Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже
бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру
жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының
құрамы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.13 N 1445 Қаулысымен.
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы Премьер-Министрі, төраға
Қошанов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ерлан Жақанұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы,
төрағаның орынбасары
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік
Асқар Қуанышұлы және коммуникация министрi,
төрағаның орынбасары
Елеусізова - Қазақстан Республикасы Көлік және
Құралай Болатқызы коммуникация министрлігі Ақпараттық
технологиялар саласындағы
мемлекеттiк саясат департаментiнiң
директоры, хатшы
Жақыпов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мірболат Қабиұлы Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Биғари - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Рүстем Айдарбекұлы Әкiмшiлiгi Ақпараттандыру және
ақпараттық ресурстарды қорғау бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм
бойынша)
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрi
Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұртай Әбіқайұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Жанқұлиев - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы сыртқы бақылау қызметінің директоры
(келісім бойынша)
Байменов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әлихан Мұхамедияұлы қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрi
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Бiлiм және ғылым министрi
Имашев Қазақстан Республикасының Әдiлет
Берік Мәжитұлы министрi
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы агенттiгiнiң төрағасы
Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дина Мэлсқызы даму және сауда министрлiгiнiң
жауапты хатшысы
Жасұзақов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сәкен Әділханұлы министрiнiң бiрiншi орынбасары –
Штабтар бастықтары комитетiнiң
төрағасы
Айтпаева - Қазақстан Республикасы Бас
Сәуле Мұханбедианқызы прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитетiнiң
төрайымы (келiсiм бойынша)
Ахметжанов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Марат Мұратұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгi (қаржы
полициясы) төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Оразқұлов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қанат Орынтайұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Баяділов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхамеджанұлы Кеңесi хатшылығының сектор
меңгерушісі (келiсiм бойынша)
Толымбеков - Қазақстан Республикасы
Манат Исенұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Мемлекеттiк құпияларды қорғау
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Айтаев - Қазақстан Республикасы
Ренат Құрметжанұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Индустриялық-инновациялық даму
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Нұрбеков - Қазақстан Республикасы Президентi Iс
Ержанбек Ормаханұлы басқармасының аппарат басшысы
(келiсiм бойынша)
Дүйсебаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әбілсейіт Оразаханұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Арнайы
ақпараттық қызметінің директоры
(келiсiм бойынша)
Измайлов - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы холдингi" акционерлiк қоғамының
Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
Есмамбетов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы коммуникация министрлігі
"Телекоммуникация саласындағы
техникалық сүйемелдеу және талдау
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры
Әбілдин - "Kazsatnet" ұлттық компаниясы"
Қанат Жанатұлы акционерлік қоғамының Басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Еңсебаев - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Руслан Сәтбекұлы акционерлік қоғамының Басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ереже
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты
3. Комиссия қызметінің мақсаттары:
1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру, ақпараттандыру және мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
2) мемлекеттік қаражат (оның ішінде қарыздар) есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
3) "ақпараттық қоғамды" және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
4) «электрондық үкімет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.
3. Негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға»"ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
3) деректерді электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
4) "электрондық үкімет" қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсіздікті" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
5) "электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін»"электрондық үкіметті" қалыптастыру және»"ақпараттық қоғамды" дамыту проблемалары жөнінде материалдар мен ұсынымдар даярлау;
7) ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі үдерістерін үйлестіру;
8) ақпараттық қауiпсiздiктi және мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
9) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзірлеу;
10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
11) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметi мен өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
13) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
14) ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимылға бағытталған халықаралық уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
15) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын іске асыру кезеңдерін талдау, оның негізінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
16) мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын қарау болып табылады.
Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
1) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғамды" дамыту жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді;
2) мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды әзірлейді;
3) "электрондық үкіметті" қалыптастыру жөніндегі жұмысты және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін үйлестіреді;
4) мемлекеттiк мекемелерде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдастарын, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi құру, енгiзу, сүйемелдеу және пайдалану үдерiсiн ұйымдастыру жөнiндегі және ақпараттандыру саласында қолданудан босаған активтерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстарды қарайды және енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасын ақпараттандырудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселелерін шешкен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгізілген өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
7) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бюджет қаражатын, директивалық кредиттерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерін (оның ішінде қарыздар) пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) «электрондық үкіметтің» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
11) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
12) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды;
14) ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
15) елiмiзде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
16) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамытуға және сүйемелдеуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипатта қорытындылар береді;
17) ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
18) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын іске асыруға ақша қаражаты бөлінуінің мақсатқа сай болуы туралы ұсынымдар әзірлейді;
19) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде мемлекеттік органдардың жұмыс үдерістерін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.
4. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өз құзыретінің шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) өз құзыретінің шегінде ақпараттандыруды жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті шешімдер қабылдауға;
2) заңнаманың талаптарына сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге құқылы.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады.
Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.
7. Комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.
8. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
9. Комиссия өзiнiң отырыстарын жарты жылда бір рет отырыстардың бекiтiлген жоспарына сәйкес өткiзедi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
11. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешуші мәнге ие.
12. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктеледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 53-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 428-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 1458 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 445-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1870 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 17, 177-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 3, 33-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 175-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 1697 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 48, 577-құжат).
10.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 56-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 66-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 маусымдағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 19, 206-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 34, 370-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 14, 145-құжат).
15.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 748 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 301-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 65-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 684 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).
18. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).
19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 256-құжат).
20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1176 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 587-құжат).
«21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 135-құжат).