарында:     реттік нөмірлері 17 және 36 жолдар алынып тасталсын.
    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі